- •1.1.1. Геология ғылымының дамуының қысқаша тарихы
- •1.2. Жердің пайда болуы, құрылысы мен құрамы.
- •1.2.1. Әлемдік кеңістікте Жердің және Күн жүйесінің орны.
- •1.2. 2. Космогендік гипотезалар
- •1.2.3. Жердің пішіні, физикалық қасиеттері және химиялық құрамы
- •Магнитті еңкейю магнитті стрелканың көкжиекке еңкею бұрышы. Картада бірдей септелулерді жалғастыратын сызықтарды изогон дейді, бірдей еңкеюлерді жалғастыратын нүктелерді изоклин деп атайды
- •1.3 Жердің сыртқы және ішкі қабаттарының құрамы
- •1.3.1. Жердің сыртқы қабаттары
- •1.3.2. Жердің ішкі қабаттары
- •1.4 Минералдар туралы ілім
- •1.4.1. Минералдар және олардың топырақ түзілуіндегі маңызы
- •Туынды (экзогенді) минералдар - жер бетінде, атмосферамен, биосферамен және гидросферамен әрекеттесіп, көбінесе бастапқы минералдардың бұзылуынан пайда болады.
- •1.4.2.Заттардың кристаллдық және аморфты құрылымы
- •1.4.3. Минералдардың физикалық қасиеттері
- •1.4.5. Минералдардың негізгі класстарын сипаттау
- •1.5. Тау жыныстары.
- •1.5.1. Магмалық тау жыныстары
- •1.5. 2. Шөгінді тау жыныстары
- •1.5.3. Метаморфты тау жыныстары.
- •1.6. Геологиялық құбылыстар
- •1.6.1 Жер қабығының негізгі геологиялық құрылымы мен оның ерекшелігі
- •1.6.2. Геотектоникалық гипотезалар
- •1.6. 3. Эндогенді және экзогенді үрдістер
- •1.6.4. Эндогенді үрдістер
- •1.6.5. Экзогенді үрдістер
- •1.7. Жер шарының геологиялық тарихы
- •1.7.1. Тау жыныстарының абсолютты жасы
- •1.7.2. Тау жыныстарының салыстырмалы жасы
- •1.7.3. Геохронологиялық шкала
- •1.7.4. Төрттік кезеңдегі жер қабығының даму ерекшеліктері
- •1.7.5. Геоморфология туралы негізгі мәліметтер
- •1.7. 6. Геологиялық карта.
- •3.15. Топырақтарды агроөндісітік топтарға бөлу және бонитировкалау
- •3.15.1.Топырақтарды агроөндiрiстiк топтарға бөлу
- •3.15.2. Топырақ бонитировкасы
- •2.1.Топырақтану пәні жєне оныњ міндеттері
- •2.1.1.Топырақ ерекше табиғи дене
- •2.1.2. Топырақтың табиғаттағы орны мен маңызы
- •2.1.3.Топырақтың адам өміріндегі алатын орны
- •2.1.4. Топырақтың экологиялық қызметі
- •2.1.5. Топырақтанудың басқа ғылымдармен байланысы, оның басты ғылыми салалары, зерттеу әдістемелері
- •2.1.6. Топырақтану ғылымының даму тарихы
- •Қазақстан топырақтарын зерттеу тарихына қысқаша шолу
- •2.2.1. Топырақ құралу үрдістері
- •2.2.2. Топырақтың морфологиялық белгілері
- •2. 3. Топырақтың минералды бөлігі
- •2. 3.1. Топырақтың қ±рамды бµліктері
- •2.3.2. Минералдық бөліктің құрамы
- •2. 3. 3. Гранулометриялық ќ±рамы
- •Ќарай жіктеу
- •Бақылау сұрақтары
- •2.4. Топырақтың органикалыќ бµлігі
- •2.4.1. Қарашіріндініњ т‰зілуі
- •2.4.2. Қарашіріндініњ мµлшері
- •2.4.3. Топыраќтыњ органикалыќ бµлігініњ маңызы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.5. Топырақтың химиялыќ ќ±рамы
- •2.5.2. Топырақтағы химиялық қосылыстар
- •Бақылау сұрақтары
- •2.6 Топыраќтыњ сіњіру қабілеті
- •2.6.1. Топыраќ коллоидтары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.7. Топырақтың түйіртпектілігі
- •2.7.1. Топыраќтыњ түйіртпектілігі жєне оныњ агрономиялық мањызы
- •2.7.2. Түйіртпектің пайда болуы және оны жақсарту жолдары
- •2.8.2. Топыраќтыњ жалпы физикалыќ жєне физикалыќ – механикалыќ ќасиеттері
- •2. 8.1. Жалпы физикалық қасиеттері
- •2.8.2. Физикалық- механикалық қасиеттері
- •Топтарѓа жіктеу (5)
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топыраќтаѓы ылѓал
- •2.9.1. Топырақтағы ылғалдың категориялары, түрлері
- •2.9.2.Топыраќтыњ ылѓалдылыќ ќасиеттері
- •2.9.3. Топыраќтаѓы ылѓалдыњ µсімдіктерге тиімділігі жєне т±раќты ылѓалдыќ кµрсеткіштері
