- •1.1.1. Геология ғылымының дамуының қысқаша тарихы
- •1.2. Жердің пайда болуы, құрылысы мен құрамы.
- •1.2.1. Әлемдік кеңістікте Жердің және Күн жүйесінің орны.
- •1.2. 2. Космогендік гипотезалар
- •1.2.3. Жердің пішіні, физикалық қасиеттері және химиялық құрамы
- •Магнитті еңкейю магнитті стрелканың көкжиекке еңкею бұрышы. Картада бірдей септелулерді жалғастыратын сызықтарды изогон дейді, бірдей еңкеюлерді жалғастыратын нүктелерді изоклин деп атайды
- •1.3 Жердің сыртқы және ішкі қабаттарының құрамы
- •1.3.1. Жердің сыртқы қабаттары
- •1.3.2. Жердің ішкі қабаттары
- •1.4 Минералдар туралы ілім
- •1.4.1. Минералдар және олардың топырақ түзілуіндегі маңызы
- •Туынды (экзогенді) минералдар - жер бетінде, атмосферамен, биосферамен және гидросферамен әрекеттесіп, көбінесе бастапқы минералдардың бұзылуынан пайда болады.
- •1.4.2.Заттардың кристаллдық және аморфты құрылымы
- •1.4.3. Минералдардың физикалық қасиеттері
- •1.4.5. Минералдардың негізгі класстарын сипаттау
- •1.5. Тау жыныстары.
- •1.5.1. Магмалық тау жыныстары
- •1.5. 2. Шөгінді тау жыныстары
- •1.5.3. Метаморфты тау жыныстары.
- •1.6. Геологиялық құбылыстар
- •1.6.1 Жер қабығының негізгі геологиялық құрылымы мен оның ерекшелігі
- •1.6.2. Геотектоникалық гипотезалар
- •1.6. 3. Эндогенді және экзогенді үрдістер
- •1.6.4. Эндогенді үрдістер
- •1.6.5. Экзогенді үрдістер
- •1.7. Жер шарының геологиялық тарихы
- •1.7.1. Тау жыныстарының абсолютты жасы
- •1.7.2. Тау жыныстарының салыстырмалы жасы
- •1.7.3. Геохронологиялық шкала
- •1.7.4. Төрттік кезеңдегі жер қабығының даму ерекшеліктері
- •1.7.5. Геоморфология туралы негізгі мәліметтер
- •1.7. 6. Геологиялық карта.
- •3.15. Топырақтарды агроөндісітік топтарға бөлу және бонитировкалау
- •3.15.1.Топырақтарды агроөндiрiстiк топтарға бөлу
- •3.15.2. Топырақ бонитировкасы
- •2.1.Топырақтану пәні жєне оныњ міндеттері
- •2.1.1.Топырақ ерекше табиғи дене
- •2.1.2. Топырақтың табиғаттағы орны мен маңызы
- •2.1.3.Топырақтың адам өміріндегі алатын орны
- •2.1.4. Топырақтың экологиялық қызметі
- •2.1.5. Топырақтанудың басқа ғылымдармен байланысы, оның басты ғылыми салалары, зерттеу әдістемелері
- •2.1.6. Топырақтану ғылымының даму тарихы
- •Қазақстан топырақтарын зерттеу тарихына қысқаша шолу
- •2.2.1. Топырақ құралу үрдістері
- •2.2.2. Топырақтың морфологиялық белгілері
- •2. 3. Топырақтың минералды бөлігі
- •2. 3.1. Топырақтың қ±рамды бµліктері
- •2.3.2. Минералдық бөліктің құрамы
- •2. 3. 3. Гранулометриялық ќ±рамы
- •Ќарай жіктеу
- •Бақылау сұрақтары
- •2.4. Топырақтың органикалыќ бµлігі
- •2.4.1. Қарашіріндініњ т‰зілуі
- •2.4.2. Қарашіріндініњ мµлшері
