- •1.1.1. Геология ғылымының дамуының қысқаша тарихы
- •1.2. Жердің пайда болуы, құрылысы мен құрамы.
- •1.2.1. Әлемдік кеңістікте Жердің және Күн жүйесінің орны.
- •1.2. 2. Космогендік гипотезалар
- •1.2.3. Жердің пішіні, физикалық қасиеттері және химиялық құрамы
- •Магнитті еңкейю магнитті стрелканың көкжиекке еңкею бұрышы. Картада бірдей септелулерді жалғастыратын сызықтарды изогон дейді, бірдей еңкеюлерді жалғастыратын нүктелерді изоклин деп атайды
- •1.3 Жердің сыртқы және ішкі қабаттарының құрамы
- •1.3.1. Жердің сыртқы қабаттары
- •1.3.2. Жердің ішкі қабаттары
- •1.4 Минералдар туралы ілім
- •1.4.1. Минералдар және олардың топырақ түзілуіндегі маңызы
- •Туынды (экзогенді) минералдар - жер бетінде, атмосферамен, биосферамен және гидросферамен әрекеттесіп, көбінесе бастапқы минералдардың бұзылуынан пайда болады.
- •1.4.2.Заттардың кристаллдық және аморфты құрылымы
- •1.4.3. Минералдардың физикалық қасиеттері
- •1.4.5. Минералдардың негізгі класстарын сипаттау
- •1.5. Тау жыныстары.
- •1.5.1. Магмалық тау жыныстары
- •1.5. 2. Шөгінді тау жыныстары
- •1.5.3. Метаморфты тау жыныстары.
- •1.6. Геологиялық құбылыстар
- •1.6.1 Жер қабығының негізгі геологиялық құрылымы мен оның ерекшелігі
- •1.6.2. Геотектоникалық гипотезалар
- •1.6. 3. Эндогенді және экзогенді үрдістер
- •1.6.4. Эндогенді үрдістер
- •1.6.5. Экзогенді үрдістер
- •1.7. Жер шарының геологиялық тарихы
- •1.7.1. Тау жыныстарының абсолютты жасы
- •1.7.2. Тау жыныстарының салыстырмалы жасы
- •1.7.3. Геохронологиялық шкала
- •1.7.4. Төрттік кезеңдегі жер қабығының даму ерекшеліктері
- •1.7.5. Геоморфология туралы негізгі мәліметтер
- •1.7. 6. Геологиялық карта.
- •3.15. Топырақтарды агроөндісітік топтарға бөлу және бонитировкалау
- •3.15.1.Топырақтарды агроөндiрiстiк топтарға бөлу
- •3.15.2. Топырақ бонитировкасы
- •2.1.Топырақтану пәні жєне оныњ міндеттері
- •2.1.1.Топырақ ерекше табиғи дене
- •2.1.2. Топырақтың табиғаттағы орны мен маңызы
- •2.1.3.Топырақтың адам өміріндегі алатын орны
- •2.1.4. Топырақтың экологиялық қызметі
- •2.1.5. Топырақтанудың басқа ғылымдармен байланысы, оның басты ғылыми салалары, зерттеу әдістемелері
- •2.1.6. Топырақтану ғылымының даму тарихы
- •Қазақстан топырақтарын зерттеу тарихына қысқаша шолу
- •2.2.1. Топырақ құралу үрдістері
- •2.2.2. Топырақтың морфологиялық белгілері
- •2. 3. Топырақтың минералды бөлігі
- •2. 3.1. Топырақтың қ±рамды бµліктері
- •2.3.2. Минералдық бөліктің құрамы
- •2. 3. 3. Гранулометриялық ќ±рамы
- •Ќарай жіктеу
- •Бақылау сұрақтары
- •2.4. Топырақтың органикалыќ бµлігі
- •2.4.1. Қарашіріндініњ т‰зілуі
- •2.4.2. Қарашіріндініњ мµлшері
- •2.4.3. Топыраќтыњ органикалыќ бµлігініњ маңызы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.5. Топырақтың химиялыќ ќ±рамы
- •2.5.2. Топырақтағы химиялық қосылыстар
- •Бақылау сұрақтары
- •2.6 Топыраќтыњ сіњіру қабілеті
- •2.6.1. Топыраќ коллоидтары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.7. Топырақтың түйіртпектілігі
- •2.7.1. Топыраќтыњ түйіртпектілігі жєне оныњ агрономиялық мањызы
- •2.7.2. Түйіртпектің пайда болуы және оны жақсарту жолдары
