- •1.1.1. Геология ғылымының дамуының қысқаша тарихы
- •1.2. Жердің пайда болуы, құрылысы мен құрамы.
- •1.2.1. Әлемдік кеңістікте Жердің және Күн жүйесінің орны.
- •1.2. 2. Космогендік гипотезалар
- •1.2.3. Жердің пішіні, физикалық қасиеттері және химиялық құрамы
- •Магнитті еңкейю магнитті стрелканың көкжиекке еңкею бұрышы. Картада бірдей септелулерді жалғастыратын сызықтарды изогон дейді, бірдей еңкеюлерді жалғастыратын нүктелерді изоклин деп атайды
- •1.3 Жердің сыртқы және ішкі қабаттарының құрамы
- •1.3.1. Жердің сыртқы қабаттары
- •1.3.2. Жердің ішкі қабаттары
- •1.4 Минералдар туралы ілім
- •1.4.1. Минералдар және олардың топырақ түзілуіндегі маңызы
- •Туынды (экзогенді) минералдар - жер бетінде, атмосферамен, биосферамен және гидросферамен әрекеттесіп, көбінесе бастапқы минералдардың бұзылуынан пайда болады.
- •1.4.2.Заттардың кристаллдық және аморфты құрылымы
- •1.4.3. Минералдардың физикалық қасиеттері
- •1.4.5. Минералдардың негізгі класстарын сипаттау
- •1.5. Тау жыныстары.
- •1.5.1. Магмалық тау жыныстары
- •1.5. 2. Шөгінді тау жыныстары
- •1.5.3. Метаморфты тау жыныстары.
- •1.6. Геологиялық құбылыстар
- •1.6.1 Жер қабығының негізгі геологиялық құрылымы мен оның ерекшелігі
- •1.6.2. Геотектоникалық гипотезалар
- •1.6. 3. Эндогенді және экзогенді үрдістер
- •1.6.4. Эндогенді үрдістер
- •1.6.5. Экзогенді үрдістер
- •1.7. Жер шарының геологиялық тарихы
- •1.7.1. Тау жыныстарының абсолютты жасы
- •1.7.2. Тау жыныстарының салыстырмалы жасы
- •1.7.3. Геохронологиялық шкала
- •1.7.4. Төрттік кезеңдегі жер қабығының даму ерекшеліктері
- •1.7.5. Геоморфология туралы негізгі мәліметтер
- •1.7. 6. Геологиялық карта.
- •3.15. Топырақтарды агроөндісітік топтарға бөлу және бонитировкалау
- •3.15.1.Топырақтарды агроөндiрiстiк топтарға бөлу
- •3.15.2. Топырақ бонитировкасы
- •2.1.Топырақтану пәні жєне оныњ міндеттері
- •2.1.1.Топырақ ерекше табиғи дене
- •2.1.2. Топырақтың табиғаттағы орны мен маңызы
- •2.1.3.Топырақтың адам өміріндегі алатын орны
- •2.1.4. Топырақтың экологиялық қызметі
- •2.1.5. Топырақтанудың басқа ғылымдармен байланысы, оның басты ғылыми салалары, зерттеу әдістемелері
- •2.1.6. Топырақтану ғылымының даму тарихы
- •Қазақстан топырақтарын зерттеу тарихына қысқаша шолу
- •2.2.1. Топырақ құралу үрдістері
- •2.2.2. Топырақтың морфологиялық белгілері
- •2. 3. Топырақтың минералды бөлігі
- •2. 3.1. Топырақтың қ±рамды бµліктері
- •2.3.2. Минералдық бөліктің құрамы
- •2. 3. 3. Гранулометриялық ќ±рамы
- •Ќарай жіктеу
- •Бақылау сұрақтары
- •2.4. Топырақтың органикалыќ бµлігі
- •2.4.1. Қарашіріндініњ т‰зілуі
- •2.4.2. Қарашіріндініњ мµлшері
- •2.4.3. Топыраќтыњ органикалыќ бµлігініњ маңызы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.5. Топырақтың химиялыќ ќ±рамы
- •2.5.2. Топырақтағы химиялық қосылыстар
- •Бақылау сұрақтары
- •2.6 Топыраќтыњ сіњіру қабілеті
- •2.6.1. Топыраќ коллоидтары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.7. Топырақтың түйіртпектілігі
