- •1.1.1. Геология ғылымының дамуының қысқаша тарихы
- •1.2. Жердің пайда болуы, құрылысы мен құрамы.
- •1.2.1. Әлемдік кеңістікте Жердің және Күн жүйесінің орны.
- •1.2. 2. Космогендік гипотезалар
- •1.2.3. Жердің пішіні, физикалық қасиеттері және химиялық құрамы
- •Магнитті еңкейю магнитті стрелканың көкжиекке еңкею бұрышы. Картада бірдей септелулерді жалғастыратын сызықтарды изогон дейді, бірдей еңкеюлерді жалғастыратын нүктелерді изоклин деп атайды
- •1.3 Жердің сыртқы және ішкі қабаттарының құрамы
- •1.3.1. Жердің сыртқы қабаттары
- •1.3.2. Жердің ішкі қабаттары
- •1.4 Минералдар туралы ілім
- •1.4.1. Минералдар және олардың топырақ түзілуіндегі маңызы
- •Туынды (экзогенді) минералдар - жер бетінде, атмосферамен, биосферамен және гидросферамен әрекеттесіп, көбінесе бастапқы минералдардың бұзылуынан пайда болады.
- •1.4.2.Заттардың кристаллдық және аморфты құрылымы
- •1.4.3. Минералдардың физикалық қасиеттері
- •1.4.5. Минералдардың негізгі класстарын сипаттау
- •1.5. Тау жыныстары.
- •1.5.1. Магмалық тау жыныстары
- •1.5. 2. Шөгінді тау жыныстары
- •1.5.3. Метаморфты тау жыныстары.
- •1.6. Геологиялық құбылыстар
- •1.6.1 Жер қабығының негізгі геологиялық құрылымы мен оның ерекшелігі
- •1.6.2. Геотектоникалық гипотезалар
- •1.6. 3. Эндогенді және экзогенді үрдістер
- •1.6.4. Эндогенді үрдістер
- •1.6.5. Экзогенді үрдістер
- •1.7. Жер шарының геологиялық тарихы
- •1.7.1. Тау жыныстарының абсолютты жасы
- •1.7.2. Тау жыныстарының салыстырмалы жасы
- •1.7.3. Геохронологиялық шкала
- •1.7.4. Төрттік кезеңдегі жер қабығының даму ерекшеліктері
- •1.7.5. Геоморфология туралы негізгі мәліметтер
- •1.7. 6. Геологиялық карта.
- •3.15. Топырақтарды агроөндісітік топтарға бөлу және бонитировкалау
- •3.15.1.Топырақтарды агроөндiрiстiк топтарға бөлу
- •3.15.2. Топырақ бонитировкасы
- •2.1.Топырақтану пәні жєне оныњ міндеттері
- •2.1.1.Топырақ ерекше табиғи дене
- •2.1.2. Топырақтың табиғаттағы орны мен маңызы
- •2.1.3.Топырақтың адам өміріндегі алатын орны
- •2.1.4. Топырақтың экологиялық қызметі
- •2.1.5. Топырақтанудың басқа ғылымдармен байланысы, оның басты ғылыми салалары, зерттеу әдістемелері
- •2.1.6. Топырақтану ғылымының даму тарихы
- •Қазақстан топырақтарын зерттеу тарихына қысқаша шолу
- •2.2.1. Топырақ құралу үрдістері
- •2.2.2. Топырақтың морфологиялық белгілері
- •2. 3. Топырақтың минералды бөлігі
- •2. 3.1. Топырақтың қ±рамды бµліктері
- •2.3.2. Минералдық бөліктің құрамы
- •2. 3. 3. Гранулометриялық ќ±рамы
- •Ќарай жіктеу
- •Бақылау сұрақтары
- •2.4. Топырақтың органикалыќ бµлігі
- •2.4.1. Қарашіріндініњ т‰зілуі
- •2.4.2. Қарашіріндініњ мµлшері
- •2.4.3. Топыраќтыњ органикалыќ бµлігініњ маңызы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.5. Топырақтың химиялыќ ќ±рамы
- •2.5.2. Топырақтағы химиялық қосылыстар
- •Бақылау сұрақтары
- •2.6 Топыраќтыњ сіњіру қабілеті
- •2.6.1. Топыраќ коллоидтары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.7. Топырақтың түйіртпектілігі
- •2.7.1. Топыраќтыњ түйіртпектілігі жєне оныњ агрономиялық мањызы
- •2.7.2. Түйіртпектің пайда болуы және оны жақсарту жолдары
- •2.8.2. Топыраќтыњ жалпы физикалыќ жєне физикалыќ – механикалыќ ќасиеттері
- •2. 8.1. Жалпы физикалық қасиеттері
- •2.8.2. Физикалық- механикалық қасиеттері
- •Топтарѓа жіктеу (5)
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топыраќтаѓы ылѓал
- •2.9.1. Топырақтағы ылғалдың категориялары, түрлері
- •2.9.2.Топыраќтыњ ылѓалдылыќ ќасиеттері
- •2.9.3. Топыраќтаѓы ылѓалдыњ µсімдіктерге тиімділігі жєне т±раќты ылѓалдыќ кµрсеткіштері
- •2.9.4. Топыраќтыњ су режимі жєне оны реттеу жолдары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топырақтың ауасы және жылу режимі
- •2.9.1. Топырақтың ауасының маңызы, құрамы, құбылымы
- •2.9.2.Топырақтың жылу режимі
- •Бақылау сұрақтары
- •2.10. Топырақ ерітіндісі және тотығу-тотықсыздану үрдістері