- •2.8.2. Топыраќтыњ жалпы физикалыќ жєне физикалыќ – механикалыќ ќасиеттері
- •2. 8.1. Жалпы физикалық қасиеттері
- •2.8.2. Физикалық- механикалық қасиеттері
- •Топтарѓа жіктеу (5)
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топыраќтаѓы ылѓал
- •2.9.1. Топырақтағы ылғалдың категориялары, түрлері
- •2.9.2.Топыраќтыњ ылѓалдылыќ ќасиеттері
- •2.9.3. Топыраќтаѓы ылѓалдыњ µсімдіктерге тиімділігі жєне т±раќты ылѓалдыќ кµрсеткіштері
- •2.9.4. Топыраќтыњ су режимі жєне оны реттеу жолдары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топырақтың ауасы және жылу режимі
- •2.9.1. Топырақтың ауасының маңызы, құрамы, құбылымы
- •2.9.2.Топырақтың жылу режимі
- •Бақылау сұрақтары
- •2.10. Топырақ ерітіндісі және тотығу-тотықсыздану үрдістері
- •2.10.1. Топырақ ерітіндісінің құрамы, қасиеттері
- •2.10.2. Тотығу- тотықсыздану үрдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •2.11. Топырақ құнарлылығы
- •2.11.2. Топырақ құнарлылығының түрлері
- •2.11.2 Топырақ құнарлылығын өндіру
- •2.11.3. Құнарлылықтың өзгеруі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1.Топырақ жаратылысының факторлары
- •3.1.1. Аналық тау жыныстары
- •3.1.2. Климат
- •3.1.3. Биологиялық фактор
- •3.1.4. Жер бедері. Аймақтыњ геологиялық жасы
- •3.1.5. Адамзат қоғамының әсері
- •3.2. Топырақтардың жіктелуі, географиялық таралу заңдылықтары
- •3.2.1. Топырақтарды жіктеудің принциптері, таксономиялық бірліктер
- •3.2.2. Қазақстан топырақтарын жіктеу жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.2.2. Топырақтардың таралу заңдылықтары
- •3.2.3. Топырақ жамылғысы құрылымы
- •3.2.4. Қазақстанның топырақ-географиялық аймақтары
- •3.3. Тайгалы-орман аймағының топырақтары
- •3.3.1. Топырақ құралу жағдайлары
- •3.3.3. Шымды топырақтар
- •3.3.4. Шымды –күлгін топырақтар
- •3.4. Батпақты топырақтар
- •3.5. Жалпақ жапырақты ормандардың қоңыр топырағы
- •3.6. Орманды - дала және дала аймақтары топырақтары
- •3.6.1. Орманды-дала аймағының сұр ормандық топырағы
- •3.6.2. Орманды- дала және дала аймақтарының қара топырақтары
- •3.6.4. Қара топырақтың типшелері
- •3.8. Қуаң дала және шөл дала аймағының қара қоңыр топырақтары
- •3.7.1. Қара-қоңыр топырақтың морфологиялық белгілері және генезисі
- •3.7.2. Қара-қоңыр топырақтың классификациясы
- •3.8. Тұзданған топырақтар
- •3.8.1. Сор топырақтар
- •3.8.1. Кебір топырақтар
- •3.8.3. Шақат топырақтар
- •Бақылау сұрақтары
- •3.9. Шөл аймағының топырақтары
- •3.9.1. Қоңыр топырақтың жаратылуы және морфологиялық белгілері, қасиеттері
- •3.9.2. Тақырлар мен тақыртәріздес топырақтар
- •3.9.3. Шөл аймағы топырақтары жамылғысы құрылымы және оларды пайдалану ерекшеліктері
- •3.10. Тау етегінің шөлді –дала аймағының топырақтары
- •3.11. Ылғалды субтропика аймағының топырақтары
- •3.12. Өзен жайылмасы топырақтары
- •3.13. Таулы өлке топырақтары
- •3.13.1. Қазақстандағы Тянь-Шань және Алтай таулары топырақтары
- •13.3.2. Кавказ таулары топырақтары
- •3.13.3. Қырым және Карпат таулары топырақтары
- •3.14. Топырақ эрозиясы және олармен күресу жолдары
- •3.14.1. Қазақстанның жер қоры және оның экологиялық мәселелері
- •3.14.2. Топырақ эрозиясының түрлері және олардың зияны
