- •1.1.1. Геология ғылымының дамуының қысқаша тарихы
- •1.2. Жердің пайда болуы, құрылысы мен құрамы.
- •1.2.1. Әлемдік кеңістікте Жердің және Күн жүйесінің орны.
- •1.2. 2. Космогендік гипотезалар
- •1.2.3. Жердің пішіні, физикалық қасиеттері және химиялық құрамы
- •Магнитті еңкейю магнитті стрелканың көкжиекке еңкею бұрышы. Картада бірдей септелулерді жалғастыратын сызықтарды изогон дейді, бірдей еңкеюлерді жалғастыратын нүктелерді изоклин деп атайды
- •1.3 Жердің сыртқы және ішкі қабаттарының құрамы
- •1.3.1. Жердің сыртқы қабаттары
- •1.3.2. Жердің ішкі қабаттары
- •1.4 Минералдар туралы ілім
- •1.4.1. Минералдар және олардың топырақ түзілуіндегі маңызы
- •Туынды (экзогенді) минералдар - жер бетінде, атмосферамен, биосферамен және гидросферамен әрекеттесіп, көбінесе бастапқы минералдардың бұзылуынан пайда болады.
- •1.4.2.Заттардың кристаллдық және аморфты құрылымы
- •1.4.3. Минералдардың физикалық қасиеттері
- •1.4.5. Минералдардың негізгі класстарын сипаттау
- •1.5. Тау жыныстары.
- •1.5.1. Магмалық тау жыныстары
- •1.5. 2. Шөгінді тау жыныстары
- •1.5.3. Метаморфты тау жыныстары.
- •1.6. Геологиялық құбылыстар
- •1.6.1 Жер қабығының негізгі геологиялық құрылымы мен оның ерекшелігі
- •1.6.2. Геотектоникалық гипотезалар
- •1.6. 3. Эндогенді және экзогенді үрдістер
- •1.6.4. Эндогенді үрдістер
- •1.6.5. Экзогенді үрдістер
- •1.7. Жер шарының геологиялық тарихы
- •1.7.1. Тау жыныстарының абсолютты жасы
- •1.7.2. Тау жыныстарының салыстырмалы жасы
- •1.7.3. Геохронологиялық шкала
- •1.7.4. Төрттік кезеңдегі жер қабығының даму ерекшеліктері
- •1.7.5. Геоморфология туралы негізгі мәліметтер
- •1.7. 6. Геологиялық карта.
- •3.15. Топырақтарды агроөндісітік топтарға бөлу және бонитировкалау
- •3.15.1.Топырақтарды агроөндiрiстiк топтарға бөлу
- •3.15.2. Топырақ бонитировкасы
- •2.1.Топырақтану пәні жєне оныњ міндеттері
- •2.1.1.Топырақ ерекше табиғи дене
- •2.1.2. Топырақтың табиғаттағы орны мен маңызы
- •2.1.3.Топырақтың адам өміріндегі алатын орны
- •2.1.4. Топырақтың экологиялық қызметі
- •2.1.5. Топырақтанудың басқа ғылымдармен байланысы, оның басты ғылыми салалары, зерттеу әдістемелері
- •2.1.6. Топырақтану ғылымының даму тарихы
- •Қазақстан топырақтарын зерттеу тарихына қысқаша шолу
- •2.2.1. Топырақ құралу үрдістері
- •2.2.2. Топырақтың морфологиялық белгілері
- •2. 3. Топырақтың минералды бөлігі
- •2. 3.1. Топырақтың қ±рамды бµліктері
- •2.3.2. Минералдық бөліктің құрамы
- •2. 3. 3. Гранулометриялық ќ±рамы
- •Ќарай жіктеу
- •Бақылау сұрақтары
- •2.4. Топырақтың органикалыќ бµлігі
- •2.4.1. Қарашіріндініњ т‰зілуі
- •2.4.2. Қарашіріндініњ мµлшері
- •2.4.3. Топыраќтыњ органикалыќ бµлігініњ маңызы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.5. Топырақтың химиялыќ ќ±рамы
- •2.5.2. Топырақтағы химиялық қосылыстар
- •Бақылау сұрақтары
- •2.6 Топыраќтыњ сіњіру қабілеті
- •2.6.1. Топыраќ коллоидтары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.7. Топырақтың түйіртпектілігі
- •2.7.1. Топыраќтыњ түйіртпектілігі жєне оныњ агрономиялық мањызы
- •2.7.2. Түйіртпектің пайда болуы және оны жақсарту жолдары
- •2.8.2. Топыраќтыњ жалпы физикалыќ жєне физикалыќ – механикалыќ ќасиеттері
- •2. 8.1. Жалпы физикалық қасиеттері
- •2.8.2. Физикалық- механикалық қасиеттері
- •Топтарѓа жіктеу (5)
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топыраќтаѓы ылѓал
- •2.9.1. Топырақтағы ылғалдың категориялары, түрлері
- •2.9.2.Топыраќтыњ ылѓалдылыќ ќасиеттері
