Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОММЕНТАРИЙ УК (Ерекше блік) - копия.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.69 Mб
Скачать

1Тарау.Жеке адамға қарсы қылмыстық қ¥қық бүзушылықтар

1.Жалпы сипаттамасы

Адамның жэне азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорға-лады. Қазақстан Республикасы Конституциясының II бөлімі осы мэселеге тіке-лей арналған. Конституцияның 1-бабында «ең қымбат қазына - адам жэне адамның өмірі, құкықтары мен бостандықтары», - деп жарияланған. Осыған орай, Қазақстан Республикасындағы барлық құкық салалары, оның ішінде Қылмыстық құқықта адам-ды қорғауды өзінің міндеті деп санайды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 2-бабында адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау ең басты міндет ретінде көрініс тапқан. Қазақстан Республикасының барлық заңдары жеке адамды корғауға, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға эр уақытта артықшылықтар береді. Сондықтан да Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің бірінші тарауы жеке адамға қарсы қылмыстарға арналған. Осы тарауға кіретін барлық қылмыстардың топтық объектісі жеке адамның дұрыс іс-қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады. Тікелей объектілерінің ерекшеліктеріне қарай жеке адамға қарсы қылмыстар мынадай түрлерге белінеді: өмірге қарсы қылмыстық құқық бұзушылыққа; адам өлтіру (99-б.); жаңа туған сэбиді анасының өлтіруі (100-б.); жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру (101-б.); қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (102-б.); қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (103-б.); абайсызда кісі өлтіру (104-б.); өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу (105-б.).Денсаулыққа қарсы қылмыстар: денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (106-б.); денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру (107-б.); денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (108-бап), ұрып-соғу (109-бап), қинау (110-бап); денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру (111-б.); қажетті қорғаныс шегінен шығу кезін-де денсаулыққа ауыр зиян келтіру (112-б.); қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (113-б.); денсаулыққа абайсызда зиян келтіру (114-б.); қорқыту (115-б.); адамдардың ағзалары мен тінін алуға мэжбүр ету немесе заңсыз алу (116-б.); соз ауруларын жұқтыру (117-б.); адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ ЖИТС) жұқтыру (118-б.); қауіпті жағдайда қалдыру (119-б.).Жеке адамның бостандығына қарсы қылмыстар: адамды ұрлау (125-б.); бас бостандығынан заңсыз айыру (126-б.); психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру (127-б.); адамды саудаға салу (128-б.).Жеке адамның ар-намысына жэне адамгершілігіне қарсы қылмыстар: жала жабу (130-б.); қорлау (131-б.).Жыныстық қылмыстар: зорлау (120-б.); сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық эрекеттер (121-б.); он алты жасқа жетпеген адаммен жыныстық қатынаста болу жэне сексуалдық сипаттағы өзге де іс-эрекеттер (122-б.); жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, эйел мен эйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де іс-эрекеттерге мәжбүр ету (123-б.); жас бала-ларды азғындату (124-б.).