- •1.1.1. Геология ғылымының дамуының қысқаша тарихы
- •1.2. Жердің пайда болуы, құрылысы мен құрамы.
- •1.2.1. Әлемдік кеңістікте Жердің және Күн жүйесінің орны.
- •1.2. 2. Космогендік гипотезалар
- •1.2.3. Жердің пішіні, физикалық қасиеттері және химиялық құрамы
- •Магнитті еңкейю магнитті стрелканың көкжиекке еңкею бұрышы. Картада бірдей септелулерді жалғастыратын сызықтарды изогон дейді, бірдей еңкеюлерді жалғастыратын нүктелерді изоклин деп атайды
- •1.3 Жердің сыртқы және ішкі қабаттарының құрамы
- •1.3.1. Жердің сыртқы қабаттары
- •1.3.2. Жердің ішкі қабаттары
- •1.4 Минералдар туралы ілім
- •1.4.1. Минералдар және олардың топырақ түзілуіндегі маңызы
- •Туынды (экзогенді) минералдар - жер бетінде, атмосферамен, биосферамен және гидросферамен әрекеттесіп, көбінесе бастапқы минералдардың бұзылуынан пайда болады.
- •1.4.2.Заттардың кристаллдық және аморфты құрылымы
- •1.4.3. Минералдардың физикалық қасиеттері
- •1.4.5. Минералдардың негізгі класстарын сипаттау
- •1.5. Тау жыныстары.
- •1.5.1. Магмалық тау жыныстары
- •1.5. 2. Шөгінді тау жыныстары
- •1.5.3. Метаморфты тау жыныстары.
- •1.6. Геологиялық құбылыстар
- •1.6.1 Жер қабығының негізгі геологиялық құрылымы мен оның ерекшелігі
- •1.6.2. Геотектоникалық гипотезалар
- •1.6. 3. Эндогенді және экзогенді үрдістер
- •1.6.4. Эндогенді үрдістер
- •1.6.5. Экзогенді үрдістер
- •1.7. Жер шарының геологиялық тарихы
- •1.7.1. Тау жыныстарының абсолютты жасы
- •1.7.2. Тау жыныстарының салыстырмалы жасы
- •1.7.3. Геохронологиялық шкала
- •1.7.4. Төрттік кезеңдегі жер қабығының даму ерекшеліктері
- •1.7.5. Геоморфология туралы негізгі мәліметтер
- •1.7. 6. Геологиялық карта.
- •3.15. Топырақтарды агроөндісітік топтарға бөлу және бонитировкалау
- •3.15.1.Топырақтарды агроөндiрiстiк топтарға бөлу
- •3.15.2. Топырақ бонитировкасы
- •2.1.Топырақтану пәні жєне оныњ міндеттері
- •2.1.1.Топырақ ерекше табиғи дене
- •2.1.2. Топырақтың табиғаттағы орны мен маңызы
- •2.1.3.Топырақтың адам өміріндегі алатын орны
- •2.1.4. Топырақтың экологиялық қызметі
- •2.1.5. Топырақтанудың басқа ғылымдармен байланысы, оның басты ғылыми салалары, зерттеу әдістемелері
- •2.1.6. Топырақтану ғылымының даму тарихы
- •Қазақстан топырақтарын зерттеу тарихына қысқаша шолу
- •2.2.1. Топырақ құралу үрдістері
- •2.2.2. Топырақтың морфологиялық белгілері
- •2. 3. Топырақтың минералды бөлігі
- •2. 3.1. Топырақтың қ±рамды бµліктері
- •2.3.2. Минералдық бөліктің құрамы
- •2. 3. 3. Гранулометриялық ќ±рамы
- •Ќарай жіктеу
- •Бақылау сұрақтары
- •2.4. Топырақтың органикалыќ бµлігі
- •2.4.1. Қарашіріндініњ т‰зілуі
- •2.4.2. Қарашіріндініњ мµлшері
- •2.4.3. Топыраќтыњ органикалыќ бµлігініњ маңызы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.5. Топырақтың химиялыќ ќ±рамы
- •2.5.2. Топырақтағы химиялық қосылыстар
- •Бақылау сұрақтары
- •2.6 Топыраќтыњ сіњіру қабілеті
- •2.6.1. Топыраќ коллоидтары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.7. Топырақтың түйіртпектілігі
- •2.7.1. Топыраќтыњ түйіртпектілігі жєне оныњ агрономиялық мањызы
- •2.7.2. Түйіртпектің пайда болуы және оны жақсарту жолдары
- •2.8.2. Топыраќтыњ жалпы физикалыќ жєне физикалыќ – механикалыќ ќасиеттері
