Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
topyrak_tanu_zh_ne_geologiya_negizderi / Топыра тану ж не геология нег здер.doc
Скачиваний:
636
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
45.3 Mб
Скачать

1.5.3. Метаморфты тау жыныстары.

Метоморфты тау жыныстары, жер қыртысынын кейбiр тереңдiнде өтетiн, жоғары қысыммен температураның әсерiмен магмалы және шөгiндi жыныстардың қайта кристалдануымен терең өзгеруiнiң нәтижесiнде пайда болады. Метаморфоза үрдiсi нәтижесiнде жыныстың құрылымы және олардың минералогиялық құрамы өзгереді.

Барлық метаморфты жыныстардың құрылымы ұсақ кристалды болады, олар алғашқы жыныстардың қатты күйде жаңадан кристалдану нәтижесінде пайда болады.

Метаморфты жыныстардың құрылыс түрлері келесідей болады:

- Тақта тас тәрізді – ұзын бетiмен параллельдi орналасатын, ұзынша формалы минералдар болуымен сипатталады.

- Алқапты – әр түрлi ендi минерал алқаптарының кезектестiрілуі.

-Талшықты – бiр-бiрiмен өрiлiп жатқан талшықтар, түрлi минералдармен кезектесуі.

-Массивті біркелкі, минералдар бір-біріне тығыз жабысып тұрады. Метаморфты тау жыныстарын зерттегенде: құрылым мен құрылыстан басқа олардың түсімен минералогиялық құрамын ескеру қажет.

Метаморфты жыныстардың түсі әр түрлі және олардың минералогиялық құрамымен анықталады. Метаморфты тау жыныстарының құрамына бастапқы және туынды минералдар кіреді.

7 - кесте. Метаморфты жыныстарды жіктеу

Ќұрлыс

Бұрынѓы жыныстар

Метаморфты жыныстар

Минералды ќұрам

Алќапты

Шөгінді гранит, сиенит

Гнейс

Дала шпаты, кварц, слюда, мүйіз алдамшасы

Тақта тас тәрізді

Балшыќты

Сланец

Тальк, слюда, хлорит, мүйіз алдамшасы

Массивті

/дән тәрізді/.

Известняк,

доломит

Мәрмәр

Кальцит кейде

доломит

Массивті /дәнсіз/

Кварцит, құмтас

Кварцит

Кварц және ќосындылар

Бақылау сұрақтары

  1. Тау жыныстары деген не?

  2. Пайда болуына байланысты тау жыныстары қандай топтарға бөлінеді?

  3. Магматикалық тау жыныстары деген не? Олардың негізігі өкілдерін атаңыз.

  4. Қандай тау жыныстарын шөгінді деп айтамыз? Олардың пайда болу жағдайлары қандай?

  5. Шөгінді тау жыныстарының негізігі өкілдерін атаңыз.

  6. Метаморфты тау жыныстары деген не? Негізгі өкілдерін атаңыз?

1.6. Геологиялық құбылыстар

1.6.1 Жер қабығының негізгі геологиялық құрылымы мен оның ерекшелігі

Жер қыртысының кейбір бөліктері әр түрлі қалыптасады. Кейбіреулері геосинклинальды облыстар немесе геосинклинальдер деп аталады. Оларда төмендеу нәтижесінде тектоникалық жылжу мен магматикалық құбылыстар қарқындығы жоғары болады. Басқалары платформалы обылыстар немесе платфомалар деп аталады. Жылжуы шамалы, магматикалық процесстер шамалы көрсетіледі және шөгінді заттары жиналуы көп емес.

Платформалар және геосинклинальдер арасында ерекше құрылымды элементтер пайда болады – шетте майысқан жерлер, шет тігістері және шеттік жанартаулық алқаптар пайда болады. Шетте майысқан жерлер сол обылыстар арасында пайда болады. Геоморфологиялық шеттік майысқан жерлер, өсіп жатқан тау құрылыстарын жазықтық жерлерден шектейтін платформалардан, тау етегіндегі құламалардың жүйесі ретінде көрсетіледі. Шет тігістері геосинклинальды обылыстар мен үлкен платформалы томпақ жерлердің түйісуінде пайда болады. Шеттік вулкандық алқаптар терең сынық жерлерде, көп мәрте магма төгілген жерде пайда болады.

