- •1.1.1. Геология ғылымының дамуының қысқаша тарихы
- •1.2. Жердің пайда болуы, құрылысы мен құрамы.
- •1.2.1. Әлемдік кеңістікте Жердің және Күн жүйесінің орны.
- •1.2. 2. Космогендік гипотезалар
- •1.2.3. Жердің пішіні, физикалық қасиеттері және химиялық құрамы
- •Магнитті еңкейю магнитті стрелканың көкжиекке еңкею бұрышы. Картада бірдей септелулерді жалғастыратын сызықтарды изогон дейді, бірдей еңкеюлерді жалғастыратын нүктелерді изоклин деп атайды
- •1.3 Жердің сыртқы және ішкі қабаттарының құрамы
- •1.3.1. Жердің сыртқы қабаттары
- •1.3.2. Жердің ішкі қабаттары
- •1.4 Минералдар туралы ілім
- •1.4.1. Минералдар және олардың топырақ түзілуіндегі маңызы
- •Туынды (экзогенді) минералдар - жер бетінде, атмосферамен, биосферамен және гидросферамен әрекеттесіп, көбінесе бастапқы минералдардың бұзылуынан пайда болады.
- •1.4.2.Заттардың кристаллдық және аморфты құрылымы
- •1.4.3. Минералдардың физикалық қасиеттері
- •1.4.5. Минералдардың негізгі класстарын сипаттау
- •1.5. Тау жыныстары.
- •1.5.1. Магмалық тау жыныстары
- •1.5. 2. Шөгінді тау жыныстары
- •1.5.3. Метаморфты тау жыныстары.
- •1.6. Геологиялық құбылыстар
- •1.6.1 Жер қабығының негізгі геологиялық құрылымы мен оның ерекшелігі
- •1.6.2. Геотектоникалық гипотезалар
- •1.6. 3. Эндогенді және экзогенді үрдістер
- •1.6.4. Эндогенді үрдістер
- •1.6.5. Экзогенді үрдістер
- •1.7. Жер шарының геологиялық тарихы
- •1.7.1. Тау жыныстарының абсолютты жасы
- •1.7.2. Тау жыныстарының салыстырмалы жасы
- •1.7.3. Геохронологиялық шкала
- •1.7.4. Төрттік кезеңдегі жер қабығының даму ерекшеліктері
- •1.7.5. Геоморфология туралы негізгі мәліметтер
- •1.7. 6. Геологиялық карта.
- •3.15. Топырақтарды агроөндісітік топтарға бөлу және бонитировкалау
- •3.15.1.Топырақтарды агроөндiрiстiк топтарға бөлу
- •3.15.2. Топырақ бонитировкасы
- •2.1.Топырақтану пәні жєне оныњ міндеттері
- •2.1.1.Топырақ ерекше табиғи дене
- •2.1.2. Топырақтың табиғаттағы орны мен маңызы
- •2.1.3.Топырақтың адам өміріндегі алатын орны
- •2.1.4. Топырақтың экологиялық қызметі
- •2.1.5. Топырақтанудың басқа ғылымдармен байланысы, оның басты ғылыми салалары, зерттеу әдістемелері
- •2.1.6. Топырақтану ғылымының даму тарихы
- •Қазақстан топырақтарын зерттеу тарихына қысқаша шолу
- •2.2.1. Топырақ құралу үрдістері
- •2.2.2. Топырақтың морфологиялық белгілері
- •2. 3. Топырақтың минералды бөлігі
- •2. 3.1. Топырақтың қ±рамды бµліктері
- •2.3.2. Минералдық бөліктің құрамы
- •2. 3. 3. Гранулометриялық ќ±рамы
- •Ќарай жіктеу
- •Бақылау сұрақтары
- •2.4. Топырақтың органикалыќ бµлігі
- •2.4.1. Қарашіріндініњ т‰зілуі
- •2.4.2. Қарашіріндініњ мµлшері
- •2.4.3. Топыраќтыњ органикалыќ бµлігініњ маңызы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.5. Топырақтың химиялыќ ќ±рамы
- •2.5.2. Топырақтағы химиялық қосылыстар
- •Бақылау сұрақтары
- •2.6 Топыраќтыњ сіњіру қабілеті
