- •1.1.1. Геология ғылымының дамуының қысқаша тарихы
- •1.2. Жердің пайда болуы, құрылысы мен құрамы.
- •1.2.1. Әлемдік кеңістікте Жердің және Күн жүйесінің орны.
- •1.2. 2. Космогендік гипотезалар
- •1.2.3. Жердің пішіні, физикалық қасиеттері және химиялық құрамы
- •Магнитті еңкейю магнитті стрелканың көкжиекке еңкею бұрышы. Картада бірдей септелулерді жалғастыратын сызықтарды изогон дейді, бірдей еңкеюлерді жалғастыратын нүктелерді изоклин деп атайды
- •1.3 Жердің сыртқы және ішкі қабаттарының құрамы
- •1.3.1. Жердің сыртқы қабаттары
- •1.3.2. Жердің ішкі қабаттары
- •1.4 Минералдар туралы ілім
- •1.4.1. Минералдар және олардың топырақ түзілуіндегі маңызы
- •Туынды (экзогенді) минералдар - жер бетінде, атмосферамен, биосферамен және гидросферамен әрекеттесіп, көбінесе бастапқы минералдардың бұзылуынан пайда болады.
- •1.4.2.Заттардың кристаллдық және аморфты құрылымы
- •1.4.3. Минералдардың физикалық қасиеттері
- •1.4.5. Минералдардың негізгі класстарын сипаттау
- •1.5. Тау жыныстары.
- •1.5.1. Магмалық тау жыныстары
- •1.5. 2. Шөгінді тау жыныстары
- •1.5.3. Метаморфты тау жыныстары.
- •1.6. Геологиялық құбылыстар
- •1.6.1 Жер қабығының негізгі геологиялық құрылымы мен оның ерекшелігі
- •1.6.2. Геотектоникалық гипотезалар
- •1.6. 3. Эндогенді және экзогенді үрдістер
- •1.6.4. Эндогенді үрдістер
- •1.6.5. Экзогенді үрдістер
- •1.7. Жер шарының геологиялық тарихы
- •1.7.1. Тау жыныстарының абсолютты жасы
- •1.7.2. Тау жыныстарының салыстырмалы жасы
- •1.7.3. Геохронологиялық шкала
- •1.7.4. Төрттік кезеңдегі жер қабығының даму ерекшеліктері
- •1.7.5. Геоморфология туралы негізгі мәліметтер
- •1.7. 6. Геологиялық карта.
- •3.15. Топырақтарды агроөндісітік топтарға бөлу және бонитировкалау
- •3.15.1.Топырақтарды агроөндiрiстiк топтарға бөлу
- •3.15.2. Топырақ бонитировкасы
- •2.1.Топырақтану пәні жєне оныњ міндеттері
- •2.1.1.Топырақ ерекше табиғи дене
- •2.1.2. Топырақтың табиғаттағы орны мен маңызы
- •2.1.3.Топырақтың адам өміріндегі алатын орны
- •2.1.4. Топырақтың экологиялық қызметі
- •2.1.5. Топырақтанудың басқа ғылымдармен байланысы, оның басты ғылыми салалары, зерттеу әдістемелері
- •2.1.6. Топырақтану ғылымының даму тарихы
- •Қазақстан топырақтарын зерттеу тарихына қысқаша шолу
- •2.2.1. Топырақ құралу үрдістері
- •2.2.2. Топырақтың морфологиялық белгілері
- •2. 3. Топырақтың минералды бөлігі
- •2. 3.1. Топырақтың қ±рамды бµліктері
- •2.3.2. Минералдық бөліктің құрамы
- •2. 3. 3. Гранулометриялық ќ±рамы
- •Ќарай жіктеу
- •Бақылау сұрақтары
- •2.4. Топырақтың органикалыќ бµлігі
- •2.4.1. Қарашіріндініњ т‰зілуі
- •2.4.2. Қарашіріндініњ мµлшері
- •2.4.3. Топыраќтыњ органикалыќ бµлігініњ маңызы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.5. Топырақтың химиялыќ ќ±рамы
- •2.5.2. Топырақтағы химиялық қосылыстар
- •Бақылау сұрақтары
- •2.6 Топыраќтыњ сіњіру қабілеті
- •2.6.1. Топыраќ коллоидтары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.7. Топырақтың түйіртпектілігі
- •2.7.1. Топыраќтыњ түйіртпектілігі жєне оныњ агрономиялық мањызы
- •2.7.2. Түйіртпектің пайда болуы және оны жақсарту жолдары
- •2.8.2. Топыраќтыњ жалпы физикалыќ жєне физикалыќ – механикалыќ ќасиеттері
- •2. 8.1. Жалпы физикалық қасиеттері
- •2.8.2. Физикалық- механикалық қасиеттері
- •Топтарѓа жіктеу (5)
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топыраќтаѓы ылѓал
- •2.9.1. Топырақтағы ылғалдың категориялары, түрлері
- •2.9.2.Топыраќтыњ ылѓалдылыќ ќасиеттері
- •2.9.3. Топыраќтаѓы ылѓалдыњ µсімдіктерге тиімділігі жєне т±раќты ылѓалдыќ кµрсеткіштері
- •2.9.4. Топыраќтыњ су режимі жєне оны реттеу жолдары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топырақтың ауасы және жылу режимі
- •2.9.1. Топырақтың ауасының маңызы, құрамы, құбылымы
- •2.9.2.Топырақтың жылу режимі
- •Бақылау сұрақтары
- •2.10. Топырақ ерітіндісі және тотығу-тотықсыздану үрдістері
- •2.10.1. Топырақ ерітіндісінің құрамы, қасиеттері
- •2.10.2. Тотығу- тотықсыздану үрдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •2.11. Топырақ құнарлылығы
- •2.11.2. Топырақ құнарлылығының түрлері
- •2.11.2 Топырақ құнарлылығын өндіру
