- •1.1.1. Геология ғылымының дамуының қысқаша тарихы
- •1.2. Жердің пайда болуы, құрылысы мен құрамы.
- •1.2.1. Әлемдік кеңістікте Жердің және Күн жүйесінің орны.
- •1.2. 2. Космогендік гипотезалар
- •1.2.3. Жердің пішіні, физикалық қасиеттері және химиялық құрамы
- •Магнитті еңкейю магнитті стрелканың көкжиекке еңкею бұрышы. Картада бірдей септелулерді жалғастыратын сызықтарды изогон дейді, бірдей еңкеюлерді жалғастыратын нүктелерді изоклин деп атайды
- •1.3 Жердің сыртқы және ішкі қабаттарының құрамы
- •1.3.1. Жердің сыртқы қабаттары
- •1.3.2. Жердің ішкі қабаттары
- •1.4 Минералдар туралы ілім
- •1.4.1. Минералдар және олардың топырақ түзілуіндегі маңызы
- •Туынды (экзогенді) минералдар - жер бетінде, атмосферамен, биосферамен және гидросферамен әрекеттесіп, көбінесе бастапқы минералдардың бұзылуынан пайда болады.
- •1.4.2.Заттардың кристаллдық және аморфты құрылымы
- •1.4.3. Минералдардың физикалық қасиеттері
- •1.4.5. Минералдардың негізгі класстарын сипаттау
- •1.5. Тау жыныстары.
- •1.5.1. Магмалық тау жыныстары
- •1.5. 2. Шөгінді тау жыныстары
- •1.5.3. Метаморфты тау жыныстары.
- •1.6. Геологиялық құбылыстар
- •1.6.1 Жер қабығының негізгі геологиялық құрылымы мен оның ерекшелігі
- •1.6.2. Геотектоникалық гипотезалар
- •1.6. 3. Эндогенді және экзогенді үрдістер
- •1.6.4. Эндогенді үрдістер
- •1.6.5. Экзогенді үрдістер
- •1.7. Жер шарының геологиялық тарихы
- •1.7.1. Тау жыныстарының абсолютты жасы
- •1.7.2. Тау жыныстарының салыстырмалы жасы
- •1.7.3. Геохронологиялық шкала
- •1.7.4. Төрттік кезеңдегі жер қабығының даму ерекшеліктері
- •1.7.5. Геоморфология туралы негізгі мәліметтер
- •1.7. 6. Геологиялық карта.
- •3.15. Топырақтарды агроөндісітік топтарға бөлу және бонитировкалау
- •3.15.1.Топырақтарды агроөндiрiстiк топтарға бөлу
- •3.15.2. Топырақ бонитировкасы
- •2.1.Топырақтану пәні жєне оныњ міндеттері
- •2.1.1.Топырақ ерекше табиғи дене
- •2.1.2. Топырақтың табиғаттағы орны мен маңызы
- •2.1.3.Топырақтың адам өміріндегі алатын орны
- •2.1.4. Топырақтың экологиялық қызметі
- •2.1.5. Топырақтанудың басқа ғылымдармен байланысы, оның басты ғылыми салалары, зерттеу әдістемелері
- •2.1.6. Топырақтану ғылымының даму тарихы
- •Қазақстан топырақтарын зерттеу тарихына қысқаша шолу
- •2.2.1. Топырақ құралу үрдістері
- •2.2.2. Топырақтың морфологиялық белгілері
- •2. 3. Топырақтың минералды бөлігі
- •2. 3.1. Топырақтың қ±рамды бµліктері
- •2.3.2. Минералдық бөліктің құрамы
- •2. 3. 3. Гранулометриялық ќ±рамы
- •Ќарай жіктеу
- •Бақылау сұрақтары
- •2.4. Топырақтың органикалыќ бµлігі
- •2.4.1. Қарашіріндініњ т‰зілуі
- •2.4.2. Қарашіріндініњ мµлшері
- •2.4.3. Топыраќтыњ органикалыќ бµлігініњ маңызы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.5. Топырақтың химиялыќ ќ±рамы
- •2.5.2. Топырақтағы химиялық қосылыстар
