- •1.1.1. Геология ғылымының дамуының қысқаша тарихы
- •1.2. Жердің пайда болуы, құрылысы мен құрамы.
- •1.2.1. Әлемдік кеңістікте Жердің және Күн жүйесінің орны.
- •1.2. 2. Космогендік гипотезалар
- •1.2.3. Жердің пішіні, физикалық қасиеттері және химиялық құрамы
- •Магнитті еңкейю магнитті стрелканың көкжиекке еңкею бұрышы. Картада бірдей септелулерді жалғастыратын сызықтарды изогон дейді, бірдей еңкеюлерді жалғастыратын нүктелерді изоклин деп атайды
- •1.3 Жердің сыртқы және ішкі қабаттарының құрамы
- •1.3.1. Жердің сыртқы қабаттары
- •1.3.2. Жердің ішкі қабаттары
- •1.4 Минералдар туралы ілім
- •1.4.1. Минералдар және олардың топырақ түзілуіндегі маңызы
- •Туынды (экзогенді) минералдар - жер бетінде, атмосферамен, биосферамен және гидросферамен әрекеттесіп, көбінесе бастапқы минералдардың бұзылуынан пайда болады.
- •1.4.2.Заттардың кристаллдық және аморфты құрылымы
- •1.4.3. Минералдардың физикалық қасиеттері
- •1.4.5. Минералдардың негізгі класстарын сипаттау
- •1.5. Тау жыныстары.
- •1.5.1. Магмалық тау жыныстары
- •1.5. 2. Шөгінді тау жыныстары
- •1.5.3. Метаморфты тау жыныстары.
- •1.6. Геологиялық құбылыстар
- •1.6.1 Жер қабығының негізгі геологиялық құрылымы мен оның ерекшелігі
- •1.6.2. Геотектоникалық гипотезалар
- •1.6. 3. Эндогенді және экзогенді үрдістер
- •1.6.4. Эндогенді үрдістер
- •1.6.5. Экзогенді үрдістер
- •1.7. Жер шарының геологиялық тарихы
- •1.7.1. Тау жыныстарының абсолютты жасы
- •1.7.2. Тау жыныстарының салыстырмалы жасы
- •1.7.3. Геохронологиялық шкала
- •1.7.4. Төрттік кезеңдегі жер қабығының даму ерекшеліктері
- •1.7.5. Геоморфология туралы негізгі мәліметтер
- •1.7. 6. Геологиялық карта.
- •3.15. Топырақтарды агроөндісітік топтарға бөлу және бонитировкалау
- •3.15.1.Топырақтарды агроөндiрiстiк топтарға бөлу
- •3.15.2. Топырақ бонитировкасы
- •2.1.Топырақтану пәні жєне оныњ міндеттері
- •2.1.1.Топырақ ерекше табиғи дене
- •2.1.2. Топырақтың табиғаттағы орны мен маңызы
- •2.1.3.Топырақтың адам өміріндегі алатын орны
- •2.1.4. Топырақтың экологиялық қызметі
- •2.1.5. Топырақтанудың басқа ғылымдармен байланысы, оның басты ғылыми салалары, зерттеу әдістемелері
- •2.1.6. Топырақтану ғылымының даму тарихы
- •Қазақстан топырақтарын зерттеу тарихына қысқаша шолу
- •2.2.1. Топырақ құралу үрдістері
- •2.2.2. Топырақтың морфологиялық белгілері
- •2. 3. Топырақтың минералды бөлігі
- •2. 3.1. Топырақтың қ±рамды бµліктері
- •2.3.2. Минералдық бөліктің құрамы
- •2. 3. 3. Гранулометриялық ќ±рамы
- •Ќарай жіктеу
- •Бақылау сұрақтары
- •2.4. Топырақтың органикалыќ бµлігі
- •2.4.1. Қарашіріндініњ т‰зілуі
- •2.4.2. Қарашіріндініњ мµлшері
- •2.4.3. Топыраќтыњ органикалыќ бµлігініњ маңызы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.5. Топырақтың химиялыќ ќ±рамы
- •2.5.2. Топырақтағы химиялық қосылыстар
- •Бақылау сұрақтары
- •2.6 Топыраќтыњ сіњіру қабілеті
- •2.6.1. Топыраќ коллоидтары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.7. Топырақтың түйіртпектілігі
- •2.7.1. Топыраќтыњ түйіртпектілігі жєне оныњ агрономиялық мањызы
- •2.7.2. Түйіртпектің пайда болуы және оны жақсарту жолдары
- •2.8.2. Топыраќтыњ жалпы физикалыќ жєне физикалыќ – механикалыќ ќасиеттері
- •2. 8.1. Жалпы физикалық қасиеттері
- •2.8.2. Физикалық- механикалық қасиеттері
- •Топтарѓа жіктеу (5)