- •2.4.3. Топыраќтыњ органикалыќ бµлігініњ маңызы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.5. Топырақтың химиялыќ ќ±рамы
- •2.5.2. Топырақтағы химиялық қосылыстар
- •Бақылау сұрақтары
- •2.6 Топыраќтыњ сіњіру қабілеті
- •2.6.1. Топыраќ коллоидтары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.7. Топырақтың түйіртпектілігі
- •2.7.1. Топыраќтыњ түйіртпектілігі жєне оныњ агрономиялық мањызы
- •2.7.2. Түйіртпектің пайда болуы және оны жақсарту жолдары
- •2.8.2. Топыраќтыњ жалпы физикалыќ жєне физикалыќ – механикалыќ ќасиеттері
- •2. 8.1. Жалпы физикалық қасиеттері
- •2.8.2. Физикалық- механикалық қасиеттері
- •Топтарѓа жіктеу (5)
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топыраќтаѓы ылѓал
- •2.9.1. Топырақтағы ылғалдың категориялары, түрлері
- •2.9.2.Топыраќтыњ ылѓалдылыќ ќасиеттері
- •2.9.3. Топыраќтаѓы ылѓалдыњ µсімдіктерге тиімділігі жєне т±раќты ылѓалдыќ кµрсеткіштері
- •2.9.4. Топыраќтыњ су режимі жєне оны реттеу жолдары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топырақтың ауасы және жылу режимі
- •2.9.1. Топырақтың ауасының маңызы, құрамы, құбылымы
- •2.9.2.Топырақтың жылу режимі
- •Бақылау сұрақтары
- •2.10. Топырақ ерітіндісі және тотығу-тотықсыздану үрдістері
- •2.10.1. Топырақ ерітіндісінің құрамы, қасиеттері
- •2.10.2. Тотығу- тотықсыздану үрдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •2.11. Топырақ құнарлылығы
- •2.11.2. Топырақ құнарлылығының түрлері
- •2.11.2 Топырақ құнарлылығын өндіру
- •2.11.3. Құнарлылықтың өзгеруі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1.Топырақ жаратылысының факторлары
- •3.1.1. Аналық тау жыныстары
- •3.1.2. Климат
- •3.1.3. Биологиялық фактор
- •3.1.4. Жер бедері. Аймақтыњ геологиялық жасы
- •3.1.5. Адамзат қоғамының әсері
- •3.2. Топырақтардың жіктелуі, географиялық таралу заңдылықтары
- •3.2.1. Топырақтарды жіктеудің принциптері, таксономиялық бірліктер
- •3.2.2. Қазақстан топырақтарын жіктеу жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.2.2. Топырақтардың таралу заңдылықтары
- •3.2.3. Топырақ жамылғысы құрылымы
- •3.2.4. Қазақстанның топырақ-географиялық аймақтары
- •3.3. Тайгалы-орман аймағының топырақтары
- •3.3.1. Топырақ құралу жағдайлары
- •3.3.3. Шымды топырақтар
- •3.3.4. Шымды –күлгін топырақтар
- •3.4. Батпақты топырақтар
- •3.5. Жалпақ жапырақты ормандардың қоңыр топырағы
- •3.6. Орманды - дала және дала аймақтары топырақтары
- •3.6.1. Орманды-дала аймағының сұр ормандық топырағы
- •3.6.2. Орманды- дала және дала аймақтарының қара топырақтары
- •3.6.4. Қара топырақтың типшелері
- •3.8. Қуаң дала және шөл дала аймағының қара қоңыр топырақтары
- •3.7.1. Қара-қоңыр топырақтың морфологиялық белгілері және генезисі
