- •1.1.1. Геология ғылымының дамуының қысқаша тарихы
- •1.2. Жердің пайда болуы, құрылысы мен құрамы.
- •1.2.1. Әлемдік кеңістікте Жердің және Күн жүйесінің орны.
- •1.2. 2. Космогендік гипотезалар
- •1.2.3. Жердің пішіні, физикалық қасиеттері және химиялық құрамы
- •Магнитті еңкейю магнитті стрелканың көкжиекке еңкею бұрышы. Картада бірдей септелулерді жалғастыратын сызықтарды изогон дейді, бірдей еңкеюлерді жалғастыратын нүктелерді изоклин деп атайды
- •1.3 Жердің сыртқы және ішкі қабаттарының құрамы
- •1.3.1. Жердің сыртқы қабаттары
- •1.3.2. Жердің ішкі қабаттары
- •1.4 Минералдар туралы ілім
- •1.4.1. Минералдар және олардың топырақ түзілуіндегі маңызы
- •Туынды (экзогенді) минералдар - жер бетінде, атмосферамен, биосферамен және гидросферамен әрекеттесіп, көбінесе бастапқы минералдардың бұзылуынан пайда болады.
- •1.4.2.Заттардың кристаллдық және аморфты құрылымы
- •1.4.3. Минералдардың физикалық қасиеттері
- •1.4.5. Минералдардың негізгі класстарын сипаттау
- •1.5. Тау жыныстары.
- •1.5.1. Магмалық тау жыныстары
- •1.5. 2. Шөгінді тау жыныстары
- •1.5.3. Метаморфты тау жыныстары.
- •1.6. Геологиялық құбылыстар
- •1.6.1 Жер қабығының негізгі геологиялық құрылымы мен оның ерекшелігі
- •1.6.2. Геотектоникалық гипотезалар
- •1.6. 3. Эндогенді және экзогенді үрдістер
- •1.6.4. Эндогенді үрдістер
- •1.6.5. Экзогенді үрдістер
- •1.7. Жер шарының геологиялық тарихы
- •1.7.1. Тау жыныстарының абсолютты жасы
- •1.7.2. Тау жыныстарының салыстырмалы жасы
- •1.7.3. Геохронологиялық шкала
- •1.7.4. Төрттік кезеңдегі жер қабығының даму ерекшеліктері
- •1.7.5. Геоморфология туралы негізгі мәліметтер
- •1.7. 6. Геологиялық карта.
- •3.15. Топырақтарды агроөндісітік топтарға бөлу және бонитировкалау
- •3.15.1.Топырақтарды агроөндiрiстiк топтарға бөлу
- •3.15.2. Топырақ бонитировкасы
- •2.1.Топырақтану пәні жєне оныњ міндеттері
- •2.1.1.Топырақ ерекше табиғи дене
- •2.1.2. Топырақтың табиғаттағы орны мен маңызы
- •2.1.3.Топырақтың адам өміріндегі алатын орны
- •2.1.4. Топырақтың экологиялық қызметі
- •2.1.5. Топырақтанудың басқа ғылымдармен байланысы, оның басты ғылыми салалары, зерттеу әдістемелері
- •2.1.6. Топырақтану ғылымының даму тарихы
- •Қазақстан топырақтарын зерттеу тарихына қысқаша шолу
- •2.2.1. Топырақ құралу үрдістері
- •2.2.2. Топырақтың морфологиялық белгілері
- •2. 3. Топырақтың минералды бөлігі
- •2. 3.1. Топырақтың қ±рамды бµліктері
- •2.3.2. Минералдық бөліктің құрамы
- •2. 3. 3. Гранулометриялық ќ±рамы
- •Ќарай жіктеу
- •Бақылау сұрақтары
- •2.4. Топырақтың органикалыќ бµлігі
- •2.4.1. Қарашіріндініњ т‰зілуі
- •2.4.2. Қарашіріндініњ мµлшері
- •2.4.3. Топыраќтыњ органикалыќ бµлігініњ маңызы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.5. Топырақтың химиялыќ ќ±рамы
- •2.5.2. Топырақтағы химиялық қосылыстар
- •Бақылау сұрақтары
- •2.6 Топыраќтыњ сіњіру қабілеті
- •2.6.1. Топыраќ коллоидтары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.7. Топырақтың түйіртпектілігі
- •2.7.1. Топыраќтыњ түйіртпектілігі жєне оныњ агрономиялық мањызы
- •2.7.2. Түйіртпектің пайда болуы және оны жақсарту жолдары
- •2.8.2. Топыраќтыњ жалпы физикалыќ жєне физикалыќ – механикалыќ ќасиеттері
- •2. 8.1. Жалпы физикалық қасиеттері
