- •1.1.1. Геология ғылымының дамуының қысқаша тарихы
- •1.2. Жердің пайда болуы, құрылысы мен құрамы.
- •1.2.1. Әлемдік кеңістікте Жердің және Күн жүйесінің орны.
- •1.2. 2. Космогендік гипотезалар
- •1.2.3. Жердің пішіні, физикалық қасиеттері және химиялық құрамы
- •Магнитті еңкейю магнитті стрелканың көкжиекке еңкею бұрышы. Картада бірдей септелулерді жалғастыратын сызықтарды изогон дейді, бірдей еңкеюлерді жалғастыратын нүктелерді изоклин деп атайды
- •1.3 Жердің сыртқы және ішкі қабаттарының құрамы
- •1.3.1. Жердің сыртқы қабаттары
- •1.3.2. Жердің ішкі қабаттары
- •1.4 Минералдар туралы ілім
- •1.4.1. Минералдар және олардың топырақ түзілуіндегі маңызы
- •Туынды (экзогенді) минералдар - жер бетінде, атмосферамен, биосферамен және гидросферамен әрекеттесіп, көбінесе бастапқы минералдардың бұзылуынан пайда болады.
- •1.4.2.Заттардың кристаллдық және аморфты құрылымы
- •1.4.3. Минералдардың физикалық қасиеттері
- •1.4.5. Минералдардың негізгі класстарын сипаттау
- •1.5. Тау жыныстары.
- •1.5.1. Магмалық тау жыныстары
- •1.5. 2. Шөгінді тау жыныстары
- •1.5.3. Метаморфты тау жыныстары.
- •1.6. Геологиялық құбылыстар
- •1.6.1 Жер қабығының негізгі геологиялық құрылымы мен оның ерекшелігі
- •1.6.2. Геотектоникалық гипотезалар
- •1.6. 3. Эндогенді және экзогенді үрдістер
- •1.6.4. Эндогенді үрдістер
- •1.6.5. Экзогенді үрдістер
- •1.7. Жер шарының геологиялық тарихы
- •1.7.1. Тау жыныстарының абсолютты жасы
- •1.7.2. Тау жыныстарының салыстырмалы жасы
- •1.7.3. Геохронологиялық шкала
- •1.7.4. Төрттік кезеңдегі жер қабығының даму ерекшеліктері
- •1.7.5. Геоморфология туралы негізгі мәліметтер
- •1.7. 6. Геологиялық карта.
- •3.15. Топырақтарды агроөндісітік топтарға бөлу және бонитировкалау
- •3.15.1.Топырақтарды агроөндiрiстiк топтарға бөлу
- •3.15.2. Топырақ бонитировкасы
- •2.1.Топырақтану пәні жєне оныњ міндеттері
- •2.1.1.Топырақ ерекше табиғи дене
- •2.1.2. Топырақтың табиғаттағы орны мен маңызы
- •2.1.3.Топырақтың адам өміріндегі алатын орны
- •2.1.4. Топырақтың экологиялық қызметі
- •2.1.5. Топырақтанудың басқа ғылымдармен байланысы, оның басты ғылыми салалары, зерттеу әдістемелері
- •2.1.6. Топырақтану ғылымының даму тарихы
- •Қазақстан топырақтарын зерттеу тарихына қысқаша шолу
- •2.2.1. Топырақ құралу үрдістері
- •2.2.2. Топырақтың морфологиялық белгілері
- •2. 3. Топырақтың минералды бөлігі
- •2. 3.1. Топырақтың қ±рамды бµліктері
- •2.3.2. Минералдық бөліктің құрамы
- •2. 3. 3. Гранулометриялық ќ±рамы
- •Ќарай жіктеу
- •Бақылау сұрақтары
- •2.4. Топырақтың органикалыќ бµлігі
- •2.4.1. Қарашіріндініњ т‰зілуі
- •2.4.2. Қарашіріндініњ мµлшері
- •2.4.3. Топыраќтыњ органикалыќ бµлігініњ маңызы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.5. Топырақтың химиялыќ ќ±рамы
- •2.5.2. Топырақтағы химиялық қосылыстар
- •Бақылау сұрақтары
- •2.6 Топыраќтыњ сіњіру қабілеті
- •2.6.1. Топыраќ коллоидтары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.7. Топырақтың түйіртпектілігі
- •2.7.1. Топыраќтыњ түйіртпектілігі жєне оныњ агрономиялық мањызы
- •2.7.2. Түйіртпектің пайда болуы және оны жақсарту жолдары
- •2.8.2. Топыраќтыњ жалпы физикалыќ жєне физикалыќ – механикалыќ ќасиеттері
- •2. 8.1. Жалпы физикалық қасиеттері
- •2.8.2. Физикалық- механикалық қасиеттері
- •Топтарѓа жіктеу (5)
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топыраќтаѓы ылѓал
- •2.9.1. Топырақтағы ылғалдың категориялары, түрлері
- •2.9.2.Топыраќтыњ ылѓалдылыќ ќасиеттері
- •2.9.3. Топыраќтаѓы ылѓалдыњ µсімдіктерге тиімділігі жєне т±раќты ылѓалдыќ кµрсеткіштері
- •2.9.4. Топыраќтыњ су режимі жєне оны реттеу жолдары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топырақтың ауасы және жылу режимі