- •2.9.3. Топыраќтаѓы ылѓалдыњ µсімдіктерге тиімділігі жєне т±раќты ылѓалдыќ кµрсеткіштері
- •2.9.4. Топыраќтыњ су режимі жєне оны реттеу жолдары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топырақтың ауасы және жылу режимі
- •2.9.1. Топырақтың ауасының маңызы, құрамы, құбылымы
- •2.9.2.Топырақтың жылу режимі
- •Бақылау сұрақтары
- •2.10. Топырақ ерітіндісі және тотығу-тотықсыздану үрдістері
- •2.10.1. Топырақ ерітіндісінің құрамы, қасиеттері
- •2.10.2. Тотығу- тотықсыздану үрдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •2.11. Топырақ құнарлылығы
- •2.11.2. Топырақ құнарлылығының түрлері
- •2.11.2 Топырақ құнарлылығын өндіру
- •2.11.3. Құнарлылықтың өзгеруі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1.Топырақ жаратылысының факторлары
- •3.1.1. Аналық тау жыныстары
- •3.1.2. Климат
- •3.1.3. Биологиялық фактор
- •3.1.4. Жер бедері. Аймақтыњ геологиялық жасы
- •3.1.5. Адамзат қоғамының әсері
- •3.2. Топырақтардың жіктелуі, географиялық таралу заңдылықтары
- •3.2.1. Топырақтарды жіктеудің принциптері, таксономиялық бірліктер
- •3.2.2. Қазақстан топырақтарын жіктеу жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.2.2. Топырақтардың таралу заңдылықтары
- •3.2.3. Топырақ жамылғысы құрылымы
- •3.2.4. Қазақстанның топырақ-географиялық аймақтары
- •3.3. Тайгалы-орман аймағының топырақтары
- •3.3.1. Топырақ құралу жағдайлары
- •3.3.3. Шымды топырақтар
- •3.3.4. Шымды –күлгін топырақтар
- •3.4. Батпақты топырақтар
- •3.5. Жалпақ жапырақты ормандардың қоңыр топырағы
- •3.6. Орманды - дала және дала аймақтары топырақтары
- •3.6.1. Орманды-дала аймағының сұр ормандық топырағы
- •3.6.2. Орманды- дала және дала аймақтарының қара топырақтары
- •3.6.4. Қара топырақтың типшелері
- •3.8. Қуаң дала және шөл дала аймағының қара қоңыр топырақтары
- •3.7.1. Қара-қоңыр топырақтың морфологиялық белгілері және генезисі
- •3.7.2. Қара-қоңыр топырақтың классификациясы
- •3.8. Тұзданған топырақтар
- •3.8.1. Сор топырақтар
- •3.8.1. Кебір топырақтар
- •3.8.3. Шақат топырақтар
- •Бақылау сұрақтары
- •3.9. Шөл аймағының топырақтары
- •3.9.1. Қоңыр топырақтың жаратылуы және морфологиялық белгілері, қасиеттері
- •3.9.2. Тақырлар мен тақыртәріздес топырақтар
- •3.9.3. Шөл аймағы топырақтары жамылғысы құрылымы және оларды пайдалану ерекшеліктері
- •3.10. Тау етегінің шөлді –дала аймағының топырақтары
- •3.11. Ылғалды субтропика аймағының топырақтары
- •3.12. Өзен жайылмасы топырақтары
- •3.13. Таулы өлке топырақтары
- •3.13.1. Қазақстандағы Тянь-Шань және Алтай таулары топырақтары
- •13.3.2. Кавказ таулары топырақтары
- •3.13.3. Қырым және Карпат таулары топырақтары
- •3.14. Топырақ эрозиясы және олармен күресу жолдары
- •3.14.1. Қазақстанның жер қоры және оның экологиялық мәселелері
- •3.14.2. Топырақ эрозиясының түрлері және олардың зияны
- •3.14.3. Топырақтың жел және су эрозиясына шалдығу
- •3.14.4. Топырақты қорғау
- •3.14.5. Топырақ рекультивациясы
- •Бақылау сұрақтары
- •3.16. Дүние жүзі жер қоры және топырақтарының қысқаша сипаттамасы
- •3.16.1. Тропикалық белдеудің топырақ жамылғысы
- •3.16.2.Тропикалық ксерофиттті –орман және саванна аймақтары
- •3.16.3. Субтропика белдеуінің топырақтары
- •3.16.4. Суббореалды белдеудің топырақтары
- •3.16.5. Бореалдық белдеудің топырақтары
- •3.16.6. Полярлық белдеуінің топырақтары
- •Е) гумин және фульвоқышқылдар бірдей мөлшерде
Бақылау сұрақтары
Топырақ ауасының экологиялық маңызына тоқталыңыз.
