Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
topyrak_tanu_zh_ne_geologiya_negizderi / Топыра тану ж не геология нег здер.doc
Скачиваний:
636
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
45.3 Mб
Скачать

3.16.5. Бореалдық белдеудің топырақтары

Бореалдық белдеудің жалпы ауданы 1560млн.га. Бұл белдеуде жауын-шашын мол болады, бірақ жылуы жеткілікті емес. Соның ішінде белдеуде агротопырақты аймақтар жалғыз ылғалдықпен емес топырақтардың жылу режімінде де байланысты ерекшеленеді.

Бұл аймақтарда ауыл шаруашылық дақылдардан көбінесе қара бидай, сұлы, арпа, көкөністер, картоп және шөптер өсіріледі.

Бореалдық табиғи-орман аймақтары. Жалпы ауданы 1150 млн.га. Ең үлкен Еуразиялық аймақ – Батыс Еуропаның солтүстік және ТМД елдердің солтүстігін қамтиды. Одан кейін Солтүстік америкалық аймақ-Канада және Алясканың жартысынан көбін алады. Үшінші аймақ Огненная Земля аралында орналасқан.

Тайга–орман аймақтарының топырақ жамылғысында күлгінді және шым-күлгінді топырақтар (790млн. га) типі басымды келеді. Олардың ішінде қара-күлгінді және иллювиалды - қарашірікті топырақтар 88млн.га, күлгінділер-357 млн. га шымды күлгінді-318 млн. га және шымды күлгінді, батпақты 109 млн.г, шым-қопалы және шым карбонатты топырақтар күлгінді топырақтар аймағын құрайды.

Осы аймақтың оңтүстік тарапында сұр ормандық (76 млн.га) және ормандық сұр қопа (18 млн.га) топырақтар орналасқан.

Солтүстік тайга-орман аймақтарында шымды күлгінді топырақтар жақсы дамыған. Олар үш фацияға бөлінеді: Атлантика маңайындағы шымды-күлгінді және Кордильер таулары етегіндегі фациялар.

Атлантика маңайындағы фацияда Grey Brown Podzdic топырақтар дамыған. Олар Батыс Еуропа және ТМД елдеріндегі сарғыш-күлгінді топырақтарға ұқсас. Шымды-күлгінді фацияда шымды-күлгінді топырақтар дамыған. Кордильер тауларының етегіндегі фацияда Grey Woded топырақтар дамыған. Басқаларға қарағанда оның А қабатында қарашірінді мөлшері көп және күлгінділік дәрежесі кем.

Бореалды тоң-тайға аймақтары Жалпы ауданы 410 млн.га. Ең ірі Шығыс-Сібір тоң тайга аймағы-ТМД аумағында орналасқан. Екіншісі Солтүстік америкалық тоң-тайга аймағы.

Шығыс Сібір-тоң тайга аймағы екіге бөлінеді: Солтүстік және орталық тайгаға. Өз кезегінде әр қайсысы екі фацияға бөлінеді: континенталдық және экстраконтиненталдық. Экстраконтиненталдыққа Орталық Якутия және тау аралық ойпаттар-Оймякон, Верхоянск–бұл жерлерде солтүстік жартышарларындағы ең төмен температура байқалады.

Солтүстік америкалық тоң-тайга аймағы кішірек. Бұл аймақта экстраконтинентальды фация Аляскада орналасқан.

Америкалық топырақтанушылар бұл аймақта терең тоңазыған қышқыл құба күлгінді белгісі жоқ топырақтарды ерекше бөледі.

Бұл аймақтарда егіншілік тұрғын жерлердің маңайында дамыған көкөніс, картоп, шөптер өсіріледі. Қара бидай, арпа және сұлыныда өндіру мүмкін. Бірақ негізгі шаруашылықтар–орман шаруашылығы, бұғы шаруашылығы, аңшылық және хайуан шаруашылығы.

3.16.6. Полярлық белдеуінің топырақтары

Жалпы ауданы (материкті мұзсыз) 466 млн. га Антарктида, Гренландия және басқа аралдардың мұз қалқаны 210 млн.га құрайды.

Солтүстік жартышарында екі полярлық аймақ орналасқан. Евразиялық және Солтүстік Америкалық. Оңтүстік жартышарында Антарктидада мұзбен қапталмаған бірнеше шағын аудандар бар.

Солтүстік америкалық аймағында Гренландияның оңтүстігінде және Алеут аралдарында қышқыл шымды-қарашірінділі-қопа топырақтары дамыған. Өсімдіктерден өлеңшөп, астық тұқымдас шөптер таралған. Батпақтар өсімдіктерінің астында шымтезек қоры байқалады.

Гренландияның солтүстігінде және маңайындағы аралдарда құрғақ арктикалық шөл ландшафтда карбонаттар және басқа тұздар шоғырланған толық дамымаған топырақтар қалыптасқан. Осыған ұқсас ландшафт бірақ бұданда құрғақ және суық жағдай Антарктидада таралған.

Бұл аймақтарда бұғы шаруашылығы және аңшылық дамыған. Әлемнің жер қорын пайдалану және оны қорғау аса өзекті мәселелердің қатарына жатады. Орташа есеппен әр адам басына қажет азық-түлікті өндіру үшін 0,3-0,5 гектар жер қажет.