- •2.9.1. Топырақтың ауасының маңызы, құрамы, құбылымы
- •2.9.2.Топырақтың жылу режимі
- •Бақылау сұрақтары
- •2.10. Топырақ ерітіндісі және тотығу-тотықсыздану үрдістері
- •2.10.1. Топырақ ерітіндісінің құрамы, қасиеттері
- •2.10.2. Тотығу- тотықсыздану үрдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •2.11. Топырақ құнарлылығы
- •2.11.2. Топырақ құнарлылығының түрлері
- •2.11.2 Топырақ құнарлылығын өндіру
- •2.11.3. Құнарлылықтың өзгеруі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1.Топырақ жаратылысының факторлары
- •3.1.1. Аналық тау жыныстары
- •3.1.2. Климат
- •3.1.3. Биологиялық фактор
- •3.1.4. Жер бедері. Аймақтыњ геологиялық жасы
- •3.1.5. Адамзат қоғамының әсері
- •3.2. Топырақтардың жіктелуі, географиялық таралу заңдылықтары
- •3.2.1. Топырақтарды жіктеудің принциптері, таксономиялық бірліктер
- •3.2.2. Қазақстан топырақтарын жіктеу жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.2.2. Топырақтардың таралу заңдылықтары
- •3.2.3. Топырақ жамылғысы құрылымы
- •3.2.4. Қазақстанның топырақ-географиялық аймақтары
- •3.3. Тайгалы-орман аймағының топырақтары
- •3.3.1. Топырақ құралу жағдайлары
- •3.3.3. Шымды топырақтар
- •3.3.4. Шымды –күлгін топырақтар
- •3.4. Батпақты топырақтар
- •3.5. Жалпақ жапырақты ормандардың қоңыр топырағы
- •3.6. Орманды - дала және дала аймақтары топырақтары
- •3.6.1. Орманды-дала аймағының сұр ормандық топырағы
- •3.6.2. Орманды- дала және дала аймақтарының қара топырақтары
- •3.6.4. Қара топырақтың типшелері
- •3.8. Қуаң дала және шөл дала аймағының қара қоңыр топырақтары
- •3.7.1. Қара-қоңыр топырақтың морфологиялық белгілері және генезисі
- •3.7.2. Қара-қоңыр топырақтың классификациясы
- •3.8. Тұзданған топырақтар
- •3.8.1. Сор топырақтар
- •3.8.1. Кебір топырақтар
- •3.8.3. Шақат топырақтар
- •Бақылау сұрақтары
- •3.9. Шөл аймағының топырақтары
- •3.9.1. Қоңыр топырақтың жаратылуы және морфологиялық белгілері, қасиеттері
- •3.9.2. Тақырлар мен тақыртәріздес топырақтар
- •3.9.3. Шөл аймағы топырақтары жамылғысы құрылымы және оларды пайдалану ерекшеліктері
- •3.10. Тау етегінің шөлді –дала аймағының топырақтары
- •3.11. Ылғалды субтропика аймағының топырақтары
- •3.12. Өзен жайылмасы топырақтары
- •3.13. Таулы өлке топырақтары
- •3.13.1. Қазақстандағы Тянь-Шань және Алтай таулары топырақтары
- •13.3.2. Кавказ таулары топырақтары
- •3.13.3. Қырым және Карпат таулары топырақтары
- •3.14. Топырақ эрозиясы және олармен күресу жолдары
- •3.14.1. Қазақстанның жер қоры және оның экологиялық мәселелері
- •3.14.2. Топырақ эрозиясының түрлері және олардың зияны
- •3.14.3. Топырақтың жел және су эрозиясына шалдығу
- •3.14.4. Топырақты қорғау
- •3.14.5. Топырақ рекультивациясы
- •Бақылау сұрақтары
- •3.16. Дүние жүзі жер қоры және топырақтарының қысқаша сипаттамасы
- •3.16.1. Тропикалық белдеудің топырақ жамылғысы
- •3.16.2.Тропикалық ксерофиттті –орман және саванна аймақтары
- •3.16.3. Субтропика белдеуінің топырақтары
- •3.16.4. Суббореалды белдеудің топырақтары
- •3.16.5. Бореалдық белдеудің топырақтары
- •3.16.6. Полярлық белдеуінің топырақтары
- •Е) гумин және фульвоқышқылдар бірдей мөлшерде
3.7.1. Қара-қоңыр топырақтың морфологиялық белгілері және генезисі
Қара-қоңыр топырақтың тың жерде оның үстінде шөптесін өсімдіктер қалдықтарынан құралған АШ-дала төсеніші (дала кигізі) қабаты бар. Оның астында А-қарашірінді жиналу қабаты, одан соң В1- қарашірінділі аралық қабат, одан төмен В2-қарашірінді тілдері қабаты, оның астында ВК-иллювиалды карбонатты қабат орналасып, ол С аналық тау жынысы қабатымен шектеседі. Яғни құрылысы Ад-А-В1-В2- ВК-С.
