Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОММЕНТАРИЙ УК (Ерекше блік) - копия.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.69 Mб
Скачать

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер —

Жер койнауын өз бетінше пайдалану кылмыс құрамы жаңа Қылмыстық кодкесте алғаш арнайы рет көрсетіліп отыр. Мұндай қылмыс аса қауіпті болып табылады. Өйткені жер асты байлығы, Конституцияға сэйкес мемлекет меншігі болып табылады.

Қылмыстық объектің жер койнауын қорғау, пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастар. Қылмыстың заты жер қойнауы байлықтары.

Объективтік жағынан қылмыс - жер қойнауын өз бетінше пайдалану, сол сияқты пай­далы қазбаларды өз бетінше өндіру, егер бұл іс-эрекеттер ірі залал келтіру арқылы істе-леді.

Өз бетінше жер қойнауын қазып алу, өндеу, өткізу қылмыстың объективтік жағының белгісі болып табылады. Қылмыс осы іс-эрекеттердің біреуін істегеннен кейін мұның зардабы ірі залал келтірумен ұштасса аяқталған деп танылады.

Ірі залалға - қоршаған ортаны жэне табиғат ресурстардың тұтынушылық қасиеттерін қалпына келтіру үшін шығындардың бір мың айлық есептік көрсеткішінде асатын мөлшердегі құндьщ көрінісі жатады (ҚК-тің 3-бабы 38-тармағы).

Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен, пайдақорлық ниетпен істе-леді. Қылмыс субъектісі 16-ға толған, жер қойнауын өз бетінше пайдаланған адам.

§5. Жануарлар дүниесін тиімді пайдалану, сақтау және қорғау ережелеріне қарсы қылмыстық қүқық бүзушылықтар

335-бап. Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу

1. Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу, егер бул іс-әрекет:

1) айтарлықтай залал келтіре отырып;

2) жарылгыш немесе химиялық заттар, электр тогы не балыңресурстарын жэне басқа да су жануарлары мен өсімдіктерін жаппай жоюдың өзге де тәсілдері қолданыла отырып жасалса -

2. Бірнеше рет жасалган дал сол іс-ерекет -

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:

1) балыңтардың бекіре туқымдас түрлеріне қатысты;

2) уылдырық шашатын жерлерде немесе ол жерлерге өріс аудару жолдарында;

3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;

4) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

5) өздігінен жүретін жүзгіш көлік қуралы пайдаланылып;

6) ерекше қорғалатын табиги аумақтарда және төтенше экологиялық ахуал аумақтарында жасалган іс-әрекеттер -

4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, ірі залал келтіре отырып жасалган не қылмыстық топ жасаган іс-әрекеттер -

Қылмыстық құқық бұзушылықтың объектісі табиғи жағдайда мекендейтін судың тірі ресурстарын қорғау жэне тиімді пайдалану жөніндегі қоғамдық қатынастар.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың затына эр түрлі балық ресурстары жэне баска да: теңіз немесе тұщы су жануарлары; теңіз аңдары, өзге де су жануарлары, су өсімдіктер (теңіз капустасы) жатады.

Қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жағынан балықты жэне озге де су жану­арларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу егер бұл эрекет: а) айтарлықтай залал келтіре отырып;

б) жарылгыш жэне химиялық заттарды, электр тогын, не балық ресурстарын жэне баска да су жануарлары мен өсімдіктерін жаппай жоюдың өзге де тэсілдерін қолдана отырып жасалу арқылы сипатталады.

Занда белгіленген ережені бұзып, балықты, теңіз аңдарын, өзге де су жануарларын немесе өсімдіктерді өз бетінше, рұқсатсыз, лицензиясыз, тыйым салынған жерлерден, тыйым салынған уақытта, сондай-ақ оларды аулауға қолдануға тыйым салынған құралдар мен тэсілдерді пайдаланып, занда көрсетілген заттарды заңсыз алу деп танылады.

Осы бап бойынша жауапқа тарту үшін осы баптың диспозиясында тізбектелген іс-эрекеттердің біреуін бұзудың өзі жеткілікті. Бапта көрсетілген норма бланкеттік диспозицияға негізделген. Мысалы, Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын балық қорын қорғау жэне сулардан балық ұстауды реттеу туралы арнаулы Ереже бар.

Су жануарлары мен өсімдіктерді заңсыз алу орны - Қазақстан Республикасының аумақтық сулары, оның ішінде теңіз, көл, тоспа су қоймалары жэне басқа да су көздері.

