
- •1.1.1. Геология ғылымының дамуының қысқаша тарихы
- •1.2. Жердің пайда болуы, құрылысы мен құрамы.
- •1.2.1. Әлемдік кеңістікте Жердің және Күн жүйесінің орны.
- •1.2. 2. Космогендік гипотезалар
- •1.2.3. Жердің пішіні, физикалық қасиеттері және химиялық құрамы
- •Магнитті еңкейю магнитті стрелканың көкжиекке еңкею бұрышы. Картада бірдей септелулерді жалғастыратын сызықтарды изогон дейді, бірдей еңкеюлерді жалғастыратын нүктелерді изоклин деп атайды
- •1.3 Жердің сыртқы және ішкі қабаттарының құрамы
- •1.3.1. Жердің сыртқы қабаттары
- •1.3.2. Жердің ішкі қабаттары
- •1.4 Минералдар туралы ілім
- •1.4.1. Минералдар және олардың топырақ түзілуіндегі маңызы
- •Туынды (экзогенді) минералдар - жер бетінде, атмосферамен, биосферамен және гидросферамен әрекеттесіп, көбінесе бастапқы минералдардың бұзылуынан пайда болады.
- •1.4.2.Заттардың кристаллдық және аморфты құрылымы
- •1.4.3. Минералдардың физикалық қасиеттері
- •1.4.5. Минералдардың негізгі класстарын сипаттау
- •1.5. Тау жыныстары.
- •1.5.1. Магмалық тау жыныстары
- •1.5. 2. Шөгінді тау жыныстары
- •1.5.3. Метаморфты тау жыныстары.
- •1.6. Геологиялық құбылыстар
- •1.6.1 Жер қабығының негізгі геологиялық құрылымы мен оның ерекшелігі
- •1.6.2. Геотектоникалық гипотезалар
- •1.6. 3. Эндогенді және экзогенді үрдістер
- •1.6.4. Эндогенді үрдістер
- •1.6.5. Экзогенді үрдістер
- •1.7. Жер шарының геологиялық тарихы
- •1.7.1. Тау жыныстарының абсолютты жасы
- •1.7.2. Тау жыныстарының салыстырмалы жасы
- •1.7.3. Геохронологиялық шкала
- •1.7.4. Төрттік кезеңдегі жер қабығының даму ерекшеліктері
- •1.7.5. Геоморфология туралы негізгі мәліметтер
- •1.7. 6. Геологиялық карта.
- •3.15. Топырақтарды агроөндісітік топтарға бөлу және бонитировкалау
- •3.15.1.Топырақтарды агроөндiрiстiк топтарға бөлу
- •3.15.2. Топырақ бонитировкасы
- •2.1.Топырақтану пәні жєне оныњ міндеттері
- •2.1.1.Топырақ ерекше табиғи дене
- •2.1.2. Топырақтың табиғаттағы орны мен маңызы
- •2.1.3.Топырақтың адам өміріндегі алатын орны
- •2.1.4. Топырақтың экологиялық қызметі
- •2.1.5. Топырақтанудың басқа ғылымдармен байланысы, оның басты ғылыми салалары, зерттеу әдістемелері
- •2.1.6. Топырақтану ғылымының даму тарихы
- •Қазақстан топырақтарын зерттеу тарихына қысқаша шолу
- •2.2.1. Топырақ құралу үрдістері
- •2.2.2. Топырақтың морфологиялық белгілері
- •2. 3. Топырақтың минералды бөлігі
- •2. 3.1. Топырақтың қ±рамды бµліктері
- •2.3.2. Минералдық бөліктің құрамы
- •2. 3. 3. Гранулометриялық ќ±рамы
- •Ќарай жіктеу
- •Бақылау сұрақтары
- •2.4. Топырақтың органикалыќ бµлігі
- •2.4.1. Қарашіріндініњ т‰зілуі
- •2.4.2. Қарашіріндініњ мµлшері
- •2.4.3. Топыраќтыњ органикалыќ бµлігініњ маңызы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.5. Топырақтың химиялыќ ќ±рамы
- •2.5.2. Топырақтағы химиялық қосылыстар
- •Бақылау сұрақтары
- •2.6 Топыраќтыњ сіњіру қабілеті
- •2.6.1. Топыраќ коллоидтары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.7. Топырақтың түйіртпектілігі
- •2.7.1. Топыраќтыњ түйіртпектілігі жєне оныњ агрономиялық мањызы
- •2.7.2. Түйіртпектің пайда болуы және оны жақсарту жолдары
- •2.8.2. Топыраќтыњ жалпы физикалыќ жєне физикалыќ – механикалыќ ќасиеттері
- •2. 8.1. Жалпы физикалық қасиеттері
- •2.8.2. Физикалық- механикалық қасиеттері
- •Топтарѓа жіктеу (5)
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топыраќтаѓы ылѓал
- •2.9.1. Топырақтағы ылғалдың категориялары, түрлері