- •2.11.3. Құнарлылықтың өзгеруі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1.Топырақ жаратылысының факторлары
- •3.1.1. Аналық тау жыныстары
- •3.1.2. Климат
- •3.1.3. Биологиялық фактор
- •3.1.4. Жер бедері. Аймақтыњ геологиялық жасы
- •3.1.5. Адамзат қоғамының әсері
- •3.2. Топырақтардың жіктелуі, географиялық таралу заңдылықтары
- •3.2.1. Топырақтарды жіктеудің принциптері, таксономиялық бірліктер
- •3.2.2. Қазақстан топырақтарын жіктеу жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.2.2. Топырақтардың таралу заңдылықтары
- •3.2.3. Топырақ жамылғысы құрылымы
- •3.2.4. Қазақстанның топырақ-географиялық аймақтары
- •3.3. Тайгалы-орман аймағының топырақтары
- •3.3.1. Топырақ құралу жағдайлары
- •3.3.3. Шымды топырақтар
- •3.3.4. Шымды –күлгін топырақтар
- •3.4. Батпақты топырақтар
- •3.5. Жалпақ жапырақты ормандардың қоңыр топырағы
- •3.6. Орманды - дала және дала аймақтары топырақтары
- •3.6.1. Орманды-дала аймағының сұр ормандық топырағы
- •3.6.2. Орманды- дала және дала аймақтарының қара топырақтары
- •3.6.4. Қара топырақтың типшелері
- •3.8. Қуаң дала және шөл дала аймағының қара қоңыр топырақтары
- •3.7.1. Қара-қоңыр топырақтың морфологиялық белгілері және генезисі
- •3.7.2. Қара-қоңыр топырақтың классификациясы
- •3.8. Тұзданған топырақтар
- •3.8.1. Сор топырақтар
- •3.8.1. Кебір топырақтар
- •3.8.3. Шақат топырақтар
- •Бақылау сұрақтары
- •3.9. Шөл аймағының топырақтары
- •3.9.1. Қоңыр топырақтың жаратылуы және морфологиялық белгілері, қасиеттері
- •3.9.2. Тақырлар мен тақыртәріздес топырақтар
- •3.9.3. Шөл аймағы топырақтары жамылғысы құрылымы және оларды пайдалану ерекшеліктері
- •3.10. Тау етегінің шөлді –дала аймағының топырақтары
- •3.11. Ылғалды субтропика аймағының топырақтары
- •3.12. Өзен жайылмасы топырақтары
- •3.13. Таулы өлке топырақтары
- •3.13.1. Қазақстандағы Тянь-Шань және Алтай таулары топырақтары
- •13.3.2. Кавказ таулары топырақтары
- •3.13.3. Қырым және Карпат таулары топырақтары
- •3.14. Топырақ эрозиясы және олармен күресу жолдары
- •3.14.1. Қазақстанның жер қоры және оның экологиялық мәселелері
- •3.14.2. Топырақ эрозиясының түрлері және олардың зияны
- •3.14.3. Топырақтың жел және су эрозиясына шалдығу
- •3.14.4. Топырақты қорғау
- •3.14.5. Топырақ рекультивациясы
- •Бақылау сұрақтары
- •3.16. Дүние жүзі жер қоры және топырақтарының қысқаша сипаттамасы
- •3.16.1. Тропикалық белдеудің топырақ жамылғысы
- •3.16.2.Тропикалық ксерофиттті –орман және саванна аймақтары
- •3.16.3. Субтропика белдеуінің топырақтары
- •3.16.4. Суббореалды белдеудің топырақтары
- •3.16.5. Бореалдық белдеудің топырақтары
- •3.16.6. Полярлық белдеуінің топырақтары
- •Е) гумин және фульвоқышқылдар бірдей мөлшерде
3.6.4. Қара топырақтың типшелері
Орманды дала аймағында қара топырақтың үш типшесі дамыған. Олар күлгінденген, сілтісізденген және нағыз қара топырақ типшелері. Дала аймағында кәдімгі және оңтүстік қара топырақ типшелері түзілген.
Күлгінденген және нағыз қара топырақ типшелері Қазақстан жер аумағында кездеспейді.
Күлгінденген қара топырақ орманды дала аймағының солтүстік бөлігінде, орман аймағына жақын орналасқан жерлерде дамыған.Оның негізгі ерекше белгісі: В1 қабатының топырақ түйіршіктері бетінде ақшылт келген кремний тотығы себіндісінің болуы; А қабатының түсі ақшылт қара; А+В1 қабаттарының қалыңдығы 50-80см, карбонаттар 1,3-1,5 тереңдікке дейін шайылған. Бұл топырақтың үстіңгі қабатында қарашірінді мөлшері 5-8% болады.
Нағыз қара топырақ типшесі орманды дала аймағының оңтүстік бөлігінде негізінен Украина, Ресейдің орталық қара топырақты аймағында, Орал тауларына жақын өңірлерде кездеседі. Бұл қара топырақ типшесінің негізгі ерекше белгісі-өте жақсы дамыған қалың қарашірінді қабатының болуы. А+В1 қабаттарының қуаты 90-120см-ге дейін жетеді. Сондықтан А қабатының астына орналасқан қарашірінді аралық қабат АВ1 және В1 қабаттарына жіктеледі. Үстіңгі қарашірінділі қабаттың түсі қара, құрылымы жақсы дамыған дәнше. Қарашірінді мөлшері 8-12%. Топырақ ортасының реакциясы бейтарап, физикалық, химиялық, ылғалдылық қасиеттері өте жақсы болып келеді. Ең құнарлы топырақ қатарына жатады.
