Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
topyrak_tanu_zh_ne_geologiya_negizderi / Топыра тану ж не геология нег здер.doc
Скачиваний:
636
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
45.3 Mб
Скачать

1.6.5. Экзогенді үрдістер

Мүжілу. Жердіњ сыртќы күштерініњ әсерімен пайда болѓан, геологиялыќ ќұбылыстарды мынадай схемамен келтіруге болады:

Желмен бұзылу

Денудация

Шөгу

Тау жыныстарыныњ бұзылуы мен өзгеруі

Желмен бұзылѓан заттардыњ көшуі мен тасымалдауы

Шөгінді жыныстардыњ пайда болуы

Күн нұры ќуатыныњ әсерімен, ауа жылуыныњ өзгеруімен, тау жыныстарыныњ сањылауларыныњ ішіндегі сулардыњ ќатуымен, сутегініњ, көмір ќышќылы газыныњ және тірі ағзалардың әсерімен жер бетіндегі тау жыныстарыныњ бұзылу үрдістері – мүжілу деп аталады. Мүжілу химиялыќ, физикалыќ және биологиялық болып бөлінеді. Табиѓатта осы мүжілу түрлері бір уақытта жүреді. Әсіресе, химиялыќ және биологиялыќ мүжілулер бір-бірімен тыѓыз байланысты. Мүжілу үрдістері тау жыныстарын бұзып, топыраќ пайда болуына әсер етеді, яѓни оныњ ќалыптасуыныњ бір ќұрамды бөлігі болып табылады.

Физикалық мүжілу. Бұл мүжілуде ауа температурасының өзгеруі және күн нұрының жылытуы әсерінен тау жыныстарының химиялық құрамын өзгертпей ұсақталуы. Барлыќ ќатты денелер сияқты тау жыныстары мен минералдар ќызѓанда кењейеді, суыѓанда кішірейеді. Кеңею мен кішіреюдің кезектесуінің нәтижесінде олардың минералды дәндерініњ арасындаѓы байланыс әлсірейді, жыныстар бұзылады.

Ақшыл минералдарѓа ќараѓанда, ќара минералдар ќатты ќызады. Бір түсті дәндерден ќұралѓан жыныстарға қарағанда, түрлі-түсті дәндерден ќұралѓан тау жыныстарыныњ дәндерінің арасындаѓы байланыс тез әлсірейді. Бұл, дәндердің түсі мен құрамы кеңеюдің көлемдік коэффициенттерінің әр түрлілігімен қалыптастырады: кварцта көлемдік коэффициент 0,00031-ге тең, мүйізді алдамыш (роговая обманка) – 0,000284, ортоклазда – 0,00017. Күндізгі жылу мен түнгі салқын ауа тау жыныстарыныњ ішкі ќұрлысына тез өтпей, біртіндеп өтеді. Көлемінің кеңеюі мен кішіреюі, сыртќы ќабаттарда көп байқалады, сондыќтан тау жыныстарыныњ беткі ќабаттары тез жарылып, ќабыршаќтанады. Әсіресе тау жыныстарына ауа температурасының тәуліктік өзгеруі көп әсер етеді. Температураның тәуліктік өзгеруі көбінесе контенентальді климатты аудандарда байқалады.

Тау жыныстарыныњ жылу мен суықтың кезектесуі әсерінен бұзылуына су әсер етеді. Нөсерлеп жауын жауѓанда шөл даладаѓы ќатты ќызып тұрѓан тау жыныстары тез суиды да, жарылады. Ауаның теріс температурасының әсерінен, тау жыныстарының жарықшаларының арасындағы су қатып, олардың қабырғасына 200 Мпа қысым түседі. Тау жыныстарыныњ осылай бұзылуы аязды мүжілу деп аталады.

Сонымен ќатар тау жыныстарыныњ бұзылуына әр-түрлі жануарлар, кеміргіштер әсер етеді. Одан басқа, Жерден түрлі қазба байлықтарын алу кезінде, ауыл шаруашылығымен айналысқанда және әртүрлі құрылыстар жүргізгенде адамдар тау жыныстарының бұзылуына көп әсерін тигізеді.

Химиялыќ мүжілу. Бұл мүжілудің нәтижесінде тау жыныстарыныњ химиялыќ ќұрамы өзгереді. Мұндай мүжілу нәтижесінде жердің беткі жағдайларына төзімді жања минералды ќосындылар пайда болады. Химиялыќ мүжілу үрдістері әр түрлі мөлшерде барлыќ жерде байқалады, біраќ жылы және ылѓалды климат жаѓдайларында ќарќынды өтеді.