Қара-қоңыр топырақтың құрылысы және оның морфологиялық белгілері, химиялық қасиеттері қара топырақ типіне ұқсас болып келеді.
Қарашірінді жиналу А қабатының қалыңдығы 10-30см, түсі күңгірт қара-қоңыр, нағыз қара қоңыр немесе ашық қара қоңыр болып келеді, құрылымы кесекті немесе шаңды кесекті болады.
В1-қарашірінділі аралық қабаттың түсі күрең реңді қара қоңыр, немесе күрең болады. Құрылымы кесекті немесе призмалы кесекті, карбонат қосылыстар кездесетіндіктен әдетте НСl ертіндісінен қайнайды.
В2-қарашірінді тілдері қабатының түсі біркелкі емес; күрең қара қоңыр қарашірінді тілдері мен күрең түсті аналық тау жынысының сынашалары кезектесіп орналасқан, тығыздалған болып келеді, құрылымы кесекті-жаңғақша немесе кесекті призмалы.
ВК-иллювиалды карбонатты қабат 40-60см тереңдіктен басталады. Бұл қабатта мол жиналған карбонат дақтар кездеседі. Түсі сарғыш күрең, өте тығыздалған, құрылымы призмалы, призмалы-жаңғақшалы болады.
Топырақтың 80-120см қабатынан бастап сарғыш күрең түсті аналық тау жынысы басталады. Оның құрамында ұсақ кристалды түрде гипс және тез ерігіш тұздар кездеседі (38-сурет).
Қ
ара-қоңыр
топырақтардың пайда болуы, генезисі
бұл аймақтың климатының құрғақшылығымен
өсімдік дүниесінің әлсіз дамуымен
байланысты екендігін В.В.Докучаев.,
Н.М.Сибирцев т. б. ғалымдар атап көрсеткен.
Қара-қоңыр топырақ қара топырақ сияқты шымдану процесінің әсерінен қалыптасады. Бірақ қара қоңыр топырақты аймақта шымдану процесінің қарқыны бәсеңдеу болады. Құрғақ климаттың әсерінен қалыптасқан бозды-бетегелі, жусанды-бозды-бетегелі өсімдіктер бұл аймақта сиректеу орналасып, қара топырақты аймаққа қарағанда, азырақ өсімдік қалдықтарын қалдырады.
Топырақтың ылғалдылығының нашарлауы себебінен микробиологиялық процестер бәсеңдеп, минералдану артып, топырақта қарашіріндінің түзілуі, азоттың және басқа қоректік заттардың жиналуы кемиді. Карбонаттардың, басқа да тез ерігіш тұздардың төменгі қабаттарға терең шайылуы байқалмайды.
38-сурет. Сөйтіп олар жоғарырақ қабаттарда орналасады.
Қара-қоңыр топырақ. Құрамында кремний, магний және сілтілік металдар
бар жусан тобының өсімдіктерінің қалдықтары жер бетіне молырақ түсіп ыдырауынан топырақта кебірлену процесінің шымданумен қосарлана жүруі бұл аймақта жиі байқалады. Сондықтан қара-қоңыр топырақты аймақта олардың кебірленген тектері мол дамып және олардың топырақ жамылғысының кешенді болып келуі байқалады.
3.7.2. Қара-қоңыр топырақтың классификациясы
Қара-қоңыр топырақтар ТМД мемлекеттерінде қолданылатын классификацияға сәйкес келесідей жіктеледі (35-кесте). Қара қоңыр топырақ үш типшеге бөлінеді. Олар: күңгірт қара-қоңыр; нағыз қара-қоңыр; ашық қара-қоңыр топырақ типшелері. Бұл типшелерге бөліну негізінен олардың құрамындағы қарашіріндінің мөлшеріне байланысты (36-кесте).
Қара қоңыр топырақтардың тектері келесідей:
-кәдімгідей
-карбонаты
-кебірленген
-тереңнен қайнайтын
-сортаңданған
-шала дамыған
-әлсіз дамыған
Бұл қара-қоңыр топырақ тектерінің негізгі диагностикалық белгілері қара топырақ типінің тектерінің белгілеріне сәйкес болып келеді.
Қара-қоңыр топырақты түрлерге А+В1 қабатының қалыңдығына байланысты жіктейді. Егер А+В1 қалыңдығы 50см-ден асса, ол қуатты қабатты қара-қоңыр топырақ; ал ол 30-50см аралығында болса-орташа қалыңдықты; 20-30 болса-жұқа; 20см-ден аз болса- өте аз жұқа қабатты топыраққа жатады.