- •2.6.1. Топыраќ коллоидтары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.7. Топырақтың түйіртпектілігі
- •2.7.1. Топыраќтыњ түйіртпектілігі жєне оныњ агрономиялық мањызы
- •2.7.2. Түйіртпектің пайда болуы және оны жақсарту жолдары
- •2.8.2. Топыраќтыњ жалпы физикалыќ жєне физикалыќ – механикалыќ ќасиеттері
- •2. 8.1. Жалпы физикалық қасиеттері
- •2.8.2. Физикалық- механикалық қасиеттері
- •Топтарѓа жіктеу (5)
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топыраќтаѓы ылѓал
- •2.9.1. Топырақтағы ылғалдың категориялары, түрлері
- •2.9.2.Топыраќтыњ ылѓалдылыќ ќасиеттері
- •2.9.3. Топыраќтаѓы ылѓалдыњ µсімдіктерге тиімділігі жєне т±раќты ылѓалдыќ кµрсеткіштері
- •2.9.4. Топыраќтыњ су режимі жєне оны реттеу жолдары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топырақтың ауасы және жылу режимі
- •2.9.1. Топырақтың ауасының маңызы, құрамы, құбылымы
- •2.9.2.Топырақтың жылу режимі
- •Бақылау сұрақтары
- •2.10. Топырақ ерітіндісі және тотығу-тотықсыздану үрдістері
- •2.10.1. Топырақ ерітіндісінің құрамы, қасиеттері
- •2.10.2. Тотығу- тотықсыздану үрдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •2.11. Топырақ құнарлылығы
- •2.11.2. Топырақ құнарлылығының түрлері
- •2.11.2 Топырақ құнарлылығын өндіру
- •2.11.3. Құнарлылықтың өзгеруі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1.Топырақ жаратылысының факторлары
- •3.1.1. Аналық тау жыныстары
- •3.1.2. Климат
- •3.1.3. Биологиялық фактор
- •3.1.4. Жер бедері. Аймақтыњ геологиялық жасы
- •3.1.5. Адамзат қоғамының әсері
- •3.2. Топырақтардың жіктелуі, географиялық таралу заңдылықтары
- •3.2.1. Топырақтарды жіктеудің принциптері, таксономиялық бірліктер
- •3.2.2. Қазақстан топырақтарын жіктеу жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.2.2. Топырақтардың таралу заңдылықтары
- •3.2.3. Топырақ жамылғысы құрылымы
- •3.2.4. Қазақстанның топырақ-географиялық аймақтары
- •3.3. Тайгалы-орман аймағының топырақтары
- •3.3.1. Топырақ құралу жағдайлары
- •3.3.3. Шымды топырақтар
- •3.3.4. Шымды –күлгін топырақтар
- •3.4. Батпақты топырақтар
- •3.5. Жалпақ жапырақты ормандардың қоңыр топырағы
- •3.6. Орманды - дала және дала аймақтары топырақтары
- •3.6.1. Орманды-дала аймағының сұр ормандық топырағы
- •3.6.2. Орманды- дала және дала аймақтарының қара топырақтары
- •3.6.4. Қара топырақтың типшелері
- •3.8. Қуаң дала және шөл дала аймағының қара қоңыр топырақтары
- •3.7.1. Қара-қоңыр топырақтың морфологиялық белгілері және генезисі
- •3.7.2. Қара-қоңыр топырақтың классификациясы
- •3.8. Тұзданған топырақтар
- •3.8.1. Сор топырақтар
- •3.8.1. Кебір топырақтар
- •3.8.3. Шақат топырақтар
- •Бақылау сұрақтары
- •3.9. Шөл аймағының топырақтары
- •3.9.1. Қоңыр топырақтың жаратылуы және морфологиялық белгілері, қасиеттері
- •3.9.2. Тақырлар мен тақыртәріздес топырақтар