Химиялыќ бұзылуына біріншіден судыњ диссоциациясы (Н+ пен ОН иондарѓа ыдырауы) себебші болады. Бос оттегі мен көмір ќышќыл газымен және органикалық ќышќылдармен қатар сутегі иондары да ќандай болмасын тау жыныстарын бұзуѓа ќабілеті бар. Ылѓалды және жылы климатты аймаќтардыњ топыраќтары көбінесе көмірќышќыл газбен органикалы ќышќылдармен бай болып келеді. Судыњ диссоциациясы оныњ көмірќышќыл газымен байытылѓанында күрт жоѓарылайды.

Тіпті аз диссоциацияланған және әлсіз минералданған су кейбір тау жыныстарын толық еріте алады, мысалы галлоидтер, кейбір сульфаттар (галит, сильвинит, гипс және т.б.). Көмір қышқылымен байытылған карбонатты құрамды тау жыныстары суда аса қарқынды ериді (әк, доломит, мергель).

Газдармен және органикалық қышқылдармен байытылған судың әсерінен тек еру үрдісі ғана емес, сонымен қатар гидролиз, тотығу, тотықсыздану, гидротация және басқа да күрделі үрдістер жүреді.

Гидролиздену әсерінен минералдардың химиялық бұзылуы және құрамынан жеке элементтердің жойылуы байқалады.

Тотығу үрдісі құрамында темір бар минералдар мен тау жыныстарында қарқынды өтеді. Магнетиттің тотығуы нәтижесінде лимонит, ал пириттің тотығу және кейінгі гидролиздену әсерінен күкірт қышқылы және лимонит түзіледі.

Бос оттегінің жетіспеуі әсерінен тотығуға кері үрдіс тотықсыздану жүреді. Бұл үрдісте химиялық байланысқан оттегінің біртіндеп немесе толық жойылуы байқалады.

Гидротация үрдісі сусыз қосылыстардың сумен байланысқа түсуі әсерінен жүреді. Мысалы, ангидрид пен судың қосылуынан. Жер бетінде ғаныш түзіледі.

Биологиялыќ мүжілу. Химиялыќ мүжілудің ќарќындыѓын жердіњ беткі ќабаттарындаѓы және оныњ үстінде орналасќан тірі ағзалар күрт жоғарылатады. Өсімдіктер тау жыныстарының борпылдаќ болуына әсер етуімен қатар, оныњ ќұрамынан өсіп-өнуіне қажетті қоректік заттарды сіңіреді. Тау жыныстарының бұзу жұмыстарына органикалық әлемніњ ењ төменгі ағзалары – бактерияларда әсер етеді.

Олар микрофлораның, сањырауќұлаќтардың, мүктер мен ќыналардың және т. б. пайда болуына негіз болады. Әр түрлі жер ќазғыштар (жауын ќұрттары, ќұмырсќалар, термиттер ж.т.б.) борпылдақ тау жыныстарын жұтып, оларды асќазанынан өткізіп және ќоректеніп, сол жыныстардыњ химиялыќ ќұрамын белгілі мөлшерде өзгертеді.

Мүжілу үрдісінде өнімнің негізгі екі тобы қалыптасады:

-жылжымалы, яғни еритін қосындылар – сода, күкіртқышқылды тұздар, сілтілер және басқалар. Бұл қосындылар атмосфера суымен жердің терең қабаттарына шайылады.

- қалдықты. Олар жер қабығының беткі жағдайларына тұрақты болғандықтан, тау жыныстары мүжілген жерде қалады.

Денудация – бұзылу заттарыныњ көшірілуі мен тасымалдануына мынандай үрдістер әсер етеді:

  1. Жазыќтыќ шайылу (жањбырдыњ, еріген ќардыњ, суарѓан судыњ аѓыны).

  2. Шайылу (жањбырдыњ, еріген және суарѓан сулармен).

  3. Дефляция –бұзылған, заттардыњ желмен тасымалдануы.

  4. Мұздыњ денудациясы – мұзбен бұзылуы, заттардыњ көшуі мен тасымалдануы.

  5. Абразия – тењіздердіњ, көлдердіњ және су ќоймаларыныњ жаѓалауларыныњ толќынмен, бұзылуы, тұздануы.

  6. Карст – тасты тұз, және т.б. тау жыныстарыныњ табиѓаттаѓы суларымен ерігенде болатын ќұбылыс. Карст жердіњ астындаѓы (үњгір) және жердіњ үстіндегі (түтікі жер бетіндегі) формалармен сипатталады.

  7. Бұзылу заттары алдымен жануарлармен тасымалданады.

17-сурет. Таулы өлкеде мәңгі мұздың, желдің, жер асты суларының және басқа үрдістердің әсері.