Су жануарлары мен өсімдіктер дүниесін заңсыз алу мына төмендегі іс-эрекеттерді істеген жағдайда ғана кылмыс болып табылады:

а) айтарлықтай залал келтіру арқылы. Айтарлықтай залалдың мөлшері су жануарла-рына, өсімдіктер дүниесіне келтірілген залалдың, олжаланған су жануарларының сапа құндылығына байланысты анықталады.

б) жарылғыш жэне химиялық заттарды, электр тогын, не балық ресурстарын жэне басқа да су жануарлары мен өсімдіктерін жаппай жоюдың өзге де тэсілдерін - атыла-тын, кесетін немесе тесетін кұралдар қолдана отырып жасау. Көрсетілген тэсілдердің кез келген түрін қолдану келтірілген зиянның көлеміне қарамастан қылмыс болып табыла-ды.

Қылмыстық кодекстің 335-бабының 1-тармағында көрсетілген балықты, теңіз аңдарын, өзге де су жануарларын немесе өсімдіктерін елеулі зиян келтіре отырып заңсыз алу қылмысы материалдық құрам. Іс-әрекет пен одан пайда болған ірі залалдың арасын байланыстыратын себепті байланыс болуы керек.

Ал Қылмыстық кодекстің 335-бабының 1-тармағындағы басқа іс-эрекеттер формальдық кұрамға жатады. Қылмыстьщ құқық бұзушылық б^л ретте су жануарлары мен өсімдіктерді алмағанның өзінде, занда көрсетілген іс-эрекеттердің біреуін істеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналық арқылы сипатталады.

Қылмыстық құқық бұзушылық субъектісі — 16-ға толған адам.

Қылмыстық құқық бұзушьшық кодекстің 335-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі:

1) бірнеше рет; 2) бірнеше рет жасалған қылмыстың түсінігі ҚК-тің 12-бабында берілген;

Қылмыстық ауырлататын түрлері: 1) балықтың бекіре тұқымдас түрлеріне қатысты тізбегі;

2) ұрық шашу, балықты көбейту, оларды сақтау, қорғау су объектілерінде олардың тізімін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Осы ережеде ұрық шашу, оларға бару жолдары да айқындалады. Осы орындардағы су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу - қылмысқа жатады;

3) адам өзінің қызметін пайдаланып жасаса. Қорықтар мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қызметкерлері, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғайтын мемлекеттік орындардың лауазымды адамдары, соған теңестірілген адамдар ьфізмет бабын пайдала­нып 335-бапта көрсетілген заңсыз іс-эрекеттерін істеуі мүмкін;

д) адамдар тобының алдын ала сөз байласуының түсінігі ҚК-тің 31-бабының 2-тармағында берілген;

е) өздігшен жүретш көлік кұралдарын пайдаланып жасаған іс-эрекеттер.

Бұларға катерлерді, моторлы қайықтарды, басқа шағын жүзгіш құралдар мен қондырғыларды пайдаланып балықты, басқа да су жанурларын, өсімдіктерді заңсыз алу эрекеттері жатады;

ж) ерекше қорғалатынтабиғи аумақтар мен төтенше экологиялықжағдай аумақтарында істелген осы эрекеттер (мұның түсінігіне Қылмыстьщ кодекстің 328-бабының 2-тармағына талдау жасағанда токталғанбыз).

Осы қылмыстың өте ауырлататын түрлеріне 335-баптың бірінші жэне екінші бөліктерінде көзделген ірі залал келтіре отырып не қылмыстық топ жасаған не қылмыстық топ жасаған эрекеттер жатады.

а) Ірі залалдың мөлшері алынған заттың құнына, экологиялық құндылығына, саны-на, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне келтірілген зиянның көлеміне байла-нысты анықталады. Ірі залалға Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына жазылған жануарлар дүниесін жою, балықтың ұрық шашу орындарын жою, майда шабақтардың қырғынға ұшырауы жатады;

б) қылмыстық топтың түсінігі ҚК-тің 31-бабында берілген.

336-бап. Балық қорларын қорғау қағидаларын бұзу

Көпірлер, бөгетшелер сапу, жарылыс немесе өзге де жұмыстарды жүзеге асыру, су жинагыш қурылыстарды немесе су айдағыш механизмдерді пайдалану кезінде балық қорларын қоргау қагидаларын бұзу, егер бұл іс-әрекет балықтардың немесе басқа да су жануарларының жаппай қырылуына әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса -

Әрбір азаматтың міндеті — табиғи ресурстарды, оның байлығын қорғау. Балық қорларын қорғауда сондай азаматтық міндетке жатады. Осы тұрғыдағы қылмыстың объ-ектісі табиғи жағдайда мекендейтін судың тірі жануарларын қорғау жөніндегі қоғамдық қатынастар. Қылмыстың заты — су жануарлары.

