- •1.1.1. Геология ғылымының дамуының қысқаша тарихы
- •1.2. Жердің пайда болуы, құрылысы мен құрамы.
- •1.2.1. Әлемдік кеңістікте Жердің және Күн жүйесінің орны.
- •1.2. 2. Космогендік гипотезалар
- •1.2.3. Жердің пішіні, физикалық қасиеттері және химиялық құрамы
- •Магнитті еңкейю магнитті стрелканың көкжиекке еңкею бұрышы. Картада бірдей септелулерді жалғастыратын сызықтарды изогон дейді, бірдей еңкеюлерді жалғастыратын нүктелерді изоклин деп атайды
- •1.3 Жердің сыртқы және ішкі қабаттарының құрамы
- •1.3.1. Жердің сыртқы қабаттары
- •1.3.2. Жердің ішкі қабаттары
- •1.4 Минералдар туралы ілім
- •1.4.1. Минералдар және олардың топырақ түзілуіндегі маңызы
- •Туынды (экзогенді) минералдар - жер бетінде, атмосферамен, биосферамен және гидросферамен әрекеттесіп, көбінесе бастапқы минералдардың бұзылуынан пайда болады.
- •1.4.2.Заттардың кристаллдық және аморфты құрылымы
- •1.4.3. Минералдардың физикалық қасиеттері
- •1.4.5. Минералдардың негізгі класстарын сипаттау
- •1.5. Тау жыныстары.
- •1.5.1. Магмалық тау жыныстары
- •1.5. 2. Шөгінді тау жыныстары
- •1.5.3. Метаморфты тау жыныстары.
- •1.6. Геологиялық құбылыстар
- •1.6.1 Жер қабығының негізгі геологиялық құрылымы мен оның ерекшелігі
- •1.6.2. Геотектоникалық гипотезалар
- •1.6. 3. Эндогенді және экзогенді үрдістер
- •1.6.4. Эндогенді үрдістер
- •1.6.5. Экзогенді үрдістер
- •1.7. Жер шарының геологиялық тарихы
- •1.7.1. Тау жыныстарының абсолютты жасы
- •1.7.2. Тау жыныстарының салыстырмалы жасы
- •1.7.3. Геохронологиялық шкала
- •1.7.4. Төрттік кезеңдегі жер қабығының даму ерекшеліктері
- •1.7.5. Геоморфология туралы негізгі мәліметтер
- •1.7. 6. Геологиялық карта.
- •3.15. Топырақтарды агроөндісітік топтарға бөлу және бонитировкалау
- •3.15.1.Топырақтарды агроөндiрiстiк топтарға бөлу
- •3.15.2. Топырақ бонитировкасы
- •2.1.Топырақтану пәні жєне оныњ міндеттері
- •2.1.1.Топырақ ерекше табиғи дене
- •2.1.2. Топырақтың табиғаттағы орны мен маңызы
- •2.1.3.Топырақтың адам өміріндегі алатын орны
- •2.1.4. Топырақтың экологиялық қызметі
- •2.1.5. Топырақтанудың басқа ғылымдармен байланысы, оның басты ғылыми салалары, зерттеу әдістемелері
- •2.1.6. Топырақтану ғылымының даму тарихы
- •Қазақстан топырақтарын зерттеу тарихына қысқаша шолу
- •2.2.1. Топырақ құралу үрдістері
- •2.2.2. Топырақтың морфологиялық белгілері
- •2. 3. Топырақтың минералды бөлігі
- •2. 3.1. Топырақтың қ±рамды бµліктері
- •2.3.2. Минералдық бөліктің құрамы
- •2. 3. 3. Гранулометриялық ќ±рамы
- •Ќарай жіктеу
- •Бақылау сұрақтары
- •2.4. Топырақтың органикалыќ бµлігі
- •2.4.1. Қарашіріндініњ т‰зілуі
- •2.4.2. Қарашіріндініњ мµлшері
- •2.4.3. Топыраќтыњ органикалыќ бµлігініњ маңызы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.5. Топырақтың химиялыќ ќ±рамы
- •2.5.2. Топырақтағы химиялық қосылыстар
- •Бақылау сұрақтары
- •2.6 Топыраќтыњ сіњіру қабілеті