Желдің геологиялық әсері. Жел деп ауаның біркелкі қызбауынан, атмосфералық қысымның әр түрлі болуының әсерінен ауаның көлденең бағытта жылжуын айтамыз. Жел маңызды геологиялық агентттердің бірі, оның әсерін эолды деп атайды (Эол – грек мифологиясында жел құдайы). Ол тау жыныстарын бұзады, тасымалдайды және бір жерде жинайды. Жел жер бедерінің мүсіндік және аккумулятивтік пішіндерін құрады. Әсіресе ол шөл далада және шөлейтттерде жақсы көрінеді. Шөл далалар материктердің 1/5 бөлігін құрайды.

Коррозия - жел тасымалдайтын құмның тау жыныстарын үйкеп, өндеп, мүсінденуі.

Дефляция – тау жыныстарының ұсақ бөлшектерінің желмен тасымалдануы.

Жел заттарды үлкен қашықтыққа тасымалдайды. Тау жыныстарының ұсақ бөлшектері жартастарды үгітеді, соның нәтижесінде әр түрлі жер бедерінің эолды пішіндері пайда болады: эолды діңгектер, көп қырлылар, ұялы беттер, қазан шұнқырлар, эолды жазықтар.

Эолды діңгектер – аз цементтелген қатты жарықты тау жыныстарының желмен мүжілуі нәтижесінде, бірнеше қыры бар тау бөлшектерінің пайда болуы.

Эолды көп қырлылар - бірнеше қыры бар тау жыныстарының бөлшегі, әр бағытта соғатын желмен қоса құммен үйкелуі әсерінен пайда болады.

Желмен ұшырып әкету қуыстары, науалары, ернеулері, ұялары және ұялы беттер, қалдықтар - әр түрлі материалдың желге әр түрлі төзімділігі әсерінен пайда болады.

Желмен бірге тұздар да тасымалданады, соның әсерінен топырақтар сорланады. Орта Азияда тұзды дауылдар болады. Дауылдарда әлем мұхитынан жылына 27 млрд тонна тұз атмосфераға желмен тасымалданады.

Жер бетіне атмосфера жауын- шашынымен бірге 100000 тонна сынап тасымалданады. Сонымен қатар желмен топыраққа бор да тасымалданады. Жылына 1 га жерге 10 г иод әкелінеді.

Лөсс академик В. А. Обручевтың айтуы бойынша - құрғақ ауа райында шөпті далада атмосфералық шаңның біртіндеп жиналу нәтижесі. Жылына 1-2 мм жиналады. Сонымен 1000 жылда 1м лесс жиналады.

Эолды құмдар – аллювиалды, флювиогляциялы, теңіздік, көлдің құмдарының желмен қайтадан тасымалдану әсерінен пайда болады.

18- сурет. Тау жыныстары желмен мүжілуі нәтижесінде

әр түрлі пішінге ие болады.

Жер бетімен ағатын сулар. Жер бетіне түскен жауын-шашындардың бір бөлігі буланады және атмосфераға қайтады, басқа бөлігі су өткізгіш тау жыныстарынан өтеді де су өткізбейтін қабаттарда жиналып, ыза суларын құрады. Су еңкісті жерде жазықтық шайылуға себепші болады, өзен де, жердің беткі қабатын төмен қарай шаяды. Жер бетінің сулары тау жыныстарын бұзады, тасымалдайды, және бір жерде жинайды.

Тау жыныстарының сумен шайылуын эрозия деп атайды. Шайылу екі түрге бөлінеді ол: тереңге қарай, алқапты шайыу жыра қалыптастыру эрозиясы және беткейлік (жазықтық) эрозия.

Жазықтық эрозия. Мүжілу өнімдерінің жаңбырмен және еріген қар суымен шайылуын және тау жыныстарының тау етегінде жиналуын делювиальды үрдіс, ал жиналған шөгіндіні делювий деп атаймыз (deluo – латын тілінен шайылу). Оларда: материалдың қабаттығы мен сұрыпталуы сәл байқалады; петрографиялық құрамының әр түрлілігі; қалыңдығы шамалы (1-2м), құмдақ, шлейф түрінде жазықтарда жиналады; құрамында органикалық қалдықтардың болуы байқалады. Тау етегінде жиналып жер тартылысының күшімен жиналған ұсақ материалды коллювий (colluvio – жиналу) деп атайды. Деллювийден коллювий сұрыптау нәтижесінде пайда болады.

Жазықтық шайылу нәтижесінде жер бедері қатты өзгереді. Делювиальды шөгінділердің механикалық құрамы әр түрлі болады. Жоғарғы жағында қиыршық тастар болады, брекчия немесе кесекті жыныстар болады. Ортасында немесе етек жағында біртекті ұсақ дәнді тау жыныстардан құрылады. Деллювиалды тау жыныстарының түсі негізгі заттардың түсіне байланысты болады, мергель мен құмтастарда қызыл-құба түсті, лөсста - қуқыл –құба түсті болады. Деллювиальды тау жыныстарының құрамы мен құрылымы еңкістің құламалылығына да байланысты болады.

