- •1.1.1. Геология ғылымының дамуының қысқаша тарихы
- •1.2. Жердің пайда болуы, құрылысы мен құрамы.
- •1.2.1. Әлемдік кеңістікте Жердің және Күн жүйесінің орны.
- •1.2. 2. Космогендік гипотезалар
- •1.2.3. Жердің пішіні, физикалық қасиеттері және химиялық құрамы
- •Магнитті еңкейю магнитті стрелканың көкжиекке еңкею бұрышы. Картада бірдей септелулерді жалғастыратын сызықтарды изогон дейді, бірдей еңкеюлерді жалғастыратын нүктелерді изоклин деп атайды
- •1.3 Жердің сыртқы және ішкі қабаттарының құрамы
- •1.3.1. Жердің сыртқы қабаттары
- •1.3.2. Жердің ішкі қабаттары
- •1.4 Минералдар туралы ілім
- •1.4.1. Минералдар және олардың топырақ түзілуіндегі маңызы
- •Туынды (экзогенді) минералдар - жер бетінде, атмосферамен, биосферамен және гидросферамен әрекеттесіп, көбінесе бастапқы минералдардың бұзылуынан пайда болады.
- •1.4.2.Заттардың кристаллдық және аморфты құрылымы
- •1.4.3. Минералдардың физикалық қасиеттері
- •1.4.5. Минералдардың негізгі класстарын сипаттау
- •1.5. Тау жыныстары.
- •1.5.1. Магмалық тау жыныстары
- •1.5. 2. Шөгінді тау жыныстары
- •1.5.3. Метаморфты тау жыныстары.
- •1.6. Геологиялық құбылыстар
- •1.6.1 Жер қабығының негізгі геологиялық құрылымы мен оның ерекшелігі
- •1.6.2. Геотектоникалық гипотезалар
- •1.6. 3. Эндогенді және экзогенді үрдістер
- •1.6.4. Эндогенді үрдістер
- •1.6.5. Экзогенді үрдістер
- •1.7. Жер шарының геологиялық тарихы
- •1.7.1. Тау жыныстарының абсолютты жасы
- •1.7.2. Тау жыныстарының салыстырмалы жасы
- •1.7.3. Геохронологиялық шкала
- •1.7.4. Төрттік кезеңдегі жер қабығының даму ерекшеліктері
- •1.7.5. Геоморфология туралы негізгі мәліметтер
- •1.7. 6. Геологиялық карта.
- •3.15. Топырақтарды агроөндісітік топтарға бөлу және бонитировкалау
- •3.15.1.Топырақтарды агроөндiрiстiк топтарға бөлу
- •3.15.2. Топырақ бонитировкасы
- •2.1.Топырақтану пәні жєне оныњ міндеттері
- •2.1.1.Топырақ ерекше табиғи дене
- •2.1.2. Топырақтың табиғаттағы орны мен маңызы
- •2.1.3.Топырақтың адам өміріндегі алатын орны
- •2.1.4. Топырақтың экологиялық қызметі
- •2.1.5. Топырақтанудың басқа ғылымдармен байланысы, оның басты ғылыми салалары, зерттеу әдістемелері
- •2.1.6. Топырақтану ғылымының даму тарихы
- •Қазақстан топырақтарын зерттеу тарихына қысқаша шолу
- •2.2.1. Топырақ құралу үрдістері
- •2.2.2. Топырақтың морфологиялық белгілері
- •2. 3. Топырақтың минералды бөлігі
- •2. 3.1. Топырақтың қ±рамды бµліктері
- •2.3.2. Минералдық бөліктің құрамы
- •2. 3. 3. Гранулометриялық ќ±рамы
- •Ќарай жіктеу
- •Бақылау сұрақтары
- •2.4. Топырақтың органикалыќ бµлігі
- •2.4.1. Қарашіріндініњ т‰зілуі
- •2.4.2. Қарашіріндініњ мµлшері
- •2.4.3. Топыраќтыњ органикалыќ бµлігініњ маңызы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.5. Топырақтың химиялыќ ќ±рамы
- •2.5.2. Топырақтағы химиялық қосылыстар
- •Бақылау сұрақтары
- •2.6 Топыраќтыњ сіњіру қабілеті
- •2.6.1. Топыраќ коллоидтары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.7. Топырақтың түйіртпектілігі
- •2.7.1. Топыраќтыњ түйіртпектілігі жєне оныњ агрономиялық мањызы
- •2.7.2. Түйіртпектің пайда болуы және оны жақсарту жолдары
- •2.8.2. Топыраќтыњ жалпы физикалыќ жєне физикалыќ – механикалыќ ќасиеттері
- •2. 8.1. Жалпы физикалық қасиеттері
- •2.8.2. Физикалық- механикалық қасиеттері
- •Топтарѓа жіктеу (5)
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топыраќтаѓы ылѓал
- •2.9.1. Топырақтағы ылғалдың категориялары, түрлері
- •2.9.2.Топыраќтыњ ылѓалдылыќ ќасиеттері
- •2.9.3. Топыраќтаѓы ылѓалдыњ µсімдіктерге тиімділігі жєне т±раќты ылѓалдыќ кµрсеткіштері
