- •1.1.1. Геология ғылымының дамуының қысқаша тарихы
- •1.2. Жердің пайда болуы, құрылысы мен құрамы.
- •1.2.1. Әлемдік кеңістікте Жердің және Күн жүйесінің орны.
- •1.2. 2. Космогендік гипотезалар
- •1.2.3. Жердің пішіні, физикалық қасиеттері және химиялық құрамы
- •Магнитті еңкейю магнитті стрелканың көкжиекке еңкею бұрышы. Картада бірдей септелулерді жалғастыратын сызықтарды изогон дейді, бірдей еңкеюлерді жалғастыратын нүктелерді изоклин деп атайды
- •1.3 Жердің сыртқы және ішкі қабаттарының құрамы
- •1.3.1. Жердің сыртқы қабаттары
- •1.3.2. Жердің ішкі қабаттары
- •1.4 Минералдар туралы ілім
- •1.4.1. Минералдар және олардың топырақ түзілуіндегі маңызы
- •Туынды (экзогенді) минералдар - жер бетінде, атмосферамен, биосферамен және гидросферамен әрекеттесіп, көбінесе бастапқы минералдардың бұзылуынан пайда болады.
- •1.4.2.Заттардың кристаллдық және аморфты құрылымы
- •1.4.3. Минералдардың физикалық қасиеттері
- •1.4.5. Минералдардың негізгі класстарын сипаттау
- •1.5. Тау жыныстары.
- •1.5.1. Магмалық тау жыныстары
- •1.5. 2. Шөгінді тау жыныстары
- •1.5.3. Метаморфты тау жыныстары.
- •1.6. Геологиялық құбылыстар
- •1.6.1 Жер қабығының негізгі геологиялық құрылымы мен оның ерекшелігі
- •1.6.2. Геотектоникалық гипотезалар
- •1.6. 3. Эндогенді және экзогенді үрдістер
- •1.6.4. Эндогенді үрдістер
- •1.6.5. Экзогенді үрдістер
- •1.7. Жер шарының геологиялық тарихы
- •1.7.1. Тау жыныстарының абсолютты жасы
- •1.7.2. Тау жыныстарының салыстырмалы жасы
- •1.7.3. Геохронологиялық шкала
- •1.7.4. Төрттік кезеңдегі жер қабығының даму ерекшеліктері
- •1.7.5. Геоморфология туралы негізгі мәліметтер
- •1.7. 6. Геологиялық карта.
- •3.15. Топырақтарды агроөндісітік топтарға бөлу және бонитировкалау
- •3.15.1.Топырақтарды агроөндiрiстiк топтарға бөлу
- •3.15.2. Топырақ бонитировкасы
- •2.1.Топырақтану пәні жєне оныњ міндеттері
- •2.1.1.Топырақ ерекше табиғи дене
- •2.1.2. Топырақтың табиғаттағы орны мен маңызы
- •2.1.3.Топырақтың адам өміріндегі алатын орны
- •2.1.4. Топырақтың экологиялық қызметі
- •2.1.5. Топырақтанудың басқа ғылымдармен байланысы, оның басты ғылыми салалары, зерттеу әдістемелері
- •2.1.6. Топырақтану ғылымының даму тарихы
- •Қазақстан топырақтарын зерттеу тарихына қысқаша шолу
- •2.2.1. Топырақ құралу үрдістері
- •2.2.2. Топырақтың морфологиялық белгілері
- •2. 3. Топырақтың минералды бөлігі
- •2. 3.1. Топырақтың қ±рамды бµліктері
- •2.3.2. Минералдық бөліктің құрамы
- •2. 3. 3. Гранулометриялық ќ±рамы
- •Ќарай жіктеу
- •Бақылау сұрақтары
- •2.4. Топырақтың органикалыќ бµлігі
- •2.4.1. Қарашіріндініњ т‰зілуі
- •2.4.2. Қарашіріндініњ мµлшері
- •2.4.3. Топыраќтыњ органикалыќ бµлігініњ маңызы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.5. Топырақтың химиялыќ ќ±рамы
- •2.5.2. Топырақтағы химиялық қосылыстар
- •Бақылау сұрақтары
- •2.6 Топыраќтыњ сіњіру қабілеті
- •2.6.1. Топыраќ коллоидтары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.7. Топырақтың түйіртпектілігі
- •2.7.1. Топыраќтыњ түйіртпектілігі жєне оныњ агрономиялық мањызы
- •2.7.2. Түйіртпектің пайда болуы және оны жақсарту жолдары