- •2.9.2.Топыраќтыњ ылѓалдылыќ ќасиеттері
- •2.9.3. Топыраќтаѓы ылѓалдыњ µсімдіктерге тиімділігі жєне т±раќты ылѓалдыќ кµрсеткіштері
- •2.9.4. Топыраќтыњ су режимі жєне оны реттеу жолдары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топырақтың ауасы және жылу режимі
- •2.9.1. Топырақтың ауасының маңызы, құрамы, құбылымы
- •2.9.2.Топырақтың жылу режимі
- •Бақылау сұрақтары
- •2.10. Топырақ ерітіндісі және тотығу-тотықсыздану үрдістері
- •2.10.1. Топырақ ерітіндісінің құрамы, қасиеттері
- •2.10.2. Тотығу- тотықсыздану үрдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •2.11. Топырақ құнарлылығы
- •2.11.2. Топырақ құнарлылығының түрлері
- •2.11.2 Топырақ құнарлылығын өндіру
- •2.11.3. Құнарлылықтың өзгеруі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1.Топырақ жаратылысының факторлары
- •3.1.1. Аналық тау жыныстары
- •3.1.2. Климат
- •3.1.3. Биологиялық фактор
- •3.1.4. Жер бедері. Аймақтыњ геологиялық жасы
- •3.1.5. Адамзат қоғамының әсері
- •3.2. Топырақтардың жіктелуі, географиялық таралу заңдылықтары
- •3.2.1. Топырақтарды жіктеудің принциптері, таксономиялық бірліктер
- •3.2.2. Қазақстан топырақтарын жіктеу жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.2.2. Топырақтардың таралу заңдылықтары
- •3.2.3. Топырақ жамылғысы құрылымы
- •3.2.4. Қазақстанның топырақ-географиялық аймақтары
- •3.3. Тайгалы-орман аймағының топырақтары
- •3.3.1. Топырақ құралу жағдайлары
- •3.3.3. Шымды топырақтар
- •3.3.4. Шымды –күлгін топырақтар
- •3.4. Батпақты топырақтар
- •3.5. Жалпақ жапырақты ормандардың қоңыр топырағы
- •3.6. Орманды - дала және дала аймақтары топырақтары
- •3.6.1. Орманды-дала аймағының сұр ормандық топырағы
- •3.6.2. Орманды- дала және дала аймақтарының қара топырақтары
- •3.6.4. Қара топырақтың типшелері
- •3.8. Қуаң дала және шөл дала аймағының қара қоңыр топырақтары
- •3.7.1. Қара-қоңыр топырақтың морфологиялық белгілері және генезисі
- •3.7.2. Қара-қоңыр топырақтың классификациясы
- •3.8. Тұзданған топырақтар
- •3.8.1. Сор топырақтар
- •3.8.1. Кебір топырақтар
- •3.8.3. Шақат топырақтар
- •Бақылау сұрақтары
- •3.9. Шөл аймағының топырақтары
- •3.9.1. Қоңыр топырақтың жаратылуы және морфологиялық белгілері, қасиеттері
- •3.9.2. Тақырлар мен тақыртәріздес топырақтар
- •3.9.3. Шөл аймағы топырақтары жамылғысы құрылымы және оларды пайдалану ерекшеліктері
- •3.10. Тау етегінің шөлді –дала аймағының топырақтары
- •3.11. Ылғалды субтропика аймағының топырақтары
- •3.12. Өзен жайылмасы топырақтары
- •3.13. Таулы өлке топырақтары
- •3.13.1. Қазақстандағы Тянь-Шань және Алтай таулары топырақтары
- •13.3.2. Кавказ таулары топырақтары
- •3.13.3. Қырым және Карпат таулары топырақтары
- •3.14. Топырақ эрозиясы және олармен күресу жолдары
- •3.14.1. Қазақстанның жер қоры және оның экологиялық мәселелері
- •3.14.2. Топырақ эрозиясының түрлері және олардың зияны
- •3.14.3. Топырақтың жел және су эрозиясына шалдығу
- •3.14.4. Топырақты қорғау
- •3.14.5. Топырақ рекультивациясы
- •Бақылау сұрақтары
- •3.16. Дүние жүзі жер қоры және топырақтарының қысқаша сипаттамасы
- •3.16.1. Тропикалық белдеудің топырақ жамылғысы
- •3.16.2.Тропикалық ксерофиттті –орман және саванна аймақтары
- •3.16.3. Субтропика белдеуінің топырақтары
- •3.16.4. Суббореалды белдеудің топырақтары
- •3.16.5. Бореалдық белдеудің топырақтары
- •3.16.6. Полярлық белдеуінің топырақтары
- •Е) гумин және фульвоқышқылдар бірдей мөлшерде
1.5. Тау жыныстары.