Көпірлер, бөгетшелер салу, жарылыс немесе өзге де жұмыстарды жүзеге асыру, су жинағыш құрылыстарды немесе су айдағыш механизмдерді пайдалану кезінде балық қорларын қорғау қағидаларын бұзу, егер бұл іс-әрекет балықтардың немесе басқа да су жануарларының жаппай қырылуына әкеп соқса немесе экеп соғуы мүмкін болған рет-терде деп заңца көрсетілген. Қылмыс құрамы материалдық, заңның диспозициясын-да көрсетілген іс-эрекеттердің біреуін істеу, егер одан балықтардың немесе өзге де су жануарларының жаппай қырылуына әкеп сокдан немесе экеп соғуы мүмкін жағдайлар орын алса қылмыс аяқталған деп саналады.

Қылмыс субъективтік жағынан абайсыздықпен де, қасақаналыкпен де істелуі мүмкін. Қылмыс субъектісі - балық қорларын қорғау қағидаларын бұзған 16-ға толған, есі дұрыс адам.

337-бап. Заңсыз аңшылық

1. Жарылгыш қурылгыларды немесе жануарларды жаппай қырып-жоятын өзге де ңұралдарды ңолданып, сол сияқты авиа-, авто-, мотокөлік қүралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы не шагын көлемді кемелерді қолданып заңсыз аң аулау -

2. Бірнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекет -

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, айтарлықтай запал кел-тіре отырып жасалган іс-әрекеттер -

4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген:

1) ерекше қорғалатын табиги аумақтарда немесе төтенше экологиялық ажуал аумақтарында;

2) жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануга тыйым салынган жануарларга қатысты;

3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;

4) ірі залал келтіре отырып жасалган іс-әрекеттер -

5. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші немесе төртінші бөліктерінде көзделген:

1) ңылмыстық топ жасаган;

2) аса ірі запал келтіре отырып жасалган іс-әрекеттер -

Қылмыстық құқық бұзушылықтың объектісі - жануарлар дүниесін қорғау жэне тиімді пайдалану жөніндегі қоғамдық қатынастар.

Қазақстан Республикасында аңшылыктың заңдылығы мына құжаттармен Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесін қорғау жэне пайдалану туралы» Заңымен; Қазақстан Республикасындағы аңшылық жэне аңшылық шаруашылықтар жөніндегі Ере-жемен, баскадай нормативтік-құқықтық актілермен, арнаулы нұсқаулармен реттеледі.

Қылмыстық кұқық бұзушылықтың заты - табиғи бостандық жағдайында мекендейтін жануарлар дүнесі болып табылады.

Қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жағынан заңсыз аңшылық әрекетін жасау арқылы көрініс табады.

Қылмыстық кодекстің 337-бабына сэйкес:

Жарылғыш құрылғыларды немесе жануарларды жаппай қырып-жоятын өзге де құралдарды колданып, сол сияқты авиа-, авто-, мотокөлік құралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы не шағын көлемді кемелерді қолданып заңсыз аң аулау - заңсыз аңшылық деп саналады.

Заңсыз аңшылық арқылы алынған жануарлар дүниесінің құны арнаулы заңда бел-гіленген кесімді баға арқылы анықталады.

Механикалық құралдарға - мотоциклдер, автокөліктер, өздігінен қозғалатын жол, қарда жүретін техникалар құрылыс, ауылшаруашылык машиналары, моторлы қайық, ка­тер, ал эуе көлігіне — кез келген түрдегі жэне бағыттағы ұттту аппараттары жатады.

Аңшылықта қолдануға тыйым салынған қарулар мен эдістердің тізбегі аңшылық ере-желері туралы нормативтік актілерде көрсетілген.

Аңцарды қырып-жоюдың өзге эдістеріне — улы химикаттарды қолдану немесе өрт қою, басқа да қауіпті тэсілдер қолданулар жатады.

Аулауға тыйым салынған құстар мен аңдардың тізімі Қазақстан Республикасының ар-наулы нормативтік актілерінде көрсетілген. Олардың тізімі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген.

Қылмыстық кодекстің 337-бабының 1 -тармағының тармакшасында көрсетілген құрам формальдық құрамға жатады.

Қылмыстық құқық бү_зушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істе-леді.

