- •1.1.1. Геология ғылымының дамуының қысқаша тарихы
- •1.2. Жердің пайда болуы, құрылысы мен құрамы.
- •1.2.1. Әлемдік кеңістікте Жердің және Күн жүйесінің орны.
- •1.2. 2. Космогендік гипотезалар
- •1.2.3. Жердің пішіні, физикалық қасиеттері және химиялық құрамы
- •Магнитті еңкейю магнитті стрелканың көкжиекке еңкею бұрышы. Картада бірдей септелулерді жалғастыратын сызықтарды изогон дейді, бірдей еңкеюлерді жалғастыратын нүктелерді изоклин деп атайды
- •1.3 Жердің сыртқы және ішкі қабаттарының құрамы
- •1.3.1. Жердің сыртқы қабаттары
- •1.3.2. Жердің ішкі қабаттары
- •1.4 Минералдар туралы ілім
- •1.4.1. Минералдар және олардың топырақ түзілуіндегі маңызы
- •Туынды (экзогенді) минералдар - жер бетінде, атмосферамен, биосферамен және гидросферамен әрекеттесіп, көбінесе бастапқы минералдардың бұзылуынан пайда болады.
- •1.4.2.Заттардың кристаллдық және аморфты құрылымы
- •1.4.3. Минералдардың физикалық қасиеттері
- •1.4.5. Минералдардың негізгі класстарын сипаттау
- •1.5. Тау жыныстары.
- •1.5.1. Магмалық тау жыныстары
- •1.5. 2. Шөгінді тау жыныстары
- •1.5.3. Метаморфты тау жыныстары.
- •1.6. Геологиялық құбылыстар
- •1.6.1 Жер қабығының негізгі геологиялық құрылымы мен оның ерекшелігі
- •1.6.2. Геотектоникалық гипотезалар
- •1.6. 3. Эндогенді және экзогенді үрдістер
- •1.6.4. Эндогенді үрдістер
- •1.6.5. Экзогенді үрдістер
- •1.7. Жер шарының геологиялық тарихы
- •1.7.1. Тау жыныстарының абсолютты жасы
- •1.7.2. Тау жыныстарының салыстырмалы жасы
- •1.7.3. Геохронологиялық шкала
- •1.7.4. Төрттік кезеңдегі жер қабығының даму ерекшеліктері
- •1.7.5. Геоморфология туралы негізгі мәліметтер
- •1.7. 6. Геологиялық карта.
- •3.15. Топырақтарды агроөндісітік топтарға бөлу және бонитировкалау
- •3.15.1.Топырақтарды агроөндiрiстiк топтарға бөлу
- •3.15.2. Топырақ бонитировкасы
- •2.1.Топырақтану пәні жєне оныњ міндеттері
- •2.1.1.Топырақ ерекше табиғи дене
- •2.1.2. Топырақтың табиғаттағы орны мен маңызы
- •2.1.3.Топырақтың адам өміріндегі алатын орны
- •2.1.4. Топырақтың экологиялық қызметі
- •2.1.5. Топырақтанудың басқа ғылымдармен байланысы, оның басты ғылыми салалары, зерттеу әдістемелері
- •2.1.6. Топырақтану ғылымының даму тарихы
- •Қазақстан топырақтарын зерттеу тарихына қысқаша шолу
- •2.2.1. Топырақ құралу үрдістері
- •2.2.2. Топырақтың морфологиялық белгілері
- •2. 3. Топырақтың минералды бөлігі
- •2. 3.1. Топырақтың қ±рамды бµліктері
- •2.3.2. Минералдық бөліктің құрамы
- •2. 3. 3. Гранулометриялық ќ±рамы
- •Ќарай жіктеу
- •Бақылау сұрақтары
- •2.4. Топырақтың органикалыќ бµлігі
- •2.4.1. Қарашіріндініњ т‰зілуі
- •2.4.2. Қарашіріндініњ мµлшері
- •2.4.3. Топыраќтыњ органикалыќ бµлігініњ маңызы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.5. Топырақтың химиялыќ ќ±рамы
- •2.5.2. Топырақтағы химиялық қосылыстар
- •Бақылау сұрақтары
- •2.6 Топыраќтыњ сіњіру қабілеті
- •2.6.1. Топыраќ коллоидтары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.7. Топырақтың түйіртпектілігі
- •2.7.1. Топыраќтыњ түйіртпектілігі жєне оныњ агрономиялық мањызы
- •2.7.2. Түйіртпектің пайда болуы және оны жақсарту жолдары
- •2.8.2. Топыраќтыњ жалпы физикалыќ жєне физикалыќ – механикалыќ ќасиеттері
- •2. 8.1. Жалпы физикалық қасиеттері
- •2.8.2. Физикалық- механикалық қасиеттері
- •Топтарѓа жіктеу (5)
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топыраќтаѓы ылѓал
- •2.9.1. Топырақтағы ылғалдың категориялары, түрлері
- •2.9.2.Топыраќтыњ ылѓалдылыќ ќасиеттері
