Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОММЕНТАРИЙ УК (Ерекше блік) - копия.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.69 Mб
Скачать

2. Қоршаган ортага аса ірі запал келтіруге не адам өліміне не адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан дал сол іс-әрекет -

Қылмыстық құқық бү-зушылықтың тікелей объектісі — атмосфералық ауаны кррғауға байланысты қоғамдық қатынастар.

Қылмыстық қү-қық бұзушылықтың заты - табиғи ортаның элементі атмосфералық ауа.

Объективтік жағынан қылмыс: а) атмосфераға ластайтын заттар шығару ережелерін немесе қондырғыларды, ғимараттарды жэне өзге де объектілерді пайдалану ережелерін Бұлу; б) бұл эрекеттер ауаның табиғи қасиеттерінің ластануына немесе өзге де өзгеруіне экеп соғу; в) Бұлардың арасындағы себепті байланыстар арқылы сипатталады.

Атмосфераға ластанатын заттар шығару ережелерін немесе қондырғыларды, ғимараттарды жэне арнайы өзге де объектілерді пайдалану ережелерін бұзуға Қазақстан Республикасының «Атмосфералық ауаны қорғау» жэне «Қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы» Зандарында көрсетілген талаптарды бұзған, лас заттарды атмосфераға шығаруды болғызбау, лас заттарды шығаруды азайту жөніндегі шараларды жүргізбеу, лас заттарды тазалау жэне оларды бақылау шараларын жүзеге асырмау, қондырғыларды, ғимараттарды немесе өзге де объектілерді пайдалану кезінде зиянды физикалық ықпал ету шегінің белгіленген нормативтерін сақтамау, зиянды ауаны жоятын фильтрлі қондырғыларды, бақылау-өлшеу приборларын пайдаланбай жүмыс істеу сияқты эрекеттер жатады.

Қылмыстың объективтік жағының қажетті белгісі — ауаның табиғи қасиеттерінің ластануына жэне өзге де өзгеруіне экеліп соғу (мысалы, жылу радиациясының зиянды эсерлері, атмосфералық ауаның физикалық, химияльщ кұрамы бұзылып, ол адамдардың өмірі мен денсаулыгына, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне ірі залал келтіру қатерін туғызуы) болып табылады. Іс-эрекет пен зардаптың арасында себепті байланыс болуы қажет. Қылмыс кү_рамы материалдық.

Қылмыстық кү-кық бұзушылық субъективтік жағынан қасақаналықпен немесе абайсыздықпен істеледі.

Қылмыстық қүқық бүзушылықтың субъектісі-лауазымды немесе жай адам. Қоршаған ортаға аса ірі задал келтіру не адам өліміне не адамдардың жаппай сырқаттануына экеп соққан әрекеттер (329-баптың 2-тармағы) осы қылмыстың ауырлататын түрі болып та-былады.

330-бап. Теңіз ортасын ластау

1. Экологиялың талаптарды бұзу салдарынан теңіз ортасын ластау, егер бұл іс-әрекет қоршаган ортага ірі залал келтіруге әкеп соқса немесе адамның денсаулығына зиян келтірсе -

2.Қоршаган ортага аса ірі запал келтіруге не адам өліміне не адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан дәл сол іс-әрекет -

Қылмыстық құқық бұзушылықтың объектісі - теңіз аясының экологиялық қауіпсіздігі.

Қылмыстық құқық бүзушылықтың істелу орны - ішкі теңіз сулары, Қазақстан Республикасының аумақтық теңізі жэне ашық теңіз сулары болып табылады.

Қылмыс объективтік жағынан экологиялық талаптарды бұзу салдарынан атмосфералық ауаны ластау немесе оның табиғи қасиеттерін өзгерту, егер бү_л іс-эрекет қоршаған ортаға ірі залал келтіруге экеп соққа не адамның денсаулығына зиян келтіру арқылы көрініс табады.

Теңіз суларына араласқан жағдайда адамның денсаулығына, теңіздің жанды ресур-старына, теңіз суларын мақсатты пайдалануға қауіп келтіретін, халықаралық шарттар бойынша бақылауға алынған заттар зиянды заттар деп танылады.