35-кесте. Қара-қоңыр топырақтың жіктелуі
-
Типшесі
Тегі
Түрі
Күңгірт
Кәдімгідей
А+В1 қабатының
қара-
қоңыр
Нағыз
қара-
қоңыр
Ашық
қара-
қоңыр
Карбонаты
Кебірленген
Тереңнен
қайнайтын
Сортаңданған
Жетілмеген
Әлсіз дамыған
қалыңдығына сәйкес:
А+В1 >50см, қалың
А+В1 30-50 см, орташа
А+В1 20-30 см, жұқа
А+В1< 20 см, өте жұқа
36-кесте. Қара-қоңыр топырақты қарашірінді мөлшеріне байланысты типшелерге жіктеу
|
Типшесі |
Топырақтың 0-15 см қабатында қарашірінді мөлшері, * % | |
|
Балшықты, ауыр және орташа құмбалшықты |
Жеңіл құмбалшықты, құмдақты | |
|
Күңгірт қара-қоңыр |
3,2-4,0 (5) |
2,5-3,0 (4) |
|
Нағыз қара-қоңыр |
2,2-3,2 (4) |
1,5-2,5 (3) |
|
Ашық қара-қоңыр |
1,5-2,2 (2,5) |
1,0-1,5 (2) |
*- жақша ішінде тың және тыңайған жерлерде
Қара-қоңыр топырақтың типшелері, қасиеттері
Күңгірт қара-қоңыр топырақ дамыған аймақшаның ауданы 27,7 млн. га. Қара-қоңыр топырақ аймағының солтүстік бөлігінде, оңтүстік қара топырақ типшесімен шекаралас орналасқан. Бұл қара-қоңыр топырақтардың ішіндегі құнарлылығы, физикалық, химиялық қасиеттері жағынан ең бағалысы болып келетін топырақ. Қасиеттері, морфологиялық белгілері жағынан қарағанда оңтүстік қара топыраққа ұқсас болып келеді.
Кәдімгідей күңгірт қара-қоңыр топырақ жазықтарда, көне террасаларда, шоқылар арасындағы жазықтарда, шоқылар баурайында кездеседі. Бұл топырақтардың түзілуіне тереңде жатқандықтан ыза су ықпал жасамайды. Өсімдік жамылғысы бозды-бетегелі шөптесін өсімдіктер мен қуаңшылыққа төзімді мардымсыз аралас шөптерден құралған.
Бұл топырақтың А қарашірінді жиналатын қабатының қалыңдығы 18-27см, бір тектес күңгірт қара-қоңыр түсті, құрылымы кесекті, шаңды-кесекті болады. Тың жерде бұл қабаттың үстінде қалыңдығы 3-6см болып келетін АШ-дала киізі қабаты орналасады.
В1-қарашірінділі аралық қабаттың қалыңдығы 12-24см, түсінің күрең реңі айқын байқалады. Тығыздылығы А қабатына қарағанда арта түседі, кесекті құрылымды. Жалпы А+В1 қабатының қалыңдығы 34-45см-ге жетеді.
В2-қарашірінді тілдері қабаты қалыңдығы 11-31см-ге жетеді, біркелкі емес қошқыл күрең түсті, тығыздалған, біркелкі кесекті, призмалы кесекті немесе жаңғақша құрылымды болады.
Тұз қышқылы ерітіндісінен топырақтың «қайнауы» 30-40см тереңдікте, ал карбонаттардың дақтары 35-45см тереңдікте байқалады. Карбонаттардың мол жиналған ВК иллювиалды қабат 45-65см тереңдікте кездеседі. Бұл қабат мол карбонаттар жиналуы әсерінен ашық түсті және өте тығыздалған болып келеді.
Ғаныштың және ерігіш тұздардың жиналуы 100-120см тереңдікте байқалады.
Күңгірт қара-қоңыр топырақта, қара топыраққа қарағанда, қарашіріндінің, азоттың және басқа қоректік элементтердің мөлшері кем болып келеді. Қарашіріндінің мөлшері үстінгі қабатта 3,5-4,5%, жалпы азот 0,200-0,250%. Қарашірінді қоры 1м топырақ қабатында 250-280т/га Қарашірінді құрамында гумин қышқылдары фульвоқышқылдардан басым (СГҚ:СФҚ-1,2-1,6). Қарашіріндінің азотпен қанығуы орташа дәрежеде, фосфордың мөлшері 0.10%. Өсімдіктерге тиімді алмаса сіңген калий қоры мол, нитратты азоттың мөлшері пар алқаптарында мол, ал басқа танаптарда орташа дәрежеде, жылжымалы фосфордың мөлшері жеткіліксіз болып келеді. Алмаса сіңген катиондар мөлшері 100г топырақта 20-30 м-экв. Топырақ ерітіндісінің реакциясы үстінгі бетінде бейтарапқа жақын (рН 6,5-7,4), ал астыңғы қабаттарда сілтіленген (рН 8,0- 8,7) болады (36-кесте).
Күңгірт қара-қоңыр топырақтың физикалық және ылғалдылық қасиеттері жақсы (37-кесте). Тығыздылығы үстінгі (0-30см) қабатта 1,01-1,27 г/см3, кеуектілігі 52,7-62,1%, далалық ылғал сыйымдылығы 26,6-28,9 %. Бұл топырақтың 1м қабатында далалық ылғал сыйымдылығы байқалған кезде өсімдіктерге тиімді ылғал қоры 155,8 мм-ге жетеді.