- •2.8.2. Физикалық- механикалық қасиеттері
- •Топтарѓа жіктеу (5)
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топыраќтаѓы ылѓал
- •2.9.1. Топырақтағы ылғалдың категориялары, түрлері
- •2.9.2.Топыраќтыњ ылѓалдылыќ ќасиеттері
- •2.9.3. Топыраќтаѓы ылѓалдыњ µсімдіктерге тиімділігі жєне т±раќты ылѓалдыќ кµрсеткіштері
- •2.9.4. Топыраќтыњ су режимі жєне оны реттеу жолдары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топырақтың ауасы және жылу режимі
- •2.9.1. Топырақтың ауасының маңызы, құрамы, құбылымы
- •2.9.2.Топырақтың жылу режимі
- •Бақылау сұрақтары
- •2.10. Топырақ ерітіндісі және тотығу-тотықсыздану үрдістері
- •2.10.1. Топырақ ерітіндісінің құрамы, қасиеттері
- •2.10.2. Тотығу- тотықсыздану үрдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •2.11. Топырақ құнарлылығы
- •2.11.2. Топырақ құнарлылығының түрлері
- •2.11.2 Топырақ құнарлылығын өндіру
- •2.11.3. Құнарлылықтың өзгеруі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1.Топырақ жаратылысының факторлары
- •3.1.1. Аналық тау жыныстары
- •3.1.2. Климат
- •3.1.3. Биологиялық фактор
- •3.1.4. Жер бедері. Аймақтыњ геологиялық жасы
- •3.1.5. Адамзат қоғамының әсері
- •3.2. Топырақтардың жіктелуі, географиялық таралу заңдылықтары
- •3.2.1. Топырақтарды жіктеудің принциптері, таксономиялық бірліктер
- •3.2.2. Қазақстан топырақтарын жіктеу жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.2.2. Топырақтардың таралу заңдылықтары
- •3.2.3. Топырақ жамылғысы құрылымы
- •3.2.4. Қазақстанның топырақ-географиялық аймақтары
- •3.3. Тайгалы-орман аймағының топырақтары
- •3.3.1. Топырақ құралу жағдайлары
- •3.3.3. Шымды топырақтар
- •3.3.4. Шымды –күлгін топырақтар
- •3.4. Батпақты топырақтар
- •3.5. Жалпақ жапырақты ормандардың қоңыр топырағы
- •3.6. Орманды - дала және дала аймақтары топырақтары
- •3.6.1. Орманды-дала аймағының сұр ормандық топырағы
- •3.6.2. Орманды- дала және дала аймақтарының қара топырақтары
- •3.6.4. Қара топырақтың типшелері
- •3.8. Қуаң дала және шөл дала аймағының қара қоңыр топырақтары
- •3.7.1. Қара-қоңыр топырақтың морфологиялық белгілері және генезисі
- •3.7.2. Қара-қоңыр топырақтың классификациясы
- •3.8. Тұзданған топырақтар
- •3.8.1. Сор топырақтар
- •3.8.1. Кебір топырақтар
- •3.8.3. Шақат топырақтар
- •Бақылау сұрақтары
- •3.9. Шөл аймағының топырақтары
- •3.9.1. Қоңыр топырақтың жаратылуы және морфологиялық белгілері, қасиеттері
- •3.9.2. Тақырлар мен тақыртәріздес топырақтар
- •3.9.3. Шөл аймағы топырақтары жамылғысы құрылымы және оларды пайдалану ерекшеліктері
- •3.10. Тау етегінің шөлді –дала аймағының топырақтары
- •3.11. Ылғалды субтропика аймағының топырақтары
- •3.12. Өзен жайылмасы топырақтары
- •3.13. Таулы өлке топырақтары
- •3.13.1. Қазақстандағы Тянь-Шань және Алтай таулары топырақтары
- •13.3.2. Кавказ таулары топырақтары
- •3.13.3. Қырым және Карпат таулары топырақтары
- •3.14. Топырақ эрозиясы және олармен күресу жолдары
- •3.14.1. Қазақстанның жер қоры және оның экологиялық мәселелері
- •3.14.2. Топырақ эрозиясының түрлері және олардың зияны
- •3.14.3. Топырақтың жел және су эрозиясына шалдығу
- •3.14.4. Топырақты қорғау
- •3.14.5. Топырақ рекультивациясы
- •Бақылау сұрақтары
- •3.16. Дүние жүзі жер қоры және топырақтарының қысқаша сипаттамасы