- •3.14.3. Топырақтың жел және су эрозиясына шалдығу
- •3.14.4. Топырақты қорғау
- •3.14.5. Топырақ рекультивациясы
- •Бақылау сұрақтары
- •3.16. Дүние жүзі жер қоры және топырақтарының қысқаша сипаттамасы
- •3.16.1. Тропикалық белдеудің топырақ жамылғысы
- •3.16.2.Тропикалық ксерофиттті –орман және саванна аймақтары
- •3.16.3. Субтропика белдеуінің топырақтары
- •3.16.4. Суббореалды белдеудің топырақтары
- •3.16.5. Бореалдық белдеудің топырақтары
- •3.16.6. Полярлық белдеуінің топырақтары
- •Е) гумин және фульвоқышқылдар бірдей мөлшерде
3.15. Топырақтарды агроөндісітік топтарға бөлу және бонитировкалау
3.15.1.Топырақтарды агроөндiрiстiк топтарға бөлу
Топырақтарды агроөндiрiстiк топтарға бөлу дегеніміз оларды агрономиялық қасиеттерi мен ауыл шаруашылығында пайдалану ерекшелiктерiнің ұқсастығына байланысты ірірек топтарға бiрiктiру. Агроөндiрiстiк топтастыру ауыл шаруашылық жерлердi, ауыспалы егiстердi, мәдени дақылдарды дұрыс орналастыруға, мелиорациялық шаралардың жобасын жасауға, жерлердi трансформациялау мәселелерiн оңтайлы шешуге мүмкiншiлiк бередi.
Агрономиялық топтарға топырақтарды біріктіріп бөлу кезінде келесідей қағидаларға сүйенеді:
-топырақтардың генетикалқ ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан агрономиялық қасиеттерінің ұқсастығынан болуы;
-ауыл шаруашылығында пайдалану бағытына сәйкес келетін жер бедері жағдайының ұқсас болуы;
-топырақ жамылғысы құрылымының біртекті болуы.
Топырақтарды ұқсаcтығына байланысты топтарға біріктіргенде келесідей көрсеткіштерді еске алады:
-ауа, ылғалдылық және жылулық қасиеттерінің ұқсастығы;
-топырақтың қоректілік режимін және тыңайтқыштарды пайдалану ерекшелігін сипаттайтын қасиеттерінің біртектілігі;
-өңдеуге әсер етуші топырақ қасиеттерінің көрсеткіштерінің бір-біріне жақын дәрежеде болуы;
-мелиорация жұмыстарының қажеттілігінің айқындайтың топырақ қасиеттері дәрежесінің сәйкестігі;
-топырақ құрамындағы зиянды заттар мөлшері;
-топырақтың эрозия құбылыстарына шалдығу сипатымен қарқыны.
Осы көрсеткіштер дәрежесі көбінесе топырақтардың гранулометриялық құрамына, қарашірінді мөлшеріне, қарашірінділі қабаттың қалыңдығына, кебірлену дәрежесіне, топырақ ертіндісінің реакциясына, қоректік заттар мөлшеріне, жердің геоморфологиялық, гидрологиялық, жағдайына байланысты болып келеді.
Қазiргi кезде жiктеу жөнiндегi нұсқауларға сай жерлер санаттар (категориялар) мен кластарға бөлiнедi. Топырақтарды жiктегенде оның сапасын сипаттайтын барлық қасиеттерiн және ауыл шаруашылығында дұрыс пайдалануын еске алу керек. Сонымен қатар топырақ түзiлу жағдайлары – жер бедері, топырақ түзушi тау жыныстары, ылғалданулық және тағы басқа жағдайлар есепке алынады.
Жерлердiң жарамдылық санаттары (категориялары) олардың ауыл шаруашылығында пайдалану бағыты негiзiнде анықталады. Ол санаттар (топтар) келесідей:
1. Жыртуға жарамды жерлер.
2. Негiзiнен шабындыққа жарамды жерлер.
3. Жайылымдық жерлер, жақсартудан кейiн басқа ауыл шаруашылықтағы жерлер ретiнде пайдаланылуы мүмкін.
4. Түбегейлi жақсартудан кейiн ауыл шаруашылық жерлерi ретiнде пайдалануға жарамды жерлер.
5. Ауыл шаруашылық алқаптары ретiнде жарамдылығы шамалы жерлер.