37-кесте. Күңгірт қара-қоңыр карбонатты топырақтың физикалық және ылғалдылық қасиеттері (Ақмола облысы, 1)
|
Топы рақ қаба ты, см |
Тығызды лығы, г/см3 |
Қат ты бөлі гі ты- ғыз- дылы ғы г/см3 |
Кеуек тілігі, %
|
% |
Дала- лық сый- ымды- лығы кезінде тиімді ылғал қоры, мм | |||
|
Макси малды гигро ко пиялығы |
Өсім- дік солу ылғал- дылы ғы |
Қыл- тү- тік- тегі ылғал ажы- рату |
Дала- лық ыл ғал сый- ым ды лығы | |||||
|
0-10 |
1,01 |
2,60 |
62,1 |
7,5 |
10,1 |
18,6 |
26,6 |
16,5 |
|
10-20 |
1,08 |
2,68 |
59,8 |
8,1 |
10,8 |
18,7 |
26,7 |
15,9 |
|
20-30 |
1,27 |
2,68 |
52,7 |
8,8 |
13,2 |
20,2 |
28,9 |
15,8 |
|
0-30 |
1,12 |
2,65 |
58,2 |
8,2 |
11,4 |
19,2 |
27,4 |
48,1 |
|
30-40 |
1,40 |
2,66 |
47,7 |
10,8 |
13,7 |
21,4 |
30,6 |
17,0 |
|
40-50 |
1,43 |
2,64 |
45,7 |
10,8 |
14,4 |
21,3 |
30,5 |
16,0 |
|
0-50 |
1,24 |
2,65 |
53,6 |
9,2 |
12,4 |
20,1 |
28,7 |
81,1 |
|
50-60 |
1,48 |
2,67 |
44,6 |
11,1 |
14,9 |
21,5 |
30,8 |
15,8 |
|
60-70 |
1,50 |
2,70 |
44,4 |
11,0 |
14,9 |
21,3 |
30,4 |
15,5 |
|
70-80 |
1,52 |
2,67 |
43,0 |
11,1 |
15,0 |
20,8 |
29,7 |
14,8 |
|
80-90 |
1,56 |
2,67 |
41,1 |
11,8 |
15,6 |
21,0 |
30,0 |
14,4 |
|
90-100 |
1,60 |
2,72 |
41,1 |
12,4 |
16,0 |
21,1 |
30,1 |
14,1 |
|
0-100 |
1,40 |
2,67 |
48,2 |
10,4 |
13,8 |
20,6 |
29,4 |
155,8 |
Нағыз қара-қоңыр топырақ типшесі құрғақ дала аймағының орталық және оңтүстік бөлігіне орналасып жеке аймақша құрайды. Алып жатқан ауданы 24,3 млн. га. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар облыстарында кең тараған. Ақмола және Қостанай облыстарының оңтүстік бөлігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде де бұл топырақ типшесі біраз ауданды қамтиды.
Бұл аймақшада ауа райының құрғақшылығы артып, өсімдіктер жамылғысы селдір болып келеді және оның құрамына астық тұқымдас, құрғақшылыққа төзімді шөптермен қатар жусан тобының шөптері кіреді.
Қара-қоңыр топырақтың морфологиялық құрылысы келесідей қабаттардан құралған: AШ – A – B1 – B2 – BK – C.
Қарашірінділі А қабатының қалыңдығы 15-20см, түсі нағыз қара-қоңыр, шаңды-кесекті құрылымды. В1 – аралық, ауыспалы қарашірінділі қабаттың қуаты 20-25 см, түсі күңгірт-күрең, құрылымы жаңғақша-кесекті, призмаша-кесекті.
Карбонаттар жиналған иллювиальды ВК қабаты 40-см тереңдікте кездеседі.
Ол өте тығыздалған, түсі ашық күрең, бұл қабатта карбонаттардың ақ дақтар күйінде мол жиналуы айқын байқалады. Осы қабаттан кейін аналық тау жынысы орналасады, оның құрамында (80-120см тереңдікте) ғаныш және суда ерігіш тұздар кездеседі (К.Ш. Фаизов ж.т.б., 2001).
Нағыз қара-қоныр топырақ типшесінің морфологиялық белгілері, химиялық, физикалық қасиеттері күңгірт қара-қоныр топырақ типшесіне ұқсас. Сонымен бірге аймақшаның гидротермиялық ерекшелігі әсерінен күңгірт қара-қоныраққа қарағанда бұл топырақтың қарашірінді қабатының қалыңдығы жұқалау, қарашірінді мөлшері азырақ және карбонаттар мен ерігіш тұздар жиналуы қабаттары жоғарырақ орыналасуы сияқты ерекшеліктері бар. Бұл топырақтың үстіңгі А қабатында 2,5-3,5% қарашірінді 0,150-0,200% жалпы азот бар. Қарашірінді қосылыстарының жылжымалылығы күңгірт қара-топыраққа қарағанда басым. Алмаса сіңген катиондар мөлшері 15-25 м-экв0,100 г топырақта. Топырақ ертіндісінің реакциясы оның үстіңгі қабатында әлсіз сілтілі (рН 7,3-7,5), ал тереңіректе сілтілі (рН 8,0-9,0) болып келеді. Топырақтың жоғарғы 1м қабатында ерігіш тұздар шамалы (тұз қалдығы 0,3%-дан кем), ал аналық тау жынысында тұздардың мөлшері артады.
