Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
topyrak_tanu_zh_ne_geologiya_negizderi / Топыра тану ж не геология нег здер.doc
Скачиваний:
636
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
45.3 Mб
Скачать

1.7.4. Төрттік кезеңдегі жер қабығының даму ерекшеліктері

Төрттік кезең. 1,5-2 млн жыл бұрын басталып осы уақытқа дейін созылуда. Ол төрт бөлімге бөлінген: төменгі, ортаңғы, және жоғарғы плейстоцин және голоцен. Бұл кезеңге сүтқоректілер мен гүлді өсімдіктердің басым болуы тән. Төрттік кезеңде ойлау қабілеті бар – адам пайда болды, сондықтанда оны антропогендік деп те атайды. Төрттік салындыларда алғашқы адамдардың сүйектері сақталған. Төрттік кезеңіне вулкандардың атқылауы (Карпатыда, Камчаткада, Куриль арлында) және жер сілкінісі (Крымда, Орталық Азияда және т. б.) тән. Пайда болуына және түзілу жағдайына байланысты төрттік салындылар әртүрлі: элювилі, делювилі, элювий – делювилі, пролювиалі, коллювилі, аллювилі, көлді-аллювилі, мұздақты, флювиогляциальды, көлді-мұздақты, солифлюкциалы, мұхитты және т. б.

10- кесте. Геохронологиялық шкала

Эралар

Кезеңдер /системалар

Шартты реңі

Ұзақтығы млн.жыл

Архей /АR/

Протерозой /PR/

-

Қызғылт

- - -

1000

600-800

Палеозой /PZ/

Кембрий/Ст/

Ордовик/О/

Силур/S/

Девон/Д/

Таскөмір/С/

Перм/Р/

қара күлгін

қаралау жасыл

сұр жасыл

қоңыр

көк-сұр

қызыл

70-90

70-80

40-45

45-50

50-55

25-30

Мезозой/MZ/

Триас/Т/

Юра/J/

Әк/С/

ашық күлгін

көк

жасыл

30-35

25-30

55-60

Кайназой/КZ/

Үштік/N/

Төрттік/О/

сары

ақ немесе ақ сұр

50-55

1

1.7.5. Геоморфология туралы негізгі мәліметтер

Жер бедері - әр түрлі даму денгейінде бір- бірімен және қоршаған ортамен күрделі қарым қатытынаста болатын, өзінің көлемінен, құрылысымен және пайда болуымен ерекшеленетің жер бетінің пішіндер жиынтығы (таулар, жазықтар және ойпаттар).

Жер бедерінің негізгі пішіндері мен типтері. Жер бедерінің пішіні ол геометриялы фигуралармен салыстыруға болатын қарапайым табиғи, кейде жасанды жазықтар, денелер. Жер бедерінің күрделі түрлері қарапайым пішіндердің жиынтығы болады және олар өте үлкен көлемді болуы мүмкін (құрлықтар, таулы елдер және т.б.). Жер бедерінің негізгі элементі ол: қырлар – еңкістердің беті, қабырға - қырлардың түсетін жері, таулардың етегі т.б.

Сыртқы белгілері бойынша жер бедерінің оң және теріс пішіндерін бөледі. Жер бедерінің оң пішінідері жерден жоғары шығып тұратын жерлер (таулар, төмпешіктер, адырлар). Жер бедерінің теріс пішінідері аумағынан төмен жерлер (воронка тәрізділер, сайлар, ылдилар, жазықтықтар). Жер бедерінің түйық пішінідері жан –жақтан еңкістермен қырлармен шектелген жерлер. Жер бедерінің түйық емес пішінідері бір немесе екі жағынан да еңкістері жоқ жерлер.

Пайда болу түрлеріне байланысты жер бедері тектоникалық, эрозиялық және аккумулятивті болып бөлінеді.

Жер бедерінің тектоникалық пішінідері (таулы жоталар, жазықтар, мұхиттық ойпаттар және басқалар) жер қабығының жылжу нәтижесінде пайда болады.

Жер бедерінің эрозиялы пішіндері ағынды сулардың бұзу жұмысымен байланысты болады (атмосфералық, өзендік, жер асты). Оларға шатқалдар (ущелья), өзен ылдилары, сайлар, жыралар, шайынды жерлер, т.б.

Жер бедерінің аккумулятивті пішіндері ( өзен террасалары, шағылдар, құмаршық, құм төбе ж. б.) тау жыныстарының бұзылу өнімдерінің нәтижесінде пайда болады.

Жер бедерінің типтері ұқсас шығу тегі, геологиялық құрылымы, даму тарихы бар заңды түрде кең жерде қайталанатын пішіндер алмасуы. Жер бедерінің жазықтық, адырлы және таулы типтері болады.

Жазықтық жер бедері. Құрғақ жердің көптеген территориясында орналасады. Теңіз денгейіне байланысты олар: теріс –теңіз денгейінен төмен орналасатын, төмен - теңіз денгейінен 200 метрден артық емес, жоғары орналасатындарға – 200-500 метрден жоғары орналасатын, таулы – 500 метрден жоғары орналасатын болып бөлінеді.

Адырлы жер бедері - 200 метрден артық емес жер бедерінің жоғары және төмен орналасқан жерлердің алмасуы.

Таулы жер бедері – жер бедерінің өте биік (таулар, тау жоталары) және төмен жерлердің (ойпаттар, жазықтар) алмасуы.

Адамның әрекетінің нәтижесінде пайда болған антропогендік жер бедерінің түрлері де кездеседі. Каналдар қазу кезінде жер бедерінің көтерілуі (3 метрге дейін), қазба байлықтарын алу кезінде үлкен төбешіктер пайда болады.