- •2.9.4. Топыраќтыњ су режимі жєне оны реттеу жолдары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топырақтың ауасы және жылу режимі
- •2.9.1. Топырақтың ауасының маңызы, құрамы, құбылымы
- •2.9.2.Топырақтың жылу режимі
- •Бақылау сұрақтары
- •2.10. Топырақ ерітіндісі және тотығу-тотықсыздану үрдістері
- •2.10.1. Топырақ ерітіндісінің құрамы, қасиеттері
- •2.10.2. Тотығу- тотықсыздану үрдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •2.11. Топырақ құнарлылығы
- •2.11.2. Топырақ құнарлылығының түрлері
- •2.11.2 Топырақ құнарлылығын өндіру
- •2.11.3. Құнарлылықтың өзгеруі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1.Топырақ жаратылысының факторлары
- •3.1.1. Аналық тау жыныстары
- •3.1.2. Климат
- •3.1.3. Биологиялық фактор
- •3.1.4. Жер бедері. Аймақтыњ геологиялық жасы
- •3.1.5. Адамзат қоғамының әсері
- •3.2. Топырақтардың жіктелуі, географиялық таралу заңдылықтары
- •3.2.1. Топырақтарды жіктеудің принциптері, таксономиялық бірліктер
- •3.2.2. Қазақстан топырақтарын жіктеу жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.2.2. Топырақтардың таралу заңдылықтары
- •3.2.3. Топырақ жамылғысы құрылымы
- •3.2.4. Қазақстанның топырақ-географиялық аймақтары
- •3.3. Тайгалы-орман аймағының топырақтары
- •3.3.1. Топырақ құралу жағдайлары
- •3.3.3. Шымды топырақтар
- •3.3.4. Шымды –күлгін топырақтар
- •3.4. Батпақты топырақтар
- •3.5. Жалпақ жапырақты ормандардың қоңыр топырағы
- •3.6. Орманды - дала және дала аймақтары топырақтары
- •3.6.1. Орманды-дала аймағының сұр ормандық топырағы
- •3.6.2. Орманды- дала және дала аймақтарының қара топырақтары
- •3.6.4. Қара топырақтың типшелері
- •3.8. Қуаң дала және шөл дала аймағының қара қоңыр топырақтары
- •3.7.1. Қара-қоңыр топырақтың морфологиялық белгілері және генезисі
- •3.7.2. Қара-қоңыр топырақтың классификациясы
- •3.8. Тұзданған топырақтар
- •3.8.1. Сор топырақтар
- •3.8.1. Кебір топырақтар
- •3.8.3. Шақат топырақтар
- •Бақылау сұрақтары
- •3.9. Шөл аймағының топырақтары
- •3.9.1. Қоңыр топырақтың жаратылуы және морфологиялық белгілері, қасиеттері
- •3.9.2. Тақырлар мен тақыртәріздес топырақтар
- •3.9.3. Шөл аймағы топырақтары жамылғысы құрылымы және оларды пайдалану ерекшеліктері
- •3.10. Тау етегінің шөлді –дала аймағының топырақтары
- •3.11. Ылғалды субтропика аймағының топырақтары
- •3.12. Өзен жайылмасы топырақтары
- •3.13. Таулы өлке топырақтары
- •3.13.1. Қазақстандағы Тянь-Шань және Алтай таулары топырақтары
- •13.3.2. Кавказ таулары топырақтары
- •3.13.3. Қырым және Карпат таулары топырақтары
- •3.14. Топырақ эрозиясы және олармен күресу жолдары
- •3.14.1. Қазақстанның жер қоры және оның экологиялық мәселелері
- •3.14.2. Топырақ эрозиясының түрлері және олардың зияны
- •3.14.3. Топырақтың жел және су эрозиясына шалдығу
- •3.14.4. Топырақты қорғау
- •3.14.5. Топырақ рекультивациясы
- •Бақылау сұрақтары
- •3.16. Дүние жүзі жер қоры және топырақтарының қысқаша сипаттамасы
- •3.16.1. Тропикалық белдеудің топырақ жамылғысы
- •3.16.2.Тропикалық ксерофиттті –орман және саванна аймақтары
- •3.16.3. Субтропика белдеуінің топырақтары
- •3.16.4. Суббореалды белдеудің топырақтары
- •3.16.5. Бореалдық белдеудің топырақтары
- •3.16.6. Полярлық белдеуінің топырақтары
- •Е) гумин және фульвоқышқылдар бірдей мөлшерде
3.13. Таулы өлке топырақтары
Топыраққұралу жағдайлары. Қазақстанның жер қоры 272,5млн. гектарды құрайды. Оның 235млн. гектары – 87% жазықтық, ал 40,5млн.гектары -13,4% таулы, тасты, құмды жерлер мен су айдындары.