- •2.7.1. Топыраќтыњ түйіртпектілігі жєне оныњ агрономиялық мањызы
- •2.7.2. Түйіртпектің пайда болуы және оны жақсарту жолдары
- •2.8.2. Топыраќтыњ жалпы физикалыќ жєне физикалыќ – механикалыќ ќасиеттері
- •2. 8.1. Жалпы физикалық қасиеттері
- •2.8.2. Физикалық- механикалық қасиеттері
- •Топтарѓа жіктеу (5)
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топыраќтаѓы ылѓал
- •2.9.1. Топырақтағы ылғалдың категориялары, түрлері
- •2.9.2.Топыраќтыњ ылѓалдылыќ ќасиеттері
- •2.9.3. Топыраќтаѓы ылѓалдыњ µсімдіктерге тиімділігі жєне т±раќты ылѓалдыќ кµрсеткіштері
- •2.9.4. Топыраќтыњ су режимі жєне оны реттеу жолдары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топырақтың ауасы және жылу режимі
- •2.9.1. Топырақтың ауасының маңызы, құрамы, құбылымы
- •2.9.2.Топырақтың жылу режимі
- •Бақылау сұрақтары
- •2.10. Топырақ ерітіндісі және тотығу-тотықсыздану үрдістері
- •2.10.1. Топырақ ерітіндісінің құрамы, қасиеттері
- •2.10.2. Тотығу- тотықсыздану үрдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •2.11. Топырақ құнарлылығы
- •2.11.2. Топырақ құнарлылығының түрлері
- •2.11.2 Топырақ құнарлылығын өндіру
- •2.11.3. Құнарлылықтың өзгеруі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1.Топырақ жаратылысының факторлары
- •3.1.1. Аналық тау жыныстары
- •3.1.2. Климат
- •3.1.3. Биологиялық фактор
- •3.1.4. Жер бедері. Аймақтыњ геологиялық жасы
- •3.1.5. Адамзат қоғамының әсері
- •3.2. Топырақтардың жіктелуі, географиялық таралу заңдылықтары
- •3.2.1. Топырақтарды жіктеудің принциптері, таксономиялық бірліктер
- •3.2.2. Қазақстан топырақтарын жіктеу жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.2.2. Топырақтардың таралу заңдылықтары
- •3.2.3. Топырақ жамылғысы құрылымы
- •3.2.4. Қазақстанның топырақ-географиялық аймақтары
- •3.3. Тайгалы-орман аймағының топырақтары
- •3.3.1. Топырақ құралу жағдайлары
- •3.3.3. Шымды топырақтар
- •3.3.4. Шымды –күлгін топырақтар
- •3.4. Батпақты топырақтар
- •3.5. Жалпақ жапырақты ормандардың қоңыр топырағы
- •3.6. Орманды - дала және дала аймақтары топырақтары
- •3.6.1. Орманды-дала аймағының сұр ормандық топырағы
- •3.6.2. Орманды- дала және дала аймақтарының қара топырақтары
- •3.6.4. Қара топырақтың типшелері
- •3.8. Қуаң дала және шөл дала аймағының қара қоңыр топырақтары
- •3.7.1. Қара-қоңыр топырақтың морфологиялық белгілері және генезисі
- •3.7.2. Қара-қоңыр топырақтың классификациясы
- •3.8. Тұзданған топырақтар
- •3.8.1. Сор топырақтар
- •3.8.1. Кебір топырақтар
- •3.8.3. Шақат топырақтар
- •Бақылау сұрақтары
- •3.9. Шөл аймағының топырақтары
- •3.9.1. Қоңыр топырақтың жаратылуы және морфологиялық белгілері, қасиеттері
- •3.9.2. Тақырлар мен тақыртәріздес топырақтар
- •3.9.3. Шөл аймағы топырақтары жамылғысы құрылымы және оларды пайдалану ерекшеліктері
- •3.10. Тау етегінің шөлді –дала аймағының топырақтары
- •3.11. Ылғалды субтропика аймағының топырақтары