- •2.9.3. Топыраќтаѓы ылѓалдыњ µсімдіктерге тиімділігі жєне т±раќты ылѓалдыќ кµрсеткіштері
- •2.9.4. Топыраќтыњ су режимі жєне оны реттеу жолдары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топырақтың ауасы және жылу режимі
- •2.9.1. Топырақтың ауасының маңызы, құрамы, құбылымы
- •2.9.2.Топырақтың жылу режимі
- •Бақылау сұрақтары
- •2.10. Топырақ ерітіндісі және тотығу-тотықсыздану үрдістері
- •2.10.1. Топырақ ерітіндісінің құрамы, қасиеттері
- •2.10.2. Тотығу- тотықсыздану үрдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •2.11. Топырақ құнарлылығы
- •2.11.2. Топырақ құнарлылығының түрлері
- •2.11.2 Топырақ құнарлылығын өндіру
- •2.11.3. Құнарлылықтың өзгеруі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1.Топырақ жаратылысының факторлары
- •3.1.1. Аналық тау жыныстары
- •3.1.2. Климат
- •3.1.3. Биологиялық фактор
- •3.1.4. Жер бедері. Аймақтыњ геологиялық жасы
- •3.1.5. Адамзат қоғамының әсері
- •3.2. Топырақтардың жіктелуі, географиялық таралу заңдылықтары
- •3.2.1. Топырақтарды жіктеудің принциптері, таксономиялық бірліктер
- •3.2.2. Қазақстан топырақтарын жіктеу жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.2.2. Топырақтардың таралу заңдылықтары
- •3.2.3. Топырақ жамылғысы құрылымы
- •3.2.4. Қазақстанның топырақ-географиялық аймақтары
- •3.3. Тайгалы-орман аймағының топырақтары
- •3.3.1. Топырақ құралу жағдайлары
- •3.3.3. Шымды топырақтар
- •3.3.4. Шымды –күлгін топырақтар
- •3.4. Батпақты топырақтар
- •3.5. Жалпақ жапырақты ормандардың қоңыр топырағы
- •3.6. Орманды - дала және дала аймақтары топырақтары
- •3.6.1. Орманды-дала аймағының сұр ормандық топырағы
- •3.6.2. Орманды- дала және дала аймақтарының қара топырақтары
- •3.6.4. Қара топырақтың типшелері
- •3.8. Қуаң дала және шөл дала аймағының қара қоңыр топырақтары
- •3.7.1. Қара-қоңыр топырақтың морфологиялық белгілері және генезисі
- •3.7.2. Қара-қоңыр топырақтың классификациясы
- •3.8. Тұзданған топырақтар
- •3.8.1. Сор топырақтар
- •3.8.1. Кебір топырақтар
- •3.8.3. Шақат топырақтар
- •Бақылау сұрақтары
- •3.9. Шөл аймағының топырақтары
- •3.9.1. Қоңыр топырақтың жаратылуы және морфологиялық белгілері, қасиеттері
- •3.9.2. Тақырлар мен тақыртәріздес топырақтар
- •3.9.3. Шөл аймағы топырақтары жамылғысы құрылымы және оларды пайдалану ерекшеліктері
- •3.10. Тау етегінің шөлді –дала аймағының топырақтары
- •3.11. Ылғалды субтропика аймағының топырақтары
- •3.12. Өзен жайылмасы топырақтары
- •3.13. Таулы өлке топырақтары
- •3.13.1. Қазақстандағы Тянь-Шань және Алтай таулары топырақтары
- •13.3.2. Кавказ таулары топырақтары
- •3.13.3. Қырым және Карпат таулары топырақтары
- •3.14. Топырақ эрозиясы және олармен күресу жолдары
- •3.14.1. Қазақстанның жер қоры және оның экологиялық мәселелері
- •3.14.2. Топырақ эрозиясының түрлері және олардың зияны
- •3.14.3. Топырақтың жел және су эрозиясына шалдығу
- •3.14.4. Топырақты қорғау
- •3.14.5. Топырақ рекультивациясы
- •Бақылау сұрақтары
- •3.16. Дүние жүзі жер қоры және топырақтарының қысқаша сипаттамасы
- •3.16.1. Тропикалық белдеудің топырақ жамылғысы
- •3.16.2.Тропикалық ксерофиттті –орман және саванна аймақтары
- •3.16.3. Субтропика белдеуінің топырақтары
- •3.16.4. Суббореалды белдеудің топырақтары
- •3.16.5. Бореалдық белдеудің топырақтары
- •3.16.6. Полярлық белдеуінің топырақтары
- •Е) гумин және фульвоқышқылдар бірдей мөлшерде
3.16.3. Субтропика белдеуінің топырақтары
Субтропика белдеуінде ылғалды- орман аймағы 20%, ксерофитті орман және бұталық дала аймағы 30%, шөлейт және шөл аймағы 50% құрайды.
