
- •1.1.1. Геология ғылымының дамуының қысқаша тарихы
- •1.2. Жердің пайда болуы, құрылысы мен құрамы.
- •1.2.1. Әлемдік кеңістікте Жердің және Күн жүйесінің орны.
- •1.2. 2. Космогендік гипотезалар
- •1.2.3. Жердің пішіні, физикалық қасиеттері және химиялық құрамы
- •Магнитті еңкейю магнитті стрелканың көкжиекке еңкею бұрышы. Картада бірдей септелулерді жалғастыратын сызықтарды изогон дейді, бірдей еңкеюлерді жалғастыратын нүктелерді изоклин деп атайды
- •1.3 Жердің сыртқы және ішкі қабаттарының құрамы
- •1.3.1. Жердің сыртқы қабаттары
- •1.3.2. Жердің ішкі қабаттары
- •1.4 Минералдар туралы ілім
- •1.4.1. Минералдар және олардың топырақ түзілуіндегі маңызы
- •Туынды (экзогенді) минералдар - жер бетінде, атмосферамен, биосферамен және гидросферамен әрекеттесіп, көбінесе бастапқы минералдардың бұзылуынан пайда болады.
- •1.4.2.Заттардың кристаллдық және аморфты құрылымы
- •1.4.3. Минералдардың физикалық қасиеттері
- •1.4.5. Минералдардың негізгі класстарын сипаттау
- •1.5. Тау жыныстары.
- •1.5.1. Магмалық тау жыныстары
- •1.5. 2. Шөгінді тау жыныстары
- •1.5.3. Метаморфты тау жыныстары.
- •1.6. Геологиялық құбылыстар
- •1.6.1 Жер қабығының негізгі геологиялық құрылымы мен оның ерекшелігі
- •1.6.2. Геотектоникалық гипотезалар
- •1.6. 3. Эндогенді және экзогенді үрдістер
- •1.6.4. Эндогенді үрдістер
- •1.6.5. Экзогенді үрдістер
- •1.7. Жер шарының геологиялық тарихы
- •1.7.1. Тау жыныстарының абсолютты жасы
- •1.7.2. Тау жыныстарының салыстырмалы жасы
- •1.7.3. Геохронологиялық шкала
- •1.7.4. Төрттік кезеңдегі жер қабығының даму ерекшеліктері
- •1.7.5. Геоморфология туралы негізгі мәліметтер
- •1.7. 6. Геологиялық карта.
- •3.15. Топырақтарды агроөндісітік топтарға бөлу және бонитировкалау
- •3.15.1.Топырақтарды агроөндiрiстiк топтарға бөлу
- •3.15.2. Топырақ бонитировкасы
- •2.1.Топырақтану пәні жєне оныњ міндеттері
- •2.1.1.Топырақ ерекше табиғи дене
- •2.1.2. Топырақтың табиғаттағы орны мен маңызы
- •2.1.3.Топырақтың адам өміріндегі алатын орны
- •2.1.4. Топырақтың экологиялық қызметі
- •2.1.5. Топырақтанудың басқа ғылымдармен байланысы, оның басты ғылыми салалары, зерттеу әдістемелері
- •2.1.6. Топырақтану ғылымының даму тарихы
- •Қазақстан топырақтарын зерттеу тарихына қысқаша шолу
- •2.2.1. Топырақ құралу үрдістері
- •2.2.2. Топырақтың морфологиялық белгілері
- •2. 3. Топырақтың минералды бөлігі
- •2. 3.1. Топырақтың қ±рамды бµліктері
- •2.3.2. Минералдық бөліктің құрамы
- •2. 3. 3. Гранулометриялық ќ±рамы
- •Ќарай жіктеу
- •Бақылау сұрақтары
- •2.4. Топырақтың органикалыќ бµлігі
- •2.4.1. Қарашіріндініњ т‰зілуі
- •2.4.2. Қарашіріндініњ мµлшері
- •2.4.3. Топыраќтыњ органикалыќ бµлігініњ маңызы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.5. Топырақтың химиялыќ ќ±рамы
- •2.5.2. Топырақтағы химиялық қосылыстар
- •Бақылау сұрақтары
