- •1.1.1. Геология ғылымының дамуының қысқаша тарихы
- •1.2. Жердің пайда болуы, құрылысы мен құрамы.
- •1.2.1. Әлемдік кеңістікте Жердің және Күн жүйесінің орны.
- •1.2. 2. Космогендік гипотезалар
- •1.2.3. Жердің пішіні, физикалық қасиеттері және химиялық құрамы
- •Магнитті еңкейю магнитті стрелканың көкжиекке еңкею бұрышы. Картада бірдей септелулерді жалғастыратын сызықтарды изогон дейді, бірдей еңкеюлерді жалғастыратын нүктелерді изоклин деп атайды
- •1.3 Жердің сыртқы және ішкі қабаттарының құрамы
- •1.3.1. Жердің сыртқы қабаттары
- •1.3.2. Жердің ішкі қабаттары
- •1.4 Минералдар туралы ілім
- •1.4.1. Минералдар және олардың топырақ түзілуіндегі маңызы
- •Туынды (экзогенді) минералдар - жер бетінде, атмосферамен, биосферамен және гидросферамен әрекеттесіп, көбінесе бастапқы минералдардың бұзылуынан пайда болады.
- •1.4.2.Заттардың кристаллдық және аморфты құрылымы
- •1.4.3. Минералдардың физикалық қасиеттері
- •1.4.5. Минералдардың негізгі класстарын сипаттау
- •1.5. Тау жыныстары.
- •1.5.1. Магмалық тау жыныстары
- •1.5. 2. Шөгінді тау жыныстары
- •1.5.3. Метаморфты тау жыныстары.
- •1.6. Геологиялық құбылыстар
- •1.6.1 Жер қабығының негізгі геологиялық құрылымы мен оның ерекшелігі
- •1.6.2. Геотектоникалық гипотезалар
- •1.6. 3. Эндогенді және экзогенді үрдістер
- •1.6.4. Эндогенді үрдістер
- •1.6.5. Экзогенді үрдістер
- •1.7. Жер шарының геологиялық тарихы
- •1.7.1. Тау жыныстарының абсолютты жасы
- •1.7.2. Тау жыныстарының салыстырмалы жасы
- •1.7.3. Геохронологиялық шкала
- •1.7.4. Төрттік кезеңдегі жер қабығының даму ерекшеліктері
- •1.7.5. Геоморфология туралы негізгі мәліметтер
- •1.7. 6. Геологиялық карта.
- •3.15. Топырақтарды агроөндісітік топтарға бөлу және бонитировкалау
- •3.15.1.Топырақтарды агроөндiрiстiк топтарға бөлу
- •3.15.2. Топырақ бонитировкасы
- •2.1.Топырақтану пәні жєне оныњ міндеттері
- •2.1.1.Топырақ ерекше табиғи дене
- •2.1.2. Топырақтың табиғаттағы орны мен маңызы
- •2.1.3.Топырақтың адам өміріндегі алатын орны
- •2.1.4. Топырақтың экологиялық қызметі
- •2.1.5. Топырақтанудың басқа ғылымдармен байланысы, оның басты ғылыми салалары, зерттеу әдістемелері
- •2.1.6. Топырақтану ғылымының даму тарихы
- •Қазақстан топырақтарын зерттеу тарихына қысқаша шолу
- •2.2.1. Топырақ құралу үрдістері
- •2.2.2. Топырақтың морфологиялық белгілері
- •2. 3. Топырақтың минералды бөлігі
- •2. 3.1. Топырақтың қ±рамды бµліктері
- •2.3.2. Минералдық бөліктің құрамы
- •2. 3. 3. Гранулометриялық ќ±рамы
- •Ќарай жіктеу
- •Бақылау сұрақтары
- •2.4. Топырақтың органикалыќ бµлігі
- •2.4.1. Қарашіріндініњ т‰зілуі
- •2.4.2. Қарашіріндініњ мµлшері
- •2.4.3. Топыраќтыњ органикалыќ бµлігініњ маңызы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.5. Топырақтың химиялыќ ќ±рамы
- •2.5.2. Топырақтағы химиялық қосылыстар
- •Бақылау сұрақтары
- •2.6 Топыраќтыњ сіњіру қабілеті
- •2.6.1. Топыраќ коллоидтары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.7. Топырақтың түйіртпектілігі
- •2.7.1. Топыраќтыњ түйіртпектілігі жєне оныњ агрономиялық мањызы
- •2.7.2. Түйіртпектің пайда болуы және оны жақсарту жолдары
- •2.8.2. Топыраќтыњ жалпы физикалыќ жєне физикалыќ – механикалыќ ќасиеттері
- •2. 8.1. Жалпы физикалық қасиеттері
- •2.8.2. Физикалық- механикалық қасиеттері
- •Топтарѓа жіктеу (5)
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топыраќтаѓы ылѓал
- •2.9.1. Топырақтағы ылғалдың категориялары, түрлері
- •2.9.2.Топыраќтыњ ылѓалдылыќ ќасиеттері
- •2.9.3. Топыраќтаѓы ылѓалдыњ µсімдіктерге тиімділігі жєне т±раќты ылѓалдыќ кµрсеткіштері
- •2.9.4. Топыраќтыњ су режимі жєне оны реттеу жолдары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топырақтың ауасы және жылу режимі
