- •1.1.1. Геология ғылымының дамуының қысқаша тарихы
- •1.2. Жердің пайда болуы, құрылысы мен құрамы.
- •1.2.1. Әлемдік кеңістікте Жердің және Күн жүйесінің орны.
- •1.2. 2. Космогендік гипотезалар
- •1.2.3. Жердің пішіні, физикалық қасиеттері және химиялық құрамы
- •Магнитті еңкейю магнитті стрелканың көкжиекке еңкею бұрышы. Картада бірдей септелулерді жалғастыратын сызықтарды изогон дейді, бірдей еңкеюлерді жалғастыратын нүктелерді изоклин деп атайды
- •1.3 Жердің сыртқы және ішкі қабаттарының құрамы
- •1.3.1. Жердің сыртқы қабаттары
- •1.3.2. Жердің ішкі қабаттары
- •1.4 Минералдар туралы ілім
- •1.4.1. Минералдар және олардың топырақ түзілуіндегі маңызы
- •Туынды (экзогенді) минералдар - жер бетінде, атмосферамен, биосферамен және гидросферамен әрекеттесіп, көбінесе бастапқы минералдардың бұзылуынан пайда болады.
- •1.4.2.Заттардың кристаллдық және аморфты құрылымы
- •1.4.3. Минералдардың физикалық қасиеттері
- •1.4.5. Минералдардың негізгі класстарын сипаттау
- •1.5. Тау жыныстары.
- •1.5.1. Магмалық тау жыныстары
- •1.5. 2. Шөгінді тау жыныстары
- •1.5.3. Метаморфты тау жыныстары.
- •1.6. Геологиялық құбылыстар
- •1.6.1 Жер қабығының негізгі геологиялық құрылымы мен оның ерекшелігі
- •1.6.2. Геотектоникалық гипотезалар
- •1.6. 3. Эндогенді және экзогенді үрдістер
- •1.6.4. Эндогенді үрдістер
- •1.6.5. Экзогенді үрдістер
- •1.7. Жер шарының геологиялық тарихы
- •1.7.1. Тау жыныстарының абсолютты жасы
- •1.7.2. Тау жыныстарының салыстырмалы жасы
- •1.7.3. Геохронологиялық шкала
- •1.7.4. Төрттік кезеңдегі жер қабығының даму ерекшеліктері
- •1.7.5. Геоморфология туралы негізгі мәліметтер
- •1.7. 6. Геологиялық карта.
- •3.15. Топырақтарды агроөндісітік топтарға бөлу және бонитировкалау
- •3.15.1.Топырақтарды агроөндiрiстiк топтарға бөлу
- •3.15.2. Топырақ бонитировкасы
- •2.1.Топырақтану пәні жєне оныњ міндеттері
- •2.1.1.Топырақ ерекше табиғи дене
- •2.1.2. Топырақтың табиғаттағы орны мен маңызы
- •2.1.3.Топырақтың адам өміріндегі алатын орны
- •2.1.4. Топырақтың экологиялық қызметі
- •2.1.5. Топырақтанудың басқа ғылымдармен байланысы, оның басты ғылыми салалары, зерттеу әдістемелері
- •2.1.6. Топырақтану ғылымының даму тарихы
- •Қазақстан топырақтарын зерттеу тарихына қысқаша шолу
- •2.2.1. Топырақ құралу үрдістері
- •2.2.2. Топырақтың морфологиялық белгілері
- •2. 3. Топырақтың минералды бөлігі
- •2. 3.1. Топырақтың қ±рамды бµліктері
- •2.3.2. Минералдық бөліктің құрамы
- •2. 3. 3. Гранулометриялық ќ±рамы
- •Ќарай жіктеу
- •Бақылау сұрақтары
- •2.4. Топырақтың органикалыќ бµлігі
- •2.4.1. Қарашіріндініњ т‰зілуі
- •2.4.2. Қарашіріндініњ мµлшері
- •2.4.3. Топыраќтыњ органикалыќ бµлігініњ маңызы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.5. Топырақтың химиялыќ ќ±рамы
- •2.5.2. Топырақтағы химиялық қосылыстар
- •Бақылау сұрақтары
- •2.6 Топыраќтыњ сіњіру қабілеті
- •2.6.1. Топыраќ коллоидтары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.7. Топырақтың түйіртпектілігі
- •2.7.1. Топыраќтыњ түйіртпектілігі жєне оныњ агрономиялық мањызы
- •2.7.2. Түйіртпектің пайда болуы және оны жақсарту жолдары
- •2.8.2. Топыраќтыњ жалпы физикалыќ жєне физикалыќ – механикалыќ ќасиеттері
- •2. 8.1. Жалпы физикалық қасиеттері
- •2.8.2. Физикалық- механикалық қасиеттері
- •Топтарѓа жіктеу (5)
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топыраќтаѓы ылѓал
- •2.9.1. Топырақтағы ылғалдың категориялары, түрлері
- •2.9.2.Топыраќтыњ ылѓалдылыќ ќасиеттері