6. Ауыл шаруашылық алқаптары ретiнде жарамсыз жерлер.
7. Бұзылған жерлер.
Әр топырақ санаттары ерешелiктерiне гранулометриялы құрамына, жер бедерінің жағдайларына байланысты кластарға бөлiнедi.
Бiр класқа жатқызылған топырақтар табиғи және шаруашылық сапасы көрсеткiштердiң сәйкестігімен сипатталады және оларды мәдениелендiруге, өнiмдiлiгiн арттыруға, қорғауға бағытталған шаралар мен технологиялар жалпы ұқсас бағытта жүргізіледі.
1 санат – жыртуға жарамды жерлер. Бұл санатқа тұтас біртекті алқаптар және 30%-дейін кебірлер немесе 30%-дейін жетілмеген топырақтармен кешен түзетін аймақтық топырақтар жатады (қара топырақтар, шалғынды қара топырақтар, қарақоңыр топырақтар шалғынды қарақоңыр топырақтар). Жыртуға жарамды жерлер 14 класқа бөлінеді.
1 класс. Мәдениеленген жерлер. Бұл үздіксіз мелиорациялық, мәдени-техникалық, агротехникалық шаралар өткізіліп тұрған өнімділігі едәуір артқан аймақтық топырақтар. Бүл топырақтардың кескіні әлсіз мәдениеленген топырақтың кескінімен ерекшеленеді.
2 класс. Кәрізделген су айрығы мен әлсіз көлбеулікті (20-дейін) беткейлердегі жерлер. Бұл класқа орташа қуатты және қуатты емес, гранулометриялық құрамы саздақ және жеңіл саздақты аймақтық топырақтардың (кәдімгі, оңтүстік, қара топырақтардың) басқа топырақтармен, соның ішінде 10%-дейін сортаңдармен кешен түзетіндері жатады. Бұл белсенді пайдаланатын жерлер.
3 класс. Карбонатты кәрізделген су айрығы мен әлсіз көлбеулікті (20-дейін) беткейлердегі жерлер. Бұл класқа гранулометриялық құрамы саздақ және жеңіл саздақты аймақтық топырақтар жатады. Бұл кластың жерлері де ауыл шаруашылығында белсенді пайдаланады, бірақ құрғақшылық аудандарда жел эрозиясына қарсы шаралар қажет етеді.
4 класс. Жеңіл гранулометриялық құрамды тау жыныстардың әсері нәтижесінде түзілген кәрізделген су айрығы мен әлсіз белгіленген көлбеулікті (20 –ден) беткейлердегі жерлер.
Бұл кластың жеңіл гранулометриялық құрамды топырақтары жел эрозиясына төзімсіз болады. Жерді өндегенде және белсенді мал жайғанда эрозия пайда болады. Арнайы топырақ қорғау шараларын қажет етеді (топырақ қорғау ауыспалы егістері, дақылдарды жолақтап орналастыру, көпжылдық шөптер егу).
5 класс. Ауыр гранулометриялық тау жыныстардың әсері арқылы түзілген кәрізделген су айрығы мен әлсіз көлбеулікті (20–ден) беткейлердегі жерлер. Бұл класқа гарнулометриялық құрамы ауыр саздақты, балшықты және тығыздалған кәдімгідей және карбонатты аймақтық топырақтар жатады. Бұлар ылғалдылық қасиеттері қолайсыз топырақтар.
6-класс. Қатты жыныстар мен қойтасты- қиыршықты шөгінділердің әсерінен түзілген кәрізделген су айрығы мен әлсіз көлбеулікті (20-дейін ) беткейлердегі жерлер. Бұл класқа ұсақ адыр аудандарында немесе таулы жағдайда тығыз жыныстармен қойтасты-қиыршықты шөгінділер саяз орналасқан тегістелген су айрықтарында түзілген топырақтар жатады.
Бұл топырақтар қысқа кескінді, арнайы мәдиниелендіру шараларын қажет ететін топырақтар. Олар орташа қаңқалы аймақтық және 30%-ға дейін жетліген топырақтар мен кешін түзетін аймақтық топырақтар.
7-класс. Қысқа мерзімді артық ылғалданатын, әлсіз кәрізделген жерлер. Бұл класс топырақтары жер асты немесе жер беті суларының қысқа мерзім аралығында ылғалдану жағдайында түзілген. Олар әлсіз және орташа сортаңданған аймақтық топырақтар. Осы топырақтардың 30% дейін сортаңдармен түзетін кешендері, әлсіз тұздалған аймақтық топырақтар. Бұл кластың топырақтарының гранулометриялық құрамы саздақ және балшық.