- •2.6 Топыраќтыњ сіњіру қабілеті
- •2.6.1. Топыраќ коллоидтары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.7. Топырақтың түйіртпектілігі
- •2.7.1. Топыраќтыњ түйіртпектілігі жєне оныњ агрономиялық мањызы
- •2.7.2. Түйіртпектің пайда болуы және оны жақсарту жолдары
- •2.8.2. Топыраќтыњ жалпы физикалыќ жєне физикалыќ – механикалыќ ќасиеттері
- •2. 8.1. Жалпы физикалық қасиеттері
- •2.8.2. Физикалық- механикалық қасиеттері
- •Топтарѓа жіктеу (5)
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топыраќтаѓы ылѓал
- •2.9.1. Топырақтағы ылғалдың категориялары, түрлері
- •2.9.2.Топыраќтыњ ылѓалдылыќ ќасиеттері
- •2.9.3. Топыраќтаѓы ылѓалдыњ µсімдіктерге тиімділігі жєне т±раќты ылѓалдыќ кµрсеткіштері
- •2.9.4. Топыраќтыњ су режимі жєне оны реттеу жолдары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топырақтың ауасы және жылу режимі
- •2.9.1. Топырақтың ауасының маңызы, құрамы, құбылымы
- •2.9.2.Топырақтың жылу режимі
- •Бақылау сұрақтары
- •2.10. Топырақ ерітіндісі және тотығу-тотықсыздану үрдістері
- •2.10.1. Топырақ ерітіндісінің құрамы, қасиеттері
- •2.10.2. Тотығу- тотықсыздану үрдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •2.11. Топырақ құнарлылығы
- •2.11.2. Топырақ құнарлылығының түрлері
- •2.11.2 Топырақ құнарлылығын өндіру
- •2.11.3. Құнарлылықтың өзгеруі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1.Топырақ жаратылысының факторлары
- •3.1.1. Аналық тау жыныстары
- •3.1.2. Климат
- •3.1.3. Биологиялық фактор
- •3.1.4. Жер бедері. Аймақтыњ геологиялық жасы
- •3.1.5. Адамзат қоғамының әсері
- •3.2. Топырақтардың жіктелуі, географиялық таралу заңдылықтары
- •3.2.1. Топырақтарды жіктеудің принциптері, таксономиялық бірліктер
- •3.2.2. Қазақстан топырақтарын жіктеу жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.2.2. Топырақтардың таралу заңдылықтары
- •3.2.3. Топырақ жамылғысы құрылымы
- •3.2.4. Қазақстанның топырақ-географиялық аймақтары
- •3.3. Тайгалы-орман аймағының топырақтары
- •3.3.1. Топырақ құралу жағдайлары
- •3.3.3. Шымды топырақтар
- •3.3.4. Шымды –күлгін топырақтар
- •3.4. Батпақты топырақтар
- •3.5. Жалпақ жапырақты ормандардың қоңыр топырағы
- •3.6. Орманды - дала және дала аймақтары топырақтары
- •3.6.1. Орманды-дала аймағының сұр ормандық топырағы
- •3.6.2. Орманды- дала және дала аймақтарының қара топырақтары
- •3.6.4. Қара топырақтың типшелері
- •3.8. Қуаң дала және шөл дала аймағының қара қоңыр топырақтары
- •3.7.1. Қара-қоңыр топырақтың морфологиялық белгілері және генезисі
- •3.7.2. Қара-қоңыр топырақтың классификациясы
- •3.8. Тұзданған топырақтар
- •3.8.1. Сор топырақтар
- •3.8.1. Кебір топырақтар
- •3.8.3. Шақат топырақтар
- •Бақылау сұрақтары
- •3.9. Шөл аймағының топырақтары
- •3.9.1. Қоңыр топырақтың жаратылуы және морфологиялық белгілері, қасиеттері
