- •1.1.1. Геология ғылымының дамуының қысқаша тарихы
- •1.2. Жердің пайда болуы, құрылысы мен құрамы.
- •1.2.1. Әлемдік кеңістікте Жердің және Күн жүйесінің орны.
- •1.2. 2. Космогендік гипотезалар
- •1.2.3. Жердің пішіні, физикалық қасиеттері және химиялық құрамы
- •Магнитті еңкейю магнитті стрелканың көкжиекке еңкею бұрышы. Картада бірдей септелулерді жалғастыратын сызықтарды изогон дейді, бірдей еңкеюлерді жалғастыратын нүктелерді изоклин деп атайды
- •1.3 Жердің сыртқы және ішкі қабаттарының құрамы
- •1.3.1. Жердің сыртқы қабаттары
- •1.3.2. Жердің ішкі қабаттары
- •1.4 Минералдар туралы ілім
- •1.4.1. Минералдар және олардың топырақ түзілуіндегі маңызы
- •Туынды (экзогенді) минералдар - жер бетінде, атмосферамен, биосферамен және гидросферамен әрекеттесіп, көбінесе бастапқы минералдардың бұзылуынан пайда болады.
- •1.4.2.Заттардың кристаллдық және аморфты құрылымы
- •1.4.3. Минералдардың физикалық қасиеттері
- •1.4.5. Минералдардың негізгі класстарын сипаттау
- •1.5. Тау жыныстары.
- •1.5.1. Магмалық тау жыныстары
- •1.5. 2. Шөгінді тау жыныстары
- •1.5.3. Метаморфты тау жыныстары.
- •1.6. Геологиялық құбылыстар
- •1.6.1 Жер қабығының негізгі геологиялық құрылымы мен оның ерекшелігі
- •1.6.2. Геотектоникалық гипотезалар
- •1.6. 3. Эндогенді және экзогенді үрдістер
- •1.6.4. Эндогенді үрдістер
- •1.6.5. Экзогенді үрдістер
- •1.7. Жер шарының геологиялық тарихы
- •1.7.1. Тау жыныстарының абсолютты жасы
- •1.7.2. Тау жыныстарының салыстырмалы жасы
- •1.7.3. Геохронологиялық шкала
- •1.7.4. Төрттік кезеңдегі жер қабығының даму ерекшеліктері
- •1.7.5. Геоморфология туралы негізгі мәліметтер
- •1.7. 6. Геологиялық карта.
- •3.15. Топырақтарды агроөндісітік топтарға бөлу және бонитировкалау
- •3.15.1.Топырақтарды агроөндiрiстiк топтарға бөлу
- •3.15.2. Топырақ бонитировкасы
- •2.1.Топырақтану пәні жєне оныњ міндеттері
- •2.1.1.Топырақ ерекше табиғи дене
- •2.1.2. Топырақтың табиғаттағы орны мен маңызы
- •2.1.3.Топырақтың адам өміріндегі алатын орны
- •2.1.4. Топырақтың экологиялық қызметі
- •2.1.5. Топырақтанудың басқа ғылымдармен байланысы, оның басты ғылыми салалары, зерттеу әдістемелері
- •2.1.6. Топырақтану ғылымының даму тарихы
- •Қазақстан топырақтарын зерттеу тарихына қысқаша шолу
- •2.2.1. Топырақ құралу үрдістері
- •2.2.2. Топырақтың морфологиялық белгілері
- •2. 3. Топырақтың минералды бөлігі
- •2. 3.1. Топырақтың қ±рамды бµліктері
- •2.3.2. Минералдық бөліктің құрамы
- •2. 3. 3. Гранулометриялық ќ±рамы
- •Ќарай жіктеу
- •Бақылау сұрақтары
- •2.4. Топырақтың органикалыќ бµлігі
- •2.4.1. Қарашіріндініњ т‰зілуі
- •2.4.2. Қарашіріндініњ мµлшері
- •2.4.3. Топыраќтыњ органикалыќ бµлігініњ маңызы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.5. Топырақтың химиялыќ ќ±рамы
- •2.5.2. Топырақтағы химиялық қосылыстар
- •Бақылау сұрақтары
- •2.6 Топыраќтыњ сіњіру қабілеті
- •2.6.1. Топыраќ коллоидтары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.7. Топырақтың түйіртпектілігі
- •2.7.1. Топыраќтыњ түйіртпектілігі жєне оныњ агрономиялық мањызы
- •2.7.2. Түйіртпектің пайда болуы және оны жақсарту жолдары
- •2.8.2. Топыраќтыњ жалпы физикалыќ жєне физикалыќ – механикалыќ ќасиеттері
- •2. 8.1. Жалпы физикалық қасиеттері
- •2.8.2. Физикалық- механикалық қасиеттері
- •Топтарѓа жіктеу (5)
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топыраќтаѓы ылѓал
- •2.9.1. Топырақтағы ылғалдың категориялары, түрлері
- •2.9.2.Топыраќтыњ ылѓалдылыќ ќасиеттері
- •2.9.3. Топыраќтаѓы ылѓалдыњ µсімдіктерге тиімділігі жєне т±раќты ылѓалдыќ кµрсеткіштері
- •2.9.4. Топыраќтыњ су режимі жєне оны реттеу жолдары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топырақтың ауасы және жылу режимі