8-класс. Әлсіз кәрізденген қысқа мерзімді артық ылғалданатын карбонатты топырақтар. Бұл класқа аймақтық карбонатты-сортаңды, әлсіз тұздалған карбонатты-сортаңданған топырақтар және осы топырақтардың 30%-ға дейін сортаңдары бар топырақтар жатады. Олардың гранулометриялық құрамы саздақ және балшық 7-8 класс топырақтары жамылғысының кешенділігімен сипатталады. Оларды жақсарту шаралары сортаңдық пен сортаңдылықтың әсерін төмендетуге бағытталған.
9-класс. Әлсіз кәрізделген қысқа мерзімді артықша ылғалданатын құмдақ және құмды топырақтар. Бұл класқа әлсіз және орташа сортаңданған, әлсіз тұздалған, карбонатты-сортаңданған, карбонатты тұздалған аймақтық топырақтар жатады. Сонымен қатар, осы топырақтар 30%-ға дейін сортаңдары бар кәдімгідей аймақтық топырақтар жатады.
10-класс. Жайпақ беткейлерде (2-5%) борпылдақ жыныстарда қалыптасқан эрозияға шалдығу қауіпі шамалы жерлер. Бұл класқа беткейлердегі аймақтық топырақтар және аймақтық сәл шаңданған топырақтар жатады. Гранулометриялық құрамы саздақ пен балшық.
11-класс. Жайпақ беткейлерде (2-5%) борпылдақ жыныстарда түзілген эрозияға шалдығу қауіпі аз жерлер. Бұл кластағы топырақтардың гранулометриялық құрамы құмдақ.
12-класс. Құлама беткейлерде (5-10%) борпылдақ жыныстарда түзілген эрозияға шалдығу қауіпі бар жерлер. Бұл класқа құлама беткейлерде орналасқан аймақтық топырақтар және орташа дәрежеде шайылып кеткен саздақ және балшық топырақтар жатады,
13-класс. Құлама беткейлерде (5-100) борпылдақ жыныстарда түзілген эрозияға шалдығу қауіпі бар жерлер. Бұл гранулометрияық құрамы құмдақ топырақтарды қамтиды.
14-класс. Құлама және жайпақ беткейлерде (20-100) тығыз жыныстарда түзілген эрозияға шалдығу қауіпі жоғары жерлер. Бұл класқа эрозиялық қауіпті беткейлерде тығыз төсенішті тау жыныстарында түзілген аймақтық топырақтар жатады.
ІІ-санат. Негізінен шабындыққа жарамды жерлер. Шабындыққа табиғи өсімдік өнімі жақсы, мерзімді немесе үнемі ылғалдану жағдайында өзендердің жайылмасында, көлдер жағалауындағы ойыстарда түзілген топырақтарды және далалық ойыстарындағы гидроморфты топырақтарды пайдаланады.
Осы категорияның ішінде келесі кластар бар.
1- класс. Су жайылмасының шалғынды жерлері. Бұл класқа су жайылмасында орналасқан гранулометриялық құрамы саздақ, шалғынды топырақтардың барлық түрлері (кәдімгідей, карбонатты, сортаңданған, тұздалған, қуатты, орташа қуатты) жатады. Бұл топырақтар, негізінен орталық су жайылмасында орналасып, жоғары табиғи құнарлыққа ие болады. Сондықтан жер бедері мен ылғалдану жағдайы мүмкіншілік берсе тұздалмаған, сортаңданбаған шалғынды топырақтарды жыртап көкөніс және мал азықтық дақылдар өсіруге болады.
2- класс. Су жайылмасының құмды және құмдақ шалғында жерлері. Бұл класқа 1 кластағы, бірақ гранулометриялық құрамы жеңіл топырақтар жатады. Бұл топырақтар өзен арнасына жақын су жайылмасында орналасады, құнарлығы 1 класс топырақтарына қарағанда әлдеқайда төмен болады. Оның үстіне олар бұзылуға оңай шалдығады.
3-класс. Су жайылмасынан тыс жерлер. Бұл класқа су жайылмасынан тыс жерлердегі әлсіз ойыс жерлерде орналасқан шалғынды топырақтар жатады. Гранулометриялық құрамы саздақ және балшық.