- •2.8.2. Топыраќтыњ жалпы физикалыќ жєне физикалыќ – механикалыќ ќасиеттері
- •2. 8.1. Жалпы физикалық қасиеттері
- •2.8.2. Физикалық- механикалық қасиеттері
- •Топтарѓа жіктеу (5)
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топыраќтаѓы ылѓал
- •2.9.1. Топырақтағы ылғалдың категориялары, түрлері
- •2.9.2.Топыраќтыњ ылѓалдылыќ ќасиеттері
- •2.9.3. Топыраќтаѓы ылѓалдыњ µсімдіктерге тиімділігі жєне т±раќты ылѓалдыќ кµрсеткіштері
- •2.9.4. Топыраќтыњ су режимі жєне оны реттеу жолдары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топырақтың ауасы және жылу режимі
- •2.9.1. Топырақтың ауасының маңызы, құрамы, құбылымы
- •2.9.2.Топырақтың жылу режимі
- •Бақылау сұрақтары
- •2.10. Топырақ ерітіндісі және тотығу-тотықсыздану үрдістері
- •2.10.1. Топырақ ерітіндісінің құрамы, қасиеттері
- •2.10.2. Тотығу- тотықсыздану үрдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •2.11. Топырақ құнарлылығы
- •2.11.2. Топырақ құнарлылығының түрлері
- •2.11.2 Топырақ құнарлылығын өндіру
- •2.11.3. Құнарлылықтың өзгеруі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1.Топырақ жаратылысының факторлары
- •3.1.1. Аналық тау жыныстары
- •3.1.2. Климат
- •3.1.3. Биологиялық фактор
- •3.1.4. Жер бедері. Аймақтыњ геологиялық жасы
- •3.1.5. Адамзат қоғамының әсері
- •3.2. Топырақтардың жіктелуі, географиялық таралу заңдылықтары
- •3.2.1. Топырақтарды жіктеудің принциптері, таксономиялық бірліктер
- •3.2.2. Қазақстан топырақтарын жіктеу жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.2.2. Топырақтардың таралу заңдылықтары
- •3.2.3. Топырақ жамылғысы құрылымы
- •3.2.4. Қазақстанның топырақ-географиялық аймақтары
- •3.3. Тайгалы-орман аймағының топырақтары
- •3.3.1. Топырақ құралу жағдайлары
- •3.3.3. Шымды топырақтар
- •3.3.4. Шымды –күлгін топырақтар
- •3.4. Батпақты топырақтар
- •3.5. Жалпақ жапырақты ормандардың қоңыр топырағы
- •3.6. Орманды - дала және дала аймақтары топырақтары
- •3.6.1. Орманды-дала аймағының сұр ормандық топырағы
- •3.6.2. Орманды- дала және дала аймақтарының қара топырақтары
- •3.6.4. Қара топырақтың типшелері
- •3.8. Қуаң дала және шөл дала аймағының қара қоңыр топырақтары
- •3.7.1. Қара-қоңыр топырақтың морфологиялық белгілері және генезисі
- •3.7.2. Қара-қоңыр топырақтың классификациясы
- •3.8. Тұзданған топырақтар
- •3.8.1. Сор топырақтар
- •3.8.1. Кебір топырақтар
- •3.8.3. Шақат топырақтар
- •Бақылау сұрақтары
- •3.9. Шөл аймағының топырақтары
- •3.9.1. Қоңыр топырақтың жаратылуы және морфологиялық белгілері, қасиеттері
- •3.9.2. Тақырлар мен тақыртәріздес топырақтар
- •3.9.3. Шөл аймағы топырақтары жамылғысы құрылымы және оларды пайдалану ерекшеліктері
- •3.10. Тау етегінің шөлді –дала аймағының топырақтары
- •3.11. Ылғалды субтропика аймағының топырақтары
- •3.12. Өзен жайылмасы топырақтары
- •3.13. Таулы өлке топырақтары
- •3.13.1. Қазақстандағы Тянь-Шань және Алтай таулары топырақтары
- •13.3.2. Кавказ таулары топырақтары
- •3.13.3. Қырым және Карпат таулары топырақтары
- •3.14. Топырақ эрозиясы және олармен күресу жолдары