- •2.6.1. Топыраќ коллоидтары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.7. Топырақтың түйіртпектілігі
- •2.7.1. Топыраќтыњ түйіртпектілігі жєне оныњ агрономиялық мањызы
- •2.7.2. Түйіртпектің пайда болуы және оны жақсарту жолдары
- •2.8.2. Топыраќтыњ жалпы физикалыќ жєне физикалыќ – механикалыќ ќасиеттері
- •2. 8.1. Жалпы физикалық қасиеттері
- •2.8.2. Физикалық- механикалық қасиеттері
- •Топтарѓа жіктеу (5)
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топыраќтаѓы ылѓал
- •2.9.1. Топырақтағы ылғалдың категориялары, түрлері
- •2.9.2.Топыраќтыњ ылѓалдылыќ ќасиеттері
- •2.9.3. Топыраќтаѓы ылѓалдыњ µсімдіктерге тиімділігі жєне т±раќты ылѓалдыќ кµрсеткіштері
- •2.9.4. Топыраќтыњ су режимі жєне оны реттеу жолдары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топырақтың ауасы және жылу режимі
- •2.9.1. Топырақтың ауасының маңызы, құрамы, құбылымы
- •2.9.2.Топырақтың жылу режимі
- •Бақылау сұрақтары
- •2.10. Топырақ ерітіндісі және тотығу-тотықсыздану үрдістері
- •2.10.1. Топырақ ерітіндісінің құрамы, қасиеттері
- •2.10.2. Тотығу- тотықсыздану үрдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •2.11. Топырақ құнарлылығы
- •2.11.2. Топырақ құнарлылығының түрлері
- •2.11.2 Топырақ құнарлылығын өндіру
- •2.11.3. Құнарлылықтың өзгеруі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1.Топырақ жаратылысының факторлары
- •3.1.1. Аналық тау жыныстары
- •3.1.2. Климат
- •3.1.3. Биологиялық фактор
- •3.1.4. Жер бедері. Аймақтыњ геологиялық жасы
- •3.1.5. Адамзат қоғамының әсері
- •3.2. Топырақтардың жіктелуі, географиялық таралу заңдылықтары
- •3.2.1. Топырақтарды жіктеудің принциптері, таксономиялық бірліктер
- •3.2.2. Қазақстан топырақтарын жіктеу жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.2.2. Топырақтардың таралу заңдылықтары
- •3.2.3. Топырақ жамылғысы құрылымы
- •3.2.4. Қазақстанның топырақ-географиялық аймақтары
- •3.3. Тайгалы-орман аймағының топырақтары
- •3.3.1. Топырақ құралу жағдайлары
- •3.3.3. Шымды топырақтар
- •3.3.4. Шымды –күлгін топырақтар
- •3.4. Батпақты топырақтар
- •3.5. Жалпақ жапырақты ормандардың қоңыр топырағы
- •3.6. Орманды - дала және дала аймақтары топырақтары
- •3.6.1. Орманды-дала аймағының сұр ормандық топырағы
- •3.6.2. Орманды- дала және дала аймақтарының қара топырақтары
- •3.6.4. Қара топырақтың типшелері
- •3.8. Қуаң дала және шөл дала аймағының қара қоңыр топырақтары
- •3.7.1. Қара-қоңыр топырақтың морфологиялық белгілері және генезисі
- •3.7.2. Қара-қоңыр топырақтың классификациясы
- •3.8. Тұзданған топырақтар
- •3.8.1. Сор топырақтар
- •3.8.1. Кебір топырақтар
- •3.8.3. Шақат топырақтар
- •Бақылау сұрақтары
- •3.9. Шөл аймағының топырақтары
- •3.9.1. Қоңыр топырақтың жаратылуы және морфологиялық белгілері, қасиеттері
- •3.9.2. Тақырлар мен тақыртәріздес топырақтар
- •3.9.3. Шөл аймағы топырақтары жамылғысы құрылымы және оларды пайдалану ерекшеліктері