Тау жыныстарында өтiп жатқан, топырақ түзу үрдiстерiн түсiну үшiн, тау жыныстарының жіктелуін, генезисін және қасиеттерiн терең білу қажет. Олар топырақ түзушi жыныстардың негiзi болады, яғни топырақ пайда болатын жоғарғы қабаттардағы жыныстар. Тау жыныстарының ерекшелiктерi маңызды дәрежеде топырақтың физикалық және химиялық қасиеттерiн анықтайды.
Тау жыныстары дегенiмiз – алқап және қабат болып орналасатын, бiр немесе бiрнеше минералдардан құрылатын, дербес геологиялық дене.
Мысалы, егер гипс шағын болып, жақсы қырланған қоспасыз құрылса, ол минерал болады, ал егер ол қыртыс немесе зор қабатты және ендi болып орналасса және құрамында әр түрлi қоспалар болса, ол тау жынысы болып саналады.
Барлық тау жыныстары, пайда болуына байланысты үш топқа бөлiнедi: магмалық, метаморфты, шөгiндi. Тау жыныстарының 16 км тереңдiлiкке дейiнгі қабаттында жобалап алғанда: магмалық жыныстар 60%, метаморфты- 32%, шөгiндi тау жыныстары 8%.
1.5.1. Магмалық тау жыныстары
Балқынды магманың жер бетiне шықпай жер астында бiртiндеп суып немесе жер бетiне шығып төгiліп қатуынан пайда болатын жыныстарды магмалық тау жыныстары дейміз.
Пайда болу жағдайына байланысты барлық магмалық тау жыныстары үлкен екі топқа бөлiнедi:
- терең орналасқан немесе интрузивтi;
- төгiлген немесе эффузивтi.
Интрузивті тау жыныстары жер қабатының ішінде жоғары температурада және үлкен қысым жағдайында пайда болады. Біркелкі кристалды масса пайда болуымен, әр түрлі интрузивті денелер құрып (гранит, сиенит, габбро), тау жыныстарының арасында, балқынды магма біртіндеп суыйды және олар қатаяды. Жер шарындағы материктер 10-20км қалыңдықпен интрузивті тау жыныстар айнала орналасалы.
Балқынды магма жердің бетіне қарай көтеріліп жер қыртысында әр түрлі тереңділікте тығыз әр түрлі формалы суыған кристалды масса құрады.
Олар: балиттер-күмбез тәрізді денелар, алқабы 200км2 жоғары; күмбез-алқабы 200км2–ден аз; лаколиттер- саңырауқұлақ пішінді күмбез, алқабы 200км2 –ден аз; лаколлиттер-саңырауқұлақ пішінді күмбез, алқабы 100-200 ден 3-10км2 –қа дейін; силок-қыртысты тамырлы, шөгінді жыныстардың қыртыстарына қосарланып орналасады (12 сурет).
Эффезивті тау жыныстары төмен қысыммен жоғары температура жағдайында магманың жер бетіне немесе суға төгілуінен пайда болады. Бұл жағдайда магма, аморфты тығыз масса құрып, тез суыйды. Тез суу үрдісінде суып жатқан магмадан шыққан газды өнімдер бөлігі, саңылау сияқты із қалдырады. Эффузивті жыныстар жоғары саңылаулықпен (пемза, жаңартаулы туф), шынылықпен (жанартаулы, әйнек), біріктікпен (базальт) ерекшеленеді. Олардың массасы аморфты және жасырын кристалды, атқылау көзінен түбегейлі күмбез пішінді орналасады. Көп масса төгілгенде қабық пайда болады және ағындардың едәуір алқабын алып жатады, сонымен қатар көлбеулі бетпен ағатын балқынды магманың ағындарымен пайда болатын –ағын пішінді.
12 – сурет. Магмалық жыныстардың пішіндері
Жер бетіне шыққан, магмалық тау жыныстар біртіңдеп үгіледі, ыдырап мүжілу қабатын құрайды. Олардан құралған топырақтар мүжілген қабаттың топырақтары деп аталады. Әр бір тау жынысы, анық геологиялық жағдайда құрылып сыртқы белгілі жиынтықпен сипатталады. Олардың ішінде маңыздысы болып минералогиялық құрамы, құрылысы және түсі болып саналады.