ТМД елдерінде таулы өлке топырақтары ауданы шамамен 650 млн. гектар, немесе барлық аумақтың 28,8% қамтиды.
Тау өлкелерінде топырақтардың қалыптасуы және таралуы орыс ғалымы В.В. Докучаев ашқан тік аймақтық топырақ таралу заңдылығына бағынады.
Климат жағдайы және өсімдіктер түрлері жердің биіктілігімен өзгереді. Жердің биіктілігіне байланысты топырақ типтерінің алмасуы тік аймақтық топырақ таралу заңдылығы деп аталады.
Тау өлкелерінде топырақ аймақтары жазықтық аумақтағыға ұқсас белдеулер түрінде орналасады. Бірақ, тауларда, ендікте кездесетін кейбір белдеулер жалпы болмауы да мүмкін. Бұндай құбылыс топырақ аймақтарының интерференциясы деп аталады.
Таулы өлкелерде ауа-райы ерекше. Жазыққа қарағанда жауын-шашын мол, ауа ылғалдығы жоғары, температура төмен болады, күн радиациясы күшті болып келеді. Тау бедерлері кешенді және күрделі. Соның нәтижесінде топырақ жамылғысы ала-құлалығымен ерекшелініп тұрады. Таудың күн бетіне қарап орналасуына байланысты су және жылу тәртіптері күрт өзгеруі мүмкін. Оңтүстік жағындағы беткейлер, солтүстік беткейге қарағанда жылы және құрғақ келеді. Мұндай айырмашылық әр түрлі өсімдіктер дамуына себеп болады, осындай жағдай әр түрлі топырақтардың қалыптасуына ықпалын тигізеді.
Топырақ түзуші жыныстар ретінде әк тасы, құмдар, тақта тастар, магматикалық тау жыныстарының үгілген өнімдері кездеседі. Тянь-Шань, Памир тауларында топырақ түзуші жыныстардың құрамында көп мөлшерде тұздар болады, сондықтан сортаңданған топырақтар қалыптасуы байқалады.
Жердің биіктігіне байланысты биогидротермикалық жағдай өзгеруі әр түрлі топырақтар қалыптасуына әсер етеді.
Қазақстанда таулы-дала топырақтары барлық жер ауданының -0,9%; таулы-орман күңгірт топырақтары -0,2%; таулы орман қара топырақтары -0,1%; таулы орман қышқыл топырақтары-0,5%; таулы орманды топырақтары-0,5%; таулы орман шалғынды топырақтары -0,3%, таулы шалғынды қара топырақтар -0,5%; таулы шымды топырақтар 0,1 %; таулы–тундра топырақтар -0,1%; таулы-шалғынды субальптілік топырақтар -0,1%; таулы шалғынды альпілік топырақтар -0,3% құрайды.
3.13.1. Қазақстандағы Тянь-Шань және Алтай таулары топырақтары
Тянь-Шань тауының Іле Алатауы Алматы облысы бойынша шөл аймағының оңтүстігінде орналасқан. Батыстан шығысқа 300 км-ге созылған. Оның ең биігі Талғар шыңы 5017 м- болып табылады.
