- •1.1.1. Геология ғылымының дамуының қысқаша тарихы
- •1.2. Жердің пайда болуы, құрылысы мен құрамы.
- •1.2.1. Әлемдік кеңістікте Жердің және Күн жүйесінің орны.
- •1.2. 2. Космогендік гипотезалар
- •1.2.3. Жердің пішіні, физикалық қасиеттері және химиялық құрамы
- •Магнитті еңкейю магнитті стрелканың көкжиекке еңкею бұрышы. Картада бірдей септелулерді жалғастыратын сызықтарды изогон дейді, бірдей еңкеюлерді жалғастыратын нүктелерді изоклин деп атайды
- •1.3 Жердің сыртқы және ішкі қабаттарының құрамы
- •1.3.1. Жердің сыртқы қабаттары
- •1.3.2. Жердің ішкі қабаттары
- •1.4 Минералдар туралы ілім
- •1.4.1. Минералдар және олардың топырақ түзілуіндегі маңызы
- •Туынды (экзогенді) минералдар - жер бетінде, атмосферамен, биосферамен және гидросферамен әрекеттесіп, көбінесе бастапқы минералдардың бұзылуынан пайда болады.
- •1.4.2.Заттардың кристаллдық және аморфты құрылымы
- •1.4.3. Минералдардың физикалық қасиеттері
- •1.4.5. Минералдардың негізгі класстарын сипаттау
- •1.5. Тау жыныстары.
- •1.5.1. Магмалық тау жыныстары
- •1.5. 2. Шөгінді тау жыныстары
- •1.5.3. Метаморфты тау жыныстары.
- •1.6. Геологиялық құбылыстар
- •1.6.1 Жер қабығының негізгі геологиялық құрылымы мен оның ерекшелігі
- •1.6.2. Геотектоникалық гипотезалар
- •1.6. 3. Эндогенді және экзогенді үрдістер
- •1.6.4. Эндогенді үрдістер
- •1.6.5. Экзогенді үрдістер
- •1.7. Жер шарының геологиялық тарихы
- •1.7.1. Тау жыныстарының абсолютты жасы
- •1.7.2. Тау жыныстарының салыстырмалы жасы
- •1.7.3. Геохронологиялық шкала
- •1.7.4. Төрттік кезеңдегі жер қабығының даму ерекшеліктері
- •1.7.5. Геоморфология туралы негізгі мәліметтер
- •1.7. 6. Геологиялық карта.
- •3.15. Топырақтарды агроөндісітік топтарға бөлу және бонитировкалау
- •3.15.1.Топырақтарды агроөндiрiстiк топтарға бөлу
- •3.15.2. Топырақ бонитировкасы
- •2.1.Топырақтану пәні жєне оныњ міндеттері
- •2.1.1.Топырақ ерекше табиғи дене
- •2.1.2. Топырақтың табиғаттағы орны мен маңызы
- •2.1.3.Топырақтың адам өміріндегі алатын орны
- •2.1.4. Топырақтың экологиялық қызметі
- •2.1.5. Топырақтанудың басқа ғылымдармен байланысы, оның басты ғылыми салалары, зерттеу әдістемелері
- •2.1.6. Топырақтану ғылымының даму тарихы
- •Қазақстан топырақтарын зерттеу тарихына қысқаша шолу
- •2.2.1. Топырақ құралу үрдістері
- •2.2.2. Топырақтың морфологиялық белгілері
- •2. 3. Топырақтың минералды бөлігі
- •2. 3.1. Топырақтың қ±рамды бµліктері
- •2.3.2. Минералдық бөліктің құрамы
- •2. 3. 3. Гранулометриялық ќ±рамы
- •Ќарай жіктеу
- •Бақылау сұрақтары
- •2.4. Топырақтың органикалыќ бµлігі
- •2.4.1. Қарашіріндініњ т‰зілуі
- •2.4.2. Қарашіріндініњ мµлшері
- •2.4.3. Топыраќтыњ органикалыќ бµлігініњ маңызы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.5. Топырақтың химиялыќ ќ±рамы
- •2.5.2. Топырақтағы химиялық қосылыстар
- •Бақылау сұрақтары