- •3.12. Өзен жайылмасы топырақтары
- •3.13. Таулы өлке топырақтары
- •3.13.1. Қазақстандағы Тянь-Шань және Алтай таулары топырақтары
- •13.3.2. Кавказ таулары топырақтары
- •3.13.3. Қырым және Карпат таулары топырақтары
- •3.14. Топырақ эрозиясы және олармен күресу жолдары
- •3.14.1. Қазақстанның жер қоры және оның экологиялық мәселелері
- •3.14.2. Топырақ эрозиясының түрлері және олардың зияны
- •3.14.3. Топырақтың жел және су эрозиясына шалдығу
- •3.14.4. Топырақты қорғау
- •3.14.5. Топырақ рекультивациясы
- •Бақылау сұрақтары
- •3.16. Дүние жүзі жер қоры және топырақтарының қысқаша сипаттамасы
- •3.16.1. Тропикалық белдеудің топырақ жамылғысы
- •3.16.2.Тропикалық ксерофиттті –орман және саванна аймақтары
- •3.16.3. Субтропика белдеуінің топырақтары
- •3.16.4. Суббореалды белдеудің топырақтары
- •3.16.5. Бореалдық белдеудің топырақтары
- •3.16.6. Полярлық белдеуінің топырақтары
- •Е) гумин және фульвоқышқылдар бірдей мөлшерде
2.2.2. Топырақтың морфологиялық белгілері
Топырақ түзілуі құбылыстарының әсерінен тау жынысынан пайда болған топырақта оған тән құрылыс, пішін, ерекше белгілер, қасиеттер мен жаңа қосылыстар пайда болады. Сөйтіп топырақ тау жынысынан өзінің құнарлылығымен ғана емес, құрылысымен және сыртқы морфологиялық белгілерімен ерекшеленеді. Осы морфологиялық белгілер арқылы топырақ түрлері бір-бірінен ажыратылады, топырақ т‰рлерге жіктеліп, оларға атау беріледі.
Басты морфологиялық белгілерге топырақтың құрылысы, топырақтың және оның қабаттарының қалыңдығы, түсі, құрылымы, жайласуы, механикалық құрамы, жаңа жарандылар мен кірмелер жатады.
Далалық жағдайда топырақтың морфологиялық белгілерін зерттегенде тік қазылған шұңқырлар пайдаланылады (24-сурет). Бұл әдісті алғаш рет топырақтанудың ғылыми негізін салушы В.В. Докучаев қолданды. Осы әдіс іс жүзінде топырақты далалық жағдайда зерттеуде осы күнге дейін қолданылып келеді.
Топырақтың құрылысы – оның тік кескінінде кезектесіп орналасқан әр т‰рлі қабаттары. Бұл қабаттар бір–бірінен түсімен, құрлымымен, тығыздылығымен, химиялық құрамымен, кейде гранулометриялық құрамымен ерекшеленеді. Топырақтың құрылысы пайда болып, қабаттардың ерекшеленуі топырақ түзілу процесінің және топырақты өндірісте пайдаланудың ықпалынан болады.
Топырақтың тік кескінінде бірнеше қабаттар кездеседі. Осы қабаттарға атау қойылып, әріппен (индекс) белгіленеді. Әдетте топырақтың келесідей генетикалық қабаттары ажыратылады:
А – қарашірінді жиналған қабат;
В – иллювиальді немесе аралық қабат;
Ģ - глей қабаты
С – аналық тау жынысы
Д –төсеніш жыныс (төсенішті қабат)
А1 (АЕ) – қарашірінділі элювиальды ќабаты
А2 (Е) – элювиальды қабат
АО – орман төсеніші, Аш- шымды қабат дала кигізі
Т – шымтезек қабаты
Ао немесе Аш органогенді қабат, орман ішінде түскен, қураған жапырақтардан, ал далалық аймақта шөптесін өсімдіктерінің қалдықтарынан құралған, тың жерде болатын топырақтың ең үстіңгі қабаты.

