Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОММЕНТАРИЙ УК (Ерекше блік) - копия.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

1. Жануарларга олардың өлуіне немесе мертігуіне әкеп соққан қатыгездік жасау, егер Бұл іс-әрекет бұзақылық ниетпен немесе садистік әдістерді қолдана отырып немесе жас балалардың көз алдында жасалса -

2. Адамдар тобы немесе алдын ала сез байпасу арқылы адамдар тобы жасаган немесе бірнеше марте жасапган деп сол іс-әрекет -

Қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объектісі коғамдық адамгершілік, қосымша тікелей объект меншік қатынастары болуы мүмкін.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың заты - жануарлар, олар кімнің меншігіне жататындығына қарамастан қылмыс заты болып табылады. Бұл жерде үй жануарлары немесе жабайы жануарлар туралы да сөз болып отыр.

Қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жағынан жануарларға қатыгездік жа-сау эрекеттерімен, одан туындайтын зардап - олардың өлуіне немесе мертігуіне экеп соғумен жэне олардың арасындағы себепті байланыстармен сипатталады.

Қылмыстық құкық бұзушылык заңда көрсетілген осы зардаптар орын алған уақыттан бастап аяқталған деп табылады.

Жануарларға катыгездікпен қарау деп оларды сусыз, тамақ бермей, ерекше суық не­месе ыстық жерлерде ұстау, ұрып-соғу, олармен ғылымға негізделмеген тэжірибелер жа-сау, оларды азаптап өлтіру жэне т.б. эрекеттерді айтамыз.

Жануарларға олардың өлуіне немесе мертігуіне экеп соққан қатыгездік жасау үшін қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауаптылық, егер бұл эрекет бұзақылық пиғылмен немесе жауыздық эдістерді қолданып немесе жас балалардың көзінше жасалған жағдайда ғана орын алады.

Бүзақылық пиғылға өзін қоғамға қарсы қойып, қоғамдық тэртіпті бұзу аркылы, көпшілік көзінше жануарларға ерекше қатыгездік көрсетіп, жұртты таңқалдырмақшы болған эрекеттер жатады.

Жауыздық (садистік) эдістерді қолданып жасаған эрекеттерге жануарларға ерекше азап шектіретін эдістерді қолданып, одан рахаттану, лэззат алу сезімдері жатады. Мыса-лы, жануардың терісін тірідей сылу, оны тірідей отқа салып өртеу, тірі жануардың дене мүшесін кесіп алу т.б.

Жасы 14-ке толмаған жас балалардың көзінше жасалған осы әрекеттердің барлығы жануарларға жасалған қатыгездік деп танылады.

Субъективтік жағынан қылмыстық кұқық бұзушылық тікелей қасақаналықпен істе-леді. Адам жануарға қатал қарайтынын, одан оның өлуі немесе мертігуі мүмкін екенін сезеді жэне осындай зардаптардың орын алуын тілейді.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі - 16-ға толған адам.

Қылмыстық кодекстің 316-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын т/рлері: адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласқан адамдар тобы, немесе бірнеше рет жасалған эрекеттер үшін жауаптылық белгіленген.

12-тарау. МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫК Қ¥ҚЫҚ Б¥ЗУШЫЛЫҚТАР

317-бап. Медицина немесе фармацевтика жумыскерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы

1.Медицина немесе фармацевтика жұмыскерінің кәсіптік міндеттеріне ұқыпсыз қарауы немесе адал қарамауы салдарынан оларды орындамауы немесе тиісінше орын­дамауы, сол сияқты медициналық көмек көрсету тәртібін немесе стандарттарын саңтамауы, егер бул іс-әрекеттер абайсызда адамның денсаулығына ауырлыгы орташа зиян келтіруге экеп соқса -

2.Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан іс-әрекеттер -

3.Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне әкеп соңқан іс-әрекеттер -

4.Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекеттер -

5.Медицина жұмыскерінің, сол сияқты халыққа тұрмыстық немесе өзге де ңызмет көрсету ұйымы жумыскерінің кәсіптік міндеттеріне ұқыпсыз қарауы немесе адал қарамауы салдарынан оларды тиісінше орындамауы, егер бул іс-әрекет басқа адамға АИТВ/ЖИТС жуқтыруга әкеп соқса -

Қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объектісі - медицина жэне фармацевтика қызметкерінің кэсіптік міндеттерін реттейтін қоғамдық қатынастар, қосымша объектісі

- адам өмірі.

Қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жағынан медицина жэне фармацевтика қызметкерінің кэсіптік міндеттерін ұқыпсыз немесе оған адал карамауының салдары­нан оларды орындамауы немесе тиісінше орындамауы, сол сияқты медициналық көмек корсету тэртібін немесе стандарттарын сақтамауы, егер бұл іс-эрекеттер абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіруге экеп соғуы арқылы сипатта-лады.

Қылмыстық құқық бұзушылық эрекетсіздік арқылы - медицина жэне фармацевти­ка қызметкерінің кәсіптік міндеттерін ұқыпсыз немесе оған адал қарамауы салдарынан немесе тиісінше орындамауы жэне осының салдарынан жэбірленушінің денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірілуі, қылмыстың осы зардабы мен эрекетсіздіктің арасындағы себепті байланыстың тікелей орын алуы арқылы көрініс табады. ¥қыпсыз қарау деп өз міндеттеріне салғырт, жауапсыз қарауды, ал адал карамауы деп тиісті мін-детін талапқа сай атқармауы немесе ішінара шала атқаруын айтамыз. Медицина жэне фармацевтика қызметкерлерінің кэсіптік міндеттері арнаулы зандармен жэне басқадай нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 317-бабының диспозициясы бланкеттік болып табылады. Қылмыстық құқық бүзушылық құрамы материалдық. Ол медицина жұмыскерінің эрекетсіздігінен қылмыстың зардабы - адам жэбірленушіге орташа ауырлықтағы зиян келтірілген сэттен бастап аяқталған деп танылады.

Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан абайсыздыкден (менмендік не­месе немқұрайдылықпен) істеледі.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі - арнаулы, 16-ға толған кэсіптік мін-детін атқаратын медицина жэне фармацевтика қызметкері.

Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне экеп соққан іс-эрекеттер (317-баптың 2-тармағы) үшін, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абай­сызда адам өліміне экеп соққан іс-эрекеттер (317-баптың 3-тармағы), ал осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да коп адамның өліміне экеп соққан іс-эрекеттер (317-баптың 4-тармағы) үшін жауаптылықтар көрсетілген. ҚК-тің 317-бабының 5-тармағында: медицина жұмыскерінің, сол сияқты халыққа тұрмыстық немесе өзге де қызмет көрсету ұйымы жұмыскерінің кэсіптік міндеттеріне ұқыпсыз қарауы немесе адал қарамауы салдарынан оларды тиісінше орындамауы, егер бұл іс-эрекет басқа адамға АИТВ/ЖИТС жү-қтыруға әкеп соққаны үшін қатаң қылмыстық жау-аптылык көзделген.

318-бап. Клиникалық зерттеулер жүргізу тәртібін және профилактиканың, диагностика-ның, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен қуралдарын қолдану тәртібін бузу