- •2.9.1. Топырақтың ауасының маңызы, құрамы, құбылымы
- •2.9.2.Топырақтың жылу режимі
- •Бақылау сұрақтары
- •2.10. Топырақ ерітіндісі және тотығу-тотықсыздану үрдістері
- •2.10.1. Топырақ ерітіндісінің құрамы, қасиеттері
- •2.10.2. Тотығу- тотықсыздану үрдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •2.11. Топырақ құнарлылығы
- •2.11.2. Топырақ құнарлылығының түрлері
- •2.11.2 Топырақ құнарлылығын өндіру
- •2.11.3. Құнарлылықтың өзгеруі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1.Топырақ жаратылысының факторлары
- •3.1.1. Аналық тау жыныстары
- •3.1.2. Климат
- •3.1.3. Биологиялық фактор
- •3.1.4. Жер бедері. Аймақтыњ геологиялық жасы
- •3.1.5. Адамзат қоғамының әсері
- •3.2. Топырақтардың жіктелуі, географиялық таралу заңдылықтары
- •3.2.1. Топырақтарды жіктеудің принциптері, таксономиялық бірліктер
- •3.2.2. Қазақстан топырақтарын жіктеу жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.2.2. Топырақтардың таралу заңдылықтары
- •3.2.3. Топырақ жамылғысы құрылымы
- •3.2.4. Қазақстанның топырақ-географиялық аймақтары
- •3.3. Тайгалы-орман аймағының топырақтары
- •3.3.1. Топырақ құралу жағдайлары
- •3.3.3. Шымды топырақтар
- •3.3.4. Шымды –күлгін топырақтар
- •3.4. Батпақты топырақтар
- •3.5. Жалпақ жапырақты ормандардың қоңыр топырағы
- •3.6. Орманды - дала және дала аймақтары топырақтары
- •3.6.1. Орманды-дала аймағының сұр ормандық топырағы
- •3.6.2. Орманды- дала және дала аймақтарының қара топырақтары
- •3.6.4. Қара топырақтың типшелері
- •3.8. Қуаң дала және шөл дала аймағының қара қоңыр топырақтары
- •3.7.1. Қара-қоңыр топырақтың морфологиялық белгілері және генезисі
- •3.7.2. Қара-қоңыр топырақтың классификациясы
- •3.8. Тұзданған топырақтар
- •3.8.1. Сор топырақтар
- •3.8.1. Кебір топырақтар
- •3.8.3. Шақат топырақтар
- •Бақылау сұрақтары
- •3.9. Шөл аймағының топырақтары
- •3.9.1. Қоңыр топырақтың жаратылуы және морфологиялық белгілері, қасиеттері
- •3.9.2. Тақырлар мен тақыртәріздес топырақтар
- •3.9.3. Шөл аймағы топырақтары жамылғысы құрылымы және оларды пайдалану ерекшеліктері
- •3.10. Тау етегінің шөлді –дала аймағының топырақтары
- •3.11. Ылғалды субтропика аймағының топырақтары
- •3.12. Өзен жайылмасы топырақтары
- •3.13. Таулы өлке топырақтары
- •3.13.1. Қазақстандағы Тянь-Шань және Алтай таулары топырақтары
- •13.3.2. Кавказ таулары топырақтары
- •3.13.3. Қырым және Карпат таулары топырақтары
- •3.14. Топырақ эрозиясы және олармен күресу жолдары
- •3.14.1. Қазақстанның жер қоры және оның экологиялық мәселелері
- •3.14.2. Топырақ эрозиясының түрлері және олардың зияны
- •3.14.3. Топырақтың жел және су эрозиясына шалдығу
- •3.14.4. Топырақты қорғау
- •3.14.5. Топырақ рекультивациясы
- •Бақылау сұрақтары
- •3.16. Дүние жүзі жер қоры және топырақтарының қысқаша сипаттамасы
- •3.16.1. Тропикалық белдеудің топырақ жамылғысы
- •3.16.2.Тропикалық ксерофиттті –орман және саванна аймақтары
- •3.16.3. Субтропика белдеуінің топырақтары
- •3.16.4. Суббореалды белдеудің топырақтары
- •3.16.5. Бореалдық белдеудің топырақтары
- •3.16.6. Полярлық белдеуінің топырақтары
- •Е) гумин және фульвоқышқылдар бірдей мөлшерде
3.5. Жалпақ жапырақты ормандардың қоңыр топырағы
Жалпақ жапырақты ормандардың қоңыр топырағы суббореалды биоклиматтық белдеуге жататын Батыс және Орталық Еуропа мен Қиыр Шығыста тараған. Бұл топырақтар Ресейдің Калинград облысында, Белорусс мемлекетінде, Ресейдің Хабаровск өлкесі мен Амур облысындағы тау аңғарлары жазықтықтарында, Кавказ және Карпат тауларында кездеседі. ТМД елдерінде осы топырақтар 20 млн. гектардай аумақты қамтиды.