Сілтісізденген қара топырақ типшесі Қазақстанның орманды дала аймағында Солтүстік Қазақстан облысының қиыр терістігінде тараған.
Бұл қара топырақ типшесінің ерекше белгісі оның тұз қышқылы ерітіндісінен қайнау қабатымен қарашірінді қабатының бір-бірімен шектеспеуі, яғни В2-қабатында карбонаттардың болмауы. Карбонаттар (НСО3-,СО23-сілтілі иондар) қарашірінділі қабаттан шайылып, топырақтың астынғы аралық ВС немесе аналық тау жынысы С қабаттарына жіпше тәрізді дақтар болып жиналады. Тұз қышқылынан бұл топырақтың қайнауы ВС немесе С қабатында байқалады.
Осы топырақтың қарашірінділі А қабаты қара-сұр немесе сұрғылт қара түсті болады, қабат тереңдеген сайын оның түсі біртіндеп ашық қара сұр түске көшеді немесе күреңденеді. Сәл тығыздалған және түйіртпегі дәнше тәрізді болады.
В1 қабаты біршама қарашірінділі жаңғақ тәрізді немесе кесекті түйіртпекті болады. А+В1 қабаттарының қалыңдығы 40-80см. В2 қабаты күрең түсті болады және жіңішкеше келген қарашірінді тілдері кездеседі.
Иллювиальді карбонатты ВСК қабаты құба-күрең түсті, жаңғақша немесе жаңғақшалы-призмалы түйіртпекті болады.
Ғаныш және тез ерігіш тұздар топырақ кескінінде байқалмайды.
Топырақтың үстінгі қабатында қарашірінді мөлшері 3-7% болады. Топырақ ортасының реакциясы оның үстіңгі қабатында бейтарапқа жақын, ал астыңғы қабаттарда аздап қышқылданады. Осы топырақтың сіңіру сыйымдылығы жақсы, 100 г топырақта 40-50 м-экв, болады, және топырақтың сіңіру кешені негіздермен (Са2+,Мg2+) толық қаныққан болып келеді. Сілтісізденген қара топырақтың құнарлылығы, физикалық, ылғалдылық, химиялық қасиеттері жақсы. Сондықтан олар өңделіп, жыртылып, егістік алқаптарға айналған. Осы жерлерде негізінен дәнді дақылдар егіледі.
Кәдімгі қара топырақ типшесі дала аймағында түзілген және жеке кәдімгі қара топырақ аймақшасын құрайды. Алып жатқан жер аумағы 12,0 млн. га. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кең тараған және Ақмола облысының солтүстік аудандарында кездеседі.
Бұл топырақтар Батыс Сібір жазықтығының көтеріңкі жерлерінде және Көкшетау қыратының ұсақ шоқылы жазықтарында орналасқан. Аналық тау жыныстары лөске ұқсас карбонатты саздақтар, кейде балшық немесе құмдақ. Осы топырақтардың дамуы ылғалдылығы жеткілікті дала климаты аясында, топырақтың шайылмайтын су режимі бар, бозды-бетегелі-аралас шөпті және шұрайлы аралас шөпті-бозды өсімдіктер жамылғысы астында қалыптасқан.
Құрылымы және қасиеттері жағынан нағыз қара топыраққа ұқсас, бірақ бұл топырақта қарашіріндінің жиналуы баяу жүреді. Кәдімгі қара топырақтардың генетикалық қабаттары: А-қарашірінді жиналу қабаты, В1- қарашірінділі аралық қабат, В2- қарашірінді тілдері қабаты, ВС-аралық қабат және С-аналық тау жынысы.
Қарашірінді жиналу А қабатының қалыңдығы 23-30см, түсі біртектес қара-сұр, қтүйртпегі дәнге ұқсас, немесе дәнше-кесекті болып келеді. Біртіндеп келесі В1 қабатына ауысады. В1 қабатының түсі күрең реңді қара-сұр болады, құрылымы кесекті немесе кесекті призмалы, қалыңдығы 17-24 см. Жалпы қарашірінді қабатының (А+В1) қуаты 43-59 см-ге жетеді. В2-қабатының қалыңдығы 10-35 см, құрылымы кесекті, әлсіз байланысқан кесекті болып келеді. Аралық ВС қабатының қуаты 16-45 см, жалпы күрең-қоңыр түсті қабат бойында кейде қара-қоңыр түсті қарашірінді тілдері байқалады. Аналық тау жынысы 81-111см тереңдіктен (орташа есеппен 97 см-ден) басталады (35-сурет).
Тұз қышқылы ерітіндісінен қайнауы, көзге көрінетін, карбонат дақтардың байқалуы бұл топырақтың В1 қабатынан басталады және оның мөлшері топырақ қабаты тереңдеген сайын молая береді. Суда еритін тұздар топырақтың үстіңгі қабатында жоқ. Олар тек аналық тау жынысы қабаттарында жиналған болып келеді (36-сурет).
Кәдімгі қара топырақтың химиялық, химиялық-физикалық қасиеттері өте қолайлы. Осы топырақтардың А қабатында қарашірінді мөлшері 5-7%. Алмаспалы сіңген катиондар мөлшері 100г топырақта 34-38 м-экв., және олардың басым бөлігі Са және Мg иондары. Топырақ ерітіндісінің реакциясы бейтарап немесе әлсіз сілтіленген (32-кесте). Топырақтың бір метрлік қабатында әр гектарға шаққанда қарашірінді қоры 500 тоннаға жетеді. Қарашіріндідегі гумин қышқылдарының фульвоқышқылдарына қатынасы СГҚ:СФҚ=2,0-2,5 яғни гуматты типті. Көміртегінің азотқа қатынасы. С:N=10-12, яғни қарашіріндінің азотпен қанығуы орташа дәрежеде. Жалпы азоттың мөлшері мол - 0,400-0,500%, Жалпы фосфор-0,15%. Өсімдіктерге тиімді нитратты азоттың, алмаса сіңген калийдің мөлшері мол, ал жылжымалы фосфордың мөлшері аз.