Қылмыстық құқық бұзушылық субъектісі -16-ға толған адам. Қылмыстық кодекстің 337-бабының 2-тармағында осы қылмыстың қауіптірек түрі; бірнеше рет жасалған дэл осы іс-эрекет үшін қылмыстық жауаптылық көрсетілген.

Ал, осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, айтарлықтай залал келтіре отырып жасалған іс-эрекеттер - қылмыстың аса ауырлататын түріне (ҚК-тің 377-бабы 3-тармағы) жатады.

Қылмыс жасаған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген бір жүз айлық көрсеткіштен асатын мөлшердегі залал - айтарлықтай залал деп танылады (ҚК-тің 3-бабы 2-тармағы)

Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген:

1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда немесе төтенше экологиялық ахуал аумақтарында;

2) жануарлардың сирек кездесетін жэне құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға қатысты;

3) адам езінің қызмет бабын пайдалана отырып;

4) ірі залал келтіре отырып жасалған іс-эрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық ҚК-тің 377-бабының 4-тармағында белгіленген.

Мүлдағы ірі залалдың түсінігі ҚК-тің 3-бабының 38-тармағында көрсетілген. 5. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші немесе төртінші бөліктерінде көзделген:

1) қылмыстық топ жасаған;

2) аса ірі залал келтіре отырып жасалған іс-эрекеттер - қылмыстың ерекше ауырлата­тын түрі болып табылады (ҚК-тің 372-бабы 5-тармағы).

Аса ірі залалдың анықтамасы - ҚК-тің 3-бабында - қоршаған ортаны жэне табиғи ресурстардың қалпына келтіру үшін қажетті шығындардың жиырма мың айлық есептік көрсеткітен асатын мөлшердегі құлдық көрінісі деп белгіленген (3-тармақшасы).

Егер заңсыз аңшылық, су жануарлары мен өсімдіктерін олжалау заңсыз жолмен алынған, дайындалған немесе сақталған атылатын қаруды (тегіс ұңғылы аңшылық қарудан баска), эскери қару жарактар немесе жарылғыш заттар пайдаланылып жасалса, онда кінэлінің әрекеті экологиялық қьшмыстар жасағаны жэне атылатын қаруды, эскери қару-жарақтарды заңсыз жолмен алғаны, сақтағаны, тасымалдағаны үшін жауаптылық көздейтін (ҚК-тің 251-бабы) баптар жиынтығы бойынша саралауға жатады. (ҚР Жоғарғы Сотының «Соттардың кейбір экологиялық қылмыстар үшін жауаптылык жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы» 2004 жылғы 18 маусымдағы №1 нормативтік қаулысының 12-тармағы).

338-бап. Жануарлар дүниесін қорғау қағидаларын бузу

Өндірістік процестерді жүзеге асыру немесе көлік құралдарын пайдалану, өсімдіктерді қорғау қуралдарын, минералдық тыңайтқыштарды немесе басқа да препараттарды қолдану кезінде жануарлар дүниесін қоргау қағидаларын жануарлар дүниесінің жаппай жойылуына немесе қырылуына әкеп соққан бузу, сол сияқты аңшылың алқаптарын, балық шаруашылыгының су айдындарын пайдалану немесе қоргау тәртібін ірі запал келтірген бузу-

Өндірістік процестерді жүзеге асыру немесе көлік құралдарын пайдалану, өсімдіктерді қорғау құралдарын, минералдык тыңайтқыштарды немесе басқа да препараттарды қолдану кезінде жануарлар дүниесін қорғау қағидаларын жануарлар дүниесінің жап­пай жойылуына немесе қырылуына экеп соқкан бұзу, сол сияқты аңшылық алқаптарын, балық шаруашылығының су айдындарын пайдалану немесе қорғау тэртібін ірі залал кел-тірген бұзу - қылмыстың негізгі кздэамы болып табылады.

Қылмыс объектісі жануарлар дүниесін қорғаудың, аңшылық алқаптарын, балық шаруашылығының су айдындарын пайдалануды реттейтін қоғамдық қатынастар.

Қылмыс объективтік жағынан жануарлар дүниесінің жойылуына аңшылық алқаптарын, балық өсіретін су айдынын пайдалану, қорғау ережелеріне сақтамағандық нысанда жүзеге асырылады.

Қылмыс объективтік жағынан ірі залал келтіру арқылы істеледі. Келтірілген залалдың орын алуы қылмыстың аяқталған сэтін білдіреді. Субъективтік жағынан қылмыс абайсыздықпен істеледі.

Қылмыс субъектісі - 16-ға толған, осы іс-эрекетті істеген дені дұрыс адам.