Тереңдетілген эрозия (шайылу). Жер бетіндегі аққан сулар бірігіп үлкен су ағынын құрады, орнында тереңдетілген жерлер пайда болады, тау жыныстарын терең қарай шайады. Саяз терең жерлер ол – жыралар. Кейде жыралардан өзен ылдилары пайда болады. Сол үрдіс тоқтаған соң, сол жерде жылғалар (балка) пайда болады. Жылғалар жыраның ең соңғы кезеңі деп саналады.

Жыралар - эрозиялы жер бедерінің түрі, оның тереңдігі 10-15 м, кейде одан да тереңгешайылған жер. Ұзындығы бірнеше метрден бірнеше километрге дейін жетеді. Жыралар дамып келе жатқан және дамуын тоқтатқан көне жыралар күйінде де болады. Олардың пайда болуына нөсер жауын-шашын, тау жыныстарының борпылдақ болуы, жер бедері, адам әрекеті, шымның жойылуы, т. б. әсер етеді.

Батпақты тасты ағындар, сел – қысқа уақытта судың және қатты материалдың тау беткеймен тез тасымалдануы. Селдердің пайда болу жағдайлары: жоғарыда су жиналатын жерде борпылдақ тау жыныстарының және тау жанында күрт құлама жердің болуы.

Шығарылған құрғақ конустардың пролювиальды салындылары. Пролювий – құрғақ климатта таулы жерге жақын орналасатын жазық жерде уақытша шайылып жайылатын және жиналатын минералды материалдар. Аласа шығарылған конустардағы анық пішінді салындылар құрғақ немесе субарэалды дельта деп аталады.

Өзендердің арналы ағындарының іс әрекеті. Құлықта теңіздің деңгейінен төмен тек 800 мың км2 жердің беті ғана орналасады. Қалған жерлер 148,2 млн. Км2 теңіздің деңгейінен жоғары орналасады. Сондықтан құрғақ жерге түскен жауын-шашын теңіздерге қайта келеді. Жер бетіндегі сулар көптеген жұмыстарды атқарады. Материалдар үш әдіспен тасымалданады: тұнба ретінде; су астымен бөлшектерді домалатып жылжытады; ертілген күйде.

Өзендердің механикалық жұмысы келесідей болып бөлінеді: мүжілу, шайылу, немесе эрозия; қайрау мен бетін тегістеу; материалды тасымалдау; материалды шөгуі.

Өзен эрозиясының ерекшелігі - өзеннің жоғарғы жағында мүжілу үрдістері жүреді, ортасында тасымалдау, төменгі жағында - материалдардың жиналуы.

Аллювий. Құрғақ жерде аққан өзендермен жиналатын материалдарды аллювий деп атаймыз (alluvio – латын тілінен шайып жинауОсы шөгінлілерге тән: қабаттығы айқын байқалуы; әр түрлі көлемдік және құрамдық құмдардың, малта тастардың, майда тастың, құмайттардың, құмбалшықтардың кейде балшықтардың болуы; көлемі және қалыңдығы бойынша өзгерісінің шапшаң болуы; тұщы су фауна қалдықтары болуы; қалындығы көп емес (20-60 м); өзен жазықтарында қалындығы оңдаған километр болып орналасуы.

Арна шөгінділері - әдетте құмды болады, құрамы тұрақты, қабаттығы қисық.

Ескі арна. Ұсақ дәнді құмдармен, құмайттармен, тұнбамен, балшықтармен сипатталады. Көп органикалық заттары бар, кейде шымтезектер болады.

Жайылма шөгінділері. Өзендердің астында немесе жағасынды (су жайылғанда) жиналады

Жер асты сулары. Жер астындағы сулар сұйық, газ, бу қатты күйінде болады. Олар жер астындағы қуыстарды толтырады. Пайда болуына байланысты олар инфильтрациялы, конденсациялы, ювенальды және қазба болады. Атмосфералық жауын-шашындар тау жыныстарының қабаттарынан өтіп су өткізбейтін қабаттар үстінде инфильтрациялы су ретінде жиналады. Олардың мөлшері жер бедеріне, құрамына, фильтрация қабылетіне, климатқа байланысты болады.

Жер астындағы суларға атмосферадағы су мөлшері де әсер етеді. Егер ылғалды су топыраққа өтсе, ол конденсацияланып топырақта жиналады да конденсациялы су пайда болады.