Гранулометриялық құрамы жағынан кәдімгі қара топырақтар құмбалшықты және балшықты болып келеді және оның құрамында тозаң бөлшектердің мөлшері мол (0,001мм-ден кіші бөлшектер 35-40%). Сондықтан қарашіріндінің және тозаң бөлшектердің мол болуы осы топырақтардың суға төзімді, жақсы түйіршіктелген құрылымды болуына қолайлы әсерін тигізеді. Мөлшері 0,25 мм-ден үлкен ылғалға төзімді құрылымы бар түйіршіктер қарашірінділі қабатында 40-60% болады. Бұл топырақтың физикалық қасиеттері де қолайлы. Қарашірінділі қабаттың тығыздылығы 1,0-1,1г/см3, қатты бөлігінің тығыздылығы 2,4-2,5 г/см3, қуыстылығы 50-60%, су сыйымдылығы 35-40%.
Жеткілікті ылғалданған дала аймақшасында кәдімгі қара топырақтың келесідей тектері кездеседі:
- кәдімгідей (обычные);
- карбонатты;
- кебірленген;
- тереңнен қайнайтын;
- жетілмеген;
-шала дамыған.
Микроэлементтердің элементтердің көпшілігімен бұл топырақ жақсы қамтамасыз етілген, бірақ цинк және молибден мөлшері аз болып келеді.
К
әдімгі
қара топырақтың кәдімгідей, кебірленген
және карбонатты тектері Солтүстік
Қазақстан облыстарында кеңінен таралған.
М. Белгібаев ж.т.б. (1982) мәліметтері
бойынша кәдімгідей қара топырақ тегінің
жер ауданы 3 млн 609 мың га; кебірленген
тектің ауданы 2 млн. 117 мың га және
карбонатты тектің ауданы 875 мың. га.
Кәдімгідей
текке жататын қара топырақтың морфологиялық
белгілері, қасиеттері кәдімгі қара
топырақ типшесінің сипаттамасына сәйкес
келеді, қасиеттерінің өзгеруі, ауытқуы
байқалмайды. Бұл топырақ тегі Батыс
Сібір жазықтығының тегіс, көтеріңкі
жерлерінде, ал Сарыарқа төңірегінде
ұсақ шоқылар арасындағы жазықтықтар
да түзілген. Осы топырақтардың химиялық,
физикалық қасиеттері өте жақсы. Жел
эрозиясына (дефляцияға) шалдығу қарқыны
төмен.Т
ың
топырақтардың желге төзімділігі
коэффициенті жоғары.
35-сурет. Кәдімгі қара Кебірленген кәдімгі қара топырақ тегі шоқ орман
топырақ
дар
а
ралығында
және шоқылардың етектегі беткейлерінде
ащы балшықты немесе ауыр саздақты аналық
тау жыныстары үстінде қалыптасқан.
Көбінесе осы топырақ тегі кебірлермен
кешенді топырақ жамылғысын. құрап
таралған. Бұл топырақтың қарашірінді
қабатының қуаты кәдімгідей қара топырақ
тегіне қарағанда кеміген болады. Айрықша
белгісі-В1
қабатында натрий иондары жиналған
(5-15%), осы қабат тығыздалған және кесекті
– призмалы, немесе жаңғақша тәрізді
құрылымды болады. Сонымен бірге осы
қабатта тозаң бөлшектер де шоғырланған.
Тығыздылығы 1,4-1,6 г/см3
дейін артады, су өткізгіштігі және
қуыстылығы төмен. Қарашіріндінің және
азоттың мөлшері кем, реакциясы сілтіленген.
Осындай қолайсыз қасиеттерінің әсерінен
бұл топырақ тегі ылғалданғанда қатты
ісінеді, ал құрғағанда тығыздалады,
топырақтың бетінде қабыршақ пайда
болады. Көрсетілген себептер салдарынан
осы топырақтарда өсімдіктердің
өніп-өсуіне, дамуына қолайсыз жағдайлар
қалыптасады.Карбонатты және кәдімгідей
қара топырақ тектерімен салыстыра
қарағанда кебірленген қара топырақтың
дефляцияға шалдығу қауіпі біршама кем
болып келеді.

•карбонат дақтары, -гипс
36- сурет. Кәдімгі қара топырақ кескінінің сипаттамасы
Карбонатты кәдімгі қара топырақ тегі сәл бұдырлы немесе тегіс жазықтарда карбонатты лёсс тәрізді ауыр саздақ немесе балшық аналық тау жыныстары үстінде түзілген. Бұл топырақ тегі негізінен бір текті болып келген топырақ жамылғысын құрайды. Кебірлермен кешенді жамылғысы өте сирек кездеседі.
Карбонатты қара топырақтың ерекше айырмашылығы оның тұз қышқылы ертіндісінен ең үстіңгі бетінде немесе қарашірінділі А қабатында қайнауы. Яғни, карбонаттар топырақтың үстіңгі А қабатынан бастап кездеседі. Осы топырақтар көбінесе ауыр гранулометриялық құрамды болады. Сондықтан олардың ылғалдылық және физикалық қасиеттері қолайсыздау болып келеді. Су өткізгіштігі нашар, ылғалданғанда тұтқырланады, құрғағанда тығыздалады және топырақ терең қабаттарына дейін жарылады. Осы топырақтардың жарылуы құбылысы құрғақшылық жылдары кеңінен байқалады. Карбонатты топырақтарды егістік жерлерде қарымталы өңдегенде оның үстіңгі қабатының құрылымы тез бұзылып, майдаланып, шаңданып кетеді. Сол себепті карбонатты топырақтар дефляцияға төзімсіз. Сонымен бірге бұл топырақтардың су эрозиясына шалдығу қаупі де елеулі болып келеді.