Ластау көздері болып зиянды заттарды теңіз аясына тастайтын объектілер жатады. Заңда олар құрғақтағы көздер, көлік құралдары немесе теңізде орнатылған жасанды қүрылғылар деп көрсетілген.

Қылмыстың объективтік жағының тағы бір белгісі адамның денсаулығы мен теңіздің жанды ресурстары үшін зиянды, не теңіз аясын занды пайдалануға кедергі келтіретін заттар мен материалдарды көму немесе оларды көлік құралдарынан немесе теңізде орналасқан құрылғылардан тастау ережелерін бүзу болып табылады.

Көму — зиянды заттар мен материалдарды теңізге тастау немесе оларды теңіз суы ая-сында қалдыру болып табылады. Қылмыстық кұкық бұзушылық көрсетілген заттар мен материалдарды тастаған уақыттан бастап аяқталған деп табылады.

Тастаута - зиянды заттар мен материалдарды белгіленген ережелерге қайшы түрде теңіз суы аясына әдейілеп лақтыру жатады.

Теңізде орнатылған жасанды қүрылғыларға - теңіз аясында белгілі бір жүмыстарды атқаруға арналған техникалық қү_рылымдар, бүрғылау қондырғылары, теңіздегі құрылыстар жэне т.б. жатады.

Адамның денсаулығы мен теңіздің жанды ресурстары үшін зиянды заттарға — тірі организмді уландыруға, жоюға немесе оларға ауру жұқтыруға қабілетті улар, му_най жэне мүлай өнімдері, спирт, сульфид, хлорлы заттар, тұз жэне басқа заттар, нэрселер жатады.

Занда көрсетілген «теңіз аясын занды пайдалануға кедергі келтіретін» деген ұғымға теңіз жануарларын, балықтарды ұстауға, суды пайдалану үшін тұщыландыруды жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтін жағдайлар жатады.

Қылмыстық кодекстің 330-бабының 1-тармағында көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылық кұрамы материалдық, қьшмыс жоғарыда көрсетілген іс-эрекеттердің біреуін істеген уақыттан бастап аяқталған деп табылады.

Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істе-леді.

Қылмыстық құқық бұзушылыктың субъектісі - 16-ға толған адам.

Қылмыстық кодекстің ЗЗО-бабының 2-тармағында адамның денсаулығына, жануар-лар немесе өсімдіктер дүниесіне, балық қорына, қоршаған ортаға, демалыс аймақтарына не баска да заңмен қорғалатын мүдделерге аса ірі залал келтірген дэл сол эрекеттер үшін жауаптылық белгіленген.

Аса ірі залалға адамның денсаулығына жеңіл, орта, ауыр жарақаттар келтірілуі, жұқпалы ауруға душар болуы, жануарлар немесе өсімдіктер дүниесін жоятын, Бұлдіретін эрекеттердің орын алуы, балык қорының азаюы, тұ_қым шашпауы, қоршаған ортаның улануы, Бұлінуі, теңіз жағасында зиянды заттардың кебеюінен демалыс аймақтарын мақсатты пайдаланудың мүмкіндік-терінің болмай қалуы, оны қалпына келтіру үшін ора-сан материалдық жэне қаржы қаражатының қажет болуы жатады. Келтірілген залалдың мөлшерін нақты жағдайларға қарап сот анықтайды.

Қылмыстық кодекстің 330-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын тағы бір түрі — адам өліміне не адамдардың жаппай сырқаттануына экеп соққан эрекеттер үшін жауаптылық көзделген.

Қылмыстық кодекстің 330-бабының 1, 2-тармақтарындағы қылмыс - материалдық күрамға жатады.

§4. Жерді, құрлықтық шельф, жер қойнауын қорғау және тиімді пайдалануға қол сұғатын қылмыстық құқық б^зушылықтар

331-бап. Қазақстан Республикасының континенттік қайраңы және Қазақстан Республика-сының айрықша экономикалық аймағы туралы заңнаманы бузу

1.Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында заңсыз қүрылыстар турғызу, олардың айналасына немесе Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағында қауіпсіздік аймақтарын құру, сол сияқты қурылыстарды және теңіздегі кеме жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдарын салу, пайдалану, күзету және салынгандарын жою қагидаларын бұзу -