- •1.1.1. Геология ғылымының дамуының қысқаша тарихы
- •1.2. Жердің пайда болуы, құрылысы мен құрамы.
- •1.2.1. Әлемдік кеңістікте Жердің және Күн жүйесінің орны.
- •1.2. 2. Космогендік гипотезалар
- •1.2.3. Жердің пішіні, физикалық қасиеттері және химиялық құрамы
- •Магнитті еңкейю магнитті стрелканың көкжиекке еңкею бұрышы. Картада бірдей септелулерді жалғастыратын сызықтарды изогон дейді, бірдей еңкеюлерді жалғастыратын нүктелерді изоклин деп атайды
- •1.3 Жердің сыртқы және ішкі қабаттарының құрамы
- •1.3.1. Жердің сыртқы қабаттары
- •1.3.2. Жердің ішкі қабаттары
- •1.4 Минералдар туралы ілім
- •1.4.1. Минералдар және олардың топырақ түзілуіндегі маңызы
- •Туынды (экзогенді) минералдар - жер бетінде, атмосферамен, биосферамен және гидросферамен әрекеттесіп, көбінесе бастапқы минералдардың бұзылуынан пайда болады.
- •1.4.2.Заттардың кристаллдық және аморфты құрылымы
- •1.4.3. Минералдардың физикалық қасиеттері
- •1.4.5. Минералдардың негізгі класстарын сипаттау
- •1.5. Тау жыныстары.
- •1.5.1. Магмалық тау жыныстары
- •1.5. 2. Шөгінді тау жыныстары
- •1.5.3. Метаморфты тау жыныстары.
- •1.6. Геологиялық құбылыстар
- •1.6.1 Жер қабығының негізгі геологиялық құрылымы мен оның ерекшелігі
- •1.6.2. Геотектоникалық гипотезалар
- •1.6. 3. Эндогенді және экзогенді үрдістер
- •1.6.4. Эндогенді үрдістер
- •1.6.5. Экзогенді үрдістер
- •1.7. Жер шарының геологиялық тарихы
- •1.7.1. Тау жыныстарының абсолютты жасы
- •1.7.2. Тау жыныстарының салыстырмалы жасы
- •1.7.3. Геохронологиялық шкала
- •1.7.4. Төрттік кезеңдегі жер қабығының даму ерекшеліктері
- •1.7.5. Геоморфология туралы негізгі мәліметтер
- •1.7. 6. Геологиялық карта.
- •3.15. Топырақтарды агроөндісітік топтарға бөлу және бонитировкалау
- •3.15.1.Топырақтарды агроөндiрiстiк топтарға бөлу
- •3.15.2. Топырақ бонитировкасы
- •2.1.Топырақтану пәні жєне оныњ міндеттері
- •2.1.1.Топырақ ерекше табиғи дене
- •2.1.2. Топырақтың табиғаттағы орны мен маңызы
- •2.1.3.Топырақтың адам өміріндегі алатын орны
- •2.1.4. Топырақтың экологиялық қызметі
- •2.1.5. Топырақтанудың басқа ғылымдармен байланысы, оның басты ғылыми салалары, зерттеу әдістемелері
- •2.1.6. Топырақтану ғылымының даму тарихы
- •Қазақстан топырақтарын зерттеу тарихына қысқаша шолу
- •2.2.1. Топырақ құралу үрдістері
- •2.2.2. Топырақтың морфологиялық белгілері
- •2. 3. Топырақтың минералды бөлігі
- •2. 3.1. Топырақтың қ±рамды бµліктері
- •2.3.2. Минералдық бөліктің құрамы
- •2. 3. 3. Гранулометриялық ќ±рамы
- •Ќарай жіктеу
- •Бақылау сұрақтары
- •2.4. Топырақтың органикалыќ бµлігі
- •2.4.1. Қарашіріндініњ т‰зілуі
- •2.4.2. Қарашіріндініњ мµлшері
- •2.4.3. Топыраќтыњ органикалыќ бµлігініњ маңызы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.5. Топырақтың химиялыќ ќ±рамы
- •2.5.2. Топырақтағы химиялық қосылыстар
- •Бақылау сұрақтары
- •2.6 Топыраќтыњ сіњіру қабілеті
- •2.6.1. Топыраќ коллоидтары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.7. Топырақтың түйіртпектілігі