Қара-қоңыр топырақ типшесі ішінде кәдімгідей, карбонатты, кебірленген, тереңнен қайнайтын, жетілмеген, әлсіз дамыған тектері кездеседі.
Қара-қоңыр топырақ типшесі ішінде жеңіл, яғни гранулометриялық құрамы құм немесе құмайт болып келетін түршесі бар. Әсіресе «жеңіл» қара-қоңыр топырақ Қазақстанның солтүстік шығысында (Павлодар облысында) кең тараған. Бұл топырақтар көне дәуірдің аллювиальды құмдақ аналық тау жыныстары үстінде түзілген. Сондықтан олардың гранулометриялық құрамы өзгеше қалыптасқан (38-кесте). Осы топырақ құрамында әсіресе ірі-құм (1-0,25 мм) және орташа құм (0,25-0,05мм) бөлшектерінің үлесі көпте, шаң мен тозаңға жататын бөлшектер үлесі аз. Физикалық балшыққа жататын бөлшектер (<0,01мм) топырақтың үстінгі бетінде 20%-дан аз. Сондықтан осы топырақтардың химиялық және физикалық, ылғалдылық қасиеттерінде ерекшеліктер байқалады (39,40–кестелер).
38- кесте. «Жеңіл» қара-қоңыр топырақтың гранулометриялық құрамы (Павлодардың АШҒЗ институтының мәліметі)
|
Топырақ қабаты, см |
Диаметрі (мм) әр түрлі топырақ бөлшектерінің мөлшері, %
| ||||||
|
1-0,25 |
0,25-0,05 |
0,05-0,01 |
0,01-0,005 |
0,005-0,001 |
< 0,001 |
< 0,01 | |
|
0-10 |
40,5 |
33,7 |
7,1 |
2,2 |
4,3 |
11,6 |
18,1 |
|
10-20 |
38,3 |
31,9 |
8,6 |
2,6 |
5,3 |
12,9 |
20,8 |
|
20-30 |
30,2 |
32,6 |
8,0 |
3,2 |
5,0 |
20,1 |
28,1 |
Ауыр гранулометриялық құрамды қара-қоңыр топыраққа қарағанда бұл топырақта қарашіріндінің және жалпы азоттың мөлшері аз, алмаса сіңген негіздер көлемі кем. Сонымен қатар «жеңіл» топырақтардың тығыздылығы жоғарырақ, ал кеуектілігі төменірек болады. Топырақтың өсімдік солу ылғалдылығы көрсеткіші «ауыр» қара-қоңыр топыраққа қарағанда біршама кем, яғни топырақтағы ылғалдың өсімдіктерге тиімділігі жақсы. Бірақ «жеңіл» топырақтың далалық ылғал сыйымдылығы нашар, өз бойына түскен ылғал қорын тұтынып ұстауы шамалы, ал ылғалды өзінен өткізуі өте жоғары.
39-кесте. «Жеңіл» қара-қоныр топырақтың химиялық қасиеттері (34)
|
Топырақ қабаты, см |
Қарашірінді мөлшері, %
|
Жалпы |
Алмаспалы сіңген катиондар, м-экв/100г | |||
|
азот |
калий |
Са+++ |
Mg+++ |
қо сын ды | ||
|
0-10 |
1,62 |
0,13 |
1,40 |
18,6 |
2,0 |
20,6 |
|
10-20 |
1,45 |
0,14 |
1,40 |
14,2 |
5,8 |
20,0 |
|
30-40 |
0,63 |
0,12 |
1,40 |
- |
- |
- |
|
80-90 |
- |
0,09 |
1,25 |
- |
- |
|
Жеңіл гранулометриялық құрамды топырақтар жел және су эрозиясына әр түрлі төзімділігімен де ерекшеленеді. Бұл топырақтардың суды өткізуі өте жоғары болғандықтан үстінгі бетіне су жиналмайды, ылғал астынғы қабаттарға өтіп кетеді. Сондықтан бұл топырақта су эрозиясының байқалу қауіпі шамалы. Ал жел эрозиясына (дефляцияға) шалдығуы қаупі осы топырақтарда өте жоғары. Өйткені бұл топырақ құрамында желмен ұшуға бейім және байланыстылығы нашар, тез үгілетін құм бөлшектер мол. Байланыстылығы жақсы және топырақтың ұсақ бөлшектерін біріктіріп, желмен ұшпайтын ірірек түйіршіктер құрайтын майда-балшық, шаң, тозаң бөлшектер өте аз. Сондықтан жеңіл қара-қоңыр топырақтарды егіншілікте пайдаланғанда топырақты жел эрозиясынан қорғау шаралары мұқият сақталынып іске асырылуы шарт.