- •2.9.1. Топырақтың ауасының маңызы, құрамы, құбылымы
- •2.9.2.Топырақтың жылу режимі
- •Бақылау сұрақтары
- •2.10. Топырақ ерітіндісі және тотығу-тотықсыздану үрдістері
- •2.10.1. Топырақ ерітіндісінің құрамы, қасиеттері
- •2.10.2. Тотығу- тотықсыздану үрдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •2.11. Топырақ құнарлылығы
- •2.11.2. Топырақ құнарлылығының түрлері
- •2.11.2 Топырақ құнарлылығын өндіру
- •2.11.3. Құнарлылықтың өзгеруі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1.Топырақ жаратылысының факторлары
- •3.1.1. Аналық тау жыныстары
- •3.1.2. Климат
- •3.1.3. Биологиялық фактор
- •3.1.4. Жер бедері. Аймақтыњ геологиялық жасы
- •3.1.5. Адамзат қоғамының әсері
- •3.2. Топырақтардың жіктелуі, географиялық таралу заңдылықтары
- •3.2.1. Топырақтарды жіктеудің принциптері, таксономиялық бірліктер
- •3.2.2. Қазақстан топырақтарын жіктеу жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.2.2. Топырақтардың таралу заңдылықтары
- •3.2.3. Топырақ жамылғысы құрылымы
- •3.2.4. Қазақстанның топырақ-географиялық аймақтары
- •3.3. Тайгалы-орман аймағының топырақтары
- •3.3.1. Топырақ құралу жағдайлары
- •3.3.3. Шымды топырақтар
- •3.3.4. Шымды –күлгін топырақтар
- •3.4. Батпақты топырақтар
- •3.5. Жалпақ жапырақты ормандардың қоңыр топырағы
- •3.6. Орманды - дала және дала аймақтары топырақтары
- •3.6.1. Орманды-дала аймағының сұр ормандық топырағы
- •3.6.2. Орманды- дала және дала аймақтарының қара топырақтары
- •3.6.4. Қара топырақтың типшелері
- •3.8. Қуаң дала және шөл дала аймағының қара қоңыр топырақтары
- •3.7.1. Қара-қоңыр топырақтың морфологиялық белгілері және генезисі
- •3.7.2. Қара-қоңыр топырақтың классификациясы
- •3.8. Тұзданған топырақтар
- •3.8.1. Сор топырақтар
- •3.8.1. Кебір топырақтар
- •3.8.3. Шақат топырақтар
- •Бақылау сұрақтары
- •3.9. Шөл аймағының топырақтары
- •3.9.1. Қоңыр топырақтың жаратылуы және морфологиялық белгілері, қасиеттері
- •3.9.2. Тақырлар мен тақыртәріздес топырақтар
- •3.9.3. Шөл аймағы топырақтары жамылғысы құрылымы және оларды пайдалану ерекшеліктері
- •3.10. Тау етегінің шөлді –дала аймағының топырақтары
- •3.11. Ылғалды субтропика аймағының топырақтары
- •3.12. Өзен жайылмасы топырақтары
- •3.13. Таулы өлке топырақтары
- •3.13.1. Қазақстандағы Тянь-Шань және Алтай таулары топырақтары
- •13.3.2. Кавказ таулары топырақтары
- •3.13.3. Қырым және Карпат таулары топырақтары
- •3.14. Топырақ эрозиясы және олармен күресу жолдары
- •3.14.1. Қазақстанның жер қоры және оның экологиялық мәселелері
- •3.14.2. Топырақ эрозиясының түрлері және олардың зияны
- •3.14.3. Топырақтың жел және су эрозиясына шалдығу
- •3.14.4. Топырақты қорғау
- •3.14.5. Топырақ рекультивациясы
- •Бақылау сұрақтары
- •3.16. Дүние жүзі жер қоры және топырақтарының қысқаша сипаттамасы
- •3.16.1. Тропикалық белдеудің топырақ жамылғысы
- •3.16.2.Тропикалық ксерофиттті –орман және саванна аймақтары
- •3.16.3. Субтропика белдеуінің топырақтары
- •3.16.4. Суббореалды белдеудің топырақтары
- •3.16.5. Бореалдық белдеудің топырақтары
- •3.16.6. Полярлық белдеуінің топырақтары
- •Е) гумин және фульвоқышқылдар бірдей мөлшерде
3.14.3. Топырақтың жел және су эрозиясына шалдығу
дәрежесін бағалау
Топырақтың экологиялық жағдайын бағалап, зерттеп оның эрозияға ұшырауын картаға түсіру үшін оның жел және су эрозиясына шалдығу дәрежесін анықтайды. Қазақстанның белгілі топырақтанушы ғалымдары Р.Жанпейсов (1977), М.Е.Белгібаев (1982) топырақтың жел эрозиясына шалдығу дәрежесін көрсететін диагностикалық белгілерді анықтап құрастырды және ол ТМД мемлекеттерінде мақұлданып, қолданылып келеді (49-кесте).
