- •1.1.1. Геология ғылымының дамуының қысқаша тарихы
- •1.2. Жердің пайда болуы, құрылысы мен құрамы.
- •1.2.1. Әлемдік кеңістікте Жердің және Күн жүйесінің орны.
- •1.2. 2. Космогендік гипотезалар
- •1.2.3. Жердің пішіні, физикалық қасиеттері және химиялық құрамы
- •Магнитті еңкейю магнитті стрелканың көкжиекке еңкею бұрышы. Картада бірдей септелулерді жалғастыратын сызықтарды изогон дейді, бірдей еңкеюлерді жалғастыратын нүктелерді изоклин деп атайды
- •1.3 Жердің сыртқы және ішкі қабаттарының құрамы
- •1.3.1. Жердің сыртқы қабаттары
- •1.3.2. Жердің ішкі қабаттары
- •1.4 Минералдар туралы ілім
- •1.4.1. Минералдар және олардың топырақ түзілуіндегі маңызы
- •Туынды (экзогенді) минералдар - жер бетінде, атмосферамен, биосферамен және гидросферамен әрекеттесіп, көбінесе бастапқы минералдардың бұзылуынан пайда болады.
- •1.4.2.Заттардың кристаллдық және аморфты құрылымы
- •1.4.3. Минералдардың физикалық қасиеттері
- •1.4.5. Минералдардың негізгі класстарын сипаттау
- •1.5. Тау жыныстары.
- •1.5.1. Магмалық тау жыныстары
- •1.5. 2. Шөгінді тау жыныстары
- •1.5.3. Метаморфты тау жыныстары.
- •1.6. Геологиялық құбылыстар
- •1.6.1 Жер қабығының негізгі геологиялық құрылымы мен оның ерекшелігі
- •1.6.2. Геотектоникалық гипотезалар
- •1.6. 3. Эндогенді және экзогенді үрдістер
- •1.6.4. Эндогенді үрдістер
- •1.6.5. Экзогенді үрдістер
- •1.7. Жер шарының геологиялық тарихы
- •1.7.1. Тау жыныстарының абсолютты жасы
- •1.7.2. Тау жыныстарының салыстырмалы жасы
- •1.7.3. Геохронологиялық шкала
- •1.7.4. Төрттік кезеңдегі жер қабығының даму ерекшеліктері
- •1.7.5. Геоморфология туралы негізгі мәліметтер
- •1.7. 6. Геологиялық карта.
- •3.15. Топырақтарды агроөндісітік топтарға бөлу және бонитировкалау
- •3.15.1.Топырақтарды агроөндiрiстiк топтарға бөлу
- •3.15.2. Топырақ бонитировкасы
- •2.1.Топырақтану пәні жєне оныњ міндеттері
- •2.1.1.Топырақ ерекше табиғи дене
- •2.1.2. Топырақтың табиғаттағы орны мен маңызы
- •2.1.3.Топырақтың адам өміріндегі алатын орны
- •2.1.4. Топырақтың экологиялық қызметі
- •2.1.5. Топырақтанудың басқа ғылымдармен байланысы, оның басты ғылыми салалары, зерттеу әдістемелері
- •2.1.6. Топырақтану ғылымының даму тарихы
- •Қазақстан топырақтарын зерттеу тарихына қысқаша шолу
- •2.2.1. Топырақ құралу үрдістері
- •2.2.2. Топырақтың морфологиялық белгілері
- •2. 3. Топырақтың минералды бөлігі
- •2. 3.1. Топырақтың қ±рамды бµліктері
- •2.3.2. Минералдық бөліктің құрамы
- •2. 3. 3. Гранулометриялық ќ±рамы
- •Ќарай жіктеу
- •Бақылау сұрақтары
- •2.4. Топырақтың органикалыќ бµлігі
- •2.4.1. Қарашіріндініњ т‰зілуі
- •2.4.2. Қарашіріндініњ мµлшері
- •2.4.3. Топыраќтыњ органикалыќ бµлігініњ маңызы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.5. Топырақтың химиялыќ ќ±рамы
- •2.5.2. Топырақтағы химиялық қосылыстар
- •Бақылау сұрақтары
- •2.6 Топыраќтыњ сіњіру қабілеті
- •2.6.1. Топыраќ коллоидтары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.7. Топырақтың түйіртпектілігі