- •3.16.1. Тропикалық белдеудің топырақ жамылғысы
- •3.16.2.Тропикалық ксерофиттті –орман және саванна аймақтары
- •3.16.3. Субтропика белдеуінің топырақтары
- •3.16.4. Суббореалды белдеудің топырақтары
- •3.16.5. Бореалдық белдеудің топырақтары
- •3.16.6. Полярлық белдеуінің топырақтары
- •Е) гумин және фульвоқышқылдар бірдей мөлшерде
3.12. Өзен жайылмасы топырақтары
Өзен аңғарының мерзімді тасқын су басып қалатын аумағын өзен жайылмасы деп айтады. Қазақстанда жайылмалық-шалғынды, ормандық-шалғынды, шабынды-батпақ, батпақ топырақтар 7млн. 757мың га жерде тараған, яғни барлық топырақ жамылғысының 3,3 % құрайды.
ТМД мемлекеттерінде жайылма топырақтары шамамен 57, 5млн. га жерде кездеседі. Аумақтың 2,6% қамтиды.
Қазақстан аумағында мыңнан астам үлкенді, кішілі өзендер бар. Солардың ішінде Ертіс, Сырдария, Орал, Тобыл, Есіл, Шу, Іле, Қаратал, Нұра, Сарысу, Ырғыз, Торғай, Ембі ірі өзендер болып саналады. Қазақстанның ең ірі өзендерінің бірі - Ертіс. Оның ұзындығы Қазақстанның аумағында 1400 км, ал ені 120 м-ден 500 м-ге дейін жетеді.
Орта Азияның ірі өзендерінің бірі болып есептелетін Сырдария өзенінің ұзындығы 1600 км. Қазақстан аумағында Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан өтіп Арал теңізіне құйылады.
Батыс Қазақстандағы Орал өзені ені 10-12км-ге жуық орманды аңғарымен ерекшеленеді. Оның ұзындығы Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында 1082км-ді құрайды.
Есіл өзені орталық Қазақстаннан басталып (Қарағанды облысы) Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарын басып өтіп, Ресей аумағында Ертіс өзеніне құйылады. Қазақстан аумағындағы ұзындығы 1400 км.
Көбінесе өзен аңғарлары жағаларында жазық бетті текшелер (террасалар, сатылар) орналасқан болады. Олардың мөлшері мен ені біріне-бірі ұқсамайды. Мысалы Орал өзенінің үш текшесі көзге көрінеді. Ал Ертіс өзенінің орта ағысында үстінгі текшенің ені 20 – 25 км-ге дейін жетуі мүмкін. Әдетте олар ежелгі алювийден құрылған болады Аңғардың өзінде қазіргі заман алювийі кездеседі.
Топырақ құралу жағдайлары. Өзен жайылмасында топырақ түзілуі үрдісі туралы ілімнің негізін салып және дамытқан ғалымдар В.Р.Вильямс, С.С.Соболев, В.И.Шарг, Г.В.Добровольский, В.В.Егоров ж.т.б.
Жайылмада топырақ құралу жайылмалық және аллювилік үрдістердің қатысуымен өтеді. Жайылмалық үрдіс дегеніміз мерзімді тасқын судың өзен арнасының белгілі бір бөлігін басып кетуі. Әдетте бұл тасқын су топырақ бетінде 15-30 күн бойы тұрады. Бұл үрдіс топырақтың ылғалмен мол қамтамасыз етілуіне, микробиологиялық үрдістердің қарқындылығына, тұздардың шайылуына оң әсерін тигізіп, өсімдік жамылғысының мол өнім қалыптастыруына ықпал жасайды. Аллювилік үрдіс дегеніміз тасқын сумен аралысып түрлі заттардың келуі, жайылманың шайылуы мен оның үстіңгі қабатына судан ылайдың, майда заттардың, яғни аллювийдің шөгуі құбылыстары. Аллювийлік үрдіс жайылмаға жыл сайын тасқын суда еріген заттарды және құрамында қоректік заттары мол майда түйіршіктерді (ылай, тозаң, шаң бөлшектерді) шоғырландырып топырақтың құнарлығының артуына үлкен үлес қосады. Аллювийлік және жайылмалық үрдістердің сипатына, ерекшелігіне жайылма аумағының өзен арнасынан орналасу қашықтығы ықпалын тигізеді.