Карбонатты топырақтардың жел эрозиясына төзімсіз болу себебі құрамында лөсс тәрізді құмбалшық немесе балшық аналық тау жынысынан көшкен микроқұрылымды майда түйіршіктердің мол болып келуі. Өйткені, карбонаттар әсерінен балшық бөлшектер 0,05-0,01 мм көлемдегі ірі шаң немесе 0,25-0,05мм көлемдегі ұсақ құм бөлшектерге коагуляцияланған болады. Сонымен бірге топырақтың дефляцияға төзімсіздігінің артуына оның құрамындағы карбонаттың мөлшері ықпал жасайды. Әсіресе топырақта кальций карбонатының (СаСО3) мөлшері 2-5% болғанда оның дефляцияға төзімсіздігі айқын байқалады. Осы мөлшердегі кальций карбонаты топырақ түйіршіктері арасындағы байланысты әлсіретіп, оның майда, микроқұрылымға айналуына ықпалын тигізеді. Ал топырақтағы СаСО3 мөлшері 5% асқанда ол топырақ түйіршіктерін біріктіріп, макроқұрылым пайда болуын қамтамасыз етіп, топырақтың дефляцияға төзімділігін арттырады (М.Е. Белгібаев ж.т.б. 1982).
Оңтүстік қара топырақ типшесі дала аймағының жеткіліксіз ылғалданған оңтүстік бөлігіне орналасып, жеке аймақша құрайды. Алып жатқан жер ауданы 13,4 млн. га. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында аз аумақта кездеседі, ал Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарында кең тараған.
Бұл топырақтардың генетикалық ерекшеліктерінің қалыптасуы осы аймақшада қалыптасқан ауа райының гидротермиялық режимінің топырақ түзелу процесіне әсерімен тікелей байланысты. Кәдімгі қара топырақ аймақшасына қарағанда, бұл аймақшада ауа райының құрғақшылығы басым, жазы ыстықтау, топырақтың ылғалдануының тереңдігі шамалы (100-150см) болуына байланысты далалық шөптесін өсімдіктер жамылғысы селдірлеу қалыптасады. Топыраққа түсетін өсімдіктер қалдығы кемиді және олар қарқынды түрде минералданып, ыдырайды. Сондықтан бұл топырақтарда органикалық заттардың мөлшері және қарашірінді қабатының қуаты кемиді.
Оңтүстік қара топырақ және кәдімгі қара топырақтардың негізгі ерекшеліктерінің бірі- олардың В2 қарашірінді тілдері қабатының жақсы дамып, айқын көрініп байқалатыны. Оның себебі Солтүстік Қазақстанның жазы ыстық, құрғақ, ал қысы қатты аязды болуынан топырақтың терең қабаттарға дейін жарылып, сол жарықшақтарға қарашірінді қабатынан топырақтың жылжып түсуі.
Оңтүстік қара топырақтар көтеріңкі жазық жерлерде, бетегелі-бозды шөптер тобы жымылғысы астында дамыған. Топырақ түзуші тау жыныстары элювий, элювийлі-делювий, көне дәуірдің аллювийлі, лесс тәрізді саздақтары және үштік кезеңнің балшықтары.
Оңтүстік қара топырақтың құрылысы және қасиеттері кәдімгі қара топыраққа ұқсас келеді. Оның генетикалық қабаттары: Aд–A–В1- В2 – С.
Қарашірінділі А қабатының қалыңдығы орташа есеппен 24 см, жыртылып игерілген жерлерде 21-30см. Түсі күрең реңді қара-сұр болып келеді. Құрылымы тың жерде кесекті, жыртылып игерілген топырақта шаңды-кесекті.
В1 қабатының қалыңдығы 16-29см, түсі қошқыл күреңнен сұр күреңге дейін өзгереді. Құрылымы кесекті немесе әлсіз кесекті. А+В1 қабаттарының қуаты 41-52см.
В2 қабатының қуаты 19-33см, түсі біркелкі емес, қарашірінді тілдері айқын байқалады. Бұл қабат тығыздалған болып келеді, құрылымы кесекті немесе тоңды кесекті.
Аралық ВС қабаты тығыздалған, карбонаттар мол жиналған.
Тұз қышқылы ерітіндісінен топырақтың қайнауы В1 қабатында немесе В2 қабатында байқалады. Карбонатты жаңа жарандылар ақ дөңгелек дақтар («ақ көздер») түрінде 40-60 см тереңдікте кездеседі.
Көзге көрінетін ғаныш кристалдары 150-200 см тереңдікте болады.
Оңтүстік қара топырақтың кәдімгі қара топырақтан морфологиялық айрықша ерекшелігі оның қарашірінділі А қабатының түсінің күрең реңді қара-сұр (күрең дақтары бар қара-сұр) қарашірінді қабатының қалыңдығының жұқалау және қарашіріндінің мөлшерінің кемірек болуы. Сонымен бірге бұл аймақшада ауа райының құрғақшылығының басым болуына байланысты карбонаттардың және ерігіш тұздардың ғаныштың аз шайылып, топырақтың тік кескінінде жоғарырақ орналасуы (37-сурет). Бұл
топырақтың
А қабатында қарашірінді орташа алғанда
4-6 % болады. В1
қабатында оның мөлшері 2,1-4,9 % дейін, ал
В2
қабатында 1,3-2,9 % дейін кемиді. Қарашірінді
құрамында гумин қышқылдары, фульвоқышқылдарға
қарағанда басым болады.(Сгқ:Сфқ>1,5).