- •3.10. Тау етегінің шөлді –дала аймағының топырақтары
- •3.11. Ылғалды субтропика аймағының топырақтары
- •3.12. Өзен жайылмасы топырақтары
- •3.13. Таулы өлке топырақтары
- •3.13.1. Қазақстандағы Тянь-Шань және Алтай таулары топырақтары
- •13.3.2. Кавказ таулары топырақтары
- •3.13.3. Қырым және Карпат таулары топырақтары
- •3.14. Топырақ эрозиясы және олармен күресу жолдары
- •3.14.1. Қазақстанның жер қоры және оның экологиялық мәселелері
- •3.14.2. Топырақ эрозиясының түрлері және олардың зияны
- •3.14.3. Топырақтың жел және су эрозиясына шалдығу
- •3.14.4. Топырақты қорғау
- •3.14.5. Топырақ рекультивациясы
- •Бақылау сұрақтары
- •3.16. Дүние жүзі жер қоры және топырақтарының қысқаша сипаттамасы
- •3.16.1. Тропикалық белдеудің топырақ жамылғысы
- •3.16.2.Тропикалық ксерофиттті –орман және саванна аймақтары
- •3.16.3. Субтропика белдеуінің топырақтары
- •3.16.4. Суббореалды белдеудің топырақтары
- •3.16.5. Бореалдық белдеудің топырақтары
- •3.16.6. Полярлық белдеуінің топырақтары
- •Е) гумин және фульвоқышқылдар бірдей мөлшерде
3.4. Батпақты топырақтар
ТМД елдерінің тайгалы орман және тундра аймақтарында батпақты топырақтар жиі кездеседі. Осы топырақтардың алып жатқан жер көлемі 100млн. гектарға жақын. Әсіресе Батыс Сібір аумағында бұл топырақтар көп тараған.
Қазақстанда батпақты топырақтар сирек кездеседі. Олар өзен мен көлдердің жағалауындағы ылғалдылығы артық болып қалыптасқан ойпаттарда тау аңғарындағы ойпатшаларда орналасқан. Шалғынды-батпақты, батпақты топырақтар Қазақстанда 3млн. 121мың гектар ауданды (барлық топырақтар ауданының 1,3%) құрайды.
Батпақты топырақтардың жаралуы топырақ қабатында артық ылғалдылықтың болуымен байланысты. Артық ылғалдылық климаттың ылғалды болуымен немесе ыза сулардың жер бетіне өте жақын орналасуы себепті қалыптасуы мүмкін. Сонымен бірге артық ылғалдылық жер бедерінің ойпатты, төмен аумағына қыраттардан жер беті суларының, жауын-шашын суларының жиналуы арқылы пайда болу мүмкіншілігі бар.
Батпақты топырақтардың жаралуына екі үрдіс әсер етеді. Бірінші үрдіс-шымтезек құралу; екіншісі–глейлену (қопалану). Осы аталған екі үрдісті біріктіріп, батпақтану үрдісі деген ұғым жиі қолданылады.
Шымтезектену үрдісі дегеніміз артық ылғалдылық әсерінен қарашірінді түзілуімен минералдану құбылыстарының қарқыны бәсеңдеп, топырақтың үстіңгі бетінде шала ыдыраған өсімдік қалдықтарының (шымтезектің) жиналуы. Ылғал көбейіп батпақтанудың алғашқы кезеңінде бұл жерге ылғал сүйгіш автоторфты өсімдіктер қоныстанады, кейіннен батпақтанудың келесі сатысы кезеңінде, бұл жерге жасыл мүктер, көкек зығыры, ал-ақырғы кезеңінде ақ мүк–сфагнум қоныстанады.
Шымтезек түзілуіне қатысатын шөптесін өсімдіктер: қияқөлең, ұлпабас, қамыс, қоға, құрақ, қырықбуын, т.б. Ал ағаш және бұта өсімдіктерден кездесетіндері: мүкжидек, көкбұта, шілік, тал, қайың, қарағай.