- •3.14.1. Қазақстанның жер қоры және оның экологиялық мәселелері
- •3.14.2. Топырақ эрозиясының түрлері және олардың зияны
- •3.14.3. Топырақтың жел және су эрозиясына шалдығу
- •3.14.4. Топырақты қорғау
- •3.14.5. Топырақ рекультивациясы
- •Бақылау сұрақтары
- •3.16. Дүние жүзі жер қоры және топырақтарының қысқаша сипаттамасы
- •3.16.1. Тропикалық белдеудің топырақ жамылғысы
- •3.16.2.Тропикалық ксерофиттті –орман және саванна аймақтары
- •3.16.3. Субтропика белдеуінің топырақтары
- •3.16.4. Суббореалды белдеудің топырақтары
- •3.16.5. Бореалдық белдеудің топырақтары
- •3.16.6. Полярлық белдеуінің топырақтары
- •Е) гумин және фульвоқышқылдар бірдей мөлшерде
3.8. Қуаң дала және шөл дала аймағының қара қоңыр топырақтары
Дала аймағының оңтүстігіне шектесіп орналасқан қуаң дала мен шөл далада қара қоңыр топырақ типі дамыған. Бұл аймақтың жер ауданы 90,4 млн.га. Қазақстан жер аумағының 33,2% қамтиды. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарының көп жерін, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының бірталай жерін алып жатыр
ТМД елдерінде қара-қоңыр топырақтар және олардың кебір топырақтармен кешендері 107 млн. га жерде тараған (барлық жер аумағының 5% құрайды). Бұл топырақтар Украина және Молдова мемлекеттерінің оңтүстік бөлігінде, Ресейдің Еділ өзені ағысының орталық және төменгі бойындағы жерлерде, Құлынды даласында, Орталық Сібірде және Байкалдың арғы бетінде Азов және Қара теңіздер жағалауында, Шығыс Кавказда кездеседі. жатыр.
Топырақ құралу жағдайлары. Қара-қоңыр топырақты құрғақ дала және шөл дала (шөлейт) аймағы 480 және 520 солтүстік ендіктер аралығында орналасқан.
Топырақ құралу жағдайлары топырақ түзуші экологиялық факторлардың кейбір өзгешеліктерінің болуына байланысты аймақ үш аймақшаға бөлінеді. Олар: күңгірт қара-қоңыр топырақты қуаң дала; нағыз қара қоңыр топырақты қуаң дала; ашық қара-қоңыр топырақты шөл дала (шөлейт).
Күңгірт қара-қоңыр топырақты қуаң дала аймақшасы аймақтың солтүстік бөлігінде орналасқан. Ауданы 27,7 млн.га.
Аймақшаның батыс бөлігіндегі Жалпы Сырт, Орал және Торғай үстірттерінің жонды, адырлы-бұдырлы жазықтарында аналық тау жыныстары карбонатты балшықтар мен лөсс тәрізді құмбалшық болып келеді. Сарыарқа төңірегінде аналық тау жыныстары элювиалды-делювиалды шеміршекті тастақ құмбалшық пен құмайт, кейде ғаныш бар балшықтар, ал Ертіс өңірі жазықтығында-көне дәуірдің құмы, құмдағы және жеңіл құмбалшығы.
Ауа райы бұл аймақшада құрғақ және күрт континенталды. Қысы аз қарлы, суық, жазы құрғақ, жылы. Жыл ішінде 240-280мм жауын-шашын түседі, оның 55-60% жылы мезгілде жауады. Ылғалдың булануы жауын-шашын мөлшерінен 4 есе көп. Жазда құрғақшылық және аңызғақ құбылыстары жиі байқалады. Ауаның белсенді температура қосындысы 2300-26500. Гидротермиялық коэффициент 0,5-0,7, ылғалдылық коэффициенті 0,3-0,35.
Табиғи өсімдік дүниесі ксерофитті астық тұқымдас және шамалы мөлшерде тараған аралас шөптерден құралған (боз, бетеге, қазтабан, келлерия т.б.). Баянауылдың аласа таулы өңірінде және Наурзым-Аманқарағай аңғарларында қарағайлы, қайыңды-қарағайлы ормандар кездеседі.