Яғни қарашіріндінің типі фульватты–гуматты.
Жалпы азоттың мөлшері 0,30-0,35%, ал оның
қоры әр гектарда 1м топырақ қабатында
17т-ға дейін болады. Қарашіріндінің
азотпен қанығуы орташа дәрежеде
(С:N=8-10) болады. Бұл топырақтар өсімдіктерге
тиімді жылжымалы фосформен жеткіліксіз
ал нитратты азот және алмаса сіңген
калиймен жақсы қамтамасыз етілген. Әр
гектарда топырақтың 1м қабатында
қарашірінді қоры 300-350 тоннаға дейін
жетеді. Топырақтың сіңіру сыйымдылығы
100 г топырақта 25-30 м-экв болады. Сіңіру
кешені негіздермен қаныққан, оның 70-90%
кальций иондары, 15-25% магний
37-сурет. Оңтүстік және 1-2% натрий иондарынан құралған.
қара
топырақ Топырақ
ерітіндісінің реакциясы жоғары қабатта
сәл сілтілі, ал тереңірек қабаттарда
сілтілі болып келеді (33-кесте). О
ңтүстік
қара топырақтың физикалық қасиеттері
жақсы. Қарашірінділі А қабатының
тығыздылығы 1,0-1,16 г/см3,
қуыстылығы 50-60 %, ал В аралық қабатта
тығыздылық 1,4-1,5 г/см3
дейін артып, қуыстылығы 40-50 % дейін
кемиді. Қатты бөлігінің тығыздылығы
2,30-2,45 г/см3
болып
келеді (34-кесте). Бұл топырақтың
қарашірінділі қабатында ең жоғарғы
гигроскопиялық ылғал мөлшері 11,5-11,7 %,
өсімдіктердің солу ылғалдылықы көрсеткіші
14,1-16,8 %, табиғи ылғал сыйымдылығы 30,2-38,9
% болады. Гранулометриялық құрамы жағынан
оңтүстік қара топырақтардың құмды,
құмдақты, саздақты және балшықты
түршелері кездеседі.
34-кесте. Оңтүстік қара топырағының физикалық қасиеттері (3)
|
Топырақ қабаты, см |
Тығыздылығы г/см3 |
Қатты бөлігінің тығыздылығы, г/см3 |
Жалпы қуыстылығы, % |
|
0-10 |
0,95 |
2,30 |
59 |
|
10-20 |
1,02 |
2,35 |
57 |
|
20-30 |
1,19 |
2,37 |
50 |
|
30-40 |
1,26 |
2,37 |
47 |
|
40-50 |
1,30 |
2,39 |
46 |
|
50-60 |
1,35 |
2,44 |
45 |
|
60-70 |
1,37 |
2,43 |
44 |
|
70-80 |
1,44 |
2,42 |
40 |
|
80-90 |
1,49 |
2,45 |
39 |
|
90-100 |
1,54 |
2,45 |
37 |
Оңтүстік қара топырағының Қазақстан аумағында тараған тектері келесідей:
- кәдімгідей
- карбонатты
- кебірленген
- тереңнен қайнайтын
- фосфоритті
- жетілмеген
- әлсіз дамыған.
Солтүстік Қазақстан облыстарында әсіресе карбонатты оңтүстік қара топырақ кең тараған. Оның алып жатқан жер ауданы 3 млн 430 мың га. Кебірленген және кәдімгідей оңтүстік қара топырақ тектерінің ауданы тиісінше 2 млн 261 мың және 1 млн 430 мың га.
Кәдімгідей оңтүстік қара топырағы тегінің морфологиялық белгілері, химиялық және физикалық қасиеттері жоғарыда сипатталып өткен оңтүстік қара топырағы типшесіне сәйкес келеді.
Карбонатты және кебірленген тектерге жататын оңтүстік қара топырағының түзілу жағдайлары, қасиеттері, айрықша белгілері кәдімгі қара топырақ типшесінің осындай тектеріне ұқсас болып келеді.
Тереңнен қайнайтын оңтүстік қара топырағы тегі жеңіл гранулометриялық құрамды аналық тау жыныстары (құм, құмайт, кейде жеңіл құмбалшық) үстінде қалыптасады. Бұл топырақ тегінде карбонаттар және суда ерігіш тұздар топырақтың терең астыңғы қабаттарына шайылған болады. Тұз қышқылы ерітіндісінен қайнауы және көзге көрінетін карбонаттар жиынтығы топырақтың ВС немесе С аналық тау жынысы қабатында байқалады. Осы топырақтың генетикалық қабаттарға жіктелуі әлсіз байқалады, қарашірінді қабаты созыңқы болып келеді. Қарашіріндінің мөлшері шамалы (1,5-3,0%) қоректік элементтердің де қоры аз. Гранулометриялық құрамы жеңіл болып келгендіктен және қарашіріндінің мөлшерінің аз болуынан бұл топырақтардың құрылымы, түйіршіктелінуі нашар болып, топырақты өңдегенде майдаланып, үгіліп жел эрозиясына тез шалдығады.