24-сурет. Топырақ кескінін сипаттау шұңқыры
А–қарашірінді және қоректік заттар жиналатын топырақтың жоғарғы жағында қалыптасқан қабат. Минералды заттардың бұзылуы мен сілтісізденуі байқалмайды. Түсі басқа қабаттарға қарағанда күңгірт болады.
А1- қарашірінділі элювиальды қабатта қарашірінді жиналуымен қатар минералдардың бұзылуы және ыдыраған заттардың төменгі қабаттарға шайылып жылжуы байқалады.
А2–элювиальды қабатта топырақ түзілу процесі кезінде бірқатар заттар төменгі қабатқа немесе топырақ кескіні астына шайылады. Сондықтан қабатта балшықты минералдар азайып кремний негізді заттар көбейеді.
В–иллювиальды немесе аралық қабатта жоғарғы қабаттан шайылған заттар, кей жағдайда жер асты сулары арқылы келген заттар жиналады. Топырақ кескінімен жылжушы заттарға байланысты иллювиальды қабат әр түрлі қосындылармен байытылуы мүмкін. Мысалы: қарашіріндімен (Вh), карбонаттармен (Вк), темір қосындыларымен (ВFe). Егер топырақта мұндай заттардың жылжуы байқалмаса онда В қабатын аралық қабат, яғни қарашірінді қабаттан аналық тау жынысы қабатына алмасу қабаты деп аталынады.
С–аналық тау жынысы, топырақ түзілу процесінің әсері тимеген немесе оның сәл әсері болған тау жынысы қабаты.
Топырақты қабаттарға бөлгенде олардың бір қабаттан екінші қабатқа алмасуы сипатына көңіл аударады. Егер бір қабат түсі екінші қабат түсіне алмасуы 5 см –ге созылса, ол біртіндеп алмасу, ал ол 2-5 см болса анық, ал 2 см – ге дейін болса бірден алмасу деп сипатталады.
Топырақтың және әр қабаттың қалыњдылығы оның тік кескінін өлшеу арқылы анықталады. Топырақтың жалпы қалыңдығы оның үстінен бастап топырақ түзілу процестерінің әсері тимеген не аз болған тау жынысына дейінгі аралық жатады. Топырақтың қалыңдығы 40-50 ден 100-150см-ге дейін болады. Қабаттардың қалыңдылығын сипаттағанда олардың үстіңгі басталатын және астынғы аяқталатын шекаралары және қалыңдығы есептелініп көрсетіледі. Мысалы:
![]()
Топырақтың түсі бірден көзге көрініп байқалатын белгі. Көптеген топырақтардың атауы оның түсіне байланысты қойылған. Мысалы: қара топырақ, қоңыр топырақ, күлгін топырақ т.б. Басқа белгілерді ескере отыра, топырақ түсі топырақтың типін анықтайтын белгі.
С.А. Захаровтың анықтауы бойынша топырақ бояуы, түсі негізінен тµменгі қосындылардың 3 тобына байланысты. Олар: 1– қарашірінді, 2- темір қосындылары, 3 – кремний қышқылы, көмір қышқылды әк, каолин (25-сурет).
Топырақ құрамындағы қарашірінді оған қара, күңгірт сұр түс береді. Темір тотығы қосындылары топыраққа қызыл, қызғылт-сары, сары түс береді, ал кремний тотығы, көмірқышқылды кальций, каолинит ақшыл, ақ түс береді.
Топырақтың түйіртпектілігі – оның пішіндері және ірілігі әр түрлі болып келетін түйіршіктері жиынтығы (агрегаттары). Олар түрлі жағдайлар арқылы біріккен ұсақ бөлшектерден құралады. Егер топырақ белгілі пішіні бар түйіршіктерге бөліне алатын болса оның құрылымы (структурасы) бар деп есептейміз. Ал майда үгілген бөлшектерге немесе үлкен пішінсіз кесектерге бөлінген болса ол түйіртпексіз деп саналады.