- •2. 8.1. Жалпы физикалық қасиеттері
- •2.8.2. Физикалық- механикалық қасиеттері
- •Топтарѓа жіктеу (5)
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топыраќтаѓы ылѓал
- •2.9.1. Топырақтағы ылғалдың категориялары, түрлері
- •2.9.2.Топыраќтыњ ылѓалдылыќ ќасиеттері
- •2.9.3. Топыраќтаѓы ылѓалдыњ µсімдіктерге тиімділігі жєне т±раќты ылѓалдыќ кµрсеткіштері
- •2.9.4. Топыраќтыњ су режимі жєне оны реттеу жолдары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топырақтың ауасы және жылу режимі
- •2.9.1. Топырақтың ауасының маңызы, құрамы, құбылымы
- •2.9.2.Топырақтың жылу режимі
- •Бақылау сұрақтары
- •2.10. Топырақ ерітіндісі және тотығу-тотықсыздану үрдістері
- •2.10.1. Топырақ ерітіндісінің құрамы, қасиеттері
- •2.10.2. Тотығу- тотықсыздану үрдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •2.11. Топырақ құнарлылығы
- •2.11.2. Топырақ құнарлылығының түрлері
- •2.11.2 Топырақ құнарлылығын өндіру
- •2.11.3. Құнарлылықтың өзгеруі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1.Топырақ жаратылысының факторлары
- •3.1.1. Аналық тау жыныстары
- •3.1.2. Климат
- •3.1.3. Биологиялық фактор
- •3.1.4. Жер бедері. Аймақтыњ геологиялық жасы
- •3.1.5. Адамзат қоғамының әсері
- •3.2. Топырақтардың жіктелуі, географиялық таралу заңдылықтары
- •3.2.1. Топырақтарды жіктеудің принциптері, таксономиялық бірліктер
- •3.2.2. Қазақстан топырақтарын жіктеу жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.2.2. Топырақтардың таралу заңдылықтары
- •3.2.3. Топырақ жамылғысы құрылымы
- •3.2.4. Қазақстанның топырақ-географиялық аймақтары
- •3.3. Тайгалы-орман аймағының топырақтары
- •3.3.1. Топырақ құралу жағдайлары
- •3.3.3. Шымды топырақтар
- •3.3.4. Шымды –күлгін топырақтар
- •3.4. Батпақты топырақтар
- •3.5. Жалпақ жапырақты ормандардың қоңыр топырағы
- •3.6. Орманды - дала және дала аймақтары топырақтары
- •3.6.1. Орманды-дала аймағының сұр ормандық топырағы
- •3.6.2. Орманды- дала және дала аймақтарының қара топырақтары
- •3.6.4. Қара топырақтың типшелері
- •3.8. Қуаң дала және шөл дала аймағының қара қоңыр топырақтары
- •3.7.1. Қара-қоңыр топырақтың морфологиялық белгілері және генезисі
- •3.7.2. Қара-қоңыр топырақтың классификациясы
- •3.8. Тұзданған топырақтар
- •3.8.1. Сор топырақтар
- •3.8.1. Кебір топырақтар
- •3.8.3. Шақат топырақтар
- •Бақылау сұрақтары
- •3.9. Шөл аймағының топырақтары
- •3.9.1. Қоңыр топырақтың жаратылуы және морфологиялық белгілері, қасиеттері
- •3.9.2. Тақырлар мен тақыртәріздес топырақтар
- •3.9.3. Шөл аймағы топырақтары жамылғысы құрылымы және оларды пайдалану ерекшеліктері
- •3.10. Тау етегінің шөлді –дала аймағының топырақтары
- •3.11. Ылғалды субтропика аймағының топырақтары
- •3.12. Өзен жайылмасы топырақтары
- •3.13. Таулы өлке топырақтары
- •3.13.1. Қазақстандағы Тянь-Шань және Алтай таулары топырақтары
- •13.3.2. Кавказ таулары топырақтары
- •3.13.3. Қырым және Карпат таулары топырақтары
- •3.14. Топырақ эрозиясы және олармен күресу жолдары
- •3.14.1. Қазақстанның жер қоры және оның экологиялық мәселелері
- •3.14.2. Топырақ эрозиясының түрлері және олардың зияны
- •3.14.3. Топырақтың жел және су эрозиясына шалдығу