- •2.6 Топыраќтыњ сіњіру қабілеті
- •2.6.1. Топыраќ коллоидтары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.7. Топырақтың түйіртпектілігі
- •2.7.1. Топыраќтыњ түйіртпектілігі жєне оныњ агрономиялық мањызы
- •2.7.2. Түйіртпектің пайда болуы және оны жақсарту жолдары
- •2.8.2. Топыраќтыњ жалпы физикалыќ жєне физикалыќ – механикалыќ ќасиеттері
- •2. 8.1. Жалпы физикалық қасиеттері
- •2.8.2. Физикалық- механикалық қасиеттері
- •Топтарѓа жіктеу (5)
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топыраќтаѓы ылѓал
- •2.9.1. Топырақтағы ылғалдың категориялары, түрлері
- •2.9.2.Топыраќтыњ ылѓалдылыќ ќасиеттері
- •2.9.3. Топыраќтаѓы ылѓалдыњ µсімдіктерге тиімділігі жєне т±раќты ылѓалдыќ кµрсеткіштері
- •2.9.4. Топыраќтыњ су режимі жєне оны реттеу жолдары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топырақтың ауасы және жылу режимі
- •2.9.1. Топырақтың ауасының маңызы, құрамы, құбылымы
- •2.9.2.Топырақтың жылу режимі
- •Бақылау сұрақтары
- •2.10. Топырақ ерітіндісі және тотығу-тотықсыздану үрдістері
- •2.10.1. Топырақ ерітіндісінің құрамы, қасиеттері
- •2.10.2. Тотығу- тотықсыздану үрдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •2.11. Топырақ құнарлылығы
- •2.11.2. Топырақ құнарлылығының түрлері
- •2.11.2 Топырақ құнарлылығын өндіру
- •2.11.3. Құнарлылықтың өзгеруі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1.Топырақ жаратылысының факторлары
- •3.1.1. Аналық тау жыныстары
- •3.1.2. Климат
- •3.1.3. Биологиялық фактор
- •3.1.4. Жер бедері. Аймақтыњ геологиялық жасы
- •3.1.5. Адамзат қоғамының әсері
- •3.2. Топырақтардың жіктелуі, географиялық таралу заңдылықтары
- •3.2.1. Топырақтарды жіктеудің принциптері, таксономиялық бірліктер
- •3.2.2. Қазақстан топырақтарын жіктеу жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.2.2. Топырақтардың таралу заңдылықтары
- •3.2.3. Топырақ жамылғысы құрылымы
- •3.2.4. Қазақстанның топырақ-географиялық аймақтары
- •3.3. Тайгалы-орман аймағының топырақтары
- •3.3.1. Топырақ құралу жағдайлары
- •3.3.3. Шымды топырақтар
- •3.3.4. Шымды –күлгін топырақтар
- •3.4. Батпақты топырақтар
- •3.5. Жалпақ жапырақты ормандардың қоңыр топырағы
- •3.6. Орманды - дала және дала аймақтары топырақтары
- •3.6.1. Орманды-дала аймағының сұр ормандық топырағы
- •3.6.2. Орманды- дала және дала аймақтарының қара топырақтары
- •3.6.4. Қара топырақтың типшелері
- •3.8. Қуаң дала және шөл дала аймағының қара қоңыр топырақтары
- •3.7.1. Қара-қоңыр топырақтың морфологиялық белгілері және генезисі
- •3.7.2. Қара-қоңыр топырақтың классификациясы
- •3.8. Тұзданған топырақтар
- •3.8.1. Сор топырақтар
- •3.8.1. Кебір топырақтар
- •3.8.3. Шақат топырақтар
- •Бақылау сұрақтары
- •3.9. Шөл аймағының топырақтары
- •3.9.1. Қоңыр топырақтың жаратылуы және морфологиялық белгілері, қасиеттері