Субтропикалық ылғалды-орман аймағы 370млн.га аумақты алады.
Жаз және күз кезендерінде 2000 мм-ден артық жауын-шашын болуы мүмкін. Құрлықта топырақ жамылғысы төрт аймаққа бөлінеді. Оның екеуі солтүстік жарты шарда – Солтүстік Америкалық және Шығыс Азиялық – Қытай, Тайвань аралы, Жапония, ТМД елдерінде, Түркия, Марокко т.б. мемлекеттерде кездеседі.
Оңтүстік жарты шарда да екі аймақ орналасқан. Оңтүстік Америкалық–Бразилияның оңтүстігі, Парагвай, Уругвайлардың бір бөлігі және Австралиялық–Тынық мұхиттың жағалауы және Жаңа Зеландия Солтүстік аралы.
Субтропикалық ылғалды-орман аймағында сары және қызыл топырақтар кең таралған. Олар жауын-шашын мөлшері 1000-2500мм, 100С жоғары температура жиынтығы 4000-80000 құрайтың жағдайларда қалыптасқан. Бұл топырақтарға ферраллитті, сиаллитті–ферраллитті құрам тән, су режімі–шайылатын, реакциясы қышқыл рН -4,5-5,5 төменгі қабаттарында қышқылдығы азайған сіңіру сыйымдылығы көп емес (туынды минералдар-каолинит, иллит т.б. байланысты), негіздермен қанығуы 80-85%, сіңіру кешенінде сутегімен бірге, көп мөлшерде алмаса сіңген аллюминиий болады. Топырақ үстіне мол органикалық заттар түскеніне қарамастан, қарашірінді қабаты жақсы дамымаған, себебі органикалық заттар қысқа мерзімде ыдырап кетеді.
Сары және қызыл топырақтардың жоғарғы қабаттарында төменгі қабаттарына қарағанда лай аз мөлшерде болады сондықтан олардың түсі ақшыл көрінеді. Бұл көрініс әсіресе уақытша аса ылғалды жоғарғы қабаттарға тән.
Әлемде сары және қызыл топырақтар 200млн. гектар жерді қамтиды.
Құрғақ субтропикаға жақын, жылдық жауын-шашын мөлшері 800-1000 мм болған жерлерде субтропикалық прерийдің қызғыш-қара топырақтары қалыптасқан. Топырақтардың жоғарғы қабаттарында қарашірінді мөлшері 10%-ға дейін болады, қалыңдығы 50-60см-ге жетеді. Әдетте гранулометриялық құрамы ауыр келеді, В-қабатында балшықтың үрдісі байқалады. Топырақ ортасының реакциясы қышқыл- рН 4,2-4,8
Қызғыш-қара топырақтардың жалпы ауданы 50млн. га-ға жуық. Бразилия және Уругвайда кең таралған. АҚШ-да (Оклахома, Техас) және Австралия да кездеседі.
Ылғалды субтропикаларда сарғыш-қопа, субтропикалық шабынды батпақ (40млн. га) және аллювиалды (70млн.га) топырақтар таралған.
Ылғалды-орман субтропика аймағында егіншілікте пайдаланылатын жер ауданы 80 млн. гектарды құрайды. Егілетін дақылдар күріш, бидай, жүгері, шай, цитрус дақылдары, жүзім, тунг т.б.
Субтропикалық ксерофитті–орман және бұта далалы аймақтары алтыға бөлінеді, соның үшеуі оңтүстік, үшеуі солтүстік жарты шарда орналасқан.
Солтүстік жартышарда бұлар Жерорта теңізі аймағы - Жерорта теңізі маңайындағы мемлекеттер, Кіші және Алдыңғы Азия. Шығыс Азия аймағы-Үндістан, Пакистан, Бирма, Қытай. Солтүстік Америка аймағы-Техас, Нью-Мексика, Аризона, Калифорния штаттары, Мексиканың үлкен бөлігі.
Оңтүстік жартышарда орналасқан Австариялық аймағы, Оңтүстік Африка-Калахари және Оңтүстік Америка аймағы-Парагвай, Уругвай ылғалды субтропикалар және Анд таулар етегіндегі шөлейттер арасы.
Бұл аймақтарда қоңыр және сұр-қоңыр топырақтар таралған.