Инфильтрациялы және конденсациялы сулар жер ішінде жылжып теңіздер мен өзендер мөлшерін арттырады. Олар буланып қайтадан жерге түседі де, мәңгі қозғалыста болады.

Кейбір сулар магмадан пайда болған будан пайда болады, жарықтармен жер бетіне көтеріліп пайда болады, оларды ювенальды деп атаймыз.

Тау жыныстарының арасында сулар бу түрінде, сүйық, қатты және химиялық байланысты (кристаллданған, конституциялы, гигроскопиялық, пленкалық және қылтүтікшелі су) болады. Гравитациялы су 1 мм ден ірі қуыстарда болады. Олар өзінің салмағымен жылжиды. Осы, су ғана еркін қозғалыста болады. Сондықтан ыза су гравитациялы су болып саналады.

Тау жыныстарының гидрогеологиялық негізгі қасиеттері ол су өткізгіштік пен су сыйымдылық. Су өткізгіштік - өз қабаттарынан гравитациялы суды өткізу қасиеті. Ол қабаттарындағы қуыстар мен саңылауларға байланысты болады. Су өткізгіштік коэффициенті немесе фильтрация коэффициенті 450 еңкістікте жер астындағы судың ағынына, су өткізетін тау жыныстарында су қай жылдамдылықпен өту қабілетін көрсетеді (литр/тәулік).

Су сыйымдылық – анық температура мен қысымда тау жыныстарының өз қабаттарында суды ұстап тұру қабылеті. Максималды су сыйымдылық - тау жыныстарының барлық қуыстары толғанда болатын су сыйымдылық, молекулалы су сиымдылық - молекулалы байланыспен ұсталып тұратын су. Толық және молекулалы су сыйымдылық арасындағы су мөлшері - су қайтарымы деп аталады. Ол тау жыныстар арасындағы бос, алуға болатын суды айтамыз.

9-кесте Тау жыныстардың су өткізгіштік қабылеті бойынша жіктелуі[2].

Су өткізгіштік категориясы

Тау жыныстарының сипаттамасы.

Фильтрация коэффициенті, литр/тәулік

I

Жақсы су өткізетін – малта тастар, ірі дәнді құмдар, саңылаулы тау жыныстар

>10

II

Су өткізетін - құмдар, жарықты тау жыныстар

10-1

III

Су өткізгіштігі аз – мергель, құмтастар, құмайттар

1-0,01

IV

Суды аз өткізетін немесе жартылай су өткізетін – құмддақтар, құмайттар, құмбалшықтар

0,01-0,001

V

Су өткізбейтін – балшықтар, саңылаусыз жартасты тау жыныстар

<0,001

Жер астындағы сулардың жіктелуі. Жер қыртысының судан жоғары орналасатын қабатты аэрация аймағы деп атаймыз. Оның қалыңдығы 0 ден 100 м- ге дейін жетеді.

Топырақ сулары толық топырақ қабаттарында орналасады және атмосферамен тығыз байланыста болады. Бұл сулардың геологиялық маңызы аз, бірақ агрономиялық маңызы зор балады.

Жоғарыдағы су (верховодка) жер бетіне жақын және топырақ суымен байланысып уақытша орналасқан су. Жазда құдықтағы су кебеді, қыста қа-тады.

Ыза су (жер асты суы) әдетті күшті емес, көбінесе борпылдақ жыныстарда су өткізбейтін жыныстардың үстінде орналасады. Олар ашық болады, режимдері кезеңге, жауын-шашынға байланысты байланысты ауытқып тұрады.

Артезиан сулары. (Париж жанындағы Артуа провинциясынан 1126 жылы бірінші фонтан болып, ағып тұратын сулар табылған). Олардың қысымы күшті болады, кейде фонтан болып ағады. Олар көбінесе ойпаттарда орналасады – артезиан бассеиінін қалыптастырады.

Бұлақтар – жер асты сулары жер бетіне өзі шығады, көбінесе жер бедерінің төмен бөлінгенде ораналасады. Олар үнемі ағатын, кезеңмен ағатын болады. Олар төмен ағатын және жоғары ағатын болады. Химиялық құрамынан тұщы, тұзды, тұздалған, қышқылды болуы мүмкін. Температура бойынша суық, жылы, ыстық болады.

Жер асты суларының геологиялық әсері. Белсенді әсер ететін, ол артезиан сулары. Олар тау жыныстарының арасын бұзады, үңгір құрады, топырақтар тұздалады, батпақтанады, шымтезектер пайда болады.