- •2.9.4. Топыраќтыњ су режимі жєне оны реттеу жолдары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топырақтың ауасы және жылу режимі
- •2.9.1. Топырақтың ауасының маңызы, құрамы, құбылымы
- •2.9.2.Топырақтың жылу режимі
- •Бақылау сұрақтары
- •2.10. Топырақ ерітіндісі және тотығу-тотықсыздану үрдістері
- •2.10.1. Топырақ ерітіндісінің құрамы, қасиеттері
- •2.10.2. Тотығу- тотықсыздану үрдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •2.11. Топырақ құнарлылығы
- •2.11.2. Топырақ құнарлылығының түрлері
- •2.11.2 Топырақ құнарлылығын өндіру
- •2.11.3. Құнарлылықтың өзгеруі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1.Топырақ жаратылысының факторлары
- •3.1.1. Аналық тау жыныстары
- •3.1.2. Климат
- •3.1.3. Биологиялық фактор
- •3.1.4. Жер бедері. Аймақтыњ геологиялық жасы
- •3.1.5. Адамзат қоғамының әсері
- •3.2. Топырақтардың жіктелуі, географиялық таралу заңдылықтары
- •3.2.1. Топырақтарды жіктеудің принциптері, таксономиялық бірліктер
- •3.2.2. Қазақстан топырақтарын жіктеу жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.2.2. Топырақтардың таралу заңдылықтары
- •3.2.3. Топырақ жамылғысы құрылымы
- •3.2.4. Қазақстанның топырақ-географиялық аймақтары
- •3.3. Тайгалы-орман аймағының топырақтары
- •3.3.1. Топырақ құралу жағдайлары
- •3.3.3. Шымды топырақтар
- •3.3.4. Шымды –күлгін топырақтар
- •3.4. Батпақты топырақтар
- •3.5. Жалпақ жапырақты ормандардың қоңыр топырағы
- •3.6. Орманды - дала және дала аймақтары топырақтары
- •3.6.1. Орманды-дала аймағының сұр ормандық топырағы
- •3.6.2. Орманды- дала және дала аймақтарының қара топырақтары
- •3.6.4. Қара топырақтың типшелері
- •3.8. Қуаң дала және шөл дала аймағының қара қоңыр топырақтары
- •3.7.1. Қара-қоңыр топырақтың морфологиялық белгілері және генезисі
- •3.7.2. Қара-қоңыр топырақтың классификациясы
- •3.8. Тұзданған топырақтар
- •3.8.1. Сор топырақтар
- •3.8.1. Кебір топырақтар
- •3.8.3. Шақат топырақтар
- •Бақылау сұрақтары
- •3.9. Шөл аймағының топырақтары
- •3.9.1. Қоңыр топырақтың жаратылуы және морфологиялық белгілері, қасиеттері
- •3.9.2. Тақырлар мен тақыртәріздес топырақтар
- •3.9.3. Шөл аймағы топырақтары жамылғысы құрылымы және оларды пайдалану ерекшеліктері
- •3.10. Тау етегінің шөлді –дала аймағының топырақтары
- •3.11. Ылғалды субтропика аймағының топырақтары
- •3.12. Өзен жайылмасы топырақтары
- •3.13. Таулы өлке топырақтары
- •3.13.1. Қазақстандағы Тянь-Шань және Алтай таулары топырақтары
- •13.3.2. Кавказ таулары топырақтары
- •3.13.3. Қырым және Карпат таулары топырақтары
- •3.14. Топырақ эрозиясы және олармен күресу жолдары
- •3.14.1. Қазақстанның жер қоры және оның экологиялық мәселелері
- •3.14.2. Топырақ эрозиясының түрлері және олардың зияны
- •3.14.3. Топырақтың жел және су эрозиясына шалдығу
- •3.14.4. Топырақты қорғау
- •3.14.5. Топырақ рекультивациясы
- •Бақылау сұрақтары
- •3.16. Дүние жүзі жер қоры және топырақтарының қысқаша сипаттамасы
- •3.16.1. Тропикалық белдеудің топырақ жамылғысы
- •3.16.2.Тропикалық ксерофиттті –орман және саванна аймақтары
- •3.16.3. Субтропика белдеуінің топырақтары
- •3.16.4. Суббореалды белдеудің топырақтары
- •3.16.5. Бореалдық белдеудің топырақтары
- •3.16.6. Полярлық белдеуінің топырақтары
- •Е) гумин және фульвоқышқылдар бірдей мөлшерде
3.1.2. Климат
Ауа райының жергілікті жерде қалыптасқан көпжылдық сипаттамасын климат деп атаймыз. Топырақ құралуына климат ‰лкен ыќпал жасайды. Топыраќтыњ қалыптасуына, дамуына әсіресе жылудың және ылғал мөлшерінің әсері қарқынды. Топырақтың жылулығын қамтамасыз ететін күн нұры, ал оның ылғалдылығын анықтайтын атмосферадан түсетін жауын-шашын.