Нағыз қара-қоңыр топырақты құрғақ дала аймақшасы сипатталып отырған аймақтың орта бөлігінде орналасқан. Қазақстанның Батыс бөлігінде аймақшаның ені 40-100км болса, Шығысында ол 150-225км-ге дейін жетеді. Бұл аймақша Каспий маңы ойпатының, Орал үстіртінің, Мұғалжар аласа тауларының, Торғай үстіртінің, Сарыарқаның және Ертіс өңірі жазықтығының біраз бөлігін қамтиды. Аймақшаның ауданы 24,3 млн.га. Литологиялық-геоморфологиялық құрылысы топырақ түзуші тау жыныстары күңгірт қара-қоңыр топырақ аймақшасына ұқсас. Климатының континенталдығы және құрғақшылығы артып, өсімдік дүниесі кедейлене түседі. Бір жылда түсетін жауын-шашын мөлшері 230-250мм, оның 70% жылы мезгілде түседі. Ауаның 100С асатын температуасының қосындысын 2500-29000. Гидротермиялық коэффициент 0,4-0,6 ылғалдану коэффициенті 0,3 шамасында. Қуаңшылықтың байқалуы елу процент болады.
Табиғи өсімдік дүниесі жусанды-бетегелі-бозды шөптер тобынан құралған. Ертіс өңірі жазықтығының құмдарында жолақты-қарағайлы ормандар қалыптасқан.
Аймақшаның негізгі топырағы нағыз қара-қоңыр топырақ. Ол аймақша ауданының 50% алып жатыр. Сонымен бірге нағыз қара-қоңыр топырақтың кебірлермен жиынтығыда мол тараған. Олар топырақ жамылғысының 40% құрайды. Ойпатты және сорланған аналық тау жыныстары бар жерлерде шалғынды нағыз қара-қоңыр топырақтар, кебірлер мен сор топырақтар кездеседі.
Аймақшада мал шаруашылығы және егіншілікпен айналысу мүмкіндігі бар.
Ашық қара-қоңыр топырақты шөл дала аймақшасы. 47030/-50030/ солтүстік ендіктер аралығында орналасқан. Ауданы 38,4млн. га. Батысында Каспий маңы ойпатының солтүстігінен басталып шығысында Алтай және Тарбағатай таулары бөктерлеріне дейін созылып жатыр.
Каспий маңы ойпатының жер бедері аллювиальді теңіз жазықтары, ал топырақ жүзуші тау жыныстары сорланған балшықтар және ауыр саздақтар. Орал және Торғай үстірттері маңының жер бедері адырлы-бұдырлы жазықтықтар және аңғарлармен сайлардан құралған. Аналық тау жыныстары карбонатты балшықтар және саздақтар. Сарыарқа төңірегінде бұдырлы жазықтықтар мен ұсақ шоқылар және аласа таулар орналасқан. Аналық тау жыныстары элювиалды–делювалды шеміршекті, қиыршық тасты саздақтар, кейде құмдақтар.
Климатының континентальдылығы батыстан шығысқа қарай арта түседі. Ауадан түсетін ылғал жылына орташа есеппен 180-210 мм. Ауаның белсенді температурасы қосындысы 2600-31000. Ылғылдану коэффиценті 0,2-0,3.
Өсімдік дүниесі негізінен жусанды–бетегелі шөптер тобынан құралған. Олармен қатар шамалы түрде қараған, баданалы қоңырбас, бәйшешек кездеседі.
Топырақ жамылғысы негізінен кебірленген ашық қара-қоңыр топырақтармен кебірлерден тұратын кешендерден құралған. Ойпатты жерлерде шалғынды, шалғынды-қара-қоңыр, кебір және сор топырақтар кездеседі. Топырақ жамылғысы құрылымы ауданының 63,3 % ашық қара-қоңыр топырақ, 20,2% кебірлер, 5,2%-жартылай гидроморфты, 4,0% гидроморфты, 1,6%-сор топырақтар және 1,2%- құмдар алып жатыр.
Аймақшада қуаншылық жағдай аса дамығандықтан дәнді-дақылдар өнімділігі өте төмен. Сондықтан бұл аймақшада мал шаруашылығын дамыту басты бағыт болуы тиіс.