- •Бақылау сұрақтары
- •2.6 Топыраќтыњ сіњіру қабілеті
- •2.6.1. Топыраќ коллоидтары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.7. Топырақтың түйіртпектілігі
- •2.7.1. Топыраќтыњ түйіртпектілігі жєне оныњ агрономиялық мањызы
- •2.7.2. Түйіртпектің пайда болуы және оны жақсарту жолдары
- •2.8.2. Топыраќтыњ жалпы физикалыќ жєне физикалыќ – механикалыќ ќасиеттері
- •2. 8.1. Жалпы физикалық қасиеттері
- •2.8.2. Физикалық- механикалық қасиеттері
- •Топтарѓа жіктеу (5)
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топыраќтаѓы ылѓал
- •2.9.1. Топырақтағы ылғалдың категориялары, түрлері
- •2.9.2.Топыраќтыњ ылѓалдылыќ ќасиеттері
- •2.9.3. Топыраќтаѓы ылѓалдыњ µсімдіктерге тиімділігі жєне т±раќты ылѓалдыќ кµрсеткіштері
- •2.9.4. Топыраќтыњ су режимі жєне оны реттеу жолдары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топырақтың ауасы және жылу режимі
- •2.9.1. Топырақтың ауасының маңызы, құрамы, құбылымы
- •2.9.2.Топырақтың жылу режимі
- •Бақылау сұрақтары
- •2.10. Топырақ ерітіндісі және тотығу-тотықсыздану үрдістері
- •2.10.1. Топырақ ерітіндісінің құрамы, қасиеттері
- •2.10.2. Тотығу- тотықсыздану үрдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •2.11. Топырақ құнарлылығы
- •2.11.2. Топырақ құнарлылығының түрлері
- •2.11.2 Топырақ құнарлылығын өндіру
- •2.11.3. Құнарлылықтың өзгеруі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1.Топырақ жаратылысының факторлары
- •3.1.1. Аналық тау жыныстары
- •3.1.2. Климат
- •3.1.3. Биологиялық фактор
- •3.1.4. Жер бедері. Аймақтыњ геологиялық жасы
- •3.1.5. Адамзат қоғамының әсері
- •3.2. Топырақтардың жіктелуі, географиялық таралу заңдылықтары
- •3.2.1. Топырақтарды жіктеудің принциптері, таксономиялық бірліктер
- •3.2.2. Қазақстан топырақтарын жіктеу жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.2.2. Топырақтардың таралу заңдылықтары
- •3.2.3. Топырақ жамылғысы құрылымы
- •3.2.4. Қазақстанның топырақ-географиялық аймақтары
- •3.3. Тайгалы-орман аймағының топырақтары
- •3.3.1. Топырақ құралу жағдайлары
- •3.3.3. Шымды топырақтар
- •3.3.4. Шымды –күлгін топырақтар
- •3.4. Батпақты топырақтар
- •3.5. Жалпақ жапырақты ормандардың қоңыр топырағы
- •3.6. Орманды - дала және дала аймақтары топырақтары
- •3.6.1. Орманды-дала аймағының сұр ормандық топырағы
- •3.6.2. Орманды- дала және дала аймақтарының қара топырақтары
- •3.6.4. Қара топырақтың типшелері
- •3.8. Қуаң дала және шөл дала аймағының қара қоңыр топырақтары
- •3.7.1. Қара-қоңыр топырақтың морфологиялық белгілері және генезисі
- •3.7.2. Қара-қоңыр топырақтың классификациясы
- •3.8. Тұзданған топырақтар
- •3.8.1. Сор топырақтар
- •3.8.1. Кебір топырақтар
- •3.8.3. Шақат топырақтар
- •Бақылау сұрақтары
- •3.9. Шөл аймағының топырақтары
- •3.9.1. Қоңыр топырақтың жаратылуы және морфологиялық белгілері, қасиеттері