Биіктігі 605 м-де орналасқан Шелек аймағында орташа-жылдық температура 8,90С, ал орташа жылдық жауын-шашын 198мм-ді құрайды. Алматыда 848м биіктікте орташа жылдық температура 8,70С, орташа жылдық жауын-шашын 557мм-ді құрайды. Алатауда ең көп жауын-шашын 881мм 2254 м биіктікте (Горельник) байқалады.
Іле Алатауында 600м биіктіктен бастап сұр (боз) топырақтарды ашық қара-қоңыр топырақтар алмастырады. Бұл топырақтар осындай жазық жердің топырақтарынан кебірленуі жоқтығымен және жалпы фосфор мөлшерінің көптігімен ерекшеленеді.
Биіктілік 700-800м болғанда ашық қара-қоңыр топырақтар типшесі күңгірт қара-қоңыр топырақтар типшесімен алмасады ( 42-сурет). Бұл топырақтарда қарашірік мөлшері 3-4%, жалпы азот 0,25-0,30%-ды құрайды. Күңгірт қара-қоңыр топырақтарда кебірлер болмайды, бірақ карбонатты тектері ұшырасады.
Биіктік 900-1500м-ге жеткенде таулы қара топырақтар аймағы басталады. 900-1000 м биіктіктер аралығында оңтүстік қара топырақ типшесі орналасқан. Қарашірік мөлшері 5,0-5,1%, ал жалпы азот 0,4% құрайды. Бұл топырақтар арасында көбінесе кәдімгідей және карбонатты тектері, кездеседі.
Одан жоғары (1000-1200м) орташа қарашірікті қара топырақ орналасады. Оның қарашірік мөлшері 7-8%, жалпы азоты 0,5%-ды құрайды. Оның үстінде (1200-1500м) қарашірігі 10-12%, жалпы азоты 0,6-0,7%, жалпы фосфоры 0,2% құрайтын қарашірікке бай қара топырақтар басталады. Бұл топырақтарда негіздер сіңіру сыйымдылығы 100г топыраққа 50-55м/экв құрайды.
Орта және мол қарашінділі қара топырақтардың ішінде кәдімгідей және сілтісізденген типше таралған. Сілтісізденген қара топырақтар тереңде (90-100 см) шоғырланған карбонаттар қабатымен ерекшеленеді. Олар көбінесе солтүстік беткейлерде орналасқан болады.
Бұл аймақта кебірленген топырақтардың болмауы жер астына жауын-шашын суларының жақсы өтуіне байланысты болып келеді.
1500-1800м биіктікте таулы орманды-далалар басталады. Бұл жерде ағаштардан ақ-қайың, көктерек және бұталар өседі. Осы ағаштардың астында күңгірт–сұр ормандық және күлгінденген қара топырақтар қалыптасады. Күлгінденген қара топырақтарда А мен В қабаттары арасында сұр түсті дақтар болады (силикаттар шоғыры). Бұл топырақтардың сіңіру кешенінде сутегі иондары біраз мөлшерде болады-5%. Бұл аймақтың ашық далаларында қарашірігі мол (12%) сілтісізденген қара топырақтар таралған.
1800-3000м биіктік аралығында Тянь-Шань шыршалардың астында таулы орман топырақтары қалыптасады. Мұндай топырақтарда қарашірік мөлшері қара топырақтарға ұқсас жоғары болады, 9-10%-дан көп. Бірақ қара топыраққа қарағанда оның мөлшері төменге бара күрт азаяды және бұл топырақтарда күлгінді қабат айқын түзілмеген. Жалпы азот мөлшері 0,4-0,5%, негіздер сіңіру сыйымдылығы 100.г топырақта 50-55 м экв.
2800-3000 м биіктіктен субальпі және альпі шалғындары басталады. Олардың астында таулы-шалғынды субальпі және альпі топырақтары қалыптасады. Бұл топырақтарда қарашірік мөлшері 15-16 пайыздан көп, жалпы азот 0,7-0,8%, негіздер сіңіру сыйымдылығы 100г топырақққа 45-50м экв-ті құрайды. Сіңірген негіздердің ішінде сутегінің үлесі 30 пайызға дейін болуы мүмкін (45-кесте).