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топыраќтаѓы ылѓал
- •2.9.1. Топырақтағы ылғалдың категориялары, түрлері
- •2.9.2.Топыраќтыњ ылѓалдылыќ ќасиеттері
- •2.9.3. Топыраќтаѓы ылѓалдыњ µсімдіктерге тиімділігі жєне т±раќты ылѓалдыќ кµрсеткіштері
- •2.9.4. Топыраќтыњ су режимі жєне оны реттеу жолдары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топырақтың ауасы және жылу режимі
- •2.9.1. Топырақтың ауасының маңызы, құрамы, құбылымы
- •2.9.2.Топырақтың жылу режимі
- •Бақылау сұрақтары
- •2.10. Топырақ ерітіндісі және тотығу-тотықсыздану үрдістері
- •2.10.1. Топырақ ерітіндісінің құрамы, қасиеттері
- •2.10.2. Тотығу- тотықсыздану үрдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •2.11. Топырақ құнарлылығы
- •2.11.2. Топырақ құнарлылығының түрлері
- •2.11.2 Топырақ құнарлылығын өндіру
- •2.11.3. Құнарлылықтың өзгеруі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1.Топырақ жаратылысының факторлары
- •3.1.1. Аналық тау жыныстары
- •3.1.2. Климат
- •3.1.3. Биологиялық фактор
- •3.1.4. Жер бедері. Аймақтыњ геологиялық жасы
- •3.1.5. Адамзат қоғамының әсері
- •3.2. Топырақтардың жіктелуі, географиялық таралу заңдылықтары
- •3.2.1. Топырақтарды жіктеудің принциптері, таксономиялық бірліктер
- •3.2.2. Қазақстан топырақтарын жіктеу жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.2.2. Топырақтардың таралу заңдылықтары
- •3.2.3. Топырақ жамылғысы құрылымы
- •3.2.4. Қазақстанның топырақ-географиялық аймақтары
- •3.3. Тайгалы-орман аймағының топырақтары
- •3.3.1. Топырақ құралу жағдайлары
- •3.3.3. Шымды топырақтар
- •3.3.4. Шымды –күлгін топырақтар
- •3.4. Батпақты топырақтар
- •3.5. Жалпақ жапырақты ормандардың қоңыр топырағы
- •3.6. Орманды - дала және дала аймақтары топырақтары
- •3.6.1. Орманды-дала аймағының сұр ормандық топырағы
- •3.6.2. Орманды- дала және дала аймақтарының қара топырақтары
- •3.6.4. Қара топырақтың типшелері
- •3.8. Қуаң дала және шөл дала аймағының қара қоңыр топырақтары
- •3.7.1. Қара-қоңыр топырақтың морфологиялық белгілері және генезисі
- •3.7.2. Қара-қоңыр топырақтың классификациясы
- •3.8. Тұзданған топырақтар
- •3.8.1. Сор топырақтар
- •3.8.1. Кебір топырақтар
- •3.8.3. Шақат топырақтар
- •Бақылау сұрақтары
- •3.9. Шөл аймағының топырақтары
- •3.9.1. Қоңыр топырақтың жаратылуы және морфологиялық белгілері, қасиеттері
- •3.9.2. Тақырлар мен тақыртәріздес топырақтар
- •3.9.3. Шөл аймағы топырақтары жамылғысы құрылымы және оларды пайдалану ерекшеліктері
- •3.10. Тау етегінің шөлді –дала аймағының топырақтары
- •3.11. Ылғалды субтропика аймағының топырақтары
- •3.12. Өзен жайылмасы топырақтары
- •3.13. Таулы өлке топырақтары
- •3.13.1. Қазақстандағы Тянь-Шань және Алтай таулары топырақтары
- •13.3.2. Кавказ таулары топырақтары
- •3.13.3. Қырым және Карпат таулары топырақтары
- •3.14. Топырақ эрозиясы және олармен күресу жолдары
- •3.14.1. Қазақстанның жер қоры және оның экологиялық мәселелері
- •3.14.2. Топырақ эрозиясының түрлері және олардың зияны
- •3.14.3. Топырақтың жел және су эрозиясына шалдығу
- •3.14.4. Топырақты қорғау
- •3.14.5. Топырақ рекультивациясы
- •Бақылау сұрақтары
- •3.16. Дүние жүзі жер қоры және топырақтарының қысқаша сипаттамасы
- •3.16.1. Тропикалық белдеудің топырақ жамылғысы
- •3.16.2.Тропикалық ксерофиттті –орман және саванна аймақтары
- •3.16.3. Субтропика белдеуінің топырақтары