- •3.14.4. Топырақты қорғау
- •3.14.5. Топырақ рекультивациясы
- •Бақылау сұрақтары
- •3.16. Дүние жүзі жер қоры және топырақтарының қысқаша сипаттамасы
- •3.16.1. Тропикалық белдеудің топырақ жамылғысы
- •3.16.2.Тропикалық ксерофиттті –орман және саванна аймақтары
- •3.16.3. Субтропика белдеуінің топырақтары
- •3.16.4. Суббореалды белдеудің топырақтары
- •3.16.5. Бореалдық белдеудің топырақтары
- •3.16.6. Полярлық белдеуінің топырақтары
- •Е) гумин және фульвоқышқылдар бірдей мөлшерде
3.8.1. Кебір топырақтар
Кебірлер–иллювиальды В қабатында мол мөлшерде алмаспалы сіңген натрий, кейде магний иондары да бар топырақтар. Қазақстанда кебір топырақтар ауданы 9млн. 84мың га. Кебірлердің түзілуі себебі туралы бірнеше ғылыми тұжырымдамалар бар. Олардың барлығы кебірдің түзілуіне натрий иондарының үлкен ықпалы бар екенін бір ауыздан мақұлдайды. К.Гедройцтың тұжырымдамасы бойынша кебірдің түзілуі натрий иондарының әсерінен топырақтың түйіршіктерінің ыдырап, оның үстінгі бетінен коллоид бөлшектердің жылжып төмен түсіп, иллювиальды кебірленген қабаттың пайда болуымен байланысты. Қазақстанда көбінесі кебірлердің пайда болуына тұзы мол топырақ түзуші аналық тау жыныстары немесе жер бетіне жақын орналасқан натрий тұздары мол ыза судың ықпалы себеп болады. Кебірлер тегіс немесе ойпаттау жер бедері бар алқаптарда, аумақты Батыс Сібір жазықтығы, Каспий маңы ойпаты сияқты өңірлерде, өзен, көл жайылмасынан жоғарылау орналасқан террасаларда жиі кездеседі.
Кебір топырақ үстіндегі өсімдік жамылғысы кебірге бейімделген ерекше өсімдіктер тобына жататын жусан, изен, кермек сияқты шөптердің басым болуымен сипатталады. Кебірде өскен өсімдіктердің жер астында дамыған биомассасы жер үстіндегі биомассасынан үлкен (20 еседен аса), құрамында күлі мол (жусан, кермекте-10%) және күлінде Na, S, Cl элементтері молырақ болады.
Кебір топырақтағы микроорганизмдер мөлшері мен түр саны аймақтық топырақтағыдан біршама кем және топырақтың биологиялық белсенділігі де шамалы. Әсіресе бұл көрсеткіштер кебір қабатта күрт кемиді. Осы топырақтың үстінде балдырлар көп. Олар топырақ үстіндегі минералдардың ыдырауына ықпал жасауы мүмкін. Бұл топырақта омыртқасыз жануарларда шамалы дамыған, яғни топырақты қопсытуға, араластыруға қатысушлардың аз екендігі байқалады.
Кебірдің құрылысы келесідей қабаттардан құрылған: (А1-В1-В2- С):
А1-қарашірінділі- элювиальді қабат немесе кебірдің үстіңгі қабатты.
В1-иллювиальді кебір қабат.
В2- кебірдің астынғы қабаты.
С – аналық тау жынысы.
Бұл топырақтың морфологиялық белгілерінің ерекше өзгешеліктері бар. А1- қарашірінділі-элювиальді қабатының қуаты әр түрлі болады (2-18см), түсі аймақтық топырақ түсіне сәйкес келеді, құрылымы қаптарланған тақталы немесе шаңды кесекті. Келесі қабатқа ауысуы айқын байқалады. Кейде бұл қабат А1-қарашірінділі және А2-сортанданған қабатшаларға жіктеледі.
В1-кебір иллювиальді қабат түсі күңгірт-күрең болады (үстіңгі қабаттан түсі қоюлау). Құрылымы бағаналы, призмалы немесе жаңғақша тәрізді, түйіршіктердің қабырғасында коллоидтар әсерінен пайда болған жылтырлық көрінеді, өте тығыздалған, жарықшақты келеді. Қуаты орташа есеппен 7-12см-ге жетеді.