- •2.10.1. Топырақ ерітіндісінің құрамы, қасиеттері
- •2.10.2. Тотығу- тотықсыздану үрдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •2.11. Топырақ құнарлылығы
- •2.11.2. Топырақ құнарлылығының түрлері
- •2.11.2 Топырақ құнарлылығын өндіру
- •2.11.3. Құнарлылықтың өзгеруі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1.Топырақ жаратылысының факторлары
- •3.1.1. Аналық тау жыныстары
- •3.1.2. Климат
- •3.1.3. Биологиялық фактор
- •3.1.4. Жер бедері. Аймақтыњ геологиялық жасы
- •3.1.5. Адамзат қоғамының әсері
- •3.2. Топырақтардың жіктелуі, географиялық таралу заңдылықтары
- •3.2.1. Топырақтарды жіктеудің принциптері, таксономиялық бірліктер
- •3.2.2. Қазақстан топырақтарын жіктеу жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.2.2. Топырақтардың таралу заңдылықтары
- •3.2.3. Топырақ жамылғысы құрылымы
- •3.2.4. Қазақстанның топырақ-географиялық аймақтары
- •3.3. Тайгалы-орман аймағының топырақтары
- •3.3.1. Топырақ құралу жағдайлары
- •3.3.3. Шымды топырақтар
- •3.3.4. Шымды –күлгін топырақтар
- •3.4. Батпақты топырақтар
- •3.5. Жалпақ жапырақты ормандардың қоңыр топырағы
- •3.6. Орманды - дала және дала аймақтары топырақтары
- •3.6.1. Орманды-дала аймағының сұр ормандық топырағы
- •3.6.2. Орманды- дала және дала аймақтарының қара топырақтары
- •3.6.4. Қара топырақтың типшелері
- •3.8. Қуаң дала және шөл дала аймағының қара қоңыр топырақтары
- •3.7.1. Қара-қоңыр топырақтың морфологиялық белгілері және генезисі
- •3.7.2. Қара-қоңыр топырақтың классификациясы
- •3.8. Тұзданған топырақтар
- •3.8.1. Сор топырақтар
- •3.8.1. Кебір топырақтар
- •3.8.3. Шақат топырақтар
- •Бақылау сұрақтары
- •3.9. Шөл аймағының топырақтары
- •3.9.1. Қоңыр топырақтың жаратылуы және морфологиялық белгілері, қасиеттері
- •3.9.2. Тақырлар мен тақыртәріздес топырақтар
- •3.9.3. Шөл аймағы топырақтары жамылғысы құрылымы және оларды пайдалану ерекшеліктері
- •3.10. Тау етегінің шөлді –дала аймағының топырақтары
- •3.11. Ылғалды субтропика аймағының топырақтары
- •3.12. Өзен жайылмасы топырақтары
- •3.13. Таулы өлке топырақтары
- •3.13.1. Қазақстандағы Тянь-Шань және Алтай таулары топырақтары
- •13.3.2. Кавказ таулары топырақтары
- •3.13.3. Қырым және Карпат таулары топырақтары
- •3.14. Топырақ эрозиясы және олармен күресу жолдары
- •3.14.1. Қазақстанның жер қоры және оның экологиялық мәселелері
- •3.14.2. Топырақ эрозиясының түрлері және олардың зияны
- •3.14.3. Топырақтың жел және су эрозиясына шалдығу
- •3.14.4. Топырақты қорғау
- •3.14.5. Топырақ рекультивациясы
- •Бақылау сұрақтары
- •3.16. Дүние жүзі жер қоры және топырақтарының қысқаша сипаттамасы
- •3.16.1. Тропикалық белдеудің топырақ жамылғысы
- •3.16.2.Тропикалық ксерофиттті –орман және саванна аймақтары
- •3.16.3. Субтропика белдеуінің топырақтары
- •3.16.4. Суббореалды белдеудің топырақтары
- •3.16.5. Бореалдық белдеудің топырақтары
- •3.16.6. Полярлық белдеуінің топырақтары
- •Е) гумин және фульвоқышқылдар бірдей мөлшерде
2.9.2.Топырақтың жылу режимі
Ауа райы әрқашанда топыраққа өз ықпалын тигізеді. Оның жыл мезгіліндегі өзгерістері топырақтың температурасының құбылмалы болуына және оның қабаттарында өтіп жатқан топырақтың дамуы процестеріне мәнді үлес қосады. Топырақтың жылу тәртібіне байланысты өсімдіктердің көктеп өсуі және пісіп жетілуі немесе дамуының тежелуі байқалады. Жер бетінде өсімдіктердің аймақтық заңдылықтарды сақтай таралуының басты себептерінің бірі топырақтың жылу режимінің қалыптасуына байланысты. Сонымен бірге өсімдік тамырларының жайылуы, олардың қоректік заттарды сіңіруі, өсімдіктердің ылғалды буландыруы, өнім мөлшерін қалыптастыруы топырақтың жылу құбылымымен сыбайлас. Топырақ құрамындағы микроағзалардың дамуы, олардың қарымталы әрекеті, органикалық және минералды қосылыстардың ыдырауы, өзгеруі құбылыстары да топырақтың жылу режиміне тәуелді.