Қарст – деген сөз Австрияның оңтүстігінде Каринтия провинциясында әкті платоның атынан пайда болған. Бұл құбылыс жер астындағы сулардың әсерімен (әк, доломит, гипс) тау жыныстарының сілтісізденуі және жер астында үңгірдің пайда болуымен сипатталады. Тереңдігіне байланысты олар терең және саяз болады. Олардың ішінде карстты көздер болады. Карстты воронка, құдықтар, үңгірлер, каррлар, ылдилар, жер астының карст өзендері кездеседі.

Карстты воронкалар - пішіні және көлемі әр түрлі тұйық құламалар.

Үңгірлер – тез еритін тау жыныстарында пайда болатын жер астындағы бос жерлер.

Көшкін (оползень) – біріктігін жоғалтпай, беткейді құратын тау жынысы бөлігінің сырғып жылжуы.

Суффозия (латын сөзі suffossio деп – астынан қазу) – сумен қыртысқа сіңетін тау жыныстарынан ертінді заттарды, ұсақ минералды бөлшектерді шығуы. Суффозия терминін геология ғалымы Павлов А.П. (1898) еңгізді. Сумен тау жыныстары сілтісізденеді, соның нәтижесінде тау жыныстар отырып, жер бетінде ойпат жерлер пайда болады. Суффозия химиялық (еритін) және механикалық түрлерге бөлінеді. Суффозия өзендер жағасында, жыралардың жағасында кездеседі.

Теңіз бен мүхиттың геологиялық әсері. Теңіз бен мұхиттың геологиялық әсеріне келесідей құбылыстар жатады: абразия жағалаудың су толқынымен мүжілуі, теңіз толқынымен және ағындарымен әр түрлі материалды тасымалдау, аккумуляция - әр түрлі салыңдылардың теңіз астында жиналуы, диагенез - шөгінді заттардың химиялық, физикалық және биогенді қайтадан өңделуі және олардың шөгінді жыныстарға айналуы.

Теңіздің геологиялық әсеріне оның өсімдіктері, жануарлары, су ащылығы, жылулығы және қысымы жатады.

Теңіздердің жануарлары өмір сүру орнына байланысты келесідей топтарға бөлінеді:

- бентогенді (грек тілінде «бентос» - су түбі) – су түбінде өмір сүретіндер, оның ішіне маржандар да кіреді

- планктонды (грек тілінде «планктон» - қозғалатындар) – балдырлар, теңіздің ұсақ жәндіктері.

- нектон (грек тілінде «нектон» - жүзетіндер) –балықтар, теңіз сүтқоректілері және т.б.

Теңіздердің бұзу әсері. Теңіздердің жағалауды бұзу жылдамдылығы тау жыныстардың химиялық құрамына және су толқынына байланысты болады.

Жағалаудың бұзылу жылдамдылығы жағалау еңкістігіне, оның конфигурациясы, жел бағытына байланысты болады. Магмалық тау жыныстар, шөгінділерге қарағанда су әсеріне тұрақты болады. Олар жылына бірнеше сантиметрге ғана мүжіледі, борпылдақ тау жыныстары 15-20 м ге мүжіліп кемиді. Жағалау бұзылуына судың көтерілуі мен қайтуы әсер етеді. Жағалауда борпылдақ және қатты тау жыныстар аралас орналасса жағада шығанақтар, қуыстар пайда болады.

Трансгрессия және регрессия. Құрлық төмендегенде теңіз трангрессияға ұшырайды, құрғақ жерге жылжиды және жағалауды белсенді бұзады, егер жер көтерілсе теңіз регрессияға ұшырайды және шайлу азаяды.

Көлдер мен батпақтардың геологиялық әсері. Көлдер типтері. Құрғақ жердегі су толған терең жер, су ақпайтын және теңізбен байланысы жоқ су көздері көл болып саналады. Олардың тереңді ауытқып отырады: Байкал 1620 м, Каспий теңізі 945 м, Истық-Көл 702 м. Көлдің ой жерлері шұңқыр және бөгет болады. Шұңқырлар жер беті төмен түскеннен пайда болады. Бөгеттер – мұздардың воронканың әсерінен пайда болған көлдер. Ағып кету сипатына байланысты олар: ақпайтын, аралас режимде, ағатын - өзенді, көзсіз – (жер астында ағатын жері бар) болады.

Қоректенуіне байланысты олар атмосферадан немесе жер астынан қоректенетін болып бөлінеді. Химиялық құрамына байланысты - тұщы (0,1%), ащылау (1-3,5%) және ащы (3,5%) көлдер болып жіктеледі.

Көлдерде су аз болғандықтан олардың геологиялық әсері теңіздікіндей үлкен дәрежеде емес. Оларда шөгінділер қарқынды жиналады және фауна тұщы болады, қалыңдығы шамалы, ондаған метр.