- •3.9.2. Тақырлар мен тақыртәріздес топырақтар
- •3.9.3. Шөл аймағы топырақтары жамылғысы құрылымы және оларды пайдалану ерекшеліктері
- •3.10. Тау етегінің шөлді –дала аймағының топырақтары
- •3.11. Ылғалды субтропика аймағының топырақтары
- •3.12. Өзен жайылмасы топырақтары
- •3.13. Таулы өлке топырақтары
- •3.13.1. Қазақстандағы Тянь-Шань және Алтай таулары топырақтары
- •13.3.2. Кавказ таулары топырақтары
- •3.13.3. Қырым және Карпат таулары топырақтары
- •3.14. Топырақ эрозиясы және олармен күресу жолдары
- •3.14.1. Қазақстанның жер қоры және оның экологиялық мәселелері
- •3.14.2. Топырақ эрозиясының түрлері және олардың зияны
- •3.14.3. Топырақтың жел және су эрозиясына шалдығу
- •3.14.4. Топырақты қорғау
- •3.14.5. Топырақ рекультивациясы
- •Бақылау сұрақтары
- •3.16. Дүние жүзі жер қоры және топырақтарының қысқаша сипаттамасы
- •3.16.1. Тропикалық белдеудің топырақ жамылғысы
- •3.16.2.Тропикалық ксерофиттті –орман және саванна аймақтары
- •3.16.3. Субтропика белдеуінің топырақтары
- •3.16.4. Суббореалды белдеудің топырақтары
- •3.16.5. Бореалдық белдеудің топырақтары
- •3.16.6. Полярлық белдеуінің топырақтары
- •Е) гумин және фульвоқышқылдар бірдей мөлшерде
3.16. Дүние жүзі жер қоры және топырақтарының қысқаша сипаттамасы
Жер жүзінде құрлық 13414 млн. га құрайды. Соның 101290 млн. гектары (76,7%) жазықтық, 3127 млн гектары –(23,3%) таулы жерлер.
Жер шарында тропикалық белдеу 4970 млн. га. субтропикалық-16,8млн. км2 суббореалды- 17,7млн. км2, бореалды 15,75 млн. км2 құрайды (51-кесте).
Жазықтық ылғалды жерлердің топырақ жамылғысы 4512 млн. га, өтпелі субгумидтық және субаридтық 3199 млн. га, құрғақ жерлер-шөлдер 2579 млн. га құрайды.
51-кесте. Жер шарының биоклиматтық белдеулерінің ауданы (8)
|
Биоклиматтық белдеулер |
Жылдық 100С-дан жоғары температура- ның жиынтығы |
Экологиялық индикаторлар-мәдени өсімдіктер |
Аудан, млн.км2 |
Құрлық биомасса сы, % |
|
Полярлық (полярлық, субполярлық) |
0,5-800 |
Ауыл шаруашылық аймағына жатпайды. |
5,9 |
1 |
|
Бореалдық (қоңыржайлы) |
800-1800 |
Қара бидай, зығыр, картоп, тарна (брюква), мал азықтық шалқан (турнепс). |
15,7 |
18 |
|
Суббореалдық (қоңыржайлы-жылы) |
1800-4000 |
Бидай, жүгері, қытай бұршақ (соя), қант қызылшасы, күнбағыс, алма, алмұрт, қара өрік, шие. |
17,7 |
12 |
|
Субтропика лық |
4000-6000 |
Астық дақылдары, шай цитрустар, тунг, мақта, зәйтун (олива), інжір, жүзім. |
16,8 |
14 |
|
Тропикалық |
6000-14000 |
Күріш, қант қамысы, тәтті картоп (батат), кофе, банан, ананас, каучук берушілер. |
50,9 |
55 |
3.16.1. Тропикалық белдеудің топырақ жамылғысы
Тропикалық егіншілік ауданы әлем егіншілігінің 20% құрайды. Бұл белдеуде өсетін көп дақылдар басқа жерлерде өспейді. Тропикалық жағдайда бір жылда дақылдардан үш өнім алу мүмкіншілігі бар.