В2- кебірдің астынғы қабатында қарашірінді мөлшері кемиді, түсі күрең, тоң кесекті құрылымды, тығыздылығы кеміген болады. Көбінесе бұл қабатта жиналған карбонаттар ақ дақтар күйінде кездеседі, кейде тұздардың жиналған белгілері көрінеді. Бұл қабат біртіндеп аналық тау жынысы қабатына ауысады (39-сурет). Жалпы кебір топырақтардың ерекшеліктері келесідей:
- құрылысының қабаттарға анық жіктелуі;
- топырақ ортасының реакциясы сілтілі болуы;
-иллювиальды қабаттың құрылымы бағаналы, призмалы немесе жаңғакша тәрізді, тығыздылығы өте жоғары және құрамында натрий иондары мол болуы (алмаса сіңген иондар 10-40%);
- иллювиальді қабаттың астында тұздардың жиналуы. Жоғарыда көрсетілген ерекшеліктері әсерінен бұл топырақтың қолайсыз физикалық, химиялық ылғалдылық қасиеттері қалыптасып, өсімдіктердің өсіп өнуіне кері әсерін тигізеді. Ылғалданғанда кебір мол ісінеді, жабысқақтанып тұтқырланады, ал кепкен кезде өте тығызданып, тоң кесекті болып, тастай болып қатып қалады. Кебірдің су өткізгіштігі қара топыраққа қарағанда 10-15 есе кем, сондықтан жауын-шашын ылғалы тереңге өте алмайды. Сонымен бірге ол өз бойында ылғалды мол ұстап, өсімдікке тиімді ылғал қорын кемітеді. Иллювиальды қабатта натрий иондарының және тұздардың мол болуы өсімдіктер бойында физиологиялық құбылыстардың белсенді жүруін тежеп, зардабын тигізеді.
Кебірдің үстіңгі А1 қабатында қарашірінді мөлшері аймақтық топырақтардағы мөлшерден кемірек болып қалыптасады. Мысалы, қара топырақты аймақтағы кебірлерде 2,0-4,7%, қара-қоңыр топырақты аймақтағы кебірлерде – 1,6-3,0%. Иллювиальді В1-қабатының тығыздығы 1,40-1,5г/см3, ал кеуектілігі 40-45% болады.
Кебірлердің классификациясы 41-кестеде келтірілген. Кебірдің астында ыза су 6м тереңдіктен әрі жатып, оның түзілуіне әсер етпесе ондай кебір автоморфты немесе далалық кебір типіне жатады. Ыза су 3-6м тереңдікте болса, онда кебір жартылай гидроморфты немесе шалғынды-далалық, ал ыза су 3м тереңдіктен жоғары орналасса- кебір гидроморфты немесе шалғындық кебір типіне жатады.
Кебір типшелерге аймақтық топырақтар ішіне орналасуына сәйкес жіктеледі. Мысалы, қара топырақты дала аймағында ол-кебір қара топырақ, ал шөл аймағында ол-кебір құба топырақ болып аталады.
Кебірлер тектерге, түрлерге оның құрамындағы тұздарға, олардың орналасу тереңдігіне, натрий иондарының мөлшеріне, қарашірінділі элювиальды қабаттың қуатына, В1-қабатының құрылымына байланысты жіктеледі.
Кебірлер және кебірленген топырақтар алабы Қазақстанда мол таралған. Сондықтан оларды ауыл шаруашылығында пайдаланғанда олардың қасиеттерін жақсарту үшін мелиорациялау тәсілдерін қолдану керек. Кебірлерді жақсарту тәсілдері келесідей:
құрамында натрий иондары шамалы болғанда олардың иллювиалді кебір қабатын топырақ өңдегіш құралдармен қопсытып, майдалап оның құрылымын және ылғал өткізгіштік қабілетін жақсартады (агротехнкалық тәсіл);
құрамында натрий иондары мол кебірлерге гипс (Са SО4) шашып оның құрамындағы натрий иондарының біраз мөлшерін кальций иондарына алмастырады (химиялық тәсіл- гипстеу);
кебірдің В2 қабатында саяз тереңдікте (40 см-ден жоғары) кальций тұздары (СаSО4, СаСО3) болса топырақты терең жыртып, В2 қабатымен В1 қабатын араластырады (өзіндік мелиорация тәсілі);
кебір топырақтарда оған төзімді, оның қасиеттерін жақсартатын өсімдіктер (түйе жоңышқа, қыша т.б.) өсіреді (фитомелиорация тәсілі).