- •2.7.1. Топыраќтыњ түйіртпектілігі жєне оныњ агрономиялық мањызы
- •2.7.2. Түйіртпектің пайда болуы және оны жақсарту жолдары
- •2.8.2. Топыраќтыњ жалпы физикалыќ жєне физикалыќ – механикалыќ ќасиеттері
- •2. 8.1. Жалпы физикалық қасиеттері
- •2.8.2. Физикалық- механикалық қасиеттері
- •Топтарѓа жіктеу (5)
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топыраќтаѓы ылѓал
- •2.9.1. Топырақтағы ылғалдың категориялары, түрлері
- •2.9.2.Топыраќтыњ ылѓалдылыќ ќасиеттері
- •2.9.3. Топыраќтаѓы ылѓалдыњ µсімдіктерге тиімділігі жєне т±раќты ылѓалдыќ кµрсеткіштері
- •2.9.4. Топыраќтыњ су режимі жєне оны реттеу жолдары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топырақтың ауасы және жылу режимі
- •2.9.1. Топырақтың ауасының маңызы, құрамы, құбылымы
- •2.9.2.Топырақтың жылу режимі
- •Бақылау сұрақтары
- •2.10. Топырақ ерітіндісі және тотығу-тотықсыздану үрдістері
- •2.10.1. Топырақ ерітіндісінің құрамы, қасиеттері
- •2.10.2. Тотығу- тотықсыздану үрдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •2.11. Топырақ құнарлылығы
- •2.11.2. Топырақ құнарлылығының түрлері
- •2.11.2 Топырақ құнарлылығын өндіру
- •2.11.3. Құнарлылықтың өзгеруі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1.Топырақ жаратылысының факторлары
- •3.1.1. Аналық тау жыныстары
- •3.1.2. Климат
- •3.1.3. Биологиялық фактор
- •3.1.4. Жер бедері. Аймақтыњ геологиялық жасы
- •3.1.5. Адамзат қоғамының әсері
- •3.2. Топырақтардың жіктелуі, географиялық таралу заңдылықтары
- •3.2.1. Топырақтарды жіктеудің принциптері, таксономиялық бірліктер
- •3.2.2. Қазақстан топырақтарын жіктеу жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.2.2. Топырақтардың таралу заңдылықтары
- •3.2.3. Топырақ жамылғысы құрылымы
- •3.2.4. Қазақстанның топырақ-географиялық аймақтары
- •3.3. Тайгалы-орман аймағының топырақтары
- •3.3.1. Топырақ құралу жағдайлары
- •3.3.3. Шымды топырақтар
- •3.3.4. Шымды –күлгін топырақтар
- •3.4. Батпақты топырақтар
- •3.5. Жалпақ жапырақты ормандардың қоңыр топырағы
- •3.6. Орманды - дала және дала аймақтары топырақтары
- •3.6.1. Орманды-дала аймағының сұр ормандық топырағы
- •3.6.2. Орманды- дала және дала аймақтарының қара топырақтары
- •3.6.4. Қара топырақтың типшелері
- •3.8. Қуаң дала және шөл дала аймағының қара қоңыр топырақтары
- •3.7.1. Қара-қоңыр топырақтың морфологиялық белгілері және генезисі
- •3.7.2. Қара-қоңыр топырақтың классификациясы
- •3.8. Тұзданған топырақтар
- •3.8.1. Сор топырақтар
- •3.8.1. Кебір топырақтар
- •3.8.3. Шақат топырақтар
- •Бақылау сұрақтары
- •3.9. Шөл аймағының топырақтары
- •3.9.1. Қоңыр топырақтың жаратылуы және морфологиялық белгілері, қасиеттері
- •3.9.2. Тақырлар мен тақыртәріздес топырақтар
- •3.9.3. Шөл аймағы топырақтары жамылғысы құрылымы және оларды пайдалану ерекшеліктері
- •3.10. Тау етегінің шөлді –дала аймағының топырақтары
- •3.11. Ылғалды субтропика аймағының топырақтары
- •3.12. Өзен жайылмасы топырақтары
- •3.13. Таулы өлке топырақтары