С.А.Захаровтың анықтауынша үш құрылым типі бар: 1) куб тәріздес – құрылым бөлшектері бір–біріне перпендикуляр үш ось бойы бірқалыпты қалыптасқан; 2) призма тәріздес–бөлшектердің даму бағыты негізінен тік ось бойы қалыптасқан; 3) тақта тәріздес–бөлшектер негізінен көлденен жазықтық екі ось бойымен қалыптасқан. Топырақтың түйіртпектілігінің түрлерге жіктелінуі 11–кестеде және 26 суретте келтірілген.
Топыраќтыњ ќұрылымы оның типіне және оның қабаттарына байланысты өзгереді. Мысалы, қара топырақтың үстіңгі қарашірінді жиналған қабатында дәнше түйіршікті ќ±рылым, ал кебір топыраќтыњ иллювиальді ќабатында баѓаналы, немесе призмалы ќ±рылым кездеседі.
Топыраќтыњ жайласуы-оныњ тыѓыздыѓы мен кеуектілігініњ сырт кµрінісі. Ол топыраќтыњ механикалыќ ќ±рамына, ќ±рылымына, топыраќ фаунасыныњ єрекетіне жєне µсімдіктердіњ тамыр ж‰йесініњ дамуына байланысты ќалыптасады.
Тыѓыздылыќ дєрежесіне ќарай топыраќ µте тыѓыздалѓан, тыѓыздалѓан, ќопсынды, бытырањќы болып жіктеледі. ¤те тыѓыз топыраќты к‰рекпен ќазу ќиынѓа т‰седі, сондыќтан ќайла немесе сүйемен ќолдану ќажет.
Тыѓыз топыраќты біраз к‰ш ж±мсап, к‰рекпен ќазуѓа болады.
Ќопсынды топыраќ к‰рекпен жењіл ќазылады, ал к‰ректен т‰скен топыраќ т‰йіршіктерге жењіл бµлініп кетеді.
Бытырањќы тыѓыздыќ жыртылып игерілген механикалыќ ќ±рамы ќ±м, ќ±мдаќ топыраќтарѓа тєн. Бұл топырақтардың түйіршектерінің бір-бірімен бірігуі нашар, сондықтан олар тез үгіліп, бытырап кетеді.
Топырақтың кеуектілігі құрылым түйіршіктерінің ішіндегі және олардың арасындағы түтіктердің көлемі мен мөлшеріне байланысты. Топырақтағы түтіктердің, қуыстардың мөлшеріне және орналасуына байланысты топырақтың жайласуы келесідей типтерге жіктеледі:
- нәзік кеуекті - түтіктердің диаметрі 1 мм – ден кіші;
- кеуекті - түтіктердің диаметрі 1-3 мм;
- губка тәрізді – топырақта диаметрі 3-5 мм қуыстар кездеседі;
- тесікті – топырақта диаметрі 5-10 мм-ге дейінгі қуыстар кездеседі;
- құбырлы – жәндіктер қазған құбыр тектес қуыстар.

25 –сурет. С.А. Захаров бойынша топырақ түсінің үш бұрышы
Жаңа жарандылар және кірме заттар. Топырақ түзілу кезінде оның қабатында әр пішінді, химиялық құрамы әр түрлі заттар–жаңа жарандылар пайда болады. Пайда болу тегіне байланысты олар химиялық және биологиялық болып бөлінеді.
Химиялық жаңа жарандылар қатарына суда ерігіш тұздар, гипс, кальций карбонаты, темір, алюминий, марганец тотықтары, қарашірінді қосылыстары жатады. Олар жиналу пішініне қарай жарғақтар және қонымдар, қабыршақтар, жұғындар, арна, түтікше сияқты түрлерде кездеседі.