Жалпы барлық өзен аңғарларын немесе жайылмаларды үш аумаққа бөледі: арна жағасы, орталық және текше маңындағы жайылмалар (41- сурет). Бұлар бірінен-бірі топырақ жамылғыларымен ерекшеленеді. Бірақ бәріне шалғынды типті топырақ түзілуі тән.

41-сурет. Жайылма құрылысы (В.Р. Вильямс бойынша)
1-арна; 2-құмның ең көп жиналатын жері; 3- арна жағасындағы құмтөбелер;
4-арна бойындағы жайылма; 5- орталық жайылманың су ағымы
6-текше маңайындағы сай; 7-текше маңайындағы жайылма; 8-орталық жайылма; 9-текше маңайындағы құмтөбелер; 10-текше маңайындағы ісінген құмдар.
Арна жағасы жайылмасына тасқын судан ірі мөлшерлі заттар, құм шөгеді, ал орталық және текше маңы жайылмасына (тасқын судың ағыны әлсіруіне және ұзақ уақыт судың топырақ бетінде тұруына байланысты) ұсақ майда бөлшектер – шаң, тозаң, ылай шөгеді.
Жер бедері арна жайылмасында толқынды құм жалдарынан құралған, ал орталық жайылмада жер беті жалпылай тегіс болып келеді. Кейде осы аумақта көтеріңкі жалдармен созыңқы немесе табақша тәрізді келген ойпатшалар байқалады. Текше маңындағы жайылма орталық жайылма мен салыстырғанда төмен деңгейде орналасады және бұл аумақта топырақтың ылғалдылығы артып, батпақты болып келеді.
Өсімдік дүниесі жайылмада өте мардымды дамыған. Бұл жерде шалғынды аралас шөпті-астық тұқымдас шөптер тобы басым дамыған. Әсіресе орталық жайылмада шөптесін өсімдіктердің өнімділігі жоғары болып, бітік өседі. Бұл жерде жиналатын пшен өнімділігі 30-40ц/га дейін болады. Жайылманың көтеріңкі жерлерінде өсімдік жамылғысы сирек және өнімділігі төмен, ал текше маңындағы батпақты жерлерде сапасы нашар қоға, қамыс, өлеңшөп сияқты өсімдіктер дамыған. Жайылмада шөптесін өсімдіктермен қатар бұталар мен ағаштар өскен тоғайлар да жиі кездеседі.
Жалпы алғанда жайылмада жақсы дамыған шөптесін өсімдіктер басым болғандықтан табиғи жағдайда топырақ құралуы шымдану үрдісі ықпалымен жүреді.
Өзен жайылмасы топырақтары негізінде аллювилік шөгінділерде пайда болады. Олар топырақ кескіні қалыптасуына өте зор әсер етеді. Жоғарыда көрсетілген жағдайларға байланысты бұл топырақтарды келесідей үш топқа бөледі: аллювийлі шымды, аллювийлі шалғынды, аллювийлі батпақты топырақтарға.
Аллювийлі шымды топырақтар көбінесе арна жағасында құмайт және құмдарда дамиды. Бұл топырақ кескінінің шымдылығы айқын білінеді. Қарашірінді қабатының қалындығы 3–5см-ден 10–30см. қалындыққа дейін жетеді, кей жағдайларда одан да қалың болуы мүмкін. Сонымен қатар аллювийлі шымды топырақтарда көбінесе қарашірінді және азот мөлшері аз болады.
Шымды үрдістер дамуының күшеюі (41-сурет) орталық жайылмаларда байқалады. Бұл аймақта судың баяу ағуына байланысты қоректік заттарға бай шаңды-лай түйіртпекті аллювий шөгеді. Көп жылдары шымдану үрдістері өткен жағдайда аллювийлі шалғындық топырақтар қалыптасады. Аллювийлі шалғынды топырақтар көбінесе орталық жайылманың саздақ аллювийінде қалыптасады. Бұл жерде су 1,0–2,0 м тереңдікте орналасқан, шымдану үрдісі дамыған, қоректік элементтерге, органикалық заттарға бай. Топырақ кескінінің құрылысы: АШ- шымды қабат, А1- қарашірінділі, күңгірт-сұр немесе күрең-сұр түсті, құрылымы дәнше түйіртпекті, В1- өтпелі қабатында көбінесе қопа (глей) белгілері байқалады, В2g- өтпелі айқын қопалы қабат және саздақ аллювийлі шөгінділер, Сg–аналық тау жынысы.