Тропикалық ылғалды–орман белдеуі үшке бөлінеді:
-Америкалық бөлігі - Орталық Американы және Оңтүстік Американың көп бөлігін қамтиды;
-Африкалық бөлігіне Конго өзенінің су алқабы және Гвиней шығанағы жағалауы жатады.
-Австралия–Азия бөлігіне Азияның Оңтүстік түбектерімен, Австралияның Солтүстік жағалаулары және солардың арасында орналасқан аралдар жатады.
Тропикалық ылғалды-орман жерлердің жалпы ауданы 2230 млн.га құрайды. Бұл жерлердің топырақтары екі аймаққа бөлінеді: біріншісі қызыл-сары ферраллит топырақтар аймағы, екіншісі муссонды тропикалық ормандар мен биік шөпті саванналардың қызыл топырақтар аймағы.
Қызыл-сары ферраллиттік топырақтар жылы және ылғалды жағдайларда қалыптасады. Бұл аймаққа күн мен түн температурасы айтарлықтай өзгермей 25-270С құрайды. Ылғалдық та жыл бойы біркелкі таралады. Жауын-шашын 1800-2000мм-ге дейін болуы мүмкін. Жылдық ылғалдық коэффициент әр қашанда бірден жоғары болады, ал айлық коэффициент 5-10 дейін көтерілуі мүмкін. Жалғыз 1-2 құрғақ ай маусымында ол 0,5-0,3 дейін төмендейді. Жауын-шашынның 20% нөсер болғандықтан топырақтар су эрозиясына жиі ұшырайды.
Тропикалық ормандар-аса өнімді өсімдіктер қауымдастығына жатуымен және қарқынды биологиялық айналымды қалыптастырумен сипатталады. Орманның жылдық органикалық қалдықтары 1 гектарға шаққанда 250-400 ц құрайды, олардың құрамында күл заттары 5,6% ал, азот 1,0% болуы мүмкін.
Қалдықтардың өзгеруі келесідей жағдайларға байланысты:
1) қарқынды ыдырау, оның себебі гидротермикалық режім және топырақ фаунасының белсенді әрекеттері (термиттер т.б.); 2) қалдықтардың күлді заттарға кең қатынасы болуымен (20-ға жуық); 3) күл құрамында сілтілі негіздердің аздығымен; 4) органикалық қалдықтардың құрамындағы азот пен күкірттің қарқынды тотығуымен және бұндай үрдістердің топырақтын қышқылдығын арттыру. Айтып өткен жағдайлар топырақта ферраллиттік үрдістерін қарқынды дамуына алып келеді.
Ферраллиттік үрдіс деген үгілу нәтижесінде бастапқы минералдардан жартылай тотықтар тобындағы туынды минералдар пайда болуы және жиналуы.
Темір гидрототықтар мөлшеріне байланысты топырақтардың түсі ашық қызылдан сарыға дейін болуы мүмкін.
Қызыл-сары ферраллиттік топырақтың қарашірік қабаты А қалыңдығы 12-17см., түсі қоңыр-сұр, құрылымы ұсақ кесекті. Қарашірік мөлшері жоғарғы 5-7см қалыңдықта 4-5%, ал төменгі қабаттарында 1-2%. Оның астындағы қабат АВ қызғышты-құба немесе сарғышты–құба өтпелі қабат, қалыңдығы 25-50см. Өтпелі қабаттың астында В-құба-қызыл немесе құба-сары қабаты орналасқан. Бұл қабат біртіндеп ашық түсті топырақ түзуші жынысқа –ферраллиттік үгілу қыртысына өтеді. Оның қалыңдығы ондаған метрлерге жетуі мүмкін. Топырақ және үгілу қыртысы реакциасы қышқыл -рН 4,0-5,5. Сіңіру сыйымдылығы 100г топырақта 3-6м -экв, қарашірінді қабатында бұл көрсеткіш 10-13м-экв құрайды. Негіздермен қанығуы 50%.