Климаттың континентальдылығы, жауын-шашынның жыл мезгілдері ішінде түсуінің ауытқуы, ауаның ылғалдылығы, желдің шапшаңдығы топырақтың құралуына, онда өтіп жатқан құбылыстарға, топырақтың су және жел эрозиясына ұшырауына үлкен ықпал жасайды.
Климаттың топырақ құралуына тікелей және жанама ықпалы бар. Климат элементтері–ылғалдылықтың, топырақтың жылуы мен салқындалуының әсері топырақ түзілуіне тікелей әсер етеді. Ал жанама әсер әуелі климаттыњ өсімдіктер және жануарлар дүниесіне әсері арқылы, содан кейін олардың топыраққа ықпал жасауынан байқалады.
Сөйтіп, климат біріншіден, топырақтағы биологиялық, биогеохимиялық процестерге әсер етеді. Өсімдіктер дүниесі, органикалық заттардың құралуы және ыдырауы, топырақ микроағзалары мен фаунасы мµлшері, олардың тіршілік қимыл әрекеттері белсенділігі климат ерекшелігіне байланысты.
Екіншіден, атмосфера климаты топырақтың ауа, ылғалдылық, жылулыќ және тотығу-тотықсыздану режиміне үлкен ықпал жасайды.
Үшіншіден, топырақтағы минералды заттардың өзгерістерге ілігуі климат жағдайларына тәуелді.
Төртіншіден, климат топырақтың жел және су эрозиясына ұшырауына үлкен әсер тигізеді.
3.1.3. Биологиялық фактор
Қазіргі топырақтану ғылымын дамытушы ғалымдар топырақ құралуының ең басты, жетекші жағдайы биологиялық фактор (өсімдіктер, жәндіктер мен жануарлар, микроағзалар) екенін бір ауыздан мақұлдап отыр. Биологиялық фактордың топырақ құралуында басты және жетекші маңызы бар екендігі жөніндегі ілімнің толық ғылыми тұжырымдамасын орыс ғалымы В.Р. Вильямс жасады.
Өсімдіктердің, жануарлардың, микроағзалардың және олардың бірлескен қызметінің, олардың қалдықтарының әсерінен топырақ түзілуінің басты буындары – органикалық заттардың құралуы, ыдырауы, биофильды элементтердің таңдалынып шоғырлануы, минералдардың ыдырауы, түзілуі, заттардың шайылуы мен жинақталуы жүреді. Осылардың ықпалымен топырақтың негізгі қасиеті–құнарлылығы қалыптасады.
Академик В.И. Вернадскийдің айтуы бойынша, - «жер бетінде өзінің кейінгі құдіретті ықпалы жағынан алғанда тірі ағзалардан басқа тұрақты әсер жасайтын химиялық күш жоқ». Топырақ түзілуінің ең басы, тау жыныстарына тірі ағзалардың қоныстануынын басталады.
Жер бетінде жылына 5·3·10¹º тонна жасыл өсімдіктердің биологиялық массасы олардың фотосинтезі және минералдық заттарды топырақтан сіњіруі арқылы құралды. Осы құралған биологиялық заттың бір бөлігі, өсімдік тамырлары және жер бетіндегі олардың қалдықтары арқылы топыраққа қайтарылады. Сөйтіп жасыл өсімдіктер топырақтағы органикалық заттардың жалғыз алғашқы көзі. Олардың топырақ түзілудегі негізгі қызметі биологиялық зат алмасуды қамтамасыз ету.
Топырақ құрамына түскен өсімдіктің органикалық қалдықтары топырақтағы көптеген тірі ағзалардың (микроағзалардың, омыртқасыздардың) әсерімен түрлі өзгерістерге ұшырайды және біраз бөлігі минералдық қосылыстарға (көмір қышқыл газына, суға, газдарға, тұздарға) айналады. Ал енді бір бөлігі жаңадан пайда болған қосылыстар – қарашірінді құрамына көшеді.