- •3.7.2. Қара-қоңыр топырақтың классификациясы
- •3.8. Тұзданған топырақтар
- •3.8.1. Сор топырақтар
- •3.8.1. Кебір топырақтар
- •3.8.3. Шақат топырақтар
- •Бақылау сұрақтары
- •3.9. Шөл аймағының топырақтары
- •3.9.1. Қоңыр топырақтың жаратылуы және морфологиялық белгілері, қасиеттері
- •3.9.2. Тақырлар мен тақыртәріздес топырақтар
- •3.9.3. Шөл аймағы топырақтары жамылғысы құрылымы және оларды пайдалану ерекшеліктері
- •3.10. Тау етегінің шөлді –дала аймағының топырақтары
- •3.11. Ылғалды субтропика аймағының топырақтары
- •3.12. Өзен жайылмасы топырақтары
- •3.13. Таулы өлке топырақтары
- •3.13.1. Қазақстандағы Тянь-Шань және Алтай таулары топырақтары
- •13.3.2. Кавказ таулары топырақтары
- •3.13.3. Қырым және Карпат таулары топырақтары
- •3.14. Топырақ эрозиясы және олармен күресу жолдары
- •3.14.1. Қазақстанның жер қоры және оның экологиялық мәселелері
- •3.14.2. Топырақ эрозиясының түрлері және олардың зияны
- •3.14.3. Топырақтың жел және су эрозиясына шалдығу
- •3.14.4. Топырақты қорғау
- •3.14.5. Топырақ рекультивациясы
- •Бақылау сұрақтары
- •3.16. Дүние жүзі жер қоры және топырақтарының қысқаша сипаттамасы
- •3.16.1. Тропикалық белдеудің топырақ жамылғысы
- •3.16.2.Тропикалық ксерофиттті –орман және саванна аймақтары
- •3.16.3. Субтропика белдеуінің топырақтары
- •3.16.4. Суббореалды белдеудің топырақтары
- •3.16.5. Бореалдық белдеудің топырақтары
- •3.16.6. Полярлық белдеуінің топырақтары
- •Е) гумин және фульвоқышқылдар бірдей мөлшерде
Бақылау сұрақтары
Топырақ құрамындағы ылғалды қандай категорияларға және түрлерге бөледі және олардың өсімдіктерге тиімділігі қалай?
Топырақ ылғалының топырақтың түзілуіне және организмдердің тіршілігі үшін маңызына тоқталыңыз.
Топырақтың ылғалдық қасиеттері қандай? Оларға сипаттама беріңіз.
Н.А.Качинскийдің су өткізгіштікті бағалау үшін қолдануға ұсынған көрсеткіштерін атаңыз.
Топырақтың негізгі тұрақты ылғалдық көрсеткіштерін атап, оларға анықтама беріңіз және олардың өсімдіктерге тиімділігіне тоқталыңыз.
Топырақтың су режимі дегеніміз не? Олардың типтерін атаңыз.
Топырақтағы өсімдіктерге тиімді ылғал қорын бағалау үшін қолданылатын көрсеткіштердің сандық мәнін (0-100см қабат үшін) атаңыз.
Топырақтың су режимін жақсарту үшін қолданылатын шараларды баяндаңыз.
2.9. Топырақтың ауасы және жылу режимі
2.9.1. Топырақтың ауасының маңызы, құрамы, құбылымы
Топырақ кеуек дене, сондықтан оның құрамында әрқашанда ауаның біраз мөлшері болады. Ауа топырақтың ылғалдың бос қуыстарына орналасады. Топырақ ауасы оның ең бір құбылмалы бөлігі және ол топырақтың қатты, сұйық бөліктермен тығыз байланыста болады. Топырақтағы ауаның маңызы оның ылғалының, қоректік заттарының маңызынан кем түспейді.