40-кесте. «Жеңіл» қара-қоңыр топырақтың жалпы физикалық және ылғалдылық қасиеттері (Павлодардың АШҒЗ институты мәліметі)
|
Топырақ қабаты, см |
Тығыз-дылығы, г/см3 |
Қатты бөлігі тығыз- дылы ғы, г/см3 |
Кеуекті-лігі, % |
Макси-малды гигро-скопия-лық % |
Өсімдік солу ылғалды-лығы, % |
Далалық ылғал сыйым-дылығы, % |
|
0-10 |
1,38 |
2,67 |
48,3 |
2,78 |
3,52 |
12,1 |
|
10-20 |
1,54 |
2,68 |
45,5 |
2,98 |
3,73 |
11,1 |
|
30-40 |
1,64 |
2,66 |
38,3 |
3,18 |
3,91 |
9,2 |
|
60-70 |
1,64 |
2,67 |
38,6 |
3,24 |
4,21 |
11,3 |
|
110-120 |
1,66 |
2,71 |
38,7 |
2,59 |
3,34 |
10,1 |
|
170-180 |
1,70 |
2,67 |
36,7 |
1,59 |
1,8 |
10,1 |
Ашық қара-қоңыр топырақ типшесі шөл далада (шөлейтте) дамыған. Бұл топырақ аймақшасы ауданы 38,4 млн. га. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында мол тараған және шамалы ауданды алып, Ақмола мен Павлодар облыстарының оңтүстік бөлігінде кездеседі.
Ашық қара-қоңыр топырақтың морфологиялық ерекшелігі, оның қарашірінді қабатының және жалпы топырақтың қабаты тереңдігінің шамалы болуы, карбонаттардың және ерігіш тұздардың жоғары орналасуы және 15-30см тереңдікте тығыздалған иллювиальды кебірленген қабатының кездесуі.
Бұл топырақтың А қарашірінділі қабатының қалыңдығы 10-15см болады. Сәл тығыздалған, түсі ашық қара-қоңыр, құрылымы кесекті немесе шаңды-кесекті. Өте тығыздалған карбонатты иллювиальды қабат 30-90см тереңдікте орналасқан, түсі ақшылт-күрең, карбонат дақтар мол түрде кездеседі
Химиялық, физикалық, ылғалдылық қасиеттері күңгірт және нағыз қара қоңыр топыраққа қарағанда нашар болып келеді. Бұл топырақтың жоғарғы қабатында орташа есеппен 2,2% қарашірінді болады. Алмаса сіңген катиондар 100г топырақта 17м-экв болады. Топырақ ертіндісінің реакциясы сілтіленген болып келеді (рН-8,4-9,1). Ашық қара-қоңыр топырақтың құнарлылығы шамалы. Суарылмайтын егіншілікте дәнді дақылдар өнімділігі 3-4ц/га аспайды. Сондықтан бұл жерлерде астық өндіру тиімсіз. Дақылдардан тұрақты және мол өнім жинау үшін топырақты суландыру қажет. Қазіргі уақытта ашық қара-қоңыр топырақты жерлер мал жайылымдары ретінде кеңінен пайдаланылуда.
Шалғынды қара-қоңыр топырақ типі құрғақ дала аймағында табақша тәріздес ойпатшаларда, шоқылар арасындағы аңғарларда, тау жоталарының құлама етегіндегі ойпатшаларда, ағынсыз төмен орналасқан жазықтықтарда кездеседі.
Қара-қоңыр топырақпен салыстырғанда шалғынды қара-қоңыр топырақтың қарашірінді қабаты қуатты болады және қарашіріндінің, қоректік элементтердің мөлшері мол болып келеді.
Қарашіріндінің мөлшері 2-4%-дан 6-8%-ға дейін жетуі мүмкін. Алмаспалы сіңген катиондар мөлшері 100 г топырақта 15-30 м-экв. Топырақ ертіндісі реакциясы беткі қабатта әлсіз сілтілі болып, тереңдік артқан сайын сілтілігі жоғарлай түседі (рН 8,0-9,0).
Қара-қоңыр топырақты аймақтағы ең құнарлы топыраққа шалғындық қара-қоныр топырақ жатады. Олардың ылғалдылық режимі жақсы қалыптасқан. Осы алқапта орналасқан шабындықтардан және егіншілік алқаптардан мол өнім жиналады.
3.7.4. Қуаң дала және шөл дала аймағының топырақ жамылғысы құрылымы және оларды игеру шаралары
Қуаң дала аймағының солтүстік бөлігінің топырақ жамылғысының негізін күңгірт қара-қоңыр топырақ құрайды. Ол осы өңірдің ауданының 50%-дан артық жерінде кездеседі. Сонымен бірге сорланған, кебірленген топырақтар да жиі тараған. Олар топырақ жамылғысы құрылымының 40% қамтиды.
Қуаң дала аймағының оңтүстік бөлігінің негізгі топырағы нағыз қара-қоңыр топырақ. Ол осы аймақша ауданының 50% алып жатыр. Сонымен бірге нағыз қара-қоңыр топырақтың кебірлермен жиынтығында мол тараған. Олар топырақ жамылғысының 40% құрайды. Ойпатты және сорланған аналық тау жыныстары бар жерлерде шалғынды нағыз қара-қоңыр топырақтар, кебірлер мен сор топырақтар кездеседі.