- •2.7.1. Топыраќтыњ түйіртпектілігі жєне оныњ агрономиялық мањызы
- •2.7.2. Түйіртпектің пайда болуы және оны жақсарту жолдары
- •2.8.2. Топыраќтыњ жалпы физикалыќ жєне физикалыќ – механикалыќ ќасиеттері
- •2. 8.1. Жалпы физикалық қасиеттері
- •2.8.2. Физикалық- механикалық қасиеттері
- •Топтарѓа жіктеу (5)
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топыраќтаѓы ылѓал
- •2.9.1. Топырақтағы ылғалдың категориялары, түрлері
- •2.9.2.Топыраќтыњ ылѓалдылыќ ќасиеттері
- •2.9.3. Топыраќтаѓы ылѓалдыњ µсімдіктерге тиімділігі жєне т±раќты ылѓалдыќ кµрсеткіштері
- •2.9.4. Топыраќтыњ су режимі жєне оны реттеу жолдары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топырақтың ауасы және жылу режимі
- •2.9.1. Топырақтың ауасының маңызы, құрамы, құбылымы
- •2.9.2.Топырақтың жылу режимі
- •Бақылау сұрақтары
- •2.10. Топырақ ерітіндісі және тотығу-тотықсыздану үрдістері
- •2.10.1. Топырақ ерітіндісінің құрамы, қасиеттері
- •2.10.2. Тотығу- тотықсыздану үрдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •2.11. Топырақ құнарлылығы
- •2.11.2. Топырақ құнарлылығының түрлері
- •2.11.2 Топырақ құнарлылығын өндіру
- •2.11.3. Құнарлылықтың өзгеруі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1.Топырақ жаратылысының факторлары
- •3.1.1. Аналық тау жыныстары
- •3.1.2. Климат
- •3.1.3. Биологиялық фактор
- •3.1.4. Жер бедері. Аймақтыњ геологиялық жасы
- •3.1.5. Адамзат қоғамының әсері
- •3.2. Топырақтардың жіктелуі, географиялық таралу заңдылықтары
- •3.2.1. Топырақтарды жіктеудің принциптері, таксономиялық бірліктер
- •3.2.2. Қазақстан топырақтарын жіктеу жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.2.2. Топырақтардың таралу заңдылықтары
- •3.2.3. Топырақ жамылғысы құрылымы
- •3.2.4. Қазақстанның топырақ-географиялық аймақтары
- •3.3. Тайгалы-орман аймағының топырақтары
- •3.3.1. Топырақ құралу жағдайлары
- •3.3.3. Шымды топырақтар
- •3.3.4. Шымды –күлгін топырақтар
- •3.4. Батпақты топырақтар
- •3.5. Жалпақ жапырақты ормандардың қоңыр топырағы
- •3.6. Орманды - дала және дала аймақтары топырақтары
- •3.6.1. Орманды-дала аймағының сұр ормандық топырағы
- •3.6.2. Орманды- дала және дала аймақтарының қара топырақтары
- •3.6.4. Қара топырақтың типшелері
- •3.8. Қуаң дала және шөл дала аймағының қара қоңыр топырақтары
- •3.7.1. Қара-қоңыр топырақтың морфологиялық белгілері және генезисі
- •3.7.2. Қара-қоңыр топырақтың классификациясы
- •3.8. Тұзданған топырақтар
- •3.8.1. Сор топырақтар
- •3.8.1. Кебір топырақтар
- •3.8.3. Шақат топырақтар
- •Бақылау сұрақтары
- •3.9. Шөл аймағының топырақтары
- •3.9.1. Қоңыр топырақтың жаратылуы және морфологиялық белгілері, қасиеттері
- •3.9.2. Тақырлар мен тақыртәріздес топырақтар
- •3.9.3. Шөл аймағы топырақтары жамылғысы құрылымы және оларды пайдалану ерекшеліктері
- •3.10. Тау етегінің шөлді –дала аймағының топырақтары
- •3.11. Ылғалды субтропика аймағының топырақтары
- •3.12. Өзен жайылмасы топырақтары
- •3.13. Таулы өлке топырақтары
- •3.13.1. Қазақстандағы Тянь-Шань және Алтай таулары топырақтары