Фосфоритті оңтүстік қара топырағы тегі Ақтөбе облысында тараған. Олар фосфорға бай топырақ түзуші тау жыныстарында дамыған. Қарашірінді қабаты 30-40см, түсі біршама қоюланған қара-сұр. Топырақтың тік кескінінде фосфоритті қиыршық тау жыныстары үгінділері кездеседі. Тұз қышқылы ерітіндісінен қайнауы қарашірінді қабатының астынғы жағында байқалады. Карбонаттардың шоғырлануы топырақтың 60-70см қабатында. Топырақтың үстіңгі қабатында қарашірінді мөлшері 5-6%, жалпы азот қоры 0,20-0,30 %. Бұл топырақтың химиялық ерекшелігі оның құрамында көп мөлшерде (1,3-6,0%) жалпы фосфор және жоғары дәрежеде жылжымалы фосфор (4000 мг/кг) мөлшерінің болуы (К.Ш.Фаизов, ж.т.б. 2001).
Жетілмеген оңтүстік қара топырағы Көкшетау қыраты, Орал үстірті және Мұғалжар таулары маңында кездеседі. Олар шоқылардың көлбеу беткейлерінде және шоқылар аңғарындағы көтеріңкі жазықтарда аралас шөпті-бозды-бетегелі өсімдіктер астында түзілген. Топырақ түзуші тау жыныстары шеміршекті-тасты саздақ. Олар саяз қабаттан кейін кездесетін тығыз негізгі тау жыныстары немесе олардың үгіндісі үстінде орналасқан.
Бұл топырақтардың морфологиялық ерекшелігі тік кескінінің яғни топырақтың қалыңдығының саяз болуы. Оның қуаты 40-80 см-ден аспайды. Сонымен бірге әр қабаттың қуаты әлсіз және олар қиыршық тасты болып келеді. Қарашірінді А қабатының қалыңдығы 14-20 см, шаңды-кесекті, немесе шаңды құрылымды. В қабаты қуаты (В1 және В2) 5-30 см. Химиялық және физикалық-химиялық қасиеттері толық дамыған топырақтардың қасиеттеріне жақын. Қарашірінді мөлшері 2-4 %-дан 5-7 %-ға дейін болуы мүмкін, жалпы азотттың мөлшері 0,30-0,50 %, алмаса сіңген негіздер 100 г топырақта 25-30 м-экв.
Бұл топырақтар шоқылардың беткейінде орналасқандықтан және қиыршық тасты болып келетіндіктен егістік жерге жарамсыз, сондықтан олар мал жайылымдары және шабындықтар ретінде пайдаланылады.
Әлсіз дамыған оңтүстік қара топырағы тегі Орал үстірті және Көкшетау қыраты өңірінің шоқылардың үстінде және тік беткейлерінде аралас шөпті-бозды-бетегелі өсімдіктер жамылғысы астында дамыған. Бұл топырақтардың айрықша белгісі топырақтың қабатының қуаты 40 см-ден аспауы. Негізгі тау жыныстары 40 см тереңдіктен басталады. Топырақтың генетикалық қабаттарының қалыңдығы тым әлсіз және кейде кейбір қабаттар болмайды. Топырақтың тік кескінінде қиыршық тастар мол кездеседі. Көбінесе бұл топырақтар аз өнімді мал жайылымы ретінде пайдаланылады.
Шалғындық қара топырақ. Қара топырақ тараған аймақта ылғалдылығы мол ойпаттау төменірек орналасқан, жер асты ыза су 3-5 м тереңдікте болатын немесе еріген қар суы жиналатын алқаптарда шалғынды қара топырақ типі түзіледі. Қазақстанның жазықтық жер аумағында осы топырақтар 1,6млн.га ауданды қамтыған.Бұл топырақтың түзілуі жағдайының ерекшілігі олардың қара топырақ типіне қарағанда жақсы ылғалдық жағдайында және мол шалғындық аралас шөпті және далалық шөптесін өсімдіктер топтарының астында қалыптасуы болып саналады.
Шалғындық қара топырақтың құрылысы және басқа морфологиялық белгілері қара топырақ типіне ұқсас болып келеді. Бірақ бұл топырақтың қарашірінді қабатының түсі күңгірт қара-сұр немесе анық қара болады және бұл қабат өте жақсы дамыған. А+В1 қабат қуаты орташа есеппен 37-96 см-ге жетеді. Жеке А қабатының қалыңдығы 22-30 см, майда кесекті немесе кесекті құрылымды. В1-аралық қабаттың қуаты 40-60 см, кесекті немесе жаңғақша-кесекті құрылымды, тығыздалған болады. Бұл қабаттан кейін карбонаттар жиналған қабат біртіндеп аналық тау жынысы қабатына ауысады. Осы қабатта темір тотығы және глейлену процесі белгісі дақтары кездеседі.
Шалғындық қара топырақтардың үстіңгі А қабатында қарашірінді мөлшері 5-10 %-ға дейін болады. Сонымен бірге азоттың және басқада қоректік элементтердің қоры мол. Катиондар сіңіру көлемі 100 г топырақта 30-50 м-экв. Топырақ ерітіндісінің реакциясы оның үстіңгі қабатында бейтарап, ал астыңғы қабаттарында сәл сілтіленген. Ғаныш және ерігіш тұздар топырақтың 1-1,5 м қабатында кездеседі.
Шалғындық қара топырақтардың табиғи құнарлылығы өте жақсы. Олардың басым көпшілік ауданы егістік жерге айналдырылып, игерілген.
Орманды дала және дала аймақтарының топырақ жамылғысы құрылымы және оларды пайдалану.
Қазақстанның орманды дала аймағының топырақ жамылғысы құрылымы келесі топырақтардан қалыптасқан: сілтісізденген қара топырақ, шалғынды қара топырақ (аймақ ауданының 40% қамтиды); орманның сұр топырағы және шалғынды сортаң топырақ (аймақ ауданының 20%); жартылай гидроморфты және гидроморфты топырақтар (аймақ ауданының 20%); кебірлер мен сортаң топырақтар (аймақ ауданының-20% қамтиды).