4-класс. Су жайылмасынан тыс құмдақ және құмды шалғынды жерлер. 3 класс топырақтарынан жеңіл механикалық құрамымен ерекшеленеді.
ІІІ-санат. Жайылым жерлер, жақсартудан кейін басқа бағытта пайдалануы мүмкін. Бұл санаттағы топырақтары жақсартусыз жыртып пайдалану тиімсіз болып келеді. Сортаңдары 30% артық аймақтық топырақтар, сортаңдардың барлық түрлері мен олардың аймақтық топырақтар жетілмеген топырақтар мен олардың кешендері, тығыздалған топырақтар жатады.
Бұл санат төмендегі кластарға бөлінеді.
1-класс. Артық ылғалданатын (батпақты) жерлер. Бұл минералдарды және әлсіз торфты батпақты артық ылғалды жерлер.
2-класс. Сортаң және тығыздалған автоморфты топырақтар. Бұл класқа 30% артық сортаңдармен кешен түзетін аймақтық топырақтар, далалық сортаңдардың барлық түрлері және тығыздалған топырақтар жатады. Бұл жерлер жыртуға пайдалану үшін қымбат мелиорациялық шаралар қажет етеді. Сондықтан қазіргі кезде оларды табиғи күйінде, мал жайылымы ретінде пайдаланған жөн. Бұл жерлерде міндетті түрде үстірт жақсарту шараларын жасап тұру керек.
3-сұрақ. Сортаң және тығыздалған жартылай гидроморфты топырақтар. Ол 30% артық шалғынды далалық сортаңдар мен кешен түзетін аймақтық топырақтар. Шалғынды-далалы сортаңдар мен тығыздалған шалғынды-қоңыр топырақтар.
4-класс. Гидроморфты-сортаң және тығыздалған топырақтар. Бұл класс топырақтары үнемі капиллярлы ылғалданып тұратын топырақтар. Бұл топырақтарда тұздану процесстері күшті байқалып өнімді пайдалануға мүмкіндік болмайды. Шалғынды сортаңдармен кешен түзетін аймақтық топырақтар, жарылынды сортаңдардың барлық түрлері мен олардың кешендері жатады.
5-класс. Эрозияға шалдығу қауіпі өте жоғары құлама беткейлердің топырақтары. Бұл класқа 100 беткейлерде орналасқан, эрозияға күшті ұшыраған жыралары бар топырақтар жатады. Бұл жерлердің өнімділігін сақтау және артттыру үшін агротехникалық, орманды-мелиорация шараларын пайдалану қажет.
6-класс. Жұқа қабатты және қиыршық тасты жерлер. 30% -дан артық жетілмеген топырақтар мен кешен түзетін аймақтық топырақтар, жетілмеген топырақтар мен күшті қиыршық тасты топырақтар. Қиыршықталған, жұқа қабаттылығы және тығыз жыныстардың саяз орналасуы бұл топырақтрды басқа бағытта пайдалануға мүмкіншілік бермейді.
7-класс. Шымданған құмдар. Бұл өнімділігі өте нашар жайылымдар.
IV-санат. Түбегейлі мелиорациядан кейін ауыл шаруашылығында пайдалануға жарамды жерлер.
1-класс. Шымтезекті және ауыспалы батпақтар.
2-класс. Минералды төменгі және ауыспалы батпақтар.
3-класс. Күшті және өте күшті тұздалған жерлер.
4-класс. Тақырлар.
5-класс. Жыралы-сайлы кешендердің топырақтары. Жыралар мен шұңқырларды, тік беткейлерді сайлардың түптерін қамтиды. Эрозиядан сақтау үшін гидротехникалық құрылыстарды қажет етеді.
6-класс. Өсімдігі жоқ құмдар. Бұл құмдардың жылжуын тоқтатын орманды мелиорациялық және тағы басқа шараларын жүзеге асуру қажет.
V- санат. Ауыл шаруашылығына жарамдығы нашар жерлер.
1-класс. Биіктік батпақтары.
2-класс. Қиыршық тасты, қиыршық шөгінділер
VI-санат. Ауыл шаруашылығына жарамсыз жерлер.
1-класс. Таулар, тығыз жыныстар беті.
2-класс. Мұздақтар, мәңгі қар, су астындағы жерлер.
VII-санат. Бұзылған жерлер.
1-класс. Шымтезек өндірілген жер.
2-класс. Карьерлер, террикондар, тау-кен өндірісі қалдықтары.
