Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
topyrak_tanu_zh_ne_geologiya_negizderi / Топыра тану ж не геология нег здер.doc
Скачиваний:
636
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
45.3 Mб
Скачать

Бақылау сұрақтары

  1. Топырақ құнарлылығы дегеніміз не? Оның түрлері қандай?

  2. Топырақ құнарлылығының қалыптасуының факторларын және жағдайларын атаңыз.

  3. Топырақ құнарлылығы өндірісі түрлеріне сипаттама беріңіз.

  4. Қазіргі заманда қарқынды егіншілік жүйесінде топырақ құнарлылығын қалыптастырудың қандай түрі қолданылуы тиіс?

  5. Топырақ құнарлылығын арттыру үшін қолданылатын шараларды баяндаңыз.

  6. Қазақстанда егіншілік шаруашылығы дамыған өңірлерде топырақ құнарлылығы қандай бағытта өзгерістерге ұшырауда. Оның себептері қандай?

IІІ- БӨЛІМ

Топырақ генезисі, географиясы және жіктелуі

3.1.Топырақ жаратылысының факторлары

Топырақтың пайда болуына тікелей қатысып, дамуына әсер ететін табиғи ортаның құрамды бөліктерін топырақ жаратылысының факторлары деп санаймыз.

Топырақ түзуші факторлар туралы ілімнің негізін В.В. Докучаев қалады. Ол бірінші болып жердің топырақ жамылғысы тау жыныстарының, ағзаларадың (өсімдіктер мен жануарлардың), олардың қалдықтарының, климаттыњ, жер бедерінің (рельефтің) және аймақтың геологиялық жасының (уақытың) өзара тығыз қарым-қатынасының әсерінен пайда болады деп атап көрсеткен. Топырақ түзуші 5 фактор бар екенін анықтаған.

Топырақ пен топырақ түзуші факторлардың өзара байланысын В.В. Докучаев келесідей теңдеумен келтіріп жазған:

Т=f (K,A,Tж, Жб)·У

Т-топырақ, К – климат, А-ағзалар,

Тж-тау жыныстары, Жб- жер бедері, У-уақыт.

Жер бетінде аталған топырақ құраушы жағдайлар әр түрлі және бір-бірімен ара қатынасы алуан түрлі болып өзгеруіне байланысты, жердің топырақ жамылғысының түрлері өте көп.

В.В. Докучаевтың топырақ құралу жағдайлары туралы ілімнің алға қарай дамуына орыс ғалымдары К.Д. Глинка, С.А. Захаров, А.А. Роде, В.Р. Вильямс, В.А. Ковда және американдық топырақтанушы Г. Йенни үлкен үлес қосты.

3.1.1. Аналық тау жыныстары

Топырақ пайда болатын тау жыныстары топырақ құраушы немесе аналық тау жынысы деп аталады.

Топырақ құраушы тау жыныстары топырақтың материалдық негізі. Оның механикалық, минералдық, химиялық құрамы және физикалық, химиялық қасиеттері топыраққа тарайды. Топырақ түзілуі, дамуы кезінде ол қасиеттер біртіндеп өзгерістерге ілігеді.

Топырақ құраушы тау жыныстары пайда болу тегіне, құрамына, құрылысына және қасиеттеріне байланысты әр түрлі болады. Негізінен топырақ құраушы тау жыныстары қатарына шөгінді тау жыныстары жатады. Олардың кеңінен тараған түрлерінің келесідей сипаттамасы бар.

Элювий – негізгі тау жыныстарының үгілуінен жаратылып орнында қалған шөгінді. Таулы өлкелерде, көтеріңкі жазықтарда құралады. Элювий шөгінділерінің құрамы астында жатқан тау жынысының құрамымен тығыз байланысты, ұқсас болып келеді. Ол біртіндеп ұсақталған күйден тығыз тау жынысына барып тіреледі.

Делювий–тау етегінде жауын-шашын, қар суымен шайылып жиналған шөгінділер. Делювий су ағыны әсерінен қатпарлар түзіп, іріктелініп шөгеді. Тау бөктерінде орналасқан аймақ топырақтарын құрауға қатысады.

Аллювий-өзен тасығанда су ағынымен келіп өзен жайылмасына жиналған шөгінділер. Ағын судың арыны мен бағытына байланысты аллювий шөгінділер іріктелініп, қатпар түзіп орналасады. Оның құрамында органикалық заттарда болады. Минералды бөлшектердің пішіні жұмырланған болып келеді. Өзен арнасында орналасқан аллювий ірі, кесек жыныстардан, әр мөлшерлі құмдардан құралады. Өзен жайылмасында майда аллювий шөгеді. Олар саздақты, балшықты болып келеді. Сондықтан өзен жайылмасында құнарлы топырақтар түзіледі.

Лөсс және лөсстерге ұқсас саздаќтар әр т‰рлі жағдайда пайда болады. Лөсстердің негізгі белгілері мыналар: түсі ашық-сарғыш, сарғыш, карбонатты, шаңды-саздақты механикалық құрамды, кеуекті борпылдақ, майда түйірлі, су өткізгіштігі жақсы. Химиялық және физикалық қасиеттері жақсы болғандықтан лөсс құнарлы топырақтар пайда болуына оң әсерін тигізеді. Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанда лөсс шөгінділерінде боз топырақтар түзіледі.

Лөсске ұқсас саздақтардың құрамында карбонаттар аздау, кейде карбонатсыз болады, механикалық құрамы ірілеу, кеуектілігі шамалы. Лесске ұқсас саздақтар Қазақстанның далалық, және қуаң далалық аймақтарында тараған. Қазақстанның таулы өлкелерінің жазықтары мен тау аңғарларында түзілген топырақтардың да аналық тау жынысы лөсске ұқсаған саздақ.

Эол шөгінділері–жел әсерінен қалыптасқан борпылдақ, тау жынысы. Негізінен шөл аймағында қалыптасқан (Қызылқұм, Қарақұм, Мойынқұм). Эол шөгінділеріне эолдық құмды және құмбалшықты (құмдақты) жыныстар жатады. Олардың құрамы жарықшақты, қуыс, түсі қүњгірт келеді, механикалық құрамы ұсақ түйірлі құмнан т±рады.

Топырақ құраушы тау жынысының қасиеті, құрамы топырақ түзілу үрдісіне, пайда болған топырақтың химиялық, физикалық қасиеттеріне үлкен әсер етеді. Мысалы, Қазақстанның қуаң дала аймағында қоңыр топырақ қалыптасады. Ал егерде осы аймақта кейбір жерде топырақ түзуші тау жынысы натрий тұздарына бай болып келсе, онда осы жерде кебір топырақ пайда болады.