- •13.3.2. Кавказ таулары топырақтары
- •3.13.3. Қырым және Карпат таулары топырақтары
- •3.14. Топырақ эрозиясы және олармен күресу жолдары
- •3.14.1. Қазақстанның жер қоры және оның экологиялық мәселелері
- •3.14.2. Топырақ эрозиясының түрлері және олардың зияны
- •3.14.3. Топырақтың жел және су эрозиясына шалдығу
- •3.14.4. Топырақты қорғау
- •3.14.5. Топырақ рекультивациясы
- •Бақылау сұрақтары
- •3.16. Дүние жүзі жер қоры және топырақтарының қысқаша сипаттамасы
- •3.16.1. Тропикалық белдеудің топырақ жамылғысы
- •3.16.2.Тропикалық ксерофиттті –орман және саванна аймақтары
- •3.16.3. Субтропика белдеуінің топырақтары
- •3.16.4. Суббореалды белдеудің топырақтары
- •3.16.5. Бореалдық белдеудің топырақтары
- •3.16.6. Полярлық белдеуінің топырақтары
- •Е) гумин және фульвоқышқылдар бірдей мөлшерде
3.1.4. Жер бедері. Аймақтыњ геологиялық жасы
Топырақтың құралуына әсер ететін жағдайдың аса бір мањыздысы жер бедері болып саналады.
Жер бедерінің топырақ түзілуіне әсері тікелей және жанама болып келеді. Жер бедерінің топырақ құралуына тікелей әсерін оның эрозия процестеріне шалдығуы айғақтайды. Ал жер бедерінің топырақ түзілуіне жанама әсері оның климат факторларын (жылуды, жарықты, ылғалды) ауытқытып, таратуы арқылы туындайды. Жер бедерінің климат факторларын өзгертіп таратуы таулы аймақта байқалатын топырақтардың тік аймақтық заңдылыққа бағынып, тау беткейлерінде белдеулене орналасуы жақсы дәлелдейді.
Топырақты зерттеу іс-тәжрибесінде жер бедерін үш типке бөледі. Олар макрорельеф, мезорельеф, микрорельеф.
Макрорельефке жер бетіндегі үлкен аймақты алып жатқан таулар, жазықтықтар, үстірттер, ойпаттар жатады.
Мезорельефке орташа жер ауданында таралған қыраттар, төбелер, тау және өзен аңғарлары кіреді.
Микрорельеф–жер бетінің ұсақ ой-шұнқыры, төмпешектері. Олардың алатын ауданы бірнеше шаршы метр, ал биіктігінің өзгеруі бір метрден аспайды.
Жоғарыда аталған жер бедерінің типтерінің әсерінен топырақ құралу процесі өзгерістерге ұшырайды. Сондықтан топырақтың жаратылуы, географиялық таралуы, топырақ жамылғысының көп құрылымды болуы жер бедеріне байланысты болып келеді.
Топырақтың құралуы аймақтың геологиялық жасына (уақытқа) байланысты. Жыл мезгілдерінде, жыл сайын және көп жылдар ішінде байқалатын табиғат құбылыстарының әсерінен топырақтағы минералды және органикалық заттардың өзгерістерге ұшырауы бір қалыпты болмайды. Сондықтан уақыт ағымы (аймақтың геологиялық жасы) топырақтың құралуына және оның дамуына зор ықпал жасайды.
Топырақтың пайда бола бастаған кезінен қазіргі заманға дейінгі уақыт аралығы топырақтың абсолютті жасын кµрсетеді. Осы уақыт аралығы бірнеше жылдан миллионданған жылдарға дейін созылады. Геологиялық жас аймақта жаңа түзіле бастаған жас топырақтар, ал геологиялық ескі аймақта топырақтар ертеден дамыған, ескі болады. Көптеген дәуірлер бойы геологиялық өзгерістерге ұшырамаған тропикалық аймақта ескі топырақтар, ал кейінгі дәуірлерде ғана мұздан арылған солтүстік аймақтарда жаңа қалыптасқан жас топырақтар таралған.
