Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
topyrak_tanu_zh_ne_geologiya_negizderi / Топыра тану ж не геология нег здер.doc
Скачиваний:
636
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
45.3 Mб
Скачать

3.2.2. Қазақстан топырақтарын жіктеу жүйесі

Қазақстан топырақтарын классификациялау жұмыстарын белгілі ғылымдар К.Д. Глинка (1923), Е.В. Лобова (1948), Ө.О. Оспанов (1976), С.И. Соколов, М.А. Глазовская (1948, 1952), А.А. Соколов (1977, 1980, 1987), А. Мамытов (1982) т.б. жүргізді.

«Қазақ Республикасы топырақтары» атты 1960-1983 жылдары басылып шыққан 14 томдық монографияларда және 1981 жылы жарық көрген «Қазақстанның жазықтық жерінің топырақтарының тізімі және диагностикалық белгілері» атты кітапта топырақтанушы ғылымдарымыздың Қазақстан топырақтарының классификациясы және систематикасы саласындағы еңбектері қорытындыланды. Сөйтіп еліміздің топырақтарын классификациялаудың және топырақ номенклатурасының ғылыми негізі орнықты түрде қалыптасты. Елімізде топырақтардың аймақтық таралу заңдылықтары, топырақ жамылғысының ерекшеліктері анықталды. Топырақтың түзілуімен қасиеттерінің қалыптасуы қоршаған географиялық-экологиялық ортамен тығыз байланысты болып келетіндіктен Қазақстан топырақтарын классификациялаудың негізі экологиялық- генетикалық бағытта құрылған. Қазақстанның барлық топырақтары аймақтық және интрааймақтық топырақтар топтарына бөлінеді. Олар автоморфты, жартылай гидроморфты және гидроморфты қатарларға жіктеледі.

Аймақтық топырақтарға жекелей ландшафта топырақ түзілуінің биоклиматтық жағдайының ерекшелігіне байланысты қалыптасып, кең аумақта кездесетін топырақтар тобы жатады. Мысалы: қара топырақ, қара-қоңыр топырақ.

Интрааймақтық топырақтарға аймақтық топырақ жамылғысы ішінде кездесетін, көбінесе кішкене аумақты алып жататын барлық басқа топырақтар жатады. Олар осы аймақ ішінде топырақ түзуші тау жынысының немесе топырақтың ылғалдануының ерекшелігіне байланысты түзілген болып келеді. Мысалы: шалғынды топырақ, кебірлер, сортаң топырақ.

Топырақтардың қатарларға жіктелуі олардың табиғи ылғалдануына байланысты. Автоморфты топырақтар көтеріңкі жазықтықтар мен беткейлерде кездеседі. Бұл топырақтардың түзілуіне қосымша ылғалдың және тереңде жатуына байланысты ыза судың әсері болмайды.

Жартылай гидроморфты топырақтар ыза су жер бетінен 3-5 метр тереңдікте болып топырақ түзілуіне әсер етуі және сонымен бірге топырақтың үстіне қосымша жиналатын ылғал әсері бар жерлерде қалыптасады.

Гидроморфты топырақтар ыза су жер бетіне жақын орналасқан (1-3 метр тереңдікте болатын), сонымен бірге қосымша ылғал жиналатын ойпат жерлерде кездеседі. Осы ылғал топырақтың қасиеттерінің қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді.

Қазақстанның жазықтық жерінде және таулы өлкесінде кездесетін топырақтарды классификациялау нұсқасы 29 және 30-кестелерде келтірілген.

29-кесте. Қазақстанның жазықтық жерінде кездесетін топырақтарды классификациялау нұсқасы (37)

Автоморфты қатар

Жартылай гидроморфты қатар

Гидроморфты қатар

Тип

Типше

Тип

Типше

Тип

Типше

1

2

3

4

5

6

Орман

дық сұр топы

рақ

Ашық сұр

Сұр

Күңгірт сұр

Шалғын

ды қара топырақ, Қара- қоңыр, қоңыр топырақ

Шалғын-

ды топырақ

Қара топырақ; Қара-қоңыр; Қоңыр

Қара топы

рақ

Сілтісізден

ген, кәдімгі, Оңтүстік

Кебірлер

Шалғын

ды қара топырақты

Шалғын

ды батпақты

Қара топырақ; Қара қоңыр, Қоңыр-топырақ

Қоңыр топы

рақ

Күңгірт

қара- қоңыр,

Қара- қоңыр;

Ашық

қара қоңыр

Шалғын

ды қара-

қоңыр топырақты

Батпақты

Қара топырақ, Қара қоңыр; Қоңыр топырақ

Қоңыр топы

рақ

Қоңыр топырақ

Сұр қоңыр топырақ

Шалғын

ды қоңыр топырақты

Жайылма топырағы

Орманды-шалғынды; Тоғайлық; Далаланған

Тақыр

тәрізді

топы

рақ

Шөлденген топырақ

Шөл

дің құм топыра

ғы

Тақырлар

Шалғынды қара топырақ

Кебір

лер

Қара топырақты

Қара қоңыр

Қоңыр

Шақат топырақ

Шалғынды қара қоңыр;

Шалғынды қоңыр

Орманды

Сортаң топы-

рақтар

Нағыз Қалдықты

Кебірлер

Сортаң топырақ

тар

Шымды;

Шалғынды

қара;

Шалғынды

қара қоңыр

Шалғынды қоңыр,

Шалғынды

Сор

Теңіз жағалауы

ның

30-кесте. Қазақстанның таулы өлкесінде кездесетін топырақтарды классификациялау нұсқасы (37)

Топырақтардың генетикалық типі

Аймақтық

Аймақ ішіндегі

Аймақаралық

Боз топырақ

Шалғынды боз топырақ

Орманның шалғынды

Күрең сұр

Шалғынды күрең сұр

Шалғынды топырақ

Күрең топырақ

Шалғынды күрең

Шалғынды батпақты

Қара күрең

Шалғынды қоңыр

Батпақты топырақ

Қоңыр топырақ

Шалғынды қара қоңыр

Жайылманың орманды шалғынды

Қара-қоңыр

Шалғынды қара топырақ

Жайылманың шалғынды

Даланың қара топырағы

Қара топырақ сияқты орманның глейлі топырағы

Жайылманың шалғынды батпақты

Орманды даланың қара топырағы

Орманның сұр глейлі топырағы

Жайылманың батпақты

Қара топырақ сияқты орманның топырағы

Биік таудың, күнгірт түсті топырағы

Ылғалды сортаң топырақ

Орманның сұр топырағы

Таудың шалғынды гидроморфты топырағы

Автоморфты кебірлер

Таудың дала топырағы

Таулы тундраның туынды топырағы

Жартылай гидроморфты кебірлер

Таудың шалғынды дала топырағы

Гидроморфты кебірлер

Таудың шалғынды орман топырағы

Тундраның глейлі топырағы

Нағыз сортаң топырақ

Таудың шымды топырағы

Қара топырақ сияқты таулы орман топырағы

Қалдықты сортаң топырақ

Таулы орманның күңгірт түсті топырағы

Сор топырақ

Таулы орманның күңгірт сұр түсті топырағы

Таулы тайганың топырақтары

Биік таулы дала топырағы

Биік таудың шалғынды дала топырағы

Таудың шалғынды топырағы

Таудың тундра топырағы