Мол ылғал әсерінен топырақ қабаттарында оттегінің жетіспеушілігі байқалып, тотығу үрдістерінің екпіні баяулап, органикалық заттар толық ыдырамайды. Төменгі молекулалы органикалық қышқылдар (май, сірке, сүт, қышқылдары) аралық өнімдер ретінде пайда болады. Осы қышқылдар топырақтағы микроорганизмдердің тіршілігіне кері әсерін тигізіп, органикалық заттардың ыдырауын одан әрі тежейді. Сөйтіп топырақ қабатында шала ыдыраған органикалық заттардан құралған шымтезек қабаты пайда болады. Оның қалыңдығы кейбір жағдайда 10м-ден артық болуы мүмкін.
Негізінен шымтезектену әртүрлі микроорганизмдердің қатысуымен өтетін күрделі биохимиялық үрдіс болып саналады.
Глейлену (қопалану) үрдісі Г.Н.Высоцскийдің тұжырымдануы бойынша оттегі жетіспеушілік жағдайында органикалық заттардың аноэробты микроорганизмдермен ыдырауы әсерінен темір тотығының темірдің шала тотығына айналып топырақтың төменгі қабаттарына шайылуы құбылыстары. Бұл күрделі биохимиялық тотықсыздану құбылысы және ол артық ылғалдылық жағдайда органикалық заттар мен анаэробты микроорганиздердің қатысуын қажет етеді.
Ылғалдылық артық болған жағдайда топырақтағы темір тотығы (Fe2O3) темірдің шала тотығына (FeO) айналады және әрі қарай бұл шала тотық топырақтағы кремнезем, глинезем сияқты заттармен әрекеттесіп, туынды минералдар-алюмоферрисиликаттар түзеді. Бұл жаңадан пайда болған заттардың түсі, темір тотықтары сияқты қызғылт, сарғыш немесе ақшылт-жасыл, көгілдір–жасыл, көкшіл реңді болады. Міне осы туынды минералдар шоғырланған қабат глейленген қабат болып есептеледі.
Глейлену үрдісі топырақтың агрономиялық қасиеттерін нашарлатады. Сондықтан бұл құбылысты тежеу үшін топырақтың ылғалдылық және ауа режімдерін реттейтін шараларды соның ішінде топырақты құрғату жұмыстарын қолдану қажет.
Батпақтар типтерге өсімдіктердің сипатына пайда болуына және олардың орналасу мекеніне байланысты келесідей болып жіктеледі: жоғары орналасқан батпақтар; төмен орналасқан батпақтар; аралық батпақтар.
Жоғары орналасқан батпақтар суайрықтарда, яғни биіктеу орналасқан жер бедерлерінде қалыптасады. Олар тек атмосферадан түсетін ылғалмен қоректенеді сондықтан минералды элементтерге кедей болады. Өсімдіктері сфагнум мүгі, бұталар және тапал бойлы әлсіз дамыған қайыңдар мен қарағайлар.
Төмен орналасқан батпақтар жер бедері ойпатты келетін аумақта және өзен аңғарларында, сағаларында қалыптасады. Олар минералданған ащы жер асты суларымен қоректенеді. Төмен орналасқан батпақтарда шөптесін өсімдіктер (қияқөлең, қамыс, ұлпабас) немесе мүктер басым дамыған болады, кейде ағаш өсімдіктер (қара қандыағаш) өседі.
Аралық батпақтар жер бедері аса көтеріңкіде аса төменде емес болып келген аумақта пайда болады. Олар әлсіз минералданған ыза сулармен қоректенеді. Өсімдіктері кейбір жағдайда шөптесін өсімдіктермен мүктерден құралады, ал кейде ағаштардан (шырша, қайың) және жақсы дамыған мүктерден құралады.
Батпақты топырақтардың құрылысы мен қасиеттері. Батпақты топырақ кескінінің құрылысы келесідей:
А0 (ОМ) -Т - G-С
А0-орман төсеніші немесе ОМ-шөп-мүк қалдығы;
Т-шымтезек қабаты, ол шала ыдыраған (шымтезекті –Т) немесе орташа ыдыраған (шірінділі-шымтезекті ТПТ), ал кейде толық ыдыраған (шірінділі-ТП) болады.