Қызыл ферраллиттік топырақтардың термикалық жағдайлары қызыл-сары топырақтарға ұқсас, бірақ бұл аймақта жауын-шашын мөлшері біраз кемірек (1300-1800мм) ал құрғақ кезеңі 3-4 айға созылады.
Биік шөпті саваналарда шөптер бойы 4м-ге дейін болуы мүмкін. Қызыл ферраллиттік топырақтардың ерекшеліктері: 1) жыл бойы су режімінің өзгеруі-құрғақшылық кезеңінде топырақтардың терең құрғап кетуі; 2) температураның әсерінен темір тотығы ыдырап кетеді соның нәтижесінде топырақтың жоғарғы қабаттары қызыл түсті болып қалады; 3) қарашірінді қабаты күңгірт-құба түсті, қалыңдығы 30-40см, мөлшері жоғарғы қабатында 4%, құрамы фульваттық; 4) темір гидрототықтарының конкрекций пішінде тұнба қатпарлар пайда болу ықтималдығы (латеритизация үрдісі) көп.
Латеритизация лат (later) - топырақ ерітінділерімен бүйір қозғалысында темір қоспаларының алып келінуі.
Қызыл ферраллиттық топырақтарда темір тотықтардың әсерінен топырақтар құрылымы ұсақ кесекті болып жақсарады. Темір конкрециялар кейбір жерлерде тұтас цементтелген темір конкрецилер (пизолитті латеритті қабат) қабаттары байқалады.
Тереңде жатқан латеритті қабаттар ылғалды күйінде жеңіл кесіледі, бірақ жер бетіне шығып кеуіп қалған жағдайда аса қатты латериттік тас қабыққа (кирасқа) айналады. Бұндай топырақтар егіншілікте көп қиыншылықтар тудырады.
Күңгірт қызыл және күңгірт ормандық тропикалық топырақтар. Бұл топырақтар негізгі жыныстар мен әктастарда қалыптасады. Оларды маргалитті немесе ферралитті – маргалитті топырақтар деп атайды. Қызыл-сары қызыл топырақтардың гранулометриялық құрамы саз, сіңіру сыйымы жоғары, 100г топырақта 30м-экв болады. Қарашірінді мөлшері көп емес, бірақ реңі қүңгірттеу, қышқылдығы әлсіз. Құрамындағы каолинит, монтмориллонт минерал топтарының маңызы зор. Бұл топырақтар егіншілікке кең қолданылады. Күңгірт-қызыл және күңгірт топырақтардың ауданы 40млн. га. Олар Оңтүстік Азия, Индонезия, Оңтүстік Америка және Африкада таралған.
Амозонка, Конго өзендері ойпат алқаптарында орман ферраллитті қопалы топырақтары қалыптасқан. Ауданы 220млн. га құрайды. Бұл топырақтарды игеру үшін құрғату мелиоративтиік шараларды қолдау қажет. Тропикалық аллювиалды топырақтар 120млн.га иелейді. Су көтерілу аймағында тропикалық батпақ және мангролы сортаңданған топырақтар қалыптасады. Ылғалды-орманды тропикалық аймақта егіншілікте пайдаланатын жерлер 5% (120 млн.га) құрайды. Бұл жерлерде күріш, қант қамысы, батат, маниок, кофе, какао, майлы пальма, каучук ағаштары, банан, ананас дақылдары егіледі.
Топырақтардың құнарлылығын арттыру, бір жылда бір неше өнім алу үшін арнайы минералдық тыңайытқыштар кешенін қолдау және топырақ қышқылдығын төмендету қажет. Эрозияға, латериттік қабаттар болмауына қарсы күрес шараларын қолдану бұл топырақтарда өте маңызды болып табылады.
Жалпы осы аймақтарда дұрыс мелиоративтік шараларды қолданса егіншілік ауданын 5-6 рет арттыру мүмкіншілігі бар.
