Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОММЕНТАРИЙ УК (Ерекше блік) - копия.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.69 Mб
Скачать

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар кезінде жасалган, екі немесе одан да көп адамды өлтіру -

Заң шығарушы адам өлтірудің Бұл түрін кенеттен басталған қатгы жан толғанысы жағдайында жасалған өлтіру ретінде айқындайды. Кінэлінің психикалық жай-күйі ин-стинктивті жэне сөзсіз-рефлекторлық қызметпен байланысты өткінші, интенсивті көңіл-күймен айқындалады. Көбінесе адам өлтірудің Бұл түрі үшін ашу-ыза, жеккөрушілік жэне түңілу эсері тэн болады. Жан күйзелісі жай-күйі негізінен аз уақытқа, эдетте бірнеше минутқа созылады. Қатты жан толқуы тікелей сыртқы эсердің салдарынан кенеттен пайда болады.

Аффект жағдайында адам өлтіру кенеттен, теріс фактор әсер еткеннен кейін тікелей сол бойда жасалады. Мүнда уақыт аралық үзіліс болмайды немесе елеулі емес (мысалы, кінэлі болған жағдайдың мэнін бірден түсінбегенде).

Аффект жағдайының басталуына негіз ретінде Қылмыстық кодекстің 101-бабында мыналар көзделген: жэбірленушінің тарапынан болған зорлық, басыну немесе кемсіту не жэбірленушінің өзге де заңға қайшы немесе моральға жат эрекеті (эрекетсіздігі), жэбірленушінің үнемі қайталанып отыратын заңға қайшы немесе моральға жат мінез-қүлқына байланысты туындаған психиканы зақымдайтын ұзаққа созылған жағдайлардың болуы соған тэн. Зорлық күш көрсетумен (мысалы ұрып-соғу), сондай-ақ психикалық (денсаулығына зақым келтірумен, мүлкін жойып жіберумен жэне т.б. қорқыту) болуы мүмкін. Басыну адамдық қадір-қасиетін кемсітумен, жеке басын қорлау арқылы жаса-луы мүмкін. Өте ауыр балағаттау адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін жағымсыз ны-санда дөрекі түрде кемсітумен көрінеді. Заң эдебиетінде мынадай пікір айтылады, өте ауыр балағаттау Қылмыстық кодекс нормаларында көзделген балағаттаудан өзгеше бо-луы мүмкін емес. Ол Қылмыстық кодекстің 131-бабында көзделген қылмыс белгілеріне сэйкес келуі де немесе сэйкес келмеуі де мүмкін. Ал ар-намыс пен қадір-қасиетті кем-сіту дэрежесін бағалау өлшеміне келетін болсақ, мүлда объективтік факторларды, сол сияқты субъективтік факторларды да ескеру қажет. Мысалы «фашист» сөзі соғыс арда-геріне жэне соғысқа қатысушыға, ол үшін қасиетті болып саналмайтын жас буын өкіліне түрліше реакция туғызуы мүмкін.

1997 жылғы Қылмыстық кодексте аффект үшін негіз болуы мүмкін жағдайлардың аясы кеңейе түсті. Егер 1959 жылы Қылмыстық кодекс жэбірленушінің зорлық көрсетуі мен өте ауыр балағаттауынан басқа, егер осы эрекеттер кінэліға немесе оның жақын-жуықтарына ауыр зардап келтірген немесе зардап келтіруі мүмкін болған жағдайда, өзге де заңға қайшы эрекеттері (әрекетсіздігі) жатқызылған болса, ал 1997 жэне 2014 жылы Қылмыстық кодекстері бойынша аффект үшін қылмысқа қарсы жэне тіпті моральға жат-пайтын қарапайым эрекеттердің (эрекетсіздіктің) болуы жеткілікті. Моральға жатпай-тын эрекет түсінігіне келетін болсақ, біздің еліміз бастан кешірген бірқатар моральдық қүлдылықтарды қайта бағалаумен байланысты олардың мазмүнын түсінуде де белгілі бір қиындықтардың пайда болуы мүмкін. Оның үстіне біздің қоғамымыз жікке бөлінуге қатты үліырап отыр және көптеген құбылыстарды түрлі элеуметтік топтар түрліше қабылдайды. Оған қоса біз қазір эрекеттердің қандай моральға (социалистік немесе коммунистік) қайшы келетіндігіне сілтеме жасай алмаймыз. Сонда да қай уақытта бол-масын, негізінен қоғам мүшелерінің көпшілігіне бірдей болып саналатын моральдық құндылықтар, жақсылық пен жамандық, ар, намыс жэне арсыздық, сенімділік пен сатқындық, үят пен ұятсыздық деген пікір түсініктер болды. Міне, осылар баға беру не-гізіне алынуы тиіс.

Адам өлтірілетін жан күйзелісі жай-күйі занда көзделгендей кенеттен болған жағдайда емес, жэбірленушінің үнемі қайталанып отырған құқыққа қарсы немесе моральға жат мінез-құлқына байланысты пайда болған, ұзақ уақыт психиканы зақымдайтын оқиғалармен де байланысты болуы мүмкін. Мұндай жағдайда, тіпті бір қарағанда елен-бейтін жағдайдың өзі шыдамның шегіне жеткізіп, адам өлтіруге экеліп соқтыратын көңіл-күй жарылысының тұтандырғышы болып табылуы мүмкін.