Өсімдіктер құраған биологиялық массаның көлемі олардың түріне және жердің географиялық, экологиялық жағдайына байланысты. Орманның, даланың және шалғынды жердің өсімдіктерінің топырақ түзілуіне ықпалы әр т‰рлі болып келеді. Орман ішінде, қурап т‰скен ағаш жапырақтары қарашірінді құрауға, топырақтың түзілуіне қатысатын негізгі зат. Ағаштың тамырлары, қарашіріндінің құралуына көп ықпалын тигізбейді. Ормандағы ағаш тектес өсімдіктердің биологиялық зат айналымы кезінде азотты және басқа элементтерді өзінің көп жыл өсетін діњгектеріне, тамырларына шоғырландырып оларды зат айналымына көп жылдар қоспай қояды.
Шөптесін өсімдіктер өзінің жалпы биологиялық массасы жағынан орманда құралатын биомассадан кем. Бірақ, шөптесін өсімдіктердің ерекшелігі қысқа мерзімді тіршілік уақыты, жыл сайын барлық биомассаның 40-60 пайыздан 100 пайызѓа шейіні қалдыққа айналуы, тамыр жүйесінің қалдықтарының мол болуы, олардың құрамында азоттың және басқа элементтердің қорына бай болуы. Осындай ерекшелік әсерінен қалдықтардың басым көпшілік бөлігі топырақтың минералды бөлігімен әрекеттесіп өзгерістерге ұшырайды. Сөйтіп құралып жатқан топырақтың үстіңгі бетінде қарашірінді мөлшері артып, құрамы жақсарған қабаттарының пайда болуы байқалады.
Дала аймағында шөптесін өсімдіктер жылына әр гектарға шаққанда 10-20т, ал қуаң дала аймағында 4-8т органикалық қалдықтарды топырақта қалдырады. Олар әр гектарға шаққанда дала аймағының қара топырағына 600-1400кг, ал қуаң дала аймағының қоңыр топырағына 250-450кг азот және басқа элементтер түсуін қамтамасыз етеді.
Топырақтың құралуына топырақтың ішіндегі, үстіндегі жәндіктер мен жануарлар үлкен әсер етеді. Топыраќтаѓы фаунаны 4 топќа бµлуге болады:
-микрофауна–мөлшері 0,2 мм-ден кіші ағзалар (протоза, нематодалар, эхинококилер);
-мезофауна – мөлшері 0,2 мм ден 4 мм-ге дейін (микроартоподтар, ұсақ жәндіктер, кейбір мириаподтар, ерекше құрттар);
- макрофауна - мөлшері 4 мм –ден 80 мм-ге дейін (жер құрттары, термиттер);
-мегафауна – мөлшері 80 мм үлкен (көртышқан, жылан, тасбақа, ірілі-кішілі кеміргіштер, түлкі, борсық, суыр ж.б).
Топырақ жануарларының ішінде басым көпшілігі омыртқасыздар болып келеді. Олардың биомассасы, омыртқалылар биомассасынан 1000 есе көп. Топырақ фаунасының топырақ құралуына әсері әр түрлі. Біріншіден олар топырақтағы органикалық заттарды майдалайды, жейді. Екіншіден олар өз бойында элементтерді, әсіресе азоты бар белокты заттарды шоғырландырады. Тіршілігі аяқталған соң олардың бойындағы заттар мен энергия топыраққа қайтарылады. Топырақ фаунасының қалдықтары микроағзалардың қоныстанып, дамуына өте қолайлы орта болып келеді. Топырақтың құралуына, дамуына әсіресе жауын құрттары көп әсер етеді. Әр гектар топырақта жылына жауын құрттарды 50- ден 600 тоннаға шейін топырақты өз шегінен өткізеді.
Топырақтың құралуына, дамуына әсер етуші жағдайдың аса бір маңыздысы микроағзалардың қызметі. Олардың негізгі маңызы топырақтағы органикалық қосылыстарды ыдырату. Микроағзалардың ерекшеліктері олардың өте қүрделі жоғарғы молекулалары қосылыстарды қарапайым қосылыстарға және минералды заттарға дейін ыдыратуы.
Микроағзалардың басым көпшілігі топырақтың жоғарғы 20см. қабатында болады. Әр гектар топырақтың жыртылатын қабатында саңырауқұлақтар мен бактериялардың массасы 5 тоннаѓа шейін жетеді. Ал 1 г. топырақта бактерия клеткалары саны бірнеше миллиард болады.
Микроағзалар топырақта қарашіріндінің құралуына белсенді үлес қосады. Сонымен бірге олар топырақ минералдарының ыдырауына, топырақтағы ауаның химиялық құрамын реттеуге қатысады. Топырақтағы азот қорының органикалық заттардың ыдырауы кезінде толықтырылуы және атмосферадағы азотты топырақ бойына бекіту процестері топырақ микроағзаларының қатысуымен жүреді.