Жоңғар Алатауы, Күнгей Алатау, Теріскей Алатауда, Қырғыз, Талас, Кетпен жоталарында Іле Алатауындағыдай тік аймақтық айқын байқалмайды. Бұл жоталарда қара топырақ аймағы болмайды. Оның орнында қара топырақты жеке сәл ауданда қалыптасқан дақтарды бақылау мүмкін. Қырғыз жәнеТалас жоталарында қара топырақ аймағымен орман аймағыда болмауы мүмкін. Мысалы, Қырғыз жоталарында күңгірт қара-қоңыр топырақтар бірден таулы–шалғынды топыраққа ауысып кетуі мүмкін
45-кесте орны
Алтай тауларының Тарбағатай, Калбин және Оңтүстік жоталарының топырақтары. Алтай тауында ең биік Белуха шыңы-4620м. Ол Қазақстан мен Монғолия республикасының арасында орналасқан.
Тянь-Шань таулары климатымен салыcтырғанда Алтай климаты салқын және ылғалды болады. Тау бөктерінде жылдық орташа температура +50С, орташа жауын-шашын 560мм-ді құрайды, ал тауда бұл көрсеткіштер тиісінше 00 және 2000 мм –ге тең болады.
Тау етегінде күңгірт-қара топырақтар орналасқан. Олардың ішінде жазықтағы күңгірт-қара топырақтарға ұқсас кебірленген түрлері кездеседі. Бұл топырақтар көбінесе гранулометриялық құрамы ауыр делювийлерде қалыптасады.
Күңгірт қара-қоңыр топырақтардың үстінде қара топырақ аймағы басталады. Алтай таулы қара топырақтары екі топқа бөлінеді: орманды-далалы және далалы қара топырақтар. Орманды-дала қара топырақтарын әлсіз күлгінді, сілтісізденген және нағыз типшелерге ажыратады.
Алтай қара топырақтары, жауын құрттарының тіршілігі нәтижесінде қарашірінді қабатында ірі дәнді құрылымымен ерекшеленеді. Қарашірінді мөлшері өте жоғары 10-15 %, жалпы азот 0,5-1,0 %-ды, негіздер сіңіру 100 г топырақта 50м-экв құрайды (46-кесте).
Таулы–орманды-дала аймағында күңгірт сұр-орман топырақтары кең таралған. Бұл топырақтарда қарашірінді мөлшері 12-14%-ға дейін баруы мүмкін, бірақ оның мөлшері топырақ қабаттары тереңдеген кезде күрт азаяды. Жалпы азот мөлшері 0,4-0,6%, ал негіздер сіңіру сыйымдылығы 100г. топырақта 30-40м экв болады.
Таулы орманды-дала аймағынан жоғары таулы орман басталады. Алтай тауының ағаштар құрылым түрлері Тянь-Шань тауына қарағанда көп. Олардың ішінде Сібір шыршасы, қарағай, майқарағай, балқарағай, сағызқарағай, аққайың, көктерек, жөке ағашы бар.
Таулы орманның жоғарғы қабатында мол қарашірінділі (6-8%) таулы-күлгінді топырақтар қалыптасады. Жалпы азот мөлшері 0,4-05 %, негіздер сіңіру сыйымы 100г топырақта 15-20 м-экв–ті құрайды. Топырақ сіңіру кешенінде сутегі мөлшері өте жоғары (5-6 %). Биік тау аймақтарында таулы-шалғынды топырақтар таралған. Олардың арасында таулы тундра жерлеріде кездеседі.
46-кесте.
Іле Алатауың қара-қоңыр және қара топырақтарында суармалы егіншілік тараған. Бұл аймақта жауын-шашын 500 мм-ден жоғары болғанымен, оның көбі көктем мезгіліне тура келеді. Жазда жауын-шашын аз болады. Боз, қара-қоңыр, қара топырақтарда, күздік бидай, жүгері, беде, қант қызылшасы, темекі т.б. дақылдар егіледі. Сонымен қатар көкөніс және жеміс шаруашылығы дамыған. Топырақты су эрозиясынан қорғау шаралары өте маңызды болып табылады. Жоңғар, Теріскей, Күнгей Алатау жоталарындағы топырақтар игерілген. Ал Жоңғар Алатауының жоғары аңғарларында мал шаруашылығы дамыған. Алтай тауларының күңгірт қара және қара топырақтарында егіншілік, кейбір жерлерінде суармалы егіншілік тараған. Техникалық дақылдар (құлмақ, (хмель), картоп, қызылша), астық мал азығына егіледі. Жеміс шаруашылығы дамыған.