- •2.9.3. Топыраќтаѓы ылѓалдыњ µсімдіктерге тиімділігі жєне т±раќты ылѓалдыќ кµрсеткіштері
- •2.9.4. Топыраќтыњ су режимі жєне оны реттеу жолдары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топырақтың ауасы және жылу режимі
- •2.9.1. Топырақтың ауасының маңызы, құрамы, құбылымы
- •2.9.2.Топырақтың жылу режимі
- •Бақылау сұрақтары
- •2.10. Топырақ ерітіндісі және тотығу-тотықсыздану үрдістері
- •2.10.1. Топырақ ерітіндісінің құрамы, қасиеттері
- •2.10.2. Тотығу- тотықсыздану үрдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •2.11. Топырақ құнарлылығы
- •2.11.2. Топырақ құнарлылығының түрлері
- •2.11.2 Топырақ құнарлылығын өндіру
- •2.11.3. Құнарлылықтың өзгеруі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1.Топырақ жаратылысының факторлары
- •3.1.1. Аналық тау жыныстары
- •3.1.2. Климат
- •3.1.3. Биологиялық фактор
- •3.1.4. Жер бедері. Аймақтыњ геологиялық жасы
- •3.1.5. Адамзат қоғамының әсері
- •3.2. Топырақтардың жіктелуі, географиялық таралу заңдылықтары
- •3.2.1. Топырақтарды жіктеудің принциптері, таксономиялық бірліктер
- •3.2.2. Қазақстан топырақтарын жіктеу жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.2.2. Топырақтардың таралу заңдылықтары
- •3.2.3. Топырақ жамылғысы құрылымы
- •3.2.4. Қазақстанның топырақ-географиялық аймақтары
- •3.3. Тайгалы-орман аймағының топырақтары
- •3.3.1. Топырақ құралу жағдайлары
- •3.3.3. Шымды топырақтар
- •3.3.4. Шымды –күлгін топырақтар
- •3.4. Батпақты топырақтар
- •3.5. Жалпақ жапырақты ормандардың қоңыр топырағы
- •3.6. Орманды - дала және дала аймақтары топырақтары
- •3.6.1. Орманды-дала аймағының сұр ормандық топырағы
- •3.6.2. Орманды- дала және дала аймақтарының қара топырақтары
- •3.6.4. Қара топырақтың типшелері
- •3.8. Қуаң дала және шөл дала аймағының қара қоңыр топырақтары
- •3.7.1. Қара-қоңыр топырақтың морфологиялық белгілері және генезисі
- •3.7.2. Қара-қоңыр топырақтың классификациясы
- •3.8. Тұзданған топырақтар
- •3.8.1. Сор топырақтар
- •3.8.1. Кебір топырақтар
- •3.8.3. Шақат топырақтар
- •Бақылау сұрақтары
- •3.9. Шөл аймағының топырақтары
- •3.9.1. Қоңыр топырақтың жаратылуы және морфологиялық белгілері, қасиеттері
- •3.9.2. Тақырлар мен тақыртәріздес топырақтар
- •3.9.3. Шөл аймағы топырақтары жамылғысы құрылымы және оларды пайдалану ерекшеліктері
- •3.10. Тау етегінің шөлді –дала аймағының топырақтары
- •3.11. Ылғалды субтропика аймағының топырақтары
- •3.12. Өзен жайылмасы топырақтары
- •3.13. Таулы өлке топырақтары
- •3.13.1. Қазақстандағы Тянь-Шань және Алтай таулары топырақтары
- •13.3.2. Кавказ таулары топырақтары
- •3.13.3. Қырым және Карпат таулары топырақтары
- •3.14. Топырақ эрозиясы және олармен күресу жолдары
- •3.14.1. Қазақстанның жер қоры және оның экологиялық мәселелері
- •3.14.2. Топырақ эрозиясының түрлері және олардың зияны
- •3.14.3. Топырақтың жел және су эрозиясына шалдығу
- •3.14.4. Топырақты қорғау
- •3.14.5. Топырақ рекультивациясы
- •Бақылау сұрақтары
- •3.16. Дүние жүзі жер қоры және топырақтарының қысқаша сипаттамасы
- •3.16.1. Тропикалық белдеудің топырақ жамылғысы
- •3.16.2.Тропикалық ксерофиттті –орман және саванна аймақтары
- •3.16.3. Субтропика белдеуінің топырақтары
- •3.16.4. Суббореалды белдеудің топырақтары
- •3.16.5. Бореалдық белдеудің топырақтары
- •3.16.6. Полярлық белдеуінің топырақтары
- •Е) гумин және фульвоқышқылдар бірдей мөлшерде
3.3.4. Шымды –күлгін топырақтар
Бұл топырақтар тайгалы орман аймағының оңтүстік бөлігінде мол тараған. Алып жатқан жер аумағы ТМД елдерінде 185 млн. га.