Аллювийлі-шалғынды топырақтарда қарашірінді қабатының қалындығы 50 см дейін болуы мүмкін, қоректік заттары мол, негіздер сіңіру сыйымдылығы 100г топырақта 25-тен 50 м –экв.-ке дейін.
Аллювиалді батпақ топырақтар жер асты суы жоғары орналасқан су тасқыны болғанда сулар көп уақыт тұрып қалған мол ылғалды суарна текшелері және орталық ойпатты жайылма жерлерінде қалыптасады. Бұл топырақтарға шымтезектері жақсы ыдыраған органикалық заттар немесе лай-қарашірік заттар, жиі қопа қатпарлар дамуы және гидрогенді заттар жиналу тән.
Аллювиалді батпақ топырақтар шалғынды-батпақты, лайлы-қарашірікті-қопалы және лайлы-шымтезектілерге бөлінеді. Шалғынды-батпақ топырақтар құрылымы бойынша, айқын қопалану үрдістерімен ерекшеленеді. Аg,В1g,В2g,В3g және Сg-қабаттарынан құралған. Аg- қопаланған қарашірінді қабатының жоғарғы бөлігі; В2g, В3g-қопаланған қарашірінді өткінші қабат қопаланған қабаттар; Сg-топырақ түзуші қопаланған қабат.
Лайлы-қарашірікті-қопалы топырақтар күшті қопалану үрдістерімен және тұрақты мол ылғалдылығымен ерекшеленеді. Қопаланған лайлы құрылымы айқын қабаттарға бөлінбейді. Осындай топырақтар көбінесе жайылма текшелері маңайларын бойлап немесе ескі су арналарының түбінде орналасады.
Лайлы-шымтезек топырақтар тайгалы-орман және орманды-дала аймақтарында жайылма текшелерінің маңайында таралған.
Бұл топырақтарда шымтезек қабаты- (Т) айқын байқалады, оның астында қопалы минералды қабат (G) орналасқан. Шымтезек қабаты тасқын сумен алып келген лаймен қаныққан. Топырақ құрамынды (гидрогенді жиналу нәтижесінде) темір тотықтары, вивианит, әктас және жеңіл еритін тұздар көп мөлшерде болады. Өзендер арналары өзгеруі әсерінен шалғынды топырақтардың құрылымы, шымды қатпарлы құрылыммен, батпақ құрылымы-шалғынды құрылыммен көмілуі мүмкін.
Аллювийлі-шалғынды-батпақ топырақтар қопа (глей) белгілерімен ерекшеленеді, олар батпақты жерлерде қалыптасқан. Шала тотыққан темір қоспалары қопа қатпарына көкшіл-сұр-көгілдір рең береді.
Ыза суы жақын орналасқан (41-сурет) орталық жайылымдарда батпақтық үрдістер байқалады, соның ықпалымен шалғынды-батпақты сортаңданған топырақтар қалыптасады. Бұндай топырақтар Ертіс, Есіл өзен жайылмаларына тән.
Егер өзен аңғарлары қара топырақтар аймағында орналасқан болса онда олар қара топырақ сияқты әлсіз күлгінденген топырақтарға жатады.
Орталық жайылымдарда арна жағаларына қарағанда кешенді топырақ жамылғылары жиі кездеседі.
Бұл аймақта кебірленген, сортанданған шалғынды топырақтар, сор және кебірлермен бірге ұшырасады
Текшелер маңайындағы жайылымдардың топырақтар жамылғысы орталық жайылмалар топырағына ұқсап кешенді болуы мүмкін.
Сырдария өзені бойында аллювийлі-шалғынды тоғай, суармалы аллювилі-шалғынды топырақтар таралған. Сонымен бірге сирек босада шымтезекті-батпақты, қарашірікті-батпақты, лайлы-батпақты топырақтар кездеседі.