Батпақтар және олардың сипаттамасы. Батпақтар ылғалдылығы артық, булануы аз аймақтарда болады, ылғал сүйгіш өсімдіктер өседі және шым түзілу үрдістері жүреді. Көбінесе тайгалы аймақта болады. Орналасуына қарай олар су айырығы (жоғарғы) және ойпатты (төменгі) батпақтары болып бөлінеді.

Қоректенуіне байланысты олар шайып әкелінген - өзен ағынында, терең - жыраларда, грунтты - құмды жердің төмен жерінде, атмосфералы болады.

Батпақтардың жағасында малта тастар, құм, балшықтар жиналады. Астында сапропель жиналады. Жағасына жақын шымтезек болады.

Мұз бен мұз айдынының геологиялық әсері. Гляциология - мұздарды зерттейтін геология бөлігі. Мұз бен мұз айдындары жер бедерінің құрылуына әсер етеді. Егер Гренландия мұздарын ерітсе Әлем теңізі денегейінен –2 м-ге көтеріледі, Антарктида ерісе 56 м-ге көтеріледі.

Мұз түрлері келесідей: жер астындағы - мәңгі мұздаған жер, өзендегі, көлдегі, теңіздің және материктің. Осының ішінде ең маңыздысы материкті мұздар, олар қар көп жиналып қатқанда пайда болады, олар дәнді және қабатты болады.

Жер астындағы мәңгі мұзданған жер, өзендегі, көлдегі, теңіздің мұздары бағаналы құрылысты болады.

Мұз айдыны – тау үстінде қар түрінде көп жауын жауғанда ерімей жиналады. Қар жиналып тығыздалып біртіндеп фирнге айналады. Ол біртіндеп мұзға айналады.

Мұз айдынының түрлері - таулы, материкті немесе жамылғылы, аралық- жамылғы және кешенді болады.

Таулы мұз айдынына альпы немесе алқапты типі жатады, Кавказда, Памирде, Альпіде орналасады.

Материкті немесе жамылғылы мұз айдыны - қоректенуі артығымен болғанда пайда болады, скандинавиялық, шпицбергендік, төбесі жазық.

Аралық мұз айдынына таулы үстірттер және тау бөктерлері жатады.

Мұз айдыны (гляциалды) шөгінділері. Бұл шөгінділер арасында екі топ шөгінділер бар: мұзды дәуірге жататын геологиялық шөгінділер, оған мореналар, оздар (тізбелі үймектер), друмлиндер (төбешіктер), камдар (тік еңкісті төбешіктер), зандралар (қар суының ағынынан пайда болған құмды, қиыршық тасты алаң) жатады; екінші топ - қазіргі мұздармен байланысты шөгінділер.

Мореналы шөгінділер – құм, құмбалшық, балшық, малта тас, галька, гравий, қойтастардан құрылатын мұзбен тасымалданған үлкен кесекті сұрыпталған, қабатты емес материал. Жиналу және тасымалдану тәсілі бойынша Олар бірнеше түрге бөлінеді: беткі морена - алқаптарға таудан түсетін мұздың үстіндегі үлкен кесекті материалдар; бүйір моренасы - мұз айдынының бүйірінен алқапты басатын кесекті материал; ішкі морена - мұз айдынының ішкі жағында жиналатын кесекті материал; түбіндегі морена – негізінен бөлініп жылжығанда мұз айдыны басқан морена; соңғы морена - үймек ретінде мұз айдынының жағасында жиналатын морена.

Флювиогляциялы шөгінділер. Мұз айдынының ағындыларымен жиналған шөгінділерді (fluvius – ағын, glacius – мұз). Пайда болуына қарай олар келесі топтарға бөлінеді: мұз айдынымен бірге – мореналардың аяғындағы тізіліп орналасады – камдер, друмлиндер, озалар, алқапты балшықтар; мұз айдынының сыртында - соңғы мореналардың алдында болады – зандрлы құмдар, флювиогляциялы құмбалшықтар.

Мәңгі тоң. Қоңыржай ауа райы бар аймақтарда топырақтың қатуы кезеңмен ғана болады. Топырақ жылы кезең келгенде ериді. Оны кезеңді мәңгі тоң деп атаймыз. Суық аймақтарда үнемі суық болып тұратын жерде тау жыныстары жыл бойы ерімейді, оны біз мәңгі тоң деп атаймыз. Мәңгі тоң алып жатқан территория құрлықтың 25% құрайды.