- •3.9.3. Шөл аймағы топырақтары жамылғысы құрылымы және оларды пайдалану ерекшеліктері
- •3.10. Тау етегінің шөлді –дала аймағының топырақтары
- •3.11. Ылғалды субтропика аймағының топырақтары
- •3.12. Өзен жайылмасы топырақтары
- •3.13. Таулы өлке топырақтары
- •3.13.1. Қазақстандағы Тянь-Шань және Алтай таулары топырақтары
- •13.3.2. Кавказ таулары топырақтары
- •3.13.3. Қырым және Карпат таулары топырақтары
- •3.14. Топырақ эрозиясы және олармен күресу жолдары
- •3.14.1. Қазақстанның жер қоры және оның экологиялық мәселелері
- •3.14.2. Топырақ эрозиясының түрлері және олардың зияны
- •3.14.3. Топырақтың жел және су эрозиясына шалдығу
- •3.14.4. Топырақты қорғау
- •3.14.5. Топырақ рекультивациясы
- •Бақылау сұрақтары
- •3.16. Дүние жүзі жер қоры және топырақтарының қысқаша сипаттамасы
- •3.16.1. Тропикалық белдеудің топырақ жамылғысы
- •3.16.2.Тропикалық ксерофиттті –орман және саванна аймақтары
- •3.16.3. Субтропика белдеуінің топырақтары
- •3.16.4. Суббореалды белдеудің топырақтары
- •3.16.5. Бореалдық белдеудің топырақтары
- •3.16.6. Полярлық белдеуінің топырақтары
- •Е) гумин және фульвоқышқылдар бірдей мөлшерде
3.9.1. Қоңыр топырақтың жаратылуы және морфологиялық белгілері, қасиеттері
Бұл топырақ аймақшасы Атырау облысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, Ақтөбе, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Шөл аймағында топырақ түзілу келесідей ерекшеліктер ықпалы жағдайында өтеді. Ауа райы өте құрғақ, жылына 120-170 мм ылғал түседі, оның басым бөлігі көктемде және біраз бөлігі күзде түседі. Топырақтың ылғалдануы тереңдігі 30-35 см-ден аспайды.
Өсімдіктер жамылғысы ішінде ксерофитті шала бұта және тұзға төзімді шөптесін өсімдіктер басым, ал шашақ тамырлы астық тұқымдас және аралас шөптер түрлері кездеспейді. Топырақ бетінің өсімдікпен жабылуы 20-30%-дан аспайды. Ксерофитті шала бұта өсімдіктерден түсетін мардымсыз қалдықтар пәрменді аэробты процестер әсерінен тез минералданып, топырақты органикалық заттармен әлсіз байытады. Сонымен бірге үгілудің және топырақ түзілудің өнімдері топырақ кескінінде ылғалмен аз шайылып жылжиды. Осы ерекшеліктің әсерінен топырақ кескінінің қабаттарға жіктелуі әлсіз байқалады. Топырақтың үстінде шымданған қабат орнына, кеуекті қабыршақ қабат және оның астында қатпарланған қабат құралады. Қарашірінділі қабаттынаң қуаты әлсіз және қарашіріндінің мөлшері аз болып қалыптасады. Топырақтың сіңіру көлемі шамалы, құрылымы нашар түйіршіктелінген. Карбонаттану мен сортаңдану құбылыстарының кең көлемде дамуы байқалады.
Қоңыр топырақтың қарашірінді А қабатының қалыңдығы 11 ден 27 см-ге дейін жетуі мүмкін. Түсі ашық-сұр (қоңыр), сәл тығыздалған. Үстінде нашар дамыған жұқа (2-5 см) кеуекті қабыршақ қабат, ал оның астында қатпарланып орналасқан, тақталы немесе тақталы-қабыршақты құрылымды қабат бар. А+В1 қабаттарының қуаты 25 см-ден – 46 см-ге дейін болады.