Шымды-күлгін топырақтың жаратылуы. Шымды-күлгін топырақтар шөптесін немесе мүкті-шөптесін өсімдіктері бар ормандарда қалыптасады. Орман ішіндегі шөптесін өсімдіктер әсерінен бұл топырақта шымдану үрдісі жүріп, шым қабат қалыптасады. Ал ағаш өсімдіктері қалдықтары және ылғалды климат әсерінен күлгендену үрдісі байқалады. Кейбір жағдайда бастапқы кезде күлгіндену үрдісі қалыптасады (орман ішінде), ал орман жойылғасын шөптесін өсімдік дамып шымдану үрдісі байқалады. Яғни алдыменен күлгін топырақ түзіледі, ал содан кейін ол шымдану әсеріне шалдығып шымды-күлгін топыраққа айналады.
Кейбір жағдайда алдыменен шымдану үрдісі жүріп, шым топырақ қалыптасады, ал кейіннен жағдай өзгергесін күлгіндену үрдісі дамып шым топырақ шымды-күлгін топыраққа айналуы мүмкін. В.В.Пономарева шымды-күлгін топырақтар әрі шымдану, әрі күлгіндену үрдістері бір мезгілде қосарлана келісім тауып жүруі нәтижесінде жаралатынды жөнінде тұжырымдама қалыптастырды. Соныменен, шымды-күлгін топырақтар шымдану және күлгіндену үрдістерінің кезектесіп жүруінен, ал кейбір жағдайда олардың бір мезгілде қосарлана жүруі әсерінен жаратылуы мүмкін екенін аңғарамыз.
Шымды-күлгін топырақтың кескіні құрылысы келесідей қабаттардан құралған:
АО (АШ)- А1 -А2 - А2В-В–С.
АО немесе АД–орман немесе шөптесін өсімдіктер қалдықтары төсеніші, қуаты 3-5см;
А1- қарашірінділі-эллювиалды қабат, қуаты 5-20см;
А2-күлгінденген қабат, ақшылт түсті, кремнезем жинақталған;
А2В- аралық ауыспалы қабат;
В-иллювиальді қабат, түсі қызғылт-құба, құба, темірдің, марганецтің тотықтары және шаң-тозаң бөлшектер шоғырланған, тығыздалған.
С-аналық тау жынысы (34-сурет).
Шымды-күлгінденген топырақтың құрамы және қасиеттері шымдану және күлгіндену үрдістерінің ықпалымен қалыптасқан болып келеді және осы топырақтарды игеру барысында антропогендік әсерден қасиеттерінің өзгерістерге ұшырауда байқалады.
Бұл топырақтың құрылысы элювиальды-иллювиальді типті болып келеді. Яғни, үстінгі қабаттарында заттардың үгіліп, ыдырап төменгі қабаттарға шайылу құбылысы байқалады, ал астынғы иллювиальды қабатқа шаң-тозаң бөлшектердің, біржарымдық тотықтардың (R2O3) шоғырлануы байқалады.
Минералдық құрамында бастапқы минералдардан кварц, дала шпаты, слюдалар, ал туынды минералдардан тозаң бөлшектер құрамында- гидрослюдалар, вермикулит, монтмориллонит т.б. кездеседі.
Шымды-күлгін топырақтар құрамында азоттың, фосфордың және калийдің қоры аз болып келеді. Қарашіріндінің мөлшері де шамалы 2-5% және бұл көрсеткіш топырақтардың құралу жағдайына, игеріп баптау мәдиниетіне тәуелді болып өзгереді. Қарашірінді типі фульватты, яғни фульвоқышқылдар қарашірінді құрамында басым (СГҚ : СФК <0,5).