3.1.5. Адамзат қоғамының әсері
Топырақтың құралуына, дамуына зор әсер ететін жағдайдың тағыда бірі адамзат қоғамының өндірістік әрекеті. Қазіргі заманда адамдар ауыл шаруашылығын және басқа өндіріс салаларын дамыту үшін топырақты құрал-жабдықтармен өњдейді, түрлі дақылдар себеді, оған тыњайтқыштар енгізіп, суарады немесе құрғатады, өсімдіктерді зиянкестер мен аурулардан, арамшөптерден қорғау үшін түрлі химиялық заттар қолданады. Осы әрекеттердің салдарынан табиғи экологиялық жүйелер өзгеріске ұшырап топырақтың түзілуі және даму процестерінің өзгеруі байқалады. Табиғи жағдайда бірқалыпты баяу өтіп жататын топырақтағы құбылыстар қарқыны адам әрекеті әсерінен күрт жоғарылайды. Ғасырлар бойы қалыптасқан тұрақты экологиялық жүйе бұзылып, олардың орнына тұрақтылығы шамалы, құбылмалығы басым агроэкологиялық жүйе қалыптасып, топырақ құралу жағдайының өзгеруіне ықпал жасайды.
Топырақты қарқынды өңдеу, оған органикалық және минералды тыңайтқыштарды қолдану, топырақты басқа жолдармен жақсарту (мелиорациялау) оның химиялық, физикалық, биологиялық қасиеттерін және ауа, ылғалдылық, қоректік заттар режимін өзгертеді. Сонымен бірге топырақтың морфологиялық сипаты да өзгеріс табады.
Шаруашылықты ғылыми негізде жүргізіп, топырақты дұрыс пайдаланған қоғамда оның құнарлылығы артып, қасиеттері жақсарып, «мәдениеттенген» сапалы топыраққа айналады.
Ғылыми ұсыныстарды бұрмалап, топырақтың қасиеттері ескерілмей қолданылғанда топырақтың құнарлылығының төмендеуі, эрозияға ұшырап тозуы, қайтадан сорға, батпаққа айналуы, улы заттармен ластануы байқалады. Құрылыс жүргізілген аудандарда, пайдалы қазбаларды ашық әдіспен өндіргенде, жолдарды, құбырларды, электр желістерін жүргізгенде көптеген топырақ ауданы істен шығып бұзылады.
Қорыта айтқанда, топырақ түзілуіне, дамуына адамзаттың өндірістік әсері өте ауқымды және күрделі. Ел байлығы топырақты шаруашылықта қадірлеп, бағалап қолдану қажет. Оның құнарлылығының төмендеуіне, эрозияға шалдығуына, қасиеттерінің нашарлануына және улы заттармен ластануына жол бермеу керек. Бұзылған, істен шыққан топырақ жамылғысын орнына қалыптастырып, табиғи ландшафтқа келістіре отырып топырақ жамылғысын ұтымды, тиімді пайдалану қажет.
Бақылау сұрақтары
1.В.В. Докучаев қандай топырақ түзуші факторларды атап көрсетті?
2. Кеңінен тараған аналық тау жыныстарына сипаттама беріңіз.
3.Аналық тау жыныстары топырақтың пайда болуына, оның қасиеттеріне қандай ықпал жасайды?
4. Климаттың топырақтың түзілуіне, оның бойындағы құбылыстарға әсері қандай?
5. Климаттың қандай элементтері топырақ түзілу процесіне қарқынды ықпал жасайды?
6. Биологиялық фактор неге топырақ түзілу процесінде жетекші орын алады?
7. Топырақ түзілуіне қатысатын негізгі организмдер топтарын атаңыз.
8. Неліктен жер бедері топырақ түзілуіне әсер етеді?
9. Топырақтың зерттеу іс-тәжірибесінде жер бедері қандай топтарға бөлінеді?
10.Топырақтың түзілуне, оның бойындағы құбылыстарға адамзат қоғамы әсерінің ерекшеліктерін сипаттаңыз.
11.Биологиялық және биогеохимиялық заттар айналымдарының анықтамасын және ерекшеліктерін атап көрсетіңіз.
12.Топырақ түзілу процесінің негізгі буындарын атаңыз.
13.Топырақ түзілуінің қандай кезеңдері бар? Олардың негізгі ерекшеліктерін сипаттаңыз.
14.Топырақтың морфологиялық белгілерін атаңыз.