Аллювийлі-шалғынды тоғай топырақтары тоғай ағаштары және шөптесін өсімдіктер астында ені 3–5км арна жағаларында шаңды саздақ және құмайттарда қалыптасады. Ыза сулар деңгейі 1,5–3 метр, тұщы немесе әлсіз сортанданған. Қарашірік мөлшері 1,6% дан 5–6% дейін, жоғары карбонатты, тұз мөлшері көп –0-20см-де – 2 %, 2 метрлік қалындықта тұздың мөлшері 80 – 200 т/ц құрайды, төменгі қабаттарда тұз мөлшері күрт азаяды (0,5 -0,7 %). Бұндай топырақтар мелиоративтік шараларға қажетті емес және бақтар, жүзім, көкөніс, бақша дақылдарын, ормандарды өндіруге, пайдалануға болады.
Суармалы аллювийлі-шалғынды топырақтар. Ыза сулары 2,0–3,0м құрғақшылық жылдары 5,0м тереңдікте орналасқан. Бұл аймақта сортаңдалмаған (құрғақ қалдық 0,1–0,2%) топырақпен бірге күшті сортаңдалған топырақ дақтары ұшырайды. Тұздың мөлшері 0–15см қабатта 2% және одан жоғары болуы мүмкін. Тұздар құрамында натрий сульфаты басым келеді. Суармалы жерлерде тұздар жеңіл шайылып кетеді. Бұндай топырақтар кейде егіншілікте пайдаланылады.
Шымтезекті–батпақты топырақтар өзен атырауларында кездеседі. Топырақ үстінде 5–7 см қалындықта қара–құба түсті шымтезек астында қопа жиегі орналасқан; қопа жиегінен соң қатпарлы аллювий шөгінділер басталады. Топырақтар үстінен сортаңдалған, карбонаттар да болады. Ойпандарда қарашірікті–батпақты топырақтар кездеседі. Бұл топырақтар үстіңгі күңгірт түсті қарашірінді және оның астындағы қара қопа қабаттарымен ерекшеленеді. Әдетте топырақ үсті күшті сортаңданған және күшті карбонатты болады. Бұндай топырақтар шымтезекті–батпақты топырақтардың құрғатылуы нәтижесінде қалыптасады.
Лайлы батпақты топырақтар қалың сазды аллювийлер үстінде, ойпанды жерлерде таралған. Топырақтың үстіңгі жұқа қабаты лай және қарашірік заттарына бай болғандықтан қара түсті болады. Қарашірінді мөлшері 2–3%, гранулометриялық құрамы көбінесе ауыр болады. Қопа қабаты қалың, бетінен сортанданған, құрғақ қалдық 2– 5 % құрайды.
Өзендер жайылмасы топырақтарының құнарлылығы арна жағасынан текше маңына қарай артады. Бұл топырақтарда қарашірінді қабаты қалындығы 1м-ге дейін болуы мүмкін, сондықтан көп дақылдарды өсіруге қолайлы.
Жайылма топырақтарының аймақтануы өзендерге байланысты. Өзен қанша кіші болса соншалық жайылма топырақтарының аймақтануы айқын болады. Топырақ аймақтануы ауа-райына, өсімдіктер түріне және өнімділігіне, жер асты суының құрамына байланысты. Мысалы, тундра аймағының жайылмаларында төмен температура және өсімдіктер өсуінің және қысқа кезеңі заттардың биологиялық айналымын баяулатады, мүктердің мол дамуына, сәл қалындықты қопалы, жиі шымтезектелген аллювиальды-тундралы-шымды топырақтар қалыптасуына себепші болады.
Тайгалы-орман аймақтарының топырақтары шым топырақтардың белгілерін сақтап қалады. Оларға қопалану үрдістері тән. Осы аймақтың аллювиальды топырақтарының арасында батпақ топырақтар кең таралған. Сирек су басатын бедер төбелерінде күлденген белгілері бар топырақтар қалыптасады.
Орманды-дала және дала аймақтарының су жайылмаларында қарашіріндісі мол құрылысы қара топырақтарға ұқсас топырақтар қалыптасуына жағдай жасалған. Бұл топырақтардың қарашірінді қабаты қалың, мөлшері жоғары және құрылымы жақсы болады. Кейбір сирек су басатын жайылмаларда сілтісізденген қара топырақтардың, сұр орман топырақтарының белгілері кездеседі. Бұл аймақта сортаңдалған және кебірленген белгілері бар топырақтар қалыптасуы мүмкін.