11-кесте. Топырақ түйіртпектігінің жіктелуі
|
Тегі |
Түрі |
Мөлшері |
Сипаттамасы |
|
Тоњ кесекті |
1-тип. Куб тәрізді |
Пішіні дұрыс емес, беті тегіс емес | |
|
ірі тоң кесекті ұсақ тоң кесекті |
>10см 1-10см | ||
|
Кесекті |
ірі кесекті кесекті ұсақ кесекті шаң тәрізді |
3-10 мм 1-3 мм 0,25-1мм <0,25мм |
Дұрыс емес доғал пішінді, омырылған, беті бұдырлы, қырлары байқалмайды |
|
Жаңғақ тәрізді |
ірі жаңғақты жаңғақты ұсақ жаңғақты |
>10 мм 7-10 мм 5-7 мм |
Дұрыс пішінді, қырлары жақсы білінеді, беті тегіс |
|
Дєнше |
ірі дәнше дәнше ұсақ дәнше |
3-5 мм 1-3 мм 1-0,5мм |
Пішіні сәл дұрыс, кейде домаланған, қырлары жақсы білінеді. Беті бірде бұдырлы, бірде тегіс, жылтыр |
|
Баѓана тєріздес |
2-тип. Призма тәріздес |
Бөлшектер нашар пішінделген, қырлары түзу емес, қабырғалары дамымаған | |
|
ірі бағана тәріздес бағана тәріздес ұсақ бағана тәріздес |
>5см 3-5 см <3 см | ||
|
Бағаналы |
ірі бағаналы
ұсақ бағаналы |
5-3см
<3 см |
Дұрыс пішінді, тік бағытта жақсы жетілген, және үстіңгі жағы дөңгелене біткен, астынғы жағы тегіс |
|
Призмалы
|
ірі призмалы призмалы ұсақ призмалы нәзік призмалы қарындашты (ұзындығы 5см) |
3-5 см 1-3 см 0,5-1см <0,5 см <1см |
Қабырғалары жақсы жетілген, тегіс, жылтыр бетті, өткір қырлы |
|
Тақталы |
3- тип. Тақта тәріздес |
Жетілген қатпарлы, көлденең жымдастығы бар. | |
|
тақталанған плиткалы пластинкалы жапырақты |
>5мм 3-5мм 1-3мм <1 мм | ||
|
Қабыршақты |
жұмыртқа қабыршақты ірі қабыршақты ұсақ қабыршақты |
> 3 мм 1-3 мм <1 мм |
Мөлшері үлкен емес көлденең жымдастығы, өткір қыры бар. |

26- сурет. С.А.Захаров бойынша топырақ түйіртпектігінің негізгі түрлері:
І-тип: 1-тоң кесекті; 2-кесекті; 3-ұсақкесекті; 4-шаңды; 5- ірі жаңғақты;
6-жаңғақты; 7-ұсақ жаңғақты; 8-ірі дәнше; 9-дәнше; 10-ұнтақты;
ІІ-тип: 11-бағаналы; 12-бағана тәрізді; 13-ірі призмалы; 14- призмалы;
15-ұсақ призмалы; 16-жіңішке призмалы;
ІІІ- тип: 17-тақтатас тәрізді; 18-тақталы; 19-жапырақты; 20-ірі қабыршақты;
21-ұсақ қабыршақты.
Биологиялық жолмен пайда болған жаңа жарандылар қатарына топырақ құрттарының қалдырған қуыс іздері, жауын құрттарының бойынан өткен қалдық түйіршіктер – капролиттер, топырақтағы жануарлардың қазған індері, іздері, шіріген ірі тамырлар және өте ұсақ тамырлар – дендриттер жатады.
Кірме заттар топырақ түзілуіне қатысы жоқ кездейсоқ органикалық немесе минералды заттар. Оларға тау жыныстарының сынығы, жануарлардың сүйегі, шынының, кірпіштің, көмірдің сынығы жатады.
Бақылау сұрақтары
Биологиялық және биогеохимиялық заттар айналымдарының анықтамасын және ерекшеліктерін атап көрсетіңіз.
Топырақ түзілу процесінің негізгі буындарын атаңыз.
Топырақ түзілуінің қандай кезеңдері бар? Олардың негізгі ерекшеліктерін сипаттаңыз.
Топырақтың морфологиялық белгілерін атаңыз және олардың қажеттілігін баяндаңыз.
5. Топырақтың құрылысы туралы түсінік беріңіз.
6. Топырақ құрылымы және оның жіктелуі туралы баяндаңыз.
7. Топырақтың жайласуы туралы түсінік беріңіз.
8.Топырақ құралуы үрдістерінің негізгі топтарын атаңыз және оларға жататын құбылыстарды сипаттаңыз.