Мәңгі тоңның құрылысы және ерекшелігі. Мәңгі көпжылдық тоң дамыған аймақтарда жердің жоғарғы әрекетті қабаты қыста белгілі тереңділікте қатады және жазда ериді. Сол қабаттың қалыңдығы климат ерекшелігіне, тау жыныстардың құрамына, өсімдік жамылғысына байланысты болады. Оңтүстік аймақтарда ол 3 м- ге жетеді. Солтүстікте 0,5 м болады. Жазғы уақытта бұл қабатта су болады ол су тірегінен ылғалданады. Бұл қабатты тоң қабаттың үсті дейді. Тоң қабат қалыңдығының астында климаттық жағдай әсер етпейтін тау жыныстары орналасады. Оларға Жердің ішкі жылуы әсер етеді. Жер асты сулар көбінесе су тірегінің астында болады. Оларды тоң қабаттың астындағы су дейді.

Мәңгі тоңмен байланысты үрдістер. Мәңгі тоң қабаты бар аймақтарда арнайы геодимнамикалық үрдістер өтеді ол: аязбен ісіну, мұз төмпешіктерінің пайда болуы, солифлюкция және термокарст.

Аязбен ісіну тау жыныстары мұздағанда пайда болады. Мәңгі тоң дамыған сайын олардың көлемі да арта түседі. Тау жыныстарының ішінде ең қатты ісінетін ол балшық. Әсіресе одан жолдар зардап шегеді.

Солифлюкция (латын сөзі solum – топырақ, fluctus – ағу) – борпылдақ жыныстардың қатып жатқан қабат үстімен еңкіспен жылжуы. Ол топырақтың езілуі нәтижесінде пайда болады.

Термокарст (термиялы карст) – топырақ пен борпылдақ жыныстардың құрамындағы мұздардың еруінен топырақтың отыруы себебінен, жер бетінде ойлардың пайда болуы. Термокарст терминың геолог М. М. Ермолаев 1932 жылы қолданған. Олар көбінесе мәңгі мұз жерлерде болады. Ол жерлерде көлдер, батпақтар жиі кездеседі.

Жер қабығының өзгеруіне адамзаттың әсері. Антропогенді үрдістер өз масштабы бойынша жоғарыда көрсетілген үрдістермен қатар жүреді: мал бағып топырақты жою, тау кен қазу, эрозия. Қазір бұл үрдіс үш бағытта жүреді: жер астынан қазба байлықты қазып алу; адамның ауыл шаруашылықты әрекеті; инженерлі-техникалы шаралар өткізу.

Жылда Жерден 1,7 млрд тонна тас көмір мен шымтезек алынады, 1,5 млрд тонна мұнай, 350 млн тонна темір рудасы алынады. Сонымен бірге Жер бетіне көптеген бос тау жыныстары (порода) шығарылады. Қазба байлықтарды алу нәтижесінде Жердің химиялық құрамы өзгереді. Көміртек мөлшері азаяды. Оны жағу нәтижесінде атмосферада көмірқышқыл газы артады. Жерде температураның артуына, климаттың өзгеруіне әсер етеді.

Адам жер асты сулардың режимін бұзады. Оларды жерден шығарып алу, тау жыныстардың тығыздығын арттырады. Жер қыртысы төмендейді. Ауыл шаруашылық жұмыстарын жүргізгенде адам 3000 км3 топырақтың құнарлы беткі қабатын өзгертеді: қопсытады, ауамен толтырады, минералды тыңайтқыштар еңгізеді, қарашірік мөлшерін реттейді. Адамның осындай әрекеті денудация үрдісін арттырады. Топырақты дұрыс өңдемегенде шаңды дауылдар көбейіп, эрозия пайда болады.

Адамның инженерлі-техникалық әрекеті қалалар, заводтар, гидротехникалық құрылыстар т. б. салуға бағытталған. Әсіресе техногенез ірі 100 ден 6000 км2 дейінгі жерді алып жатқан ірі қалалардың территориясында байқалады: жердің табиғи бедері, жер асты суының режимі, топырақ және өсімдік жамылғысы, тропосфера құрамы, тіпті климат өзгереді.

Бақылау сұрақтары

  1. . Қандай геологиялық үрдістер Жердің сыртқы күштер әсерінен пайда болады?

  2. Мүжілу үрдісі деп нені түсінеді?

  3. Мүжілудің қандай түрлері бар?

  4. Желдің геологиялық әсері қандай?

  5. Жел эрозиясының пайда болу себебі.

  6. Терең және жазықты эрозия деген не?

  7. Жыралар қалай пайда болады?

  8. Жер асты сулары. Олардың жіктелуі?

  9. Теңіз бен мұхиттың геологиялық әсері қандай?

  10. Көлдер мен батпақты салыңдылардың геологиялық әсері қандай?

  11. Қандай мұз салыңдыларын білесіз?

  12. Мәңгі тоң аймақтарында геологиялық үрдістер қалай жүреді?

  13. Жер қабығының өзгеруінде адамның рөлі қандай?