Топырақтың қарашірінділі А қабаты ¼ дейін (<=25) бүлінсе бұл топырақ жел эрозиясына сәл шалдыққан. Егер осы қабаттың ¼ нен ½ дейіні (25-50%) бұзылған болса бұл топырақ жел эрозиясына орташа дәрежеде шалдықан. Ал А қабатының жартысынан көбі немесе ол түгелдей жойылса бұл топырақтың жел эрозиясына ұшырау дәрежесі жоғары, ал топырақтың жойылуы оның В қабатында да байқалса, онда бұл топырақ жел эрозиясына өте жоғары дәрежеде шалдыққан болып есептеледі.
Жел эрозиясына сәл шалдыққан егістік алқапта өсімдіктердің 20%-на дейіні жойылған, орташа шалдыққан алқапта өсімдіктердің 20-50%-ы, ал жоғары дәрежеде шалдыққан алқапта өсімдіктердің 50%-нан астамы жойылған болып келеді.
49-кесте. Топырақтың жел эрозиясына шалдығу дәрежесін бағалау
|
Жел эрозиясына шалдығу дәрежесі |
Диагностикалық белгілер
| |
|
Қарашірінді қабатының бұзылуы |
Қарашірінді мөлшерінің А қабатында кемуі, % | |
|
Сәл шалдыққан |
А қабатының ¼ дейін |
<=25 |
|
Орташа шалдыққан |
А қабатының ¼нен 1/2 дейін |
25-50 |
|
Жоғары дәрежде шалдыққан |
А қабатының 1/2нен бастап, кейде түгелімен |
>50 |
|
Өте жоғары дәрежеде шалдыққан |
В және одан төменгі қабатта шалдыққан |
- |
Топырақтың су эрозиясына шалдығу дәрежесі В.В.Докучаев атындағы Ресейдің топырақтану институты қалыптастырған (1977) классификация бойынша су әсерінен сәл шайылған, орташа және жоғары дәрежеде шайылған болып бөлінді.
Нағыз, кәдімгі және оңтүстік қара топырақтар мен қара-қоңыр топырақтардың өңделу қабаты 20см-ден кем емес, ал қарашірінді қабатының қуаты 50см-ге дейін болып келгенде олардың су эрозиясына шалдығу дәрежесі келесідей белгілермен анықталады.
Сумен сәл шайылған топырақта қарашірінділі (А+В1) қабаттың алғашқы мөлшерінен 30%-на дейінгі мөлшері шайылып жойылған, өңдеуге В1 қабатының біраз бөлігі іліккен.
Сумен орташа дәрежеде шайылған топырақта–қарашірінділі қабаттың алғашқы мөлшерінен 30-дан 50%-не дейінгі мөлшері шайылып жойылған. Өндеуге В1 қабатының көп бөлігі немесе осы қабат түгелімен іліккен. Бұл қабаттың астында В2 қабаты орналасқан.
Сумен жоғары дәрежеде шайылған топырақта-қарашірінділі қабаттың көп мөлшері сумен шайылып жойылған. Өңдеуге В2 қабатының бір бөлігі іліккен. Өңделген қабаттың түсі аналық тау жынысының түсіне ұқсас келеді.
Өңделіп, жыртылмаған, тың жердің қара және қара-қоңыр топырақтарының су эрозиясына шалдығу дәрежесінің диагностикалық белгілері келесідей:
сумен сәл шайылған топырақта қарашірінділі А қабатының жартысынан азы шайылып бұзылған;
сумен орташа дәрежеде шайылған топырақта қарашірінділі А қабатының жартысынан көбі немесе ол түгелімен шайылып, жойылған;
сумен жоғары дәрежеде шайылған топырақта В1 қабатының бір бөлігі немесе осы қабат түгелімен сумен шайылып жойылған болып келеді.