Топырақ құралу жағдайлары. Ауа райы қоңыржай–жылы, ылғалды. Батыс Кавказ таулары бөктерінде жылына 700-900 мм жауын-шашын түседі, булану 600-700мм. Қиыр Шығыс өлкесінде жауын-шашын 450-600мм, булану- 430-550мм болады. Осындай жауын-шашын және булану мөлшері топырақта шайылмалы су режимін қалыптастырады. Жыл ішінде ауаның белсенді температурасы (>100С) 1800-40000 болады. Жазы жылы, қысы жұмсақ. Топырақтың тоңазуы Калининград облысы және Қиыр Шығыс өлкесінде байқалады, ал басқа аумақтарда бұл топырақтар қатпайды. Осындай климат жағдайлары әсерінен бұл топырақтарда биологиялық үрдістер жыл бойы жүреді. Топырақтың түзілуі және үгілу үрдістері орташа жылдамдықта өтіп жатады.
Топырақ түзуші тау жыныстарының құрамы және пайда болу тегі әр түрлі болып келеді. Көбінесе олар балшықты-саздақты, қиыршық тасты элювий, шөгінді және магмалық тау жыныстарының элювийлі-делювийлі шөгінділері. Сонымен бірге силикатты, алюмосиликатты бастапқы және туынды минералдардан құралған мұздықтар әсерінен пайда болған саздақтар мен балшықтар. Осындай бай минералды құрамы бар және енжар кремнеземге кедей аналық тау жыныстары бұл жерлерде қоректік заттарға бай және элювиальді үрдістерге төзімді топырақтардың құралуының негізі болады.
Бұл өңірлердің өсімдіктері жамылғысы негізінен шамшат- еменді, еменді, еменді-грабты, шамшат-шағанды ормандар. Кавказ өңірінде шырша, майқарағай, ал Қиыр Шығыста-Саян шыршасы, майқарағай, емен, үйеңкі, жөке сияқты ағаштардан құралған ормандар тараған. Жыл сайын топырақ бетіне түсетін жапырақ қалдықтары шамамен 8т/га құрайды. Бұл қалдықтар құрамында күлді элементтер мол болады.
Ормандардың қоңыр топырағының жаратылуы, құрылысы және қасиеттері. Бұл топырақ қоңыр топырақ құралу үрдісі әсерінен қалыптасады. Осы топырақ жаратылу үрдісінің ерекшеліктері келесідей:
-топырақ құралу үрдісінің негізі қарашірінді жиналу, балшықтану және лессиваж құбылыстарынан құралған;
-жалпақ жапырақты, қылқанды-жалпақ жапырақты ормандар, кейде шөптесін өсімдіктері дамыған бұл ормандар астында азотты-кальцийлі биологиялық заттар айналымының көлемді болуы;
-топырақ кескінің су мен терең шайылуы және шайылмалы су режімінің байқалуы:
-тік және көлденен бағытта топырақтың жақсы құрғатылуы;
-балшықтану үрдісінің және биологиялық зат айналымының белсенді жүруін қамтамасыз ететін ұзақ жыл мерзімнің болуы;
Балшықтану үрдісі-топырақта майда бөлшекті туынды минералдардың пайда болуы. Бұл туынды минералдар бір жағынан бастапқы минералдардың үгілуінен, ал екінші жағынан органикалық қалдықтар ыдырауы кезінде синтезделіп құралуы мүмкін. Балшықтану үрдісіне топырақтың әр қашанда ылғалды және оның температурасының оң көрсеткішті болуы әсерін тигізеді. Сонымен бірге балшықтану үрдісіне микроорганизмдер және өсімдіктердің, олардың ыдырау өнімдерінің жақсы ықпалы болады. Балшықтану топырақтың ортаңғы қабаттарында белсенді жүреді, өйткені осы қабатта оңтайлы ылғалдылықпен топырақ температурасы қалыптасқан. Бұл үрдіс әсерінен топырақта тозаң бөлшектер, темір, алюминий, марганец, фосфор, магний, кальций және басқа элементтер жинақталады.