Топырақ ортасының реакциясы қышқыл, сіңіру қабілеті аз, топырақтың сіңіру кешені құрамында сутегі және алюминий иондары мол болып келеді.
Шымды-күлгін топырақтар күлгін топырақ типінің типшесі ретінде жіктеледі. Бірақ, кейбір ғалымдар бұл топырақты жеке типке бөліп шығару керектігі туралы мәселе көтеріп отыр. Бұл топырақтың тектері күлгін топырақтар тектеріне негізінен сәйкес келеді. Түрлерге А1 қабатындағы қарашірінді мөлшеріне байланысты келесідей жіктейді:
- аз қарашірінділі-3% тың жерде, 2 % егістікте;
- орташа қарашірінділі -3-5% тың жерде, 2-4 % егістікте;
- мол қарашірінділі-5% артық тың жерде, 4% артық егістікте.
Тайгалы-орман аймағының топырақ жамылғысы құрылымы және оларды пайдалану ерекшеліктері. Бұл аймақтың топырақ жамылғысы ұсақ контурлы болып келеді. Автоморфты және әр дәрежеде гидроморфты болып келген топырақтар, сонымен бірге егістік жерде су эрозиясына шалдыққан топырақтар кезектесіп орналасады. Топырақтардың кешенділігі мен шұбарлығы мол тараған. Сондықтан бұл топырақтарды пайдаланғанда осы ерекшеліктерді ескеріп, шұбар топырақтардың құнарлылығын теңестіру, үшін агротехникалық тәсілдер қолдану керек.
Бұл аймақта ауыл шаруашылығы саласын дамытуға, әсіресе аймақтың оңтүстік және батыс бөлігі қолайлы, ал солтүстік бөлігімен Шығыс Сібір, Қиыр Шығыс қолайсыздау болып келеді. Осыған байланысты жыртылып игерілген жер аумағы шымды-күлгін топырақтары бар өлкелерде көп. Бұл аймақтың топырақтарының құнарлығы төмен, қарашіріндінің мөлшері аз, құрылымы нашар және реакциясы қышқыл, сонымен бірге ылғалдылығы кейде артық дәрежеде қалыптасқан. Осы ерекшеліктерді ескере отырап бұл аймақта жоғары өнім алу үшін агротехникалық шаралар ішінде аса маңызды болып саналатындары:
-топырақты дұрыс өңдеу;
-топыраққа оңтайлы мөлшерде минералды және органикалық тыңайтқыштарды енгізу;
-көпжылдық шөптерді егу;
-жыртылатын қабаттың тереңдігін біртіндеп арттыру;
-топырақты артық ылғалдан құрғату;
-жыртылған жерлерді тастардан тазарту;
-егістік танаптарды біріктіріп, ауданын арттыру;
-ғылыми негізделген ауыспалы егіс жүйесін қолдану;
-топырақтың қышқылдылығын төмендету үшін әк (известь) шашу;
-су эрозиясына қарсы күрес шараларын пайдалану;
Бұл аймақтың егістік жерлерінде күздік бидай, қара бидай, сұлы, зығыр, картоп сияқты дақылдар өсіріледі.
Тайгалы–орман аймағын және орманды дала аймағының сұр ормандық топырақ тараған аумақтарын біріктіріп табиғи шаруашылық ерекшеліктерінің ұқсастығы ескеріліп қара топырақты емес аймақ (нечернеземная зона) деген атау жиі пайдаланылады.
Бақылау сұрақтары
1.Тайгалы–орман аймағында топыраққұралу жағдайларының ерекшеліктерін сипаттаңыз.
2. Күлгін топырақтардың жаратылуы туралы баяндаңыз.
3. Күлгін топырақтардың морфологиялық белгілерін және басты қасиеттерін атап көрсетіңіз.
4. Шымдану топырақ түзілу үрдісінің басты ерекшеліктерін баяндаңыз.
5. Шым топырақтардың негізгі қасиеттерін сипаттыңыз.
6.Шымды-күлгін топырақтардың түзілуіне қатысты құбылыстарды атаңыз.
7. Шымды-күлгін топырақтардың морфологиялық белгілерін және қасиеттерін баяндаңыз.
8.Тайгалы–орман аймағының негізгі топырақтарын ауыл шаруашылығында пайдалану жолдары жөнінде мағлұмат беріңіз.