Дала аймағындағы кәдімгі қара топырақты аймақшаның топырақ жамылғысы құрылымы негізінен кәдімгі қара топырақтан қалыптасқан. Ол осы аймақша ауданының 60%-дан астамын қамтиды. Ойпатты жерлерде, өзен мен көл жайылмаларында шалғынды қара топырақ, кебірлер, сор топырақтар, шалғынды, шалғынды–батпақты және ылғалды сортаң топырақтар таралған.
Аймақшаның ішінде қара топырақтармен жиынтық құраған кебірлер аймақша ауданының 17%, жартылай гидроморфты және гидроморфты топырақтар 10%, ылғалды сортаң топырақтар 5%, кебірлер мен сор топырақтар 4%-ын құрайды.
Осы аймақшада еліміздің құнарлы, егіншілікке жарамды топырақтары орналасқан. Олар түгелдей жыртылып игерілген. Астық шаруашылығы өндірісінің негізгі көлемі осы аймақшада дамыған.
Дала аймағы құрамына кіретін оңтүстік қара топырақты аймақшада негізінен оңтүстік қара топырағы дамыған. Ол аймақшаның жер ауданының 65% алып жатыр. Топырақ жамылғысының құрылымында кездесетін топырақтар келесідей: оңтүстік қара топырағымен кебір топырақтар кешенді жиынтығы 22%, жартылай гидроморфты және гидроморфты топырақтар -10%, кебірлермен сор топырақтар аймақшаның жер ауданының 3% құрайды.
Осы аймақшада егіншілік шаруашылығымен ет-сүт өндіретін мал шаруашылығы жақсы дамыған.
Жалпы, орманды дала аймағында кездесетін сұр-ормандық топырақ, сілтізденген қара топырақтар және дала аймағындағы кәдімгі қара топырақ пен оңтүстік қара топырақтардың қарашірінді қабаты жақсы дамыған, элементтердің мол қоры бар. Ылғалдылық және физикалық қасиеттері қолайлы. Сондықтан бұл топырақтар түгелімен ауыл шаруашылығында егістік алқаптарға айналдырылып игерілген. Бұл алқаптарда жаз мезгілінің екінші жартысында ылғал тапшылығы жиі байқалады. Сонымен бірге топырақтарда жылжымалы фосфор қоры аз болып келеді. Егістікте бұл топырақты қарымталы өңдеп, көптеген жылдар бойы органикалық және минералды тыңайтқыштар қолданбай дәнді дақылдар өндіру-топырақтағы қарашіріндінің, қоректік заттардың мөлшерінің кемуіне, топырақтың құрылымының нашарлауына әкеліп соқтыруы мүмкін. Сондықтан егістік жерлерде топырақта мол ылғал қорын жинап, оны сақтау шараларын іске асыру, органикалық және фосфорлы минералды тыңайтқыштарды кеңінен пайдалану және топырақты жел мен су эрозиясынан қорғау шараларын, топырақты, жазықтілгіш құралдармен өңдеуді тиянақты қолдану әрдайым қажет.
Қазіргі кезеңде топырақтың құрамындағы қарашіріндінің минералданып кемуі және бірнеше рет қарымталы өңдеу кезінде топырақтың бетіндегі өсімдік қалдықтарының жойылуы, топырақ құрылымының майдаланып жел эрозиясына шалдығуы ауыспалы егістегі таза сүрі (чистый пар) алқабында жиі байқалады. Сондықтан осы аймақта ауыспалы егістікте таза сүрі орнына түйе жоңышқа егілген екпе сүрі алқабын қолдану, егін ору кезінде сабанды майдалап топырақ бетіне шашу, қыста қар тоқтату үшін сабаннан ықтырмалар қалдыру, егін себу кезінде кең қанатты, бірнеше технологиялық жұмысты бір мезгілде атқаратын жаңа техника кешендерін пайдалану бұл өңірдің топырақ құнарлылығының артуына, егіннен мол өнім алуға үлкен мүмкіндік береді.
Бақылау сұрақтары
Ормандық сұр топырақ Қазақстанның қандай облысында кездеседі? Оның құрылысын атап, морфологиялық ерекшеліктерін көрсетіңіз.
Ормандық сұр топырақ қандай типшелерге бөлінеді?
Қара топырақ қандай генетикалық қабаттардан құралған?
Қара топырақтың түзілуі (генезисі) туралы түсініктеме беріңіз.
Қара топырақ қандай типшелерге және тектерге жіктеледі?
Қарашірінді қабатының қуатына байланысты қара топырақ қандай түрлерге бөлінген? Көрсеткіштердің мәнін атаңыз.
Қарашіріндінің мөлшеріне байланысты қара топырақ қандай түрлерге бөлінеді? Көрсеткіштердің мәнін атаңыз.
Кәдімгі қара топырақ типшесіне морфологиялық сипаттама беріңіз.
Қазақстанда таралған кәдімгі қара топырақ типшесінің химиялық және физикалық қасиеттеріне сипаттама беріңіз.
Оңтүстік қара топырақ кәдімгі қара топырақ типшесінен қандай морфологиялық белгілермен ерекшеленеді?
Қандай экологиялық жағдайлардың ерекшелігі әсерінен оңтүстік қара топырақ типшесі түзілген.
Оңтүстік қара топырағының кәдімгі қара топырақ типшесімен салыстырғанда байқалатын химиялық және физикалық ерекшеліктері қандай?
Дала аймағының қара топырақтарын тиімді пайдалану және олардың құнарлылығын сақтап, жоғарлату мәселелері туралы баяндаңыз.