Геосинклиналды облыстар. Көп уақыт мезгілінде майысуға бағытталған жылжуға шалдығатын қозғалмалы обылыстар. Олар майысқан соң жанартаулық және шөгінді жыныстар жиналады. Олар қарқынды түрде қатпарларға (складки) жиырылады. Бұл обылыстарға эффузивті және интрузивті магматизм тән. Сол үрдістер дамығын кезде көптеген облыстар кейде төмен түседі, кейде жоғары көтеріледі. Шұбар жер бедері бұл облыстарға кесекті тау жыныстардың жиналуына әсер етеді.

Бұл геосинклинальдардың дамуында бірнеше кезең болады: бірінші – төмен түсудің басты кезеңі, екіншісі - орогендінің алды, үшінші - орогендінің басты кезеңі, төртінші - нағыз орогенді. Төртінші кезеңде жоғары шығатын қозғалыстар денудациядан арта түседі және нағыз таулы жер бедері қалыптасады.

Жалпы түрде геосиклинальдар екі кезеңнең өтеді: біріншісі - жер қабығы қарқынды майысады және балшықты тақта тасты жыныстар жиналады. Олар балшықты тақта тасты формация деп аталады. Ең төмен майысқанда көбінесе жанартаулы әрекеттен және геосинклинальды әрекеттің нәтижесінде ол төменгі теңіз бассейіні болады онда көп километрлі магмалық және шөгінді тау жыныстары жиналады. Олар жанартаулы кесекті немесе спилитокератофирлы формация деп аталады. Екінші геосинклиналдардың даму кезеңінде жер қыртысы көтеріледі. Теңіз кетеді және олардың орнында аралдар архипелагі пайда болады. Кейін аралдар мүжіледі және аралдар арасы кесекті жыныстармен толтырылады. Оны флишты формация деп атаймыз. Кейін сол жерде қатпар түзілу үрдістері өтеді де сол жерде белсендігін жоғалтып тұрақты платформа пайда болады. Ол жерде көп шөгінді ірі кесекті, құрамында конгломераттар, қиыршықтастар, құмдар және құмдақтар, кейде балшықты тау жыныстары жиналады. Олар молассты формация деп аталады.

Платформалы облыстар. Жер қыртысының тұрақты аймақтарын құрайды. Олар бұрын болған геосинклиналды облыстардың орнында пайда болады және екі қабатты құрылымы бар. Оның төменгі қабаты геосинклиналды облыстардан құрылады. Оларды құрайтын жанартаулы және шөгінді тау жыныстары қарқынды метаморфизмге ұшырайды. Жоғарғы қабат немесе, шөгінді астар көлденең орналасқан шөгінді жыныстардан құрылады. Бұл қабаттың жыныстары метаморфизмге ұшырамайды. Магмалы түзінділер сирек кездеседі. Жоғарғы қабат төменгіден бөлек орналасады. Қатпарлы төсенішті қабат немесе шөгінді төсеніші жоқ жер бөліктері жер қыртысына жақын орналасады және шиток деп аталады, шөгінді төсеніші бар терең орналасқан жерлер плита деп аталады.

Құмды- балшықты формация балшық пен құмдардың аралас қабаттарынан құрылады.

Карбонатты немесе әкті доломитты формация органогенді әктерден және доломиттерден құрылады, кейде ғаныш қабаттары және ангидриттер кездеседі.

Глауконитті фосфоритті формация - негізі базальтті конгломераттардан құралған жыныстар кешені, оның үстінде карбонатты түзінділердің қабатын жауып тұрған кварцті глауконитті құмдар мен фосфоритті конкрециялар қабаты орналасады.

Көміртекті –бокситті- темірлі фомация көп уақытты континенталды режимде құрылады және құмды балшықты салындылармен олардың арасында көмір, боксит, темір рудасы линзалары кездеседі.

Қызыл түсті формация - басқа формациялардан оны құратын тау жыныстардың әр түрлігімен ерекшеленеді. Өзі құм мен балшықтан тұрады және конгломерат, доломит, мергель және әктер линзалары кездеседі.

Тұзды формация – шеттік майысқан жерлердің ішінде орналасқан лагуналық бассейіндерде жиналады. Олар химиялық түзілген шөгінділерден тұрады. Шөгінділерде, басында доломиттер, кейіннен ғаныш және ангидридтер, ең соңында әртүрлі галоидтты қосындылар түзіледі.

Көмірлі формация – жер беті қалың өсімдіктермен жамылған, жылы және ылғалды климатта құрылған. Ұсақ дәнді құмды- балшықты шөгінділермен бірге майысу үрдісінде өсімдік қалдықтарының үлкен массалары жинақталған, кейіннен олар біртіндеп тас көмірінің кен орнына айналған.

Мұнай өндіретін формация - органикалық заттар көп жиналуының нәтижесінде және олар кейін тез көмілгенде пайда болады.