- •3.9.2. Тақырлар мен тақыртәріздес топырақтар
- •3.9.3. Шөл аймағы топырақтары жамылғысы құрылымы және оларды пайдалану ерекшеліктері
- •3.10. Тау етегінің шөлді –дала аймағының топырақтары
- •3.11. Ылғалды субтропика аймағының топырақтары
- •3.12. Өзен жайылмасы топырақтары
- •3.13. Таулы өлке топырақтары
- •3.13.1. Қазақстандағы Тянь-Шань және Алтай таулары топырақтары
- •13.3.2. Кавказ таулары топырақтары
- •3.13.3. Қырым және Карпат таулары топырақтары
- •3.14. Топырақ эрозиясы және олармен күресу жолдары
- •3.14.1. Қазақстанның жер қоры және оның экологиялық мәселелері
- •3.14.2. Топырақ эрозиясының түрлері және олардың зияны
- •3.14.3. Топырақтың жел және су эрозиясына шалдығу
- •3.14.4. Топырақты қорғау
- •3.14.5. Топырақ рекультивациясы
- •Бақылау сұрақтары
- •3.16. Дүние жүзі жер қоры және топырақтарының қысқаша сипаттамасы
- •3.16.1. Тропикалық белдеудің топырақ жамылғысы
- •3.16.2.Тропикалық ксерофиттті –орман және саванна аймақтары
- •3.16.3. Субтропика белдеуінің топырақтары
- •3.16.4. Суббореалды белдеудің топырақтары
- •3.16.5. Бореалдық белдеудің топырақтары
- •3.16.6. Полярлық белдеуінің топырақтары
- •Е) гумин және фульвоқышқылдар бірдей мөлшерде
3.11. Ылғалды субтропика аймағының топырақтары
Ылғалды субтропика аймағы топырақтары ТМД елдері аумағында 600 мың гектар ауданды қамтиды. Бұл аймақ Кавказ тауларының беткейінде, Қара теңіз жағалауында (Грузияда), Әзербайжан елінде кездеседі. Аймақта негізінен қызыл және сары топырақтар тараған.
Топырақ құралу жағдайлары. Аймақтың климаты өте ылғалды және жылы. Жыл ішінде 1000мм-ден 2500мм-ге дейін жауын-шашын түседі. Олар әсіресе күз және қыс айларында мол түседі. Ауаның ылғалдылығы кейде 75-80% дейін жетеді. Жаз мезгілі ұзақ, ал қыс қысқа әрі жұмсақ болып келеді. Жылдық орташа ауа температурасы +13-150С, белсенді температура қосындысы 3000-40000С. Вегетациялық кезең 240-250 күн болуы мүмкін. Қызыл және сары топырақтар күрделі жер бедері бар тау баурайындағы шоқылар мен аласа таулы (биіктігі 600м-ден аспайтын) аумақтарда орналасқан. Қара теңіз жағалауында қызыл топырақтар Аджар жотасындағы теңіз деңгейінен 40 м-ден 250-400 м-ге дейінгі биіктікте орналасқан беткейлерде кездеседі. Аналық тау жыныстары төгілген магмалық (андезит, базалит, порфер туфа) тау жыныстарының үгілуінен пайда болған шөгінділер және балшықты, құмды-балшықты тақтатастар. Тау етегінің төменгі бөлігінде аналық тау жыныстары аллювийлі, делювилі пролювийлі балшықты-құмды және қиыршықты-малтатасты шөгінділер.
Өсімдік дүниесі ылғал сүйгіш, мәңгі жасыл ағаш және шөптесін өсімдіктердің өте мардымды дамуымен сипатталады. Ағаштардан граб, каштан, лаврлы-шие, түрлі шырмауық тектес өсімдіктер, жабайы жүзім, папортниктер өседі.
Қызыл және сары топырақтардың жаратылуына келесідей топырақ түзілу үрдістері ықпал жасайды.