- •3.16.4. Суббореалды белдеудің топырақтары
- •3.16.5. Бореалдық белдеудің топырақтары
- •3.16.6. Полярлық белдеуінің топырақтары
- •Е) гумин және фульвоқышқылдар бірдей мөлшерде
3.2. Топырақтардың жіктелуі, географиялық таралу заңдылықтары
3.2.1. Топырақтарды жіктеудің принциптері, таксономиялық бірліктер
Топырақтың пайда болуы, қасиеттерінің қалыптасуымен өзгеруі табиғи ортаның әсерімен тікелей байланысты болғандықтан жер бетінде алуан түрлі топырақтар кездеседі. Біздің Қазақстанның тек қана жазықтық өңірінің өзінде 700-ден аса топырақ түрі бар. Олардың морфологиялық белгілері, химиялық, физикалық-химиялық қасиеттері және құнарлылығы әр түрлі. Сондықтан топырақтардың қасиеттерін, ерекшеліктерін жақсы біліп, түсініп және оларды тиімді пайдалану үшін классификациялау қолданылады.
Топырақтарды классификациялау дегеніміз оларды басты қасиеттеріне және құнарлылығына байланысты топтарға жіктеп бөлу.
Топырақтарды классификациялау қатарына жататын жұмыстар: классификациялау принциптерін айқындап алу; таксономиялық бірліктерді қалыптастыру; топырақ номенклатурасы жүйесін және оның атауын анықтайтын диагностикалық белгілерді анықтау.
Топырақты классификациялау өте күрделі жұмыс. Сондықтан осы күнге дейін топырақтардың үйлесімді жасалған халықаралық классификациясы жоқ. Әр мемлекет бұл мәселемен өзінше шұғылдануда. Осы мәселені шешуде жақсы жетістіктерге жеткен елдер Ресей мемлекеті (бұрынғы Кеңестер Одағы), Франция, АҚШ, Канада т.б.
Топырақ классификациясының негізгі бағыттары: экологиялық-генетикалық, факторлы-генетикалық, морфологиялық-генетикалық, эволюциялық-генетикалық т.б.
Экологиялық-генетикалық топырақ классификациясын алғашқы болып В.В. Докучаев 1879 жылы ұсынып, 1886 жылы оны толықтырып жариялады. Ал 1895 жылы Н.М.Сибирцев осы классификацияға толықтырулар енгізді. В.В. Докучаев пен Н.М. Сибирцевтің генетикалық классификациясындағы қағидалар әлі күнге дейін ғылыми маңызын жоғалтқан жоқ.
Қазақстандағы қабылданған топырақ классификациясы В.В. Докучаевтың экологиялық-генетикалық (географиялық-генетикалық) бағытына негізделген (К.Ш.Фаизов,2001). Бұл классификация топырақтың табиғи және тарихи дене, сонымен бірге өндіріс құралы екенін оның түзілуінің, құрылысының, құрамының, қасиеттері мен құнарлығының топырақ құраушы факторлардың өзара тығыз байланысының әсерінен қалыптасатынын ескереді. Топырақтың барлық табиғи қасиеттері–генетикалық қабаттары, биологиялық, физикалық-химиялық және басқа қасиеттері де ескерілген. Сондықтан осы классификация қағидалары Қазақстанда кездесетін көп түрлі топырақ жамылғысын жүйелеп топтауға қолайлы болып келеді.
Қазіргі кезде топырақ классификациясын құру кезінде келесідей принциптер колданылады:
- классификация топырақтың негізгі қасиеттеріне және режимдеріне сүйеніп, топырақ түзілуін қамтамасыз ететін құбылыстарды ескеруі керек. Яғни ол топырақтың пайда болу тегін ескеріп және сонымен бірге экологиялық, морфологиялық және эволюциялық бағыттарды да қамтуы қажет;
-классификация ғылыми таксономиялық бірліктер жүйесіне негізделіп құрылуы керек;
-адамдардың әрекетінен болған топырақ құрамындағы өзгерістер, қасиеттер классификацияда ескерілуі шарт;
- классификация топырақтың өндірістік ерекшеліктерін айқындап, оны ауыл және орман шаруашылығында тиімді қолдануға мүмкіндік беруі керек.