Олардың арасында субтропикалық қоңыр топырақтар ауыспалы –ылғалды, жиі құрғақ жаз және ылғалды қыс, шайылмайтын су режімі субтропикалық ауа-райы жағдайында қалыптасады. Өсімдіктерден аласа бойлы ксерофитті ормандарда емен, арша, пістелердің субтропикалық түрлері өседі.
Қоңыр топырақтардың қарашірінді мөлшері 4-7%, қалыңдығы 40-45см. болады. Қарашірінді құрамында гумат қоспалары басым келеді, механикалық құрамы ауыр саздақ, топырақ кескінінде лай біркелкі бөлінген. Жазықта қоңыр топырақтар 160млн. гектарды алады, ал тауларда одан да көп таралған.
Сұр-қоңыр топырақтар. Бұл топырақтарда ауыспалы-ылғалды бірақ, алдыңғы аймаққа қарағанда құрғақты ауа-райында қалыптасады. Өсімдіктер жамылғысы бұталы субтропикалық далаларға тән, қыста жауын-шашын мол болады соның нәтижесінде жеңіл еритін тұздар төменгі қабаттарға шайылып кетеді. Кальций және магний карбонаттары топырақтардың барлық қабаттарында байқалады. Қарашірінді мөлшері 2-4%, қалыңдығы 30-40см. Жазықта сұр-қоңыр топырақтар ауданы 270млн. га ға тең.
Бұл аймақтарда жылына дақылдардан екі өнім алуға мүмкіншілік бар.
Субтропикалық қара топырақтардың атауы әр елде өзгеше. Мысалы, Балканда «черноземы»-смольницы, Мароккада «тирсы», Оңтүстік Америкада «терра негра». Жалпы ауданы 50млн.га.
Қарашіріндінің шоғырлануы, шайылмайтын су режімі, иллювиальды-карбонатты қабаты барлығы бұл топырақтың қара топырақтармен ұқсастығын білдіреді. Субтропикалық тығыздалған (слитые) қара топырақтар құрғақ кезеңде тығызданып терең жарылып кетеді, ал ылғалды кезеңде күшті ісініп кетеді.
Егіншілікте қара топырақтан кейін қоңыр, одан соң сұр–қоңыр топырақтар көп қолданылады, бірақ бұл топырақтардың жиі тасты болуы егіншілікке тосқауыл болуы ықтимал.
Бұл аймақтарда аллювиалды (60млн.га) шалғынды-қоңыр және шалғынды сұр-қоңыр топырақтар таралған.
Субтропикалық шөлейттер және шөлдер субтропикалық белдеуде 890 млн. гектар жерде кездеседі және бірнеше аумаққа бөлінген.
Ең үлкені Афро-Азиаттық аумақ. Бұл аумаққа Сахараның солтүстік бөлігі, Арабия түбегінің солтүстігі және Алдынғы Азияның шөлдері кіреді. Австралия аумағы материктің оңтүстігін қамтаған. Оңтүстік америкалық аумақ Чилидің орталық бөлігінде орналасқан. Осылармен бірге онша үлкен емес Солтүстік Америкалық (Калифорния) және Оңтүстік Африка (Калахаридің оңтүстігі) аумақтары бар.
Бұл аумақтарда толық дамымаған және қарапайым субтропикалық шөлдер топырақтармен (75%) боз топырақтар (25%) таралған.
Жалпы жазықтағы боз топырақтар ауданы 180 млн. гектарды құрайды. Олардан басқа шалғынды-боз топырақтар (10млн.га) мен тақырлар кездеседі.
Ең көп ауданды (440 млн. га) тасты және тасты-саз шөл топырақтар алады. Бұл топырақтардың бетінде күңгірт немесе қара түсті қабыршақ (0,5-5мм) болады, онда темір және марганец тотықтары шоғырланған.
Топырақ қалыңдылығы бойынша жылжыған жарғақ суы тұз қабығы пайда болуына себебші болады. Массивті және борпылдақ жыныстардың жарықтары және қуыстары тұздар мен толады. Ең көп тұздар жер бетінде шоғырланып бірнеше сантиметрден жарты метр қалыңдықты тұз қабығын қалыптастырады. Бұндай жағдай әсіресе субтропикалық шөлдерге тән.
Құмды субтропикалық шөл 180 млн. гектар жерді қамтиды. Ыза сулары жақын орналасқан жерлерде субтропикалық сорлар қалыптасады. Нил, Тигр, Евфрат, Инд өзендерінің аңғарларында қалыптасқан. Аллювиалды топырақтар егіншілікте өте маңызды болып табылады. Шөлейт және шөл аймақтарында егіншілікте 30млн. гектар қолданылады. Өсіретін негізгі дақылдар-мақта, жылу сүйгіш дақылдар, бидай және т.б. Жазираларда күшті сортаңданған топырақтарда тұзға төзімді құрмалар өсіріледі.