Топырақ ауасының басты қоры атмосфера ауасы және оның қабаттарында түзілетін газдар. Топырақ ауасы құрамындағы оттегі өсімдіктердің тамырларының, аэробты микроағзалардың және топырақ ішіндегі жәндіктердің тыныстануына қажет. Топырақ ауасы құрамында оттегі шамадан тыс кеміп, ал көмірқышқыл газы молайса өсімдіктердің өсуімен тамыр жүйесінің дамуы тежеліп, қоректік заттарды, ылғалды сіңіруі кемиді, өнімнің мөлшері шектеледі. Топырақ ауасы оның құрамындағы заттардың еруіне, жылжуына және топырақтың дамуы құбылыстарының қарқынына мәнді ықпал жасайды. Сонымен бірге топырақ атмосферадағы зардапты өндіріс қалдықтары газдарын өз бойына сіңіріп атмосфера құрамын тазартуға қатысады. Сондықтан топырақ ауасының құрамын, қасиеттерін, құбылымын зерттеу аса маңызды мәселе болып есептеледі.
Топырақтағы ауа үш күйде кездеседі. Олар еркін ауа, сіңірілген (адсорбцияланған) және еріген ауа. Еркін ауа топырақтың қылтүтікті және қылтүтікті емес қуыстарында болып қозғалмалы келеді және атмосфера ауасымен алмасып тұрады. Адсорбцияланған ауа топырақтың қатты бөлігінің бетіне сіңген түрлі газдар. Оның мөлшері топырақтың гранулометриялық құрамына, қарашірінді мөлшеріне және ылғалдылығына байланысты. Қарашіріндісі мол, ауыр гранулометриялық құрамды құрғақ топырақта адсорбцияланған ауа мол болады.
Еріген ауа топырақ ылғалы құрамында кездесетін түрлі газдар. Олар қөмірқышқыл газы, аммиак, оттегі, күкіртті газ.
Өсімдіктердің тамырына қажет оттегі негізінен топырақтағы еркін ауа құрамынан өтіледі. Топырақтағы еркін ауаның құрамы атмосфера ауасының құрамымен сәйкес болып келеді, бірақта олардың арасында ерекше өзгешіліктер бар (24-кесте).
Топырақ ауасының құрамында атмосфера ауасына қарағанда оттегі мөлшері кем, ал көмір кышқыл газы көп болып келеді. Орташа есеппен топырақта көмір қышқылы газының мөлшері 0,3% яғни атмосфера ауасы құрамымен салыстырғанда 10 есе көп. Топырақтың үстіңгі қабатында оттегі 10-19% болуы мүмкін, ал төменгі қабаттарда ол 10-12%-ға дейін кемиді. Сонымен бірге топырақ ауасы су буына қаныққан болып келеді.
Топырақ ауасындағы азоттың, атмосфера ауасындағы азоттан өзгерісі шамалы. Топырақтағы азот бекітуші түйнекті бактериялардың және денитрификация процесінің әсерінен кейбір өзгерістер ғана байқалады. Топырақ ауасы құрамында органикалық жеңіл газдар (этилен, метан) және аммиак, сутегі, болуы ықтимал.
Қоршаған ортаның әсерінен және топырақтағы микроағзалардың әрекетінен, өсімдік тамырларының, жәндіктердің тыныстануының, органикалық қосылыстардың тотығуының ықпалынан топырақ ауасының құрамы құбылмалы болып келеді.
Ауамен жақсы қамтамасыз етілген, құнарлы топырақта көмір қышқылы газының мөлшері 1-2%-дан аспайды, ал оттегінің мөлшері 18 % - дан кемімейді.
Ал артық ылғалданған, батпақты топырақтарда көмір қышқылы газы 4-6% ға дейін артып, оттегі мөлшері 15-16% және одан да кем болуы мүмкін.
Егістік алқапта орташа есеппен 1кг топырақ 1 сағатта 0,5-5мл оттегін өзіне сіңіреді және қолайлы жағдайда осындай мөлшерде өзінен көмір қышқыл газын бөліп шығарады.