Тау жыныстарының минералогиялық құрамы әр түрлі. Олар бір (мономинералды) немесе бірнеше (полиминералды) минералдардан құрылуы мүмкін. Мономинералды жыныстардың үлгісі болып, жалғыз кальциттен құрылатын мәрмәр, әктас, немесе жалғыз кварцтен құрылатын кварцит саналады. Полиминералды жыныстардың үлгісі болып ортоклаз, слюда, кварц, платиоклаз және мүйіз алдамыш құрылатын гранит болып саналады.
Жыныстардың өте маңызды диагностикалы белгісі болып олардың құрылымы мен құрылысы. Жыныстар құрылым жыныстарды құраған минералдардың бір-бірімен жабысуын және құралған көлемін көрсетеді.
Құрылым пайда болу жағдайын көрсетеді. Интрузивті жыныстарға анық көрінетін түйіршікті (толық кристалды) құрылым тән. Бұл құрылым магма біртіндеп суығанда пайда болады, барлық минералдар біртіндеп және біркелкі кристалданып пайда болады (гранит, габбро).
3-кесте. Магмалық тау жыныстарының құрамындағы SiO2
мөлшеріне байланысты жіктелуі
№ № |
Тау жыныстар топтары ның аты
|
SiO2 мөл шері, % |
Жыныстар түсі
|
Тау жыныстары
|
Минералды құрамы
| |
интрузивтi |
эффузив ті
| |||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
Қышқыл
|
65 |
Қара түсті минкралдар 5-20% шұбар, көбінесе ашық түсті
|
Гранит
|
Пемза, обсидан, жанартау лы туф, липарит |
Калийлы Дала шпаты, кварц, слюда, алдамшы мүйіз. |
2 |
Орта
|
52-65 |
Қара түсті минералдар 35 % |
Сиенит диорит
|
Андезит, трахит, порфирит
|
Ортоклаз, плагиоклаз, биотит, алдамшы мүйіз. |
3 |
Негiзгi |
52-40 |
Қара түстi минералдар 50% |
Габбро, лабро-дор |
Базальт, диабаз |
Плагиоклаз, авгит, оливин |
4 |
Ультра Негізгі |
40 |
Қара түсті минералдар мол
|
Дунит |
Пикрит |
Оливин, биотит, алдамшы мүйіз. |
Эффузивті тау жыныстары жартылай кристалды құрылыммен сипатталады, олар мынандай түрлеге бөлінеді:
Афонитті құрылым-қарапайым көзбен көрінетін, кристаллды дәндердің боомауымен сипатталады.
Порфирлы құрылым – тығыз, ұсақ дәнді немесе шынылы негізгі массамен сипатталады, ішінде бөлек кристалдар көрінеді. Көбінесе бұл кристалдар кварцтан, дала шпатымен (трахит) көрсетіледі.
3) Шынылы құрылым тұтас кристалданып үлгермеген магмалық массадан құрылады.
Тау жынысының құрылысы, яғни жыныстың массасын құратын, минералдардың өзара орналасуы, олардың тығыздық деңгейі.
Магмалық жыныстар құрылысы массивті және борпылдақ болады.
Массивті құрылыс – тұтас, минералдар бір-біріне тығыз байланысты болады, ал борпылдақ құрылыс - қарапайым көзбен көрінетін саңылаулардың болуымен сипатталады (пемза).
Тау жыныстарының түсі әр түрлі және жыныстарды құрушы мен оның массасында жайылған екінші дәрежелі минералдардың түсіне байланысты. Магматикалық жыныстардың түсі олардың минералогиялық құрамына байланысты және әр түрлі – ақ түстен қараға дейін болады. Түсті жыныста көп кездесетін түстен анықтайды.
13 – сурет. Магмалық тау жыныстарында келесі минералдар жиі кездеседі: оливин (алдыңғы жобада), плагиоклаз (сол жақта), мүйізді алдамыш (ортада), далалық шпат және кварц, гранитті пегматит (оң жақта).
Магмалық тау жыныстардың минералогиялық құрамы әр түрлі және магманың құрамы мен суу жағдайына байланысты. Магма суығанда әр түрлі минералдардың біртіндеп кристалдануына әкелетін, ыдырау және дифференсация үрдістері пайда болады.
Барлық магматикалық тау жыныстары құрамында кремнезем кездеседі. Егер минерал құрамында ол көп болса минерал ашық түсті болады, егер аз болса, минерал түсі күңгірт болады.
Барлық магматикалық тау жыныстары құрамындағы SiO2 мөлшеріне байланысты қышқыл орта, негізгі және ультранегізгі топтарға бөлінеді (3 –кесте).