Шөлейт пен шөл аймақтарында аллювиалды карбонатты және сортандалған топырақтар дамуы байқалады.
Аумақтың гидрогеологиялық құрылысына, өзеннің гидрологиялық режиміне және басқа факторларға байланысты келесі жайылма топырақтары қалыптасады: сегментті, қашылаулы, аралды, қорысты және атыраулы.
Құрамына, реакциясына және басқа қасиеттеріне байланысты аллювиалды шымды және шалғынды топырақтар алты топқа бөлінеді, ал алллювиалды батпақ топырақтарды үш топқа бөледі (44-кесте).
44-кесте. Аллювиалды топырақтардың жіктелуі
|
Топырақтар типі
|
Таралған аймақ |
|
Аллювиалды- шымды қышқыл |
Тайга–орман, орман- дала |
|
Аллювиалды- шымды қаныққан |
Дала, орман-дала |
|
Аллювиалды- шымды шөлденген карбонатты |
Шөлейт, шөл |
|
Аллювиалды-шалғынды қышқыл |
Тайга-орман, орман –дала |
|
Аллювиалды-шалғынды қаныққан |
Дала, орман-дала |
|
Аллювиалды-шалғынды карбонатты |
Шөлейт, шөл |
|
Аллювиалды-шалғынды –батпақты |
Барлық аймақтарда |
|
Аллювиалды-батпақты лайлы-қарашірікті-қопалы |
Барлық аймақтарда |
|
Аллювиалды- батпақты- лайлы –шымтезекті |
Барлық аймақтарда |
Аллювиалды шымды және шалғынды топырақтардың типтері типшелерге бөлінуі аллювиалдық шөгінділерге және топырақ құрылымының дамуына байланысты (қатпарлы қарапайым, қатпарлы, шымды қышқылды, шалғынды қаныққан, шалғынды күңгірт түсті, шалғынды қышқыл, шалғынды карбонатты).
Негізгі тектері: кәдімгі, темірленген, карбонатты, кебірленген, лайланған, тығызды және қиыршықты болып табылады.
Түрлерге бөлінуі қарашірінді қабатының қалыңдығына, мөлшеріне және кейбір (күлгінденген, кебірленген, сортаңдаған және т.б.) үрдістерге байланысты.
Батпақ топырақтар типтері типшеге шымтезек жиналу үрдісіне (лайлы–шымтезекті қопалы және лайлы шымтезекті, аллювиалды–шалғынды батпақ, аллювиалды-шалғынды шымтезекті батпақ) және лайлануына (батпақты-лайлы-қопалы және батпақты қарашірікті –қопалы) қарасты бөлінеді. Негізгі тектері–кәдімгі, карбонатты, кебірленген, сортаңданған, кенділенген. Бұл топырақтар органогенді және қарашірінді қабаттарының қалыңдығы бойынша түрлерге бөлінеді.
Аллювиалды топырақтар жоғары табиғи құнарлығымен ерекшеленеді және суға жақын орналасқандықтан егіншілікте өте маңызды болып табылады. Аллювиалды топырақтардың ішінде ең жақсы болып аллювиалды шалғынды топырақтар есептеледі. Бұл топырақтардың қарашірінді қабаты жақсы дамыған, қарашірінді мөлшері орта немесе жоғары, жалпы қоректік элементтері мол, топырақ құрылымы оңтайлы, сондықтан су және физикалық қасиеттері өте жақсы болады. Микроағзалар және топырақ фаунасы белсенді келеді.
Ауыл шаруашылықта аллювиалды топырақтар шабынды, жайылым есебінде немесе өте талапшаң және құнды дақылдарды өсіру үшін игеріледі. Жыртылған жерлерде микробиологиялық белсендік артады және жылжымалы қоректік заттардың мөлшері көбейеді.
Жыртылған жайылма топырақтарда көкөніс, техникалық дақылдарды өсіргенде экономикалық тиімділікті арттыру үшін тыңайтқыштарды енгізу қажет.
Бақылау сұрақтары
1. Жайылма топырақтардың құралу жағдайларын баяндаңыз.
2. Қандай жайылма топырақтарының топтарын білесіз.
3.Аллювийлі шалғында топырақтардың генетикалық қабаттарын атаңыз.
4. Жайылма топырақтарын пайдалану жолдарын айтыңыз.