Топырақ ауасының құрамының атмосфера ауасымен салыстырғанда байқалатын өзгешеліктері қандай?
Аэрация дегеніміз не?
Газ алмасу құбылыстарына әсер ететін жағдайларды және оның бастысын атаңыз. Аэрация белсенді жүруі үшін қолайлы жағдай көрсеткіші қандай?
Топырақтың жылулық қасиеттерін атаңыз.
Топырақтың жылу режимі дегеніміз не? Оның қандай типтері бар. Жылу режимінің басты көрсеткішін атаңыз.
Топырақтың жылу режимін реттеу үшін қолданылатын шараларды атаңыз.
2.10. Топырақ ерітіндісі және тотығу-тотықсыздану үрдістері
2.10.1. Топырақ ерітіндісінің құрамы, қасиеттері
Топырақтың құрамында оның сұйық бөлігі бар. Ол топырақ ерітіндісі. Топыраққа түскен ылғал оның қатты және газ бөліктерімен әрекеттеседі. Олардың құрамындағы заттардың бір бөлігін ерітеді. Сөйтіп топырақ ылғалы ерітіндіге айналады.
Топырақ ерітіндісінің өсімдіктердің және микроағзалардың қоректенуіне қажетті заттар көзі ретінде үлкен маңызы бар. Сонымен қатар ол топырақтың дамуына, оның құрамындағы минералдық және органикалық заттардың өзгерістерге ұшырауына, олардың топырақтың тік кескіні бойынша жылжуына, шоғырлануына үлкен әсер етеді. Топырақ ерітіндісінің осмостық қысымы, оның қышқылды, сілтілі немесе бейтарап реакциясының болуы өсімдіктердің және басқа топырақ ағзаларының дамуына ауқымды ықпалын тигізеді.
Топырақ ерітіндісінің құрамының қалыптасуы абиотикалық, биотикалық жағдайларға, топырақтың және экологиялық жүйенің құрамды бөліктерінің әсерімен тығыз байланысты болып келеді. Оның құрамы атмосферадан түсетін жауын-шашын мөлшеріне, топырақтың қатты бөлігінің құрамына, өсімдіктердің және олардың қалдықтарының мөлшерімен құрамына, жәндіктермен микроағзалардың әрекетіне байланысты. Әсіресе жоғары сатыда дамыған өсімдіктердің тамыр жүйесінің топырақ ерітіндісінен иондармен қосылыстарды сіңіруі немесе оларды осы ортаға бөліп шығаруы оның құрамының өзгерістерге жиі ұшырауына қарқынды үлес қосады.
Топырақ ерітіндісінде ионды, молекулалы немесе коллоидты күйдегі минералды, органикалық және органикалық-минералды қосылыстармен газдар (СО2,О2) болады.
Топырақ ерітіндісінде жиі кездесетін келесідей катиондар -Са²+, Mg²+, Na+, K+, NH4+, H+, AI³+, Fe³+, Fe²+ және аниондар –НСО3¯ , СО3 ² ¯, NO3¯, NO2¯, SO4 ² ¯, CI ¯, Н РО4 ² ¯ және т.б.