Шөл-дала аймағының топырақ жамылғысы негізінен кебірленген ашық қара-қоңыр топырақтармен кебірлерден тұратын кешендерден құралған. Ойпатты жерлерде шалғынды, шалғынды–қара-қоңыр, кебір және сор топырақтар кездеседі. Топырақ жамылғысы құрылымы ауданының 63,3% ашық қара-қоңыр топырақ, 20,2%-кебірлер, 5,2%-жартылай гидроморфты, 4,0% гидроморфты, 1,6%- сор топырақтар және 1,2%-құмдар алып жатыр.
Қуаң дала аймағының күңгірт қара-қоңыр топырақтары құнарлы топырақтар қатарына жатады. Сондықтан бұл топырақтар игеріліп егістік алқаптар құрамына кірген. Бұл топырақтарда біріншіден ылғал мөлшері тапшы болып келеді. Сондықтан ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол өнім алу үшін топырақтағы ылғал мөлшерін арттыру және сақтау шаралары (қыста қар тоқтату, көктемде ылғалдың булануына жол бермеу, егістікте арамшөптерді болдырмау, топырақты терең қопсытып аудармау) қатаң түрде жүзеге асырылуы тиісті. Топырақтың жел және су эрозиясына шалдықпауы үшін оны жазықтілгіш құралдарымен өңдеу қажет. Органикалық және минералды тыңайтқыштарды, әсіресе фосфор тыңайтқыштарын ал топырақтағы нитратты азот мөлшері аз танаптарда фосфорт тыңайтқышына қосып азотты тыңайтқыштарды да пайдалану қажет. Жеңіл гранулометриялық құрамды қоңыр топырақтарда эрозияның қауіпі өте жоғары болып келуіне байланысты астық тұқымдас дақылдарды, сүрі алқабын көпжылдық шөптерді 50-100м жолақтар ретінде кезектестіріп егу, яғни топырақ қорғау ауыспалы егіс жүйесін қолдану арқылы пайдалану қажет.
Бұл аймақта кебірленген, кебір топырақтар аймақтық топырақтарымен кешенді түрде жиі кездеседі. Сондықтан кебірленген топырақтардың құрылымын, су өткізгіштігін, тығыздығын реттеу үшін күзде бұл алқаптарды тереңірек өңдеу, органикалық тыңайтқыштарды оңтайлы мөлшерде шашу қажет. Кебір топырақтар жамылғысы бар алқаптарды егістіктерден шығарып, оларға кебірге төзімді көпжылдық шөптерді егіп (түйе жоңышқа, еркек шөп т.б.) шабындыққа, мал жайылымына айналдыру қажет.
Нағыз қара-қоңыр топырақтардың біраз бөлігі суармалы егіншілікке қолдануда. Мысалы, Павлодар облысының Аққу, Ақсу, Павлодар аудандарында бұл топырақтар Ертіс өзенінің суымен суландырылып түрлі көкөніс өндіріледі. Бұл топырақтардың табиғи құнарлылығы шамалы болғандықтан суармалы алқаптарда мол дәрежеде органикалық тыңайтқыштар және оңтайлы дәрежеде минералды тыңайтқыштар қолданылуы керек. Осы топырақтардың артық ылғалданбауын қадағалап, қайтадан сортаңдаңуын болғызбау шарт.
Шөл дала аймағындағы ашық қара-қоңыр топырақтардың және олардың кебірлермен кешендерінің, кебірлердің құнарлылығы төмен болып қалыптасқан. Сонымен бірге ауа райы да өте құрғақ, ылғал тапшы. Сондықтан бұл топырақтар негізінен мал жайылымдары ретінде пайдаланылады. Өсімдік жамылғысы аса мардымды дамымаған, сондықтан жүйесіз мал жайғанда, мал басы артып жайлымға үлкен жүк түскенде, олар жойылып, «тапталып» тез істен шығады, топырақтың азып-тозуы, эрозияға шалдығуы байқалады. Сондықтан шөл-дала аймағында ғылыми түрде ұйымдастырылған мал шаруашылығы жүйесін пайдаланып, жер қорын тиімді пайдалану қажет.
Бақылау сұрақтары
1. Қара-қоңыр топырақ типі қандай табиғи аймақтарда кездеседі?
2. Қара-қоңыр топырақтың қандай типшелері және тектері бар?
3. Қара-қоңыр топырақ қарашірінді қабатының қуатына байланысты қандай түрлерге бөлінген?
4. Қара-қоңыр топырақтың құрылысын және басты морфологиялық ерекшеліктерін атаңыз?
5. Қара-қоңыр топырақтың типшелерінің негізгі морфологиялық және химиялық ерекшеліктерін атап, көрсетіңіз.
6. Жеңіл гранулометриялық құрамды қара-қоңыр топырақтардың ерекшеліктері қандай? Олар Қазақстанның қандай облыстарында кездеседі?