- •3.13.1. Қазақстандағы Тянь-Шань және Алтай таулары топырақтары
- •13.3.2. Кавказ таулары топырақтары
- •3.13.3. Қырым және Карпат таулары топырақтары
- •3.14. Топырақ эрозиясы және олармен күресу жолдары
- •3.14.1. Қазақстанның жер қоры және оның экологиялық мәселелері
- •3.14.2. Топырақ эрозиясының түрлері және олардың зияны
- •3.14.3. Топырақтың жел және су эрозиясына шалдығу
- •3.14.4. Топырақты қорғау
- •3.14.5. Топырақ рекультивациясы
- •Бақылау сұрақтары
- •3.16. Дүние жүзі жер қоры және топырақтарының қысқаша сипаттамасы
- •3.16.1. Тропикалық белдеудің топырақ жамылғысы
- •3.16.2.Тропикалық ксерофиттті –орман және саванна аймақтары
- •3.16.3. Субтропика белдеуінің топырақтары
- •3.16.4. Суббореалды белдеудің топырақтары
- •3.16.5. Бореалдық белдеудің топырақтары
- •3.16.6. Полярлық белдеуінің топырақтары
- •Е) гумин және фульвоқышқылдар бірдей мөлшерде
2.10.2. Тотығу- тотықсыздану үрдістері
Топырақтарда тотығу тотықсыздану үрдістері әрқашанда өтіп жатады, сондықтан топырақтарды күрделі тотығу-тотықсыздану жүйесі ретінде қарастыруға да болады. Тотығу үрдісіне оттегін қосып алу, сутегін немесе электронды беру, ал тотықсыздану үрдісіне, керісінше, оттегін беру, сутегін немесе электронды қосып алу жатады. Әдетте электронды беру-тотығу, ал электронды қосып алу-тотықсыздану үрдісі деп есептеледі.
Топырақ құрамындағы органикалық заттардың өзгерістерге ұшырауы кезінде тотығу үрдістері қарқынды жүреді. Топырақтағы өсімдік қалдықтары құрамындағы илік заттар, аминоқышқылдар, ақуыз ж.т.б. тотығу үрдісіне ұшырайды. Қарашіріндінің құралуы негізінен тотығу үрдісі арқылы өтеді.
Топырақтағы тотығу үрдістерінің басым бөлігі бір бағытта өтеді, яғни кері бағытта бұл құбылыстар қайталанбайды. Сонымен бірге кері бағытта қайталанатын тотығу-тотықсыздану құбылыстары да топырақта жүруі мүмкін. Осындай құбылыстар темірдің (Fe3+←→ Fe2+), марганецтің (М ←→ М2), азоттың (N5+ N3+) оттегінің (О←→О2), сутегінің (Н←→Н+), күкірттің (S6+←→S2-) тотығу-тотықсыздануы.
Тотығу-тотықсыздану үрдістерінің биохимиялық негізі бар. Сондықтан бұл үрдістер қарқыны топырақтағы микробиологиялық құбылыстармен тығыз байланыста болады.
Топырақта негізгі тотықтырғыш топырақ ауасының және топырақ ерітіндісінің құрамындағы оттегі болып саналады. Сондықтан топырақтың ауа режімі және оған ықпал жасайтын топырақтың құрылымы, тығыздылығы, гранулометриялық құрамы, ылғалдылығы тотығу–тотықсыздану құбылыстарына әсерін тигізеді. Әсіресе топырақтың ылғалдылығы, аэрациясы оның құрамындағы органикалық заттар мөлшері және микробиологиялық құбылыстарға қажет жылу дәрежесі, тотығу-тотықсыздану үрдістері қарқынына үлкен ықпал тигізеді.
Артық ылғалдылығы бар, тығыздалған, бетінде қабыршық қабат қалыптасқан топырақтарда ауа жетіспеушілік байқалып, тотығу-тотықсызадну үрдісі нашарлайды. Сондықтан, органикалық қалдықтардың ыдырауы бәсеңдейді, жылжымалы және белсенді органикалық қосылыстар пайда болады, гумин қышқылдары фульвоқышқылдарға айнала бастайды.