Органикалық қосылыстарға топырақ ерітіндісінде суда ерігіш органикалық қалдықтар және олардың ыдырауынан пайда болған заттар, өсімдіктердің және микроағзалардың тіршілігінен туындаған заттар (органикалық қышқылдар, амин қышқылдары, спирттер, ферменттер) жатады.
Топырақ ерітіндісінде органикалық және минералдық заттардың мөлшері топырақтың типіне байланысты өзгереді. Батпақты жер топырағының, шым, шымды–күлгін және кебір топырақтардың ерітіндісінде органикалық заттар, ал ащы, сор топырақтар ерітіндісі құрамында минералды заттар мөлшері басым болады. Қара топырақтың ерітіндісінде органикалық және минералды заттардың мөлшерінің қатынасы тең болып келеді. Сонымен бірге ерітіндіде осы заттардың мөлшері топырақтың генетикалық қабаттарында да өзгереді. Топырақтың үстіңгі қарашірінді қабатында ерітінді құрамында органикалық заттар мол болып, ал астынғы қабаттарында олардың мөлшері кеміп, минералды заттардың мөлшері ұлғая түседі.
Топырақ ерітіндісіндегі коллоидтар органикалық, органикалық-минералды, заттар түрінде және кремний, темір, аммоний тотықтарының коллоидтары түрінде кездеседі. Олардың мөлшері топырақ ерітіндісінің 10-25% және одан аз бөлігін құрайды. Кебір топырақ ерітіндісінде коллоид заттар мөлшері мол болады.
Топырақ ерітіндісінің концентрациясы көбінесе шамалы болады. Оның әр литрінде еріген заттар бірнеше граммға жетеді. Ал ащы, сор топырақтың ерітіндісінің концентрациясы жоғары болады. Әр литр ерітіндісінде еріген заттардың мөлшері 10 г және одан да жоғары болуы мүмкін.
Топырақ ерітіндісінің осмостық қысымы оның концентрациясына және онда еріген заттардың диссоциациалану дәрежесіне байланысты болып келеді. Топырақ ерітіндісінің осмостық қысымының өсімдіктер үшін үлкен маңызы бар. Егер ол қысым өсімдіктердің жасушасының сөлінің қысымына тең немесе одан артық болса, өсімдік тамыры су сіңіруін тоқтатып, қурап қалады. Топырақ ертіндісінің осмостық қысымы ащы, сор топырақтарда жоғары болады, кейде ол 11-13атм. дейін жетеді. Ал қара топырақта ол 1-2 атм. шамасында болады.
Топырақ ерітіндісінің концентрациясы және құрамы оның реакциясының әр түрлі болуына ықпалын тигізеді. Топырақ ерітіндісінің реакциясын pH көрсеткішімен сипаттайды. Ол теріс көрсеткішті ондық логорифм түріндегі сутегі иондарының концентрациясын көрсетеді. Егер pH 7-ге тең болса топырақ ерітіндісі реакциясы бейтарап болады, ал ол 7–ден кем болса ерітінді қышқылдылығымен, ал 7–ден жоғары болса сілтілігімен сипатталады. Ерітіндісінің реакциясына байланысы топырақ келісідей болып жіктеледі.
Топырақ pH
өте қышқыл 3,0-4,5
қышқыл 4,5 –5,5
әлсіз қышқыл 5,5-6,5
бейтарап 6,5-7,0
әлсіз сілтіленген 7,0-7,5
сілтіленген 7,5-8,5
өте сілтілінген 8,5 және одан көп
Топырақ ерітіндісінің реакциясы аса маңызды көрсеткіштердің бірі. Көптеген микроағзалардың, өсімдіктердің дамуы, өнуі топырақ ерітіңдісінің реакциясы бейтарапқа жақын болғанда белсенді жүреді.
Топырақтың және топырақ ерітіндісінің буферлік қасиеті де болады. Бұл қасиет топырақтың немесе оның ерітіндісінің қоршаған орта жағдайының өзгеруі кезінде өзінің бұрынғы реакциясын сақтап қалуымен сипатталады. Мысалы, топыраққа біз біраз қышқыл ерітіндісін немесе сілті ерітіндісін қоссақ, оның реакциясының өзгеруін байқамаймыз. Осы қасиеттің пайда болу себебі топырақ коллоидтарының құрамында алмаса сіңген катиондар мен аниондарға байланысты. Топырақтың экологиялық әрекетінің белсенді жүруі үшін оның буферлік қасиетінің маңызы үлкен.