В қабатының түсінде күрең рең басым болады, және оның құрылымы кесекті немесе әлсіз кесекті-жаңғақшалы және тығыздылығы арта бастағаны байқалады. Кейде бұл қабаттың В1 және В2 қабаттарына жіктелуі айқын көрінеді. Көбінесе В қабаты бірден карбонатты иллювиальды ВК қабатына ауысады. Оның түсі ақшылданып сарғыш-күрең болып келеді, құрылымы жаңғақшалы-кесекті, тығыздалған. Қабат карбонатты дақтарға өте бай. Бұл қабаттың астында тығыздылығы кеміген, кейде ғаныш дақтары кездесетін қабат, содан кейін аналық тау жынысы орналасады. Ол көбінесе карбонатты, сонымен бірге сортаңданған болуы мүмкін.
Қоңыр топырақтар көбінесе карбонаты болып келеді, HCl ерітіндісінен топырақтың үстінгі бетінің қайнауы жиі байқалады.
А қабатында 1-2,5% қарашірінді болуы мүмкін. Механикалық құрамы жеңіл түршелерінде оның мөлшері 0,7-0,9%-ға дейін кемиді. Топырақтың 1 м қабатында қарашірінді қоры 30-100 т/га дейін болады. Қарашірінді құрамында фульвоқышқылдар мөлшері басым болып келеді. Сіңіру қабілеті 100 г топырақта 17-19 м-экв. (42 -кесте). Топырақ ертіндісінің реакциясы әрқашанда сілтілі болады (рН 7,5-9,0).
Қоңыр топырақтар ішінде жиі кездесетін келесідей топырақтар тегі бар:
- кәдімгідей
- тереңнен қайнайтын
- кебірленген
- кебірленіп–сорланған
- сорланған
- әлсіз жіктелген
- ғанышты
- шала дамыған
Сұр-қоңыр топырақ аймақшасы Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының басым көпшілік жерлерін, Жамбыл, Алматы облыстарының солтүстік және Ақтөбе облысының оңтүстік бөлгін қамтиды.
Аймақшаның басты топырағы сұр-қоңыр топырақ және онымен қатар аймақшада тақырлар, тақырсымақ топырақтар, сорлар және шөлдің құм топырағы кездеседі.
Сұр-қоңыр топырақ қабаттарға жақсы жіктелген. Оның үстінде ақшылт немесе ақшыл-сұр кеуекті, 5-10 см қалыңдығы бар қабыршақ қабат орналасқан. Оның астында ашық-сұр түсті борпылдақ, өсімдік тамырлары бар қабыршақты, қатпарланған қабыршақ асты қабаты. Қуаты 10-15 см. Одан кейін тығыздалған, балшықпен байытылған күрең немесе қызғылт-күрең түсті, кесекті-жаңғақша құрылымды ВК карбонатты иллювиальды қабат орналасқан. Қабаттың қуаты 20-25 см. Бұл қабаттың астынғы бөлігінде мол карбонат дақтар жиналған. Әрі қарай 60-80 см тереңдікте сәл өзгерістерге ұшыраған С–аналық тау жынысы қабаты жатады.
Осы топырақтың үстіңгі қабатында 0,6-2,2% қарашірінді бар. Ауыр механикалық құрамды түршелерінде оның мөлшері 1,3-2,1 болса, жеңіл механикалық құрамды түршелерінде оның мөлшері 0,6-1,0%-ға дейін кемиді. Жалпы азоттың, фосфордың және олардың жылжымалы түрлерінің қоры бұл топырақта шамалы болады. Топырақтың сіңіру көлемі де аз (100г топырақта 4-19м-экв.). Топырақ ерітіндісінің реакциясы оның тік кесінінде әрқашанда сілтілі болады.
Бұл топырақтың тік кескіні түгелдей карбонатты болады және кейде оның мол жиналуы екі рет байқалады. Бірінші рет топырақтың үстіңгі бетінде болса, екінші рет топырақ кескінінің орта шенінде байқалады.
41-кесте орны