G-глейленген қабат, шала темір тотықтарының жылжымалы қосылыстары бар, түсі ақшылт-жасыл, көгілдір-жасыл, көгілдір, тығыздалған, физикалық қасиеттері нашар.
С-аналық тау жынысы (34-сурет).
Батпақты топырақтардың шымтезек қабаты негізінен органикалық заттардан құралған. Жоғары орналасқан батпақтардың шымтезек қабатында қарашірінділі заттар 10-15% (барлық органикалық заттардан) және құрамында фульвоқышқылдар мол. Ал төмен орналасқан батпақты топырақтардың шымтезек қабатында қарашірінділі заттар 40-50% құрайды және құрамында гумин қышқылдары басым болады.
Батпақты топырақтардың шымтезегі құрамында азот мол болады жоғарғы батпақтарда (0,5-2,0% төменгі батпақтар шымтезегінде 3-4%).
Шымтезек қабаттың реакциясы жоғарғы батпақтарда қышқыл, өте қышқыл, ал төменгі батпақтарда сәл қышқылдан сәл сілтілегенге дейін болады. Шымтезек қабаттың сіңіру қабілеті өте жоғары (80-90-нан 130-200м-экв 100г топырақта). Негіздермен қанығуы төменгі батпақтар шымтезегінде 70-100%, ал жоғарғы батпақтар шымтезегінде 10-30%.
Жоғары орналасқан батпақтар шымтезегінде күл мөлшері 2-5% төмен орналасқан батпақтар шымтезегінде 5-10%, ал аралық батпақтар шымтезегінде 30-50% болады. Бұл күлдің құрамында фосфор, калий және кальций элементтері әр түрлі дәрежеде болып келеді. Әсіресе шымтезек күлінде калий шамалы болады.
Шымтезек қабатының ерекше физикалық қасиеттері бар. Олар: тығыздылығы өте төмен; су сыйымдылығы өте жоғары (400-1200%); ылғал жылу өткізгіштігі нашар. Құрғақ күйінде шымтезек қабаты газдарды мол сіңіреді. Батпақты топырақтар жіктелуі келесідей:
Типтері:
-жоғары батпақты
-төменгі батпақты
-Жоғары батпақты топырақтардың типшелері:
-батпақты шымтезекті глейлі
-жоғарғы батпақты шымтезекті.
Төменгі батпақты топырақтардың типшелері:
-төменгі құнарсызданған шымтезекті –глейлі;
-төменгі (нағыз) шымтезекті-глейлі;
-төменгі (нағыз) шымтезекті.
Тектерге және түрлерге химиялық құрамына, өсімдіктеріне, шымтезек қабатының қалыңдығына және шымтезек қабатының ыдырау дәрежесіне қарай жіктеледі.
Батпақты топырақтарды және шымтезекті пайдалану екі бағытта іске асырылуы мүмкін. Бірінші бағыты–шымтезекті қабатты дайындап, өндіріп органикалық тыңайтқыш ретінде пайдалану. Екінші–бағыты батпақты топырақтарды құрғатып, содан кейін оларды ауылшаруашылық танаптар ретінде не егістік жерге, немесе мал жайылымына, шабындыққа айналдыру. Органикалық тыңайтқыш ретінде жақсы ыдыраған төменгі орналасқан батпақтардың шымтезегін қолданады. Ал аз ыдыраған шымтезекті мал фермаларында төсеніш ретінде қолданады және олардан қоспа тыңайтқыш дайындайды. Яғни шымтезекке әк, фосфор ұнын, минералды тыңайтқыштарды және көңді араластырып қоспа тыңайтқыш дайындайды.
Бақылау сұрақтары
1. Шымтезек құралу үрдісіне сипаттама беріңіз.
2. Глейлену үрдісіне сипаттама беріңіз.
3.Батпақты топырақтардың құрылысы және қасиеттері жөнінде баяндаңыз.
4. Батпақты топырақтарды игеріп, пайдалану ерекшеліктері қандай?