24-кесте. Атмосфера және топырақ ауасының құрамы, көлемдік %
|
Газдар |
Атмосфера ауасы |
Топырақ ауасы |
|
Азот (N2) |
78,08 |
78,08-80,24* |
|
Оттегі (О2) |
20,95 |
20,90-0,0 |
|
Аргон (Аr) |
0,93 |
|
|
Көмір қышқыл газы (СО2) |
0,03 |
0,03-20,0 |
|
Басқа газдар (Ne,He,CH4 , Kr, N2O, O3, ж.т.б) |
0,04 |
|
* Азот + аргон
Топырақтан бөлініп шыққан көмірқышқылы газының (СО2) топырақ сіңірген оттегіне (О2) қатынасы топырақтың тыныстану коэффициенті деп аталынады (Тк).
![]()
Құнарлы, құрылымы жақсы топырақта тыныстану коэффициенті 1-ге тең. Топырақта көмір қышқыл газы негізінен биологиялық құбылыстар кезінде түзіледі. Егер топырақ құрамында көмір қышқыл газы 2-3 % - дан жоғарыласа өсімдіктердің өсіп дамуы тежеледі.
Топырақ бойынан атмосфераға көмір қышқыл газының бөлінуі топырақтың тыныстануы деп аталынады. Осылай бөлініп шыққан көмір қышқыл газы өсімдік жапырақтарымен сіңіріліп фотосинтез құбылыстарының белсенді жүруіне ықпалын тигізеді. Қара топырақ тыныстануы арқылы жылына әр гектар алқаптан атмосфераға 40-70т көмір қышқыл газын бөліп шығарады.
Топырақтың экологиялық қызметі белсенді жүруі үшін топырақ ауасымен атмосфера ауасы арасында газ алмасу құбылысы тұрақты өтіп жатуы қажет. Осы екі ауа арасындағы алмасу құбылысын газ алмасу немесе аэрация деп атайды. Аэрация топырақ құнарлылығын анықтаушы жағдайдың бірі болып саналады. Газ алмасу топырақтың ауасы бар қуыстарының атмосфера ауасымен қатынасуы арқылы өтеді. Газ алмасу құбылысының жүруіне диффузия, топыраққа ылғал түсу, температураның және ауа қысымының өзгеруі, жел, ыза сулардың деңгейінің өзгеруі әсер етеді. Осылардың ішінде аэрация жүруіне басты ықпал жасайтын диффузия құбылысы. Топырақ ауасында атмосфера ауасымен салыстырғанда оттегі концентрациясы кем, ал көмір қышқыл газы мөлшері артық, сондықтан диффузия әсерінен топыраққа оттегі сіңіп, ал одан көмір қышқыл газы ауаға бөлініп газ алмасу тұрақты жүреді.
Аэрацияның қарымталы жүруіне топырақтың ауа қасиеттері–ауа өткізгіштігі және ауа сыйымдылығы қасиеттері әсерін тигізеді.
Топырақтың ауа өткізгіштігі оның өз бойынан ауаны өткізу қабілетімен сипатталады. Оның мөлшері топырақтың гранулометриялық құрамына, тығыздылығына, ылғалдылығына және құрылымына байланысты. Қылтүтікті және қылтүтікті емес қуыстары мол, құрылымды топырақтың ауа өткізгіштігі жақсы болып келеді.
Топырақтың жалпы ауа сыйымдылығы деп құрылымы бұзылмаған құрғақ күйінде оның бір көлемінде бар ауаның пайыз арқылы сипатталған көрсеткіші. Топырақтың ауа сыйымдылығы да оның гранулометриялық құрамына, тығызыдылығына, құрылымына тәуелді. Топырақтағы газ алмасу құбылыстары белсенді жүруі үшін дала аймағын топырақтарында ауа мөлшері 20-25 % болуы, ал шымтезекті топырақтарда 30-40 % болуы қажет.
Қазақстанның басым көпшілік топырақ типтерінде оның ауа режимі жақсы қалыптасқан, тек қана ылғалы артық ойпат, батпақты жерлердің ауа режимі оны жақсартуды қажет етеді.