-Орман төсенішінің үлкен қарқынмен ыдырауы және аз мөлшерде қарашіріндінің жиналуы. Өсімдік қалдықтарының ыдырауына саңырауқұлақтар микрофлорасының қатысуы салдарынан фульватты қарашіріндінің пайда болуы және олардың топырақ қабатында бекімеуі;
-Шайылмалы су режимі әсерінен топырақ кескінінен ерігіш тұздарың және карбонаттардың толық шайылуы, қарапайым тұздар жиналған қабаттың болмауы;
-Топырақтың минералды бөлігінің аллиттену үрдісіне шалдығып, гетит, гиббсит, каолинит, иллит сияқты туынды минералдардың жинақталуы;
-Топырақ түзілуінің ең басты нәтижесі–оның құрамында темірдің және аллюмийдің тотықтарының шоғырлануы;
-Қызыл және сары топырақтар жаратылуы кезінде балшықтану, күлгіндену, лесссиваж, латериттену құбылыстарының да байқалуы;
Топырақ құрамында темірдің гидрототықтары (Fe2O3 • п Н2О) мол жиналса топырақ сары түсті болып, сары топырақтар түзіледі, ал темірдің сусыз тотықтары (Fe2O3) мол жиналса –топырақ қызғылт-құба түске ие болып, қызыл топырақтар түзіледі.
Қызыл топырақтардың құрылысы, қасиеттері, жіктелуі. Қызыл топырақтар келесідей генетикалық қабаттардан құралған: А0–А1- В1- В2 –С.
А0– орман төсеніші немесе шым қабат, жартылай шіріген ағаш жапырақтарымен папортник қалдықтарынан құралған, қуаты 3-4см;
А1– қарашірінділі қабат, сұрғылт, күңгірт-қоңыр түсті, кесекті-дәнше құрылымды, ауыр саздақты немесе балшықты гранулометриялық құрамды, тығыздалмаған, папортниктің мол мөлшерде тамырлары кездеседі.
В1- аралық қабат, сұрғылт-қызыл, кесекті, ауыр саздақты, саздақты, тығыздалған;
В2- аралық қабат, құба-қызыл, қара және ақшылт сары дақтары бар, біршама тығыздалған, кесекті, ауыр саздақты немесе балшықты, В1 +В2 қабаттары қуаты 35-45см және одан да қуатты.
С-аналық тау жынысы, біртекті боялмаған қызыл түсті, мол мөлшерде қара түсті темірлі-марганецті түйіршіктер және ақшылт-сары кремнезем дақтары бар, жаңғақты-кесекті құрылымды, ауыр саздақты, өте тығыздалған.
Қызыл топырақтар құрамында кремнезем (кремний тотығы SiO2) шамалы (≈36%), ал біржарымдық тотықтар ( Fe2O3, Al2O3 т.б.) мол (≈50%) болады. А қабатында қарашірінді 5-6% және құрамында фульвоқышқылдар басым. Жалпы азот 0,2-0,4%, жалпы фосфор шамалы (0,08-01%), сонымен бірге жылжымалы фосфорда аз мөлшерде болады. Алмасуға жарамды катиондар көлемі үстіңгі қабатта 20м-экв, ал төменгі қабаттарда 10-12м-экв 100г топырақта. Алмаспалы сіңген катиондары ішінде әсіресе сутегі және алюминий катиондары мол (60-75%). Топырақ ортасының реакциясы өте қышқыл болып кедеді. Қызыл топырақтардың физикалық қасиеттері оңтайлы. Суға төзімді құрылымы бар, су өткізгіштігі жақсы, су тұтқыштығы және қуыстылығы жоғары болып қалыптасқан.
Қызыл топырақ типі 2 типшеге бөлінеді:
-нағыз қызыл топырақ;
-күлгінденген қызыл топырақ.
Тектерге аналық тау жыныстарының ерекшелігіне байланысты келесідей болып жіктеледі.
-төгілген тау жыныстарының эллювийінде пайда болған;
-қиыршық тасты элювийде пайда болған;
-ала жолақты балшықтарда түзілген;
-су ағынымен жиналған шөгінділерде қалыптасқан;
Күлгінденген қызыл топырақтар күлгіндену дәрежесіне қарай әлсіз және орташа күлгінденген болып келеді. А қабатының қуатына байланысты түрлерге келесідей болып жіктеледі:
-әлсіз дамыған, А қабаты 10-см-ге дейін;
-аз қуатты, А қабаты 10-20см;
-кәдімгідей, А қабаты 20 см-ден қалың.
Жыртылып егістікке игерілген қызыл топырақтардың қарашірінді қабатының қуаты мәдинилендіру қарқынына байланысты болады. Жақсы мәденилендірілген қызыл топырақта қарашірінді қабаты 40-45см, орташа мәденилендірілгендерде -20-30см болады.