Орманның қоңыр топырақтарында орман ішіндегі шөптесін өсімдіктері әсерінен шымдану үрдісіде әр түрлі дәрежеде байқалады. Сонымен бірге лессиваж құбылысы, яғни балшықты заттардың су ағынымен механикалық жолмен топырақтың төменгі қабаттарына шайылуы байқалады.
Орманның қоңыр топырақтары (жіктелмеген) кескіні келесідей генетикалық қабаттардан құралған (В.Ф. Вальков ж.т.б., 2004)
А0 -А0 А1- А1Вt-- А1- Вt-ВС-С
А0 - орман төсеніші
А0А1–нашар қарашірінділі қабат, күңгірт–сұр түсті, тығыздалмаған, қуаты 1-5см.
А1-қарашірінділі қабат, күңгірт-қоңыр немесе ақшылт-қоңыр, тығыздалмаған, кесекті немесе дәнше құрылымды, саздақты. Қуаты 10-20см.
А1 Вt – қарашірінділі –метаморфты (өзгерген) қабат, қуаты 20-30см.
Вt – метаморфты (өзгерген) қабат, қоңыр немесе күрең–қоңыр, ауыр саздақты, кесекті–жаңғақты немесе дәнше-жаңғақты құрылымды тығыздалған. Құрылым түйіршіктері қабырғасында органикалық-минералды заттар жұғындысы бар. Тозаң бөлшектер шоғырланған қабат. Қуаты 20-30см.
ВС- аралық қабат
С- аналық тау жынысы
Орманның қоңыр топырағының химиялық физикалық қасиеттері жақсы болып келеді. А1 қабатында қарашірінді мөлшері 3-4%-дан 10-12%-ға дейін болуы мүмкін. Қарашірінді типі фульватты (СГК: СФК <0,5).
Алмаспалы сіңген катиондар көлемі 20-25м-экв 100г топырақта және олардың құрамында кальций катионы басым. Негіздермен кішкене қанықпаған. Топырақ ерітіндісінің реакциясы әлсіз қышқыл.
Ылғалдылық-физикалық қасиеттері оңтайлы болып қалыптасқан. Ылғал сыйымдылығы мол және су өткізгіштігі жақсы. Осындай қасиеттердің қалыптасуына төзімді кесекті құрылымның топырақтың барлық қабаттарында жақсы дамуы себепкер болады.
Орманның қоңыр топырақтарын пайдалану. Бұл топырақтар жер бедері оңтайлы болып келсе жыртып, егіншілікте пайдалануға қолайлы, табиғи құнарлығы жақсы. Топырақтың тиімді құнарлылығын арттыру үшін органикалық және минералды тыңайтқыштарды жүйелі түрде пайдалану керек және бұл топырақтар аздап әк шашуды қажет етеді. Ылғалдылық және жылу режімдері жақсы болып қалыптасқан. Көптеген дақылдар үшін қолдан суландыру қажет емес. Әсіресе бұл топырақтар жеміс-жидек ағаштарын өсіруге қолайлы. Жүзім бұталары осы топырақтарда жақсы өнім береді. Орман ағаштарының өнімділігі өте жоғары.
Бұл топырақтардың физикалық қасиеттері, су өткізгіштігі жақсы болғандықтан бұл жерлерде топырақтың су және жел эрозиясына шалдығуы байқалмайды.
Бақылау сұрақтары
1. Ормандардың қоңыр топырағы жаратылуы үрдісінің ерекшеліктерін атаңыз.
2. Орманның қоңыр топырағының негізгі қасиеттерін сипаттаңыз.
3. Ауыл шаруашылығында орманның қоңыр топырақтарын пайдалану жөнінде баяндаңыз.