Аффект жағдайында адам өлтіру тікелей де, сол сияқты жанама қасақаналықпен жа-салуы мүмкін. Аффект кезінде екі немесе одан көп адамды өлтіру жағдайы Қылмыстық кодекстің 101-бабының 2-тармағында сипатталған. Екі немесе одан да көп адамды өлтірудің түсінігі Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-тармағының «1» тармақшасында берілген.

102-бап. Қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған адам өлтіру

Қажетті қорганыс шегінен шығу кезінде жасалган адам өлтіру-

Қылмыстық кодекс осы бапта адам өлтірудің арнайы құрамын көздейді. Бұл бап-та қажетті қорғану шегінен асып кеткен кезде кезінде адам өлтіруге түсінік берілген. Қажетті қорғану шегінен асып кеткен кезде адам өлтіру жэбірленушіні өмірінен айыру қажеттігі болмаған кезде орын алады. Кінәлінің әрекеті сипаты жэне дэрежесі бойынша қастандықтың қоғамға қауіптілігіне анық түрде сэйкес келмейді.

Сот тэжірибесінде қажетті қорғану шегінен асып кеткен кезде адам өлтіруге саралау жасалған кезде қателіктер жиі жіберіледі. Біркатар жағдайларда қажетті қорғану шегінен асып кету болмаған жэйттер де кездеседі.

Қажетті қорғану шегінен асып кеткен кезде адам өлтіргенде тікелей де, сол сияқты жанама қасақаналықтың болуы мүмкін. Қажетті қорғану шегінен асып кеткен кезде абайсыздықтан өмірінен айыру қылмыстық жауапкершілік болып есептелмейді.

103-бап. Қылмыс жасаған адамды устап алу үшін қажетті шаралар шегінен шығу кезінде жасалған адам өлтіру

Қылмыс жасаған адамды ұстап алу үшін қажетті шаралар шегінен шыгу кезінде жасалған адам өлтіру -

Қылмыстык кодекстің 103-бабында сипатталған. ¥сталған адамның жасаған қылмысы ұсталу жағдайының сипаты мен қоғамға келтіретін кауіптілік дэрежесіне анық түрде сэйкес келмегенде, түлғаға ешбір қажеттіліксіз, шектен тыс, осы жағдай тудырмаған зиян келтіру қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шараларды асыра қолдану деп танылады (ҚК-тің 103-бабы). Қажетті қорғану шегінен асып кеткен кезде адам өлтіруден 100-баптың айырмашылығы - жәбірленуші оны өлтірген кезде қоғамға қауіпті қастандық жасамайды. ¥сталған түлғаға ол қьшмыс жасағаннан кейін зиян келтіріледі. Бұл зиянның көлемі қылмыстың ауырлығына байланысты. ¥сталу жағдайына келетін болсақ, мүлың да белгілі бір рөлі бар, бірақ бірінші дэрежелі емес. Немесе кез келген үхтау жағдайында (егер қажетті қорғану жағдайы туындамайтын жағдайда), мысалы шағын немесе орта ауырлықтағы қылмыс жасаған тұлғаны өлтіруге немесе оның денсаулығына ауыр зиян келтіруге болмайды.

Ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған қылмыскерді ұстау кезінде оны өлтіруге байланысты заң эдебиеттерінде эр түрлі пікірлер айтылған. Кейбір авторлар мүняяй жағдайларда коғам үшін қауіпті іс-эрекеттің жолын кесу қүралы ретінде оларды өлтіру мүмкін деп санайды. Алайда мүлдай көзқарастың авторларынадйтарымыз: үхтау сэтінде Бұл эрекет элі анықталған жоқ. Оның іс-эрекетінің қауіптілігіне келетін болсақ, бүл бар болғаны болжам түрінде ғана, ол Қылмыстық кодекс нормаларында көзделген қандай да болмасын белгілі бір зандылық бағаға жатқызылған жоқ. Сондықтан бүл жағдайларда өлтіру, біздің пікірімізше, заңға қайшы.

Әйелдерге, анық мүгедектік белгісі бар адамдарға жэне өте жас балаларға немесе ми-лиция қызметкерлеріне кэмелетке толмағандарға (егер олар қарулы қарсылық көрсеткен, қарулы не топ болып шабуыл жасаған, адамдардың өміріне қауіп төндіретін, бұдан бөгде адамдар зардап шегуі мүмкін болатындай елеулі түрде адамдар шоғырланған жағдайдан басқа жағдайларда) оқпен атылатын қаруды қолдануға тыйым салынады.

Атылатын қаруы бар қылмыскерлердің, полиция қызметкерлері үхтайтын адамдардың, оларға көрсетілген ара қашықтыкты қысқарта жақындауға, немесе оның қаруына жанасуға эрекет етуі полиция қызметкерінің оқпен атылатын қаруды қолдануына құқық береді.

104-бап. Абайсызда қазаға ұшырату