Аз қарашірінділі қызыл топырақтартың А қабатында 6% қарашірінді , орташа қарашірінділіде -6-9%, ал мол қарашірінділенгенде 9% дан жоғары болады.
Сары топырақтардың құрылысы, қасиеттері, жіктелуі. Сары топырақтар келесідей генетикалық қабаттардан құралған:
А0–А1- В1- В2 –С.
А0- орман төсеніші; 3-4см.
А1- қарашірінділі, сұрғылт-қуқыл, кесекті немесе кесекті-жаңғақты, тығыздалған, ауыр саздақты;
А2- айқын күлгінделмеген қабат, сарғыш-реңді, құба-қуқыл, тығыздалмаған;
В- иллювиальді қабат, ашық сары түсті, призмалы-марганецті дақтары бар, кесекті призмалы құрылымды, тығыздалған саздақты.
С-аналық тау жынысы, біркелкі боялмаған сарңыш-қызыл, темірлі-маргаецті- түртпектер бар.
Сары топырақтар, қызыл топырақтар сияқты ылғалды субтропикалық жағдайда жаратылған, бірақ сары топырақтарда кремнезем (кремний тотығы SiO2) мол мөлшерде (55-65%), ал біржарымдық тотықтар (Fe2O3 Al2O3 т.б.) аз мөлшерде (25-30 %) болып келеді. Сонымен бірге бұл топырақтарда күлгіндену үрдісінің белгілері анық байқалады. Топырақтың қалыңдығы 30-40 см-ден 60-70 см-ге дейін болады.
Сары топырақтарда қарашірінді 4-5%, жалпы азот 0,2-0,4% болады және топырақ қабаттары тереңдеген сайын олардың мөлшері күрт азаяды. Алмаспалы сіңген катиондар арасында кальций басым болады. Сутегі және магний иондары да бар. Топырақ ортасының реакциясы әлсіз қышқыл (рН=5-6). Сары топырақтардың физикалық қасиеттері қызыл топырақтарға қарағанда нашар болып келеді.
Сары топырақтардың 4 типке жіктейді. Олар:
-сары топырақтар;
-күлгінденген сары топырақтар;
-күлгінденген сары глейленген топырақтар.
Қызыл және сары топырақтарды ауыл шаруашылығында пайдалану. Бұл топырақтар ылғалды субтропикалық белдеуде орналасқандықтан көптеген ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге қолайлы болып келеді. Әсіресе шәй, цитрусты, әтірлі-майлы дақылдарды, темекіні өсіруге жақсы жағдай бар. Бірақ бұл топырақтарда қоректік заттар мөлшері аз болып келеді. Өсімдіктерге тиімді азот қоры жауын-шашын ылғалымен терең қабаттарға шайылып кетеді, ал фосфор қосылыстары топырақтың қатты бөлігімен тығыз байланысты болып өсімдіктерге аз тиімді болады. Сондықтан бұл топырақтарға азот және фосфор тыңайтқыштарын мол түрде шашу керек. Сонымен бірге органикалық тыңайтқыштарды қолдану өсімдіктердің өнімділігін арттырып, топырақтың құнарлылығын көтереді. Шәй өсімдігі тек қышқыл ортада жақсы дамитындықтан, бұл топырақтар шәй бұталарын өсіру үшін қолайлы болып келеді.
Бұл аймақтың жер бедері таулы өлке болғандықтан және жауын-шашын мол түсуіне байланысты осы аймақтағы топырақтар су эрозиясына жиі шалдығады. Сондықтан топырақты пайдаланғанда су эрозиясына қарсы қолданылатын шараларды міндетті түрде жүзеге асыру қажет.
Бақылау сұрақтары
1. Ылғалды субтропика аймағындағы топырақ құралу жағдайларының ерекшеліктері қандай?
2. Қызыл топырақтардың морфологиялық белгілері және негізгі қасиеттерін сипаттаңыз.
3. Сары топырақтардың морфологиялық белгілерін және негізгі қасиеттерін баяндаңыз.
4. Қызыл және сары топырақтарды ауыл шаруашылығында пайдалану жолдарын айтыңыз.