Топырақтың жылу тәртібінің қалыптасуына басты ықпал жасаушы күн сәулесі энергиясы. Жер қабығының жоғарғы қабаттарында өтіп жатқан химиялық, биологиялық, радиациялық құбылыстардан пайда болған жылудың және жердің ішкі қабаттарынан келіп жететін жылудың топырақ температурасына әсері шамалы болып келеді.
Бетіне түскен күн сәулесі энергиясын топырақ өзіне сіңіріп жылу энергиясына айналдырады және оны төменгі қабаттарына өткізеді. Күн нұры энергиясының бір бөлігі топырақ бетінен шағылысады. Топырақтың бетінің температурасы оған жанаса орналасқан атмосфера температурасынан жоғары болса ол ауаға жылу таратады. Топырақтың сіңірген күн сәулесі энергиясымен өзінен ауаға таратқан жылу мөлшерінің ара қатынасына байланысты ол немесе қызып жылиды немесе салқындайды. Осы құбылыстарға ықпалын тигізетін жағдайлар: топырақтың түсі, құрылымы, өсімдік жамылғысы, ылғалдығы және оның жылу қасиеттері.
Топырақтың жылу қасиеттері: жылу сіңіру қабілеті, жылу сыйымдылығы, жылу өткізгіштігі.
Жылу сіңіру қабілеті топырақтың күн нұры энергиясын сіңіру қасиетінің мөлшерін сипаттайды. Оны альбедо (А) көрсеткішімен өлшейді. Альбедо–топырақ бетіне жетіп түскен жалпы күн сәулесі радиациясының топырақ бетінен шағылысқан қысқа толқынды күн сәулесі радиациясы үлесін көрсетеді. Ол пайызбен есептелінеді. Альбедо көрсеткіші шамалы болса топырақ күн сәулесін мол сіңіріп қызады, ал керісінше болғанда оның жылуы тежеледі. Альбедоның мөлшері топырақтың түсіне, ылғалдылығына, құрылымына, тегістігіне және оның өсімдік жамылғысына байланысты. Мысалы: құрғақ қара топырақтың осы көрсеткіші 14% ылғалды қара топырақта ол 8%. Құрғақ сұр топырақта альбедо көрсеткіш 25-30% құрайды, ал ылғалды сұр топырақта ол 10-12% болады.
Ашық түсті, құрғақ топырақтарға қарағанда қарашіріндісі мол, күңгірт түсті және ылғалды топырақтар күн сәулесі энергиясын өзіне мол сіңіреді.
Топырақтың жылу сыйымдылығы 1г немесе 1см³ топырақты 1ºС-қа қыздыру үшін қажет жылу калориясымен сипатталады. Жылу сыйымдылық топырақтың гранулометриялық және минералды құрамына, органикалық заттар мөлшеріне, ылғалдылығына, құрамына байланысты. Ылғалды топырақтың жылу сыйымдылығы құрғақ топыраққа қарағанда мол. Құмдақ топыраққа қарағанда балшықты, саздақты гранулометриялық құрамды топырақтардың жылу сыйымдылығы артық. Балшықты және ылғал топырақтар баяу қызып мол жылу сіңіреді және біртіндеп–біртіндеп баяу салқындайды.
Топырақтың жылу өткізгіштігі оның өзінен жылуды өткізу қабілетімен сипатталады. Осы қабілетіне байланысты жылу беру қасиеті қалыптасады. Топырақтың жылу өткізгіштігі 1секундта ауданы 1 шаршы см, қалыңдығы 1см топырақтан өтетін жылу калориясымен есептелінеді. Топырақтың жылу өткізгіштігіне ылғалдылығының және оның құрамындағы ауаның мөлшері ықпал жасайды. Ауасы мол, құрғақ топырақтың жылу өткізгіштігі ылғалды топыраққа қарағанда біршама төмен.