Табиғатта кездесетін топырақтарды дұрыс жүйелеп оған толық атау беру үшін таксономиялық бірліктер жүйесі қолданылады. Топырақтану ғылымындағы таксономиялық бірліктер: топырақ типі, типшесі (подтип), тегі (род), түрі (вид), түршесі (разновидность), қатаршасы (разряды). Топырақ классификациясындағы таксономиялық негізгі өлшем топырақ типі болып есептеледі.
Топырақ типі–біртектес биологиялық, климаттық, гидрологиялық жағдайда дамыған және негізгі топырақ түзілу процесінің айқын сипат алуымен бірге басқада процестердің қосарлануы мүмкіндігі бар топырақтардың тобы. Бір типке жату үшін топырақтар төмендегідей жалпы жағдайларға ие болуы керек:
органикалық заттардың топыраққа түсіп, біртектес өзгерістерге ұшырап ыдырауы;
минералды заттардың үгілу процесстеріне ұшырауы және органикалық-минералдық түзілістердің біртектес құралуы;
заттардың жылжуы мен шоғырлануының біртектес болуы;
топырақ кескінінің құрылысының және генетикалық қабаттарының бір түрлі болуы;
топырақ құнарлылығын сақтап және арттыру шараларының бір бағытта болуы.
Топырақ типтері типшелерге бөлінеді. Олар топырақ типі ішіндегі негізгі топырақ түзілу процесіне қосымша айрықша белгілері байқалатын топырақ топтары. Мысалы, дала аймағындағы қара топырақ екі типшеге бөленеді: кәдімгі қара топырақ және оңтүстік қара топырақ.
Топырақ типшелері топырақ тегіне бөлінеді. Ол топырақтың генетикалық сапалық көрсеткішінің ерекшеліктеріне байланысты анықталады. Осы ерекшеліктер аналық тау жынысының, ыза судың химиялық құрамына, немесе топырақ түзілуінің өткен кезеңдерінен қалған кейбір белгілерге байланысты.
Топырақтың тегі түрлерге бөлінеді. Түрлерді анықтаушы белгілер негізінен топырақ түзуші процестердің даму қарқынымен және оның ерекшеліктерімен байланысты. Мысалы, қара топырақтың түрін анықтауға оның құрамындағы қарашірінді мөлшері және қарашірінді қабатының қалыңдығы қолданылады.
Түрден кейінгі таксономикалық бірлік-түрше. Түршені анықтаушы белгі топырақтың гранулометриялық (механикалық) құрамы. Топырақ разряды таксономиялық бірліктің ең кішісі. Ол аналық тау жынысының генетикалық қасиеттеріне байланысты анықталады.
Соныменен, таксономиялық бірліктер топырақты жүйелі түрде дұрыс атап көрсету үшін қолданылатын реттеуші нұсқа деп түсінуге болады. Топырақты қазақ тілінде осы таксономиялық бірліктерге сәйкес келтіріп атағанда бірінші кіші таксонометрялық бірліктер аталып, соңында негізгі таксономиялық бірлік–тип аталады. Мысалы, төрттік дәуірдің карбонатты балшығында түзілген, (қатаршасы) ауыр саздақты (түршесі), аз қарашірінділі (түрі), орташа қабатты (түрі), карбонатты (тегі), оңтүстік (типшесі), қара топырағы (типі).
Қасиеттеріне және жіктелуіне сәйкес берілетін атау жүйесі топырақ номенклатурасы болып есептеледі. В.В.Докучаев және Н.М.Сибирцев топырақтың генетикалақ номенклатурасын құрып, топырақты атағанда орыстың халық сөздерін қолданған. Олар топырақтың жоғарғы қабатының түсіне, немесе топырақ түзілуінің экологиялық жағдайына байланысты топырақ типтерінің атауын көрсетті. Мысалы, қара топырақ, сұр топырақ, күлгін топырақ, батпақ топырағы, шалғын топырағы т.б. Осы атаулар халықаралық дәрежеде қолдау тауып басқа тілдерге аударылып немесе аудармасыз көптеген халықтар арасында қолданылып келеді.
Топырақты классификациялап белгілі жүйеге келтіріп анықтап, атау үшін топырақтың ерекше белгілері қолданылады. Олар диагностикалық белгілер деп аталады. Диагностикалық белгілерге топырақты зерттегенде, морфологиялық талдау жасағанда көзге түсетін, жеңіл анықталатын белгілер таңдалып алынады. Сонымен бірге топыраққа толық және дұрыс атау беру үшін күрделі химиялық, агрофизикалық зерттеулер де жүргізіледі.