Барлық әлем жер ресурстарының 4055млн. гектары (30,2%) ауыл шаруашылығы жерлері болып саналады. Оның 1,5млрд гектары (11,2%) жыртылған, егіншілікте пайдаланылады, ал қалған жерлер шабындықтармен мал жайылымдары ретінде қолданылады. Қазіргі заманда дүние жүзі бойынша егіншілік жерлер ауданын 2,4-3,2 млрд. гектарға дейін көбейтуге мүмкіншілік бар болып есептелінеді.

Бақылау сұрақтар

  1. Дүние жүзіндегі жазық аумақ қандай белдеулерге бөлінеді?

  2. Тропикалық белдеуде қандай топырақтар таралған ?

  3. Субтропикалық белдеуде ең көп таралған топырақ типтерін атаңыз.

  4. Суббореал белдеуде қандай топырақ типтері таралған.

  5. Суббореал белдеуінде егілетін негізгі дақылдарды атаңыз.

Топырақтану пәнінен тест сұрақтары

  1. Топырақ құрамында қандай топтың минералдары мол?

А) бастапқы минералдар

В) туынды минералдар

С) балшықты минералдар

D) қарапайым тұз минералдар

Е) гидрослюдалар

  1. Қандай тау жыныстарында топырақ түзілу жиі жүреді?

А) магмалық

В) шөгінді

С) метаморфты

D) интрузивті (тереңде қатқан)

Е) эффузивті (төгілген)

  1. Тау жыныстарының қандай үгілу түрлері бар?

А) физикалық, химиялық

В) механикалық, физикалық, химиялық

С) механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық

D) физикалық, химиялық, биологиялық

Е) физикалық, химико-биологиялық

  1. Топырақтың басты морфологиялық белгілерін көрсетіңіз

А) құрылысы, түсі, түйіршіктігі

В) құрылысы, түсі, құрылымы,қабаттарының қалыңдығы

С) құрылысы, түсі, түйіршіктігі, қабаттарының қалыңдығы, гранулометриялық құрамы, тығыздылығы

D) құрылысы, түсі, түйіршіктігі, қабаттарының қалыңдығы, гранулометриялық құрамы, тығыздылығы, жаңа жараландылар және кірме заттар

Е) құрылысы, түсі, түйіршіктігі, қабаттарының қалыңдығы, гранулометриялық құрамы, тығыздылығы, жаңа жарандылар және кірме заттар, қуыстылығы

  1. Иллювиалды немесе ауыспалы қабат қандай әріппен белгіленеді?

А) А

В) В

С) А0

D) С

Е) Д

  1. Қарашірінді жиналған қабат қандай индекспен белгіленеді?

А) Ао

В) А

С) А1

D) А1А2

Е) А2

  1. Макротүйіршіліктілікке жататын бөлшектер қандай?

А) 10 мм-ден үлкен

В) 0,25-10 мм

С) 0,01-0,25 мм

D) 0,001-0,01 мм

Е) 0,001 мм-ден кіші

  1. Өзен тасығанда жайылмада жиналатын шөгінділер қалай аталады?

А) элювий

В) делювий

С) пролювий

D) аллювий

Е) морена

  1. Қарашірінді жиналған қабаттың түйіршіктігі қандай?

А) кесекті-жаңғақты

В) дәнше және призмалы

С) дәнше және кесекті

D) жаңғақты және призмалы

Е) табақшалы және призмалы

  1. Қандай топтағы түйіршіктілік агрономиялық жағынан тиімді?

А) тоң кесекті

В) макротүйіршіктер

С) ірі микротүйіршіктер

D) майда микротүйіршіктер

Е) барлықтарыда тиімді

  1. Аналық тау жынысы қандай индекспен белгіленеді?

А) Ао

В) С

С) В1

D) В2

Е) Вк

  1. Үгіліп орнында қалған тау жыныстары қалай аталады?

А) аллювий

В) морена

С) пролювий

D) элювий

Е) делювий

  1. Топырақтың қандай түйіршіктілігі қолайлы ауа және ылғалдылық режимдерін қалыптастырады?

А) дәнше

В) бағаналы

С) табақшалы

D) призмалы

Е) тоң кесекті

  1. Топыраққа оның құрамындағы қарашірінді заттар қандай түс береді?

А) ақшыл сары

В) қошқыл сары

С) боз

D) күрең қызыл

Е) қара

  1. Топырақ құрамындағы капролиттердің пайда болуы

А) өсімдік тамырларының әсері

В) микроорганизмдердің әсері

С) жауын құрттарының әсері

D) топырақтағы омыртқалы жануарлардың әсері

  1. Физикалық балшыққа жататын топырақ бөлшектерінің мөлшері қандай?

А) <0,0001 мм-ден

В) < 0,001 мм-ден

С) <0,01 мм-ден

D) <0,1 мм-ден

Е) <1 мм-ден

  1. Физикалық құмға жататын топырақ бөлшектерінің мөлшері қандай?

А) >0,001 мм-ден

В) >0,01 мм-ден

С) >0,1 мм-ден

D) >1 мм-ден

Е) >10 мм-ден

  1. Құмбалшық гранулометриялық құрамды топырақта қанша физикалық балшық бар?

А) 5-10 %

В) 10-20 %

С) 20-60 %

D) 60-85 %

Е) >85 %

  1. Балшық гранулометриялық құрамды топырақта қанша физикалық балшық бар?

А) 5-10 %

В) 10-20 %

С) 20-30 %

D) >60 %

Е) >85 %

  1. Дала аймағының топырақтарының қарашіріндісінде қандай қарашірінді қосылыстары басым?

А) гуминдер

В) гумин қышқылдары

С) фульвоқышқылдар

D) гиматомелан қышқылдары