Топырақта жылудың жиналуы, таралуы және жұмсалуы құбылыстарының жиынтығын оның жылу режимі деп аталынады. Жылу құбылымының басты көрсеткіші топырақтың температурасы болып саналады.
Топырақтың температурасына күн сәулесі радиациясының мөлшері, аймақтың ауа райы, жер бедері, топырақтың қасиеттері, өсімдік және қар жамылғысы әсерін тигізеді.
Күн нұры энергиясының жер бетіне түсуінің тәуліктік және жылдық өзгерісіне байланысты топырақтың жылуы өзгермелі болып келеді. Топырақтың ең жақсы қызған мезгілі күндіз сағат 13 шамасында, ал ең салқын кезі – тәңертең күн шығар алдында. Жыл мезгілі ішінде жаз айларында жылу топырақтың үстінен астынғы қабаттарына таралып, оның қызуы, ал қыс айларында, керісінше, жылу топырақтың астынғы қабаттарынан үстіне қарай таралып, оның салқындауы байқалады.
Топырақтың жылу құбылымын сипаттау үшін оның 20см тереңдіктегі қабаттының 10ºС–тан жоғары температурасының (белсенді температурасының) қосындысы көрсеткішін қолданады (25-кесте).
25-кесте. Топырақтың жылумен қамтамасыз етілуін бағалау
|
Топырақтың 20см тереңдіктегі қабатындағы белсенді температура қосындысы,0С |
Жылумен қамтамасыз етілуі дәрежесі |
Топырақтың 20см терендіктегі қабатындағы белсенді температура қосындысы, 0С |
Жылумен қамтамасыз етілуі дәрежесі |
|
0-400 |
Нашар |
2100-2700 |
Орташадан жоғары |
|
400-800 |
Өте әлсіз |
2700-3400 |
Жақсы |
|
800-1200 |
Әлсіз |
3400-4400 |
Өте жақсы |
|
1200-1600 |
Орташадан төмен |
4400-5600 |
Мол |
|
1600-2100 |
Орташа |
5600-7200 |
Өте мол |
Қазақстаның солтүстік өңірінің топырақтарының жылуымен қамтамасыз етілуі орташадан жоғары, ал оңтүстік өңірінде - өте жақсы болып келеді.
Топырақтың жылдық орташа температурасына және оның тоңазуының сипатына қарай оның жылу режимін В.Н.Димо (1972) 4 типке бөледі. Олар: тоңды, ұзақ мерзімді тоңазыйтын, мерзімді тоңазыйтын және тоңазымайтын топырақтар.
Топырақтың тоңды жылу режимі оның температурасы орташа есеппен жыл ішінде теріс көрсеткішті болып келетін аймақтарда қалыптасады.
Ұзақ мерзімде тоңазыйтын жылу режимі бар топырақтар орташа жылдық температурасы оң болып келетін, ал топырақтың тоңазуы 1м – ден кем емес, бірақ ол көпжылдық тоң қабаттарына барып қосылмайтын аймақтарда кездеседі. Топырақтың тоңазуы 5 айдан асады.
Мерзімді тоңазыйтын жылу реттілігі бар топырақтардың орташа жылдық температурасы оң болып келеді және оның тоңазуы 5 айдан аспайды.
Тоңазымайтын жылу реттілігі бар топырақтар жыл мезгілі ішінде қатпайды. Ауа райы жылы, аязды күндер байқалмайтын аймақтарда қалыптасады.
Топырақтың экологиялық қызметінің белсенділігін арттыру үшін оның жылу режимін реттеу шараларын жүргізеді. Олар топыраққа түсетің күн сәулесі энергиясын және топырақтан атмосфераға шығындалатын жылуды молайту немесе кеміту тәсілдерін қолдануға бағытталған.
Солтүстік аймақтарда топыраққа түсетін күн сәулесінің шамалы болуына байланысты топыраққа жылу жинау шараларын іске асырады, ал оңтүстікте–топырақтың қатты қызуын тежеу үшін қолданылатын шараларды іске асырады.
Топырақтың қатты қызуын тежеу шаралары: оның бетіне ұсақ ақ түсті майда өсімдік қалдықтарын немесе басқа қалдықтарды шашу, ұзын бойлы өсімдіктер егіп, топырақ бетіне көлеңке түсіру, суару топырақты баптап өндеу. Ал топырақты жылыту шараларына көтереңкі жүйектер, атжалдар салу, қара түсті қалдықтарды топырақ бетіне шашу, жылыжайлар пайдалану жатады. Сонымен бірге қыста топырақтың терең қабаттары тоңазымас үшін оның үстіне қалың қар қабатын жинақтау шаралары қолданылады.