Топырақтың тотығу-тотықсыздану үрдісі жағдайының дәрежесін сипаттау үшін тотығу-тотықсыздану потенциалын анықтайды. Топырақтың тотығу-тотықсыздану потенциалы (ТТП) дегеніміз топырақтағы бір мезгілдегі барлық тотығу-тотықсыздану құбылыстарының жиынтық көрсеткіші.
Тотығу-тотықсыздану потенциалын анықтау үшін салыстырмалы электродтарды пайдаланады және ол Eh көрсеткіші арқылы белгіленіп, оның дәрежесін милливольт (мВ) өлшемін өлшейді. Тотығу-тотықсыздану үрдісінің қарқынына топырақ ортасының реакциясы (рН) үлкен ықпал жасайды. Сондықтан топырақ ортасы реакциясы әр дәрежеде болған жағдайда тотығу-тотықсыздану потенциалы мөлшері туралы мәліметтерді салыстыруға мүмкіншілік алу үшін Ф.У. Кларк rН2 көрсеткішін қолдануды ұсынды. Бұл көрсеткіш молекулалық сутегінің қысымы дәрежесінің теріс санды логарифимін көрсетеді. Оны келесі теңдеумен анықтайды:
rН2
=![]()
![]()
Сонымен, топырақтағы тотығу-тотықсыздану үрдістері жағдайының сандық көрсеткішін анықтау үшін милливильт өлшемін есептелінетін Eh көрсеткіші және шартты өлшем ретінде rН2 көрсеткіші қолданылуы мүмкін.
Егерде топырақта rН2 27-ден үлкен болса тотығу үрдістері басым жүреді, ал rН2 27 кіші болса (22-25)–тотықсыздану басым болады. Тотықсыздану үрдісі аса қарқынды бағыт алғанда rН2 20-дан кіші болуы ықтимал.
Әр топырақ типінің тотығу-тотықсыздану потенциалы әр дәрежеде болады. Мысалы, оңтайлы ылғалданған күлгін, шымды-күлгін топырақтарда ТТП 550-750мВ, қара топырақтарда- 400-600мВ, боз топырақтарда 350-450мВ, болып келеді. Әсіресе ұзақ уақыт су астында болатын күріш егілетін танаптарда ТТП көрсеткіші төмен болып келеді. Егер ТТП көрсеткіші 200мВ-ке және одан төмен дәрежеге жетсе онда топырақта тотықсыздану құбылыстары қарқынды дамиды және глейлену үрдісінің белгілері байқала бастайды. Топырақта нитрификациялану үрдісі Eh 350-500мВ болғанда жақсы жүреді, ал ТТП күрт төмендеп кетсе, онда денитрификация құбылысы басым жүреді және топырақта темірдің шала тотығу (жылжымалы) марганецтің қосылыстары пайда болуы мүмкін.
Жыл мезгілдері кезіндегі топырақтың ауа, ылғалдылық, жылулық және микробиологиялық режимдерінің өзгеруі тотығу-тотықсыздану үрдісінің серпініне (динамикасына) ықпалдарын тигізіп, оның белгілі бір режимін қалыптастырады. Топырақтың тотығу-тотықсыздану режимі дегеніміз топырақ түзілуінің жылдық мерзімі ішінде топырақ кескінінде қалыптасқан тотығу-тотықсыздану құбылыстары қарқының салыстырмалы сипаттамасы. Бұл режимінің төрт типі бар. Олар келесідей:
-тотығу үрдісінің басым сипаты бар топырақтар-автоморфты дала, шөл-дала және шөл аймақтары топырақтары (қара топырақ, қара-қоңыр, қоңыр, сұр-қоңыр, боз топырақтар);
-тотығу үрдісінің басым сипаты бар, бірақ ылғалды жылдары немесе ылғалды мезгілде тотықсыздану үрдісі байқалуы мүмкіншілігі бар топырақтар (тайгалы-орман аймағының, ылғалды субтропикалық, жалпақ жапырақты орман аймақтарының автоморфты топырақтары);
-күрт өзгермелі тотығу-тотықсыздану режимі бар топырақтар (әр түрлі аймақтардағы жартылай гидроморфты топырақтар);
-тотықсыздану үрдісінің басым сипаты бар топырақтар (батпақты топырақтар, гидроморфты сортаң топырақтар).