- •3.9.2. Тақырлар мен тақыртәріздес топырақтар
- •3.9.3. Шөл аймағы топырақтары жамылғысы құрылымы және оларды пайдалану ерекшеліктері
- •3.10. Тау етегінің шөлді –дала аймағының топырақтары
- •3.11. Ылғалды субтропика аймағының топырақтары
- •3.12. Өзен жайылмасы топырақтары
- •3.13. Таулы өлке топырақтары
- •3.13.1. Қазақстандағы Тянь-Шань және Алтай таулары топырақтары
- •13.3.2. Кавказ таулары топырақтары
- •3.13.3. Қырым және Карпат таулары топырақтары
- •3.14. Топырақ эрозиясы және олармен күресу жолдары
- •3.14.1. Қазақстанның жер қоры және оның экологиялық мәселелері
- •3.14.2. Топырақ эрозиясының түрлері және олардың зияны
- •3.14.3. Топырақтың жел және су эрозиясына шалдығу
- •3.14.4. Топырақты қорғау
- •3.14.5. Топырақ рекультивациясы
- •Бақылау сұрақтары
- •3.16. Дүние жүзі жер қоры және топырақтарының қысқаша сипаттамасы
- •3.16.1. Тропикалық белдеудің топырақ жамылғысы
- •3.16.2.Тропикалық ксерофиттті –орман және саванна аймақтары
- •3.16.3. Субтропика белдеуінің топырақтары
- •3.16.4. Суббореалды белдеудің топырақтары
- •3.16.5. Бореалдық белдеудің топырақтары
- •3.16.6. Полярлық белдеуінің топырақтары
- •Е) гумин және фульвоқышқылдар бірдей мөлшерде
3.8. Тұзданған топырақтар
Қазақстанның жазықтық жерінде аймақтық топырақ типтерімен қатар аймақаралық (интрааймақтық) топырақтар кездеседі. Олар сор, кебілер және ылғалды шақат топырақтар. Бұл топырақтардың жекелей үлкен ауданды алып орналасуы сирек байқалады. Көбінесе олар шамалы ауданды алып аймақтық топырақтар ішінде кездесіп, кешенді немесе үйлесушілікті топырақ жымылғысы құрылымын құрайды. Сонымен бірге кебірлер және сортаң топырақтар бірнеше топырақ аймақтары ішінде таралып кездесе береді. Бұл топырақтар құрамында тұздар көп, сондықтан тұзданған топырақтар қатарына жатады.
3.8.1. Сор топырақтар
Сор топырақ деп 0-30 см қабатында 0,6%-дан артық сода, немесе 1%-дан артық хлоридтер, немесе 2%-дан артық сульфаттар бар топырақтарды айтамыз. Яғни тұзы мол топырақтарды сортаң дейміз. Тұзы мол топырақтар дегеніміз-тұз топырақта өсуге бейімделмеген, өсімдіктер үшін зардапты мөлшерде құрамында ерігіш тұздары бар топырақтар.
Қазақстанның жазықтық жерінде сор (сортаң) топырақтар төмен орналасқан нашар құрғатылған алқаптарда, ащы көлдердің жағалауында, өзендер аңғарында, көне өзен, теңіз террасаларында, кеуіп тартылып қалған көлдер орнында кездеседі.
Сортаң топырақтар мол мөлшерде тұздардың жиналуы әсерінен яғни сортаңдану процесі ықпалынан түзіледі. Сортаң топырақ түзілуі үшін біріншіден, ландшафта еркін күйінде тұздар пайда болуы, ал екіншіден, олардың топырақта жиналуы байқалуы керек.
Топырақ құрамына тұздардың түсу көздері келесідей:
тау жыныстарының үгілу процестерінің өнімдері;
құрамында тұздары мол аналық тау жыныстары;
жанартаулардың өнімдері;
желмен теңіздерден ұшып жер бетіне тұздар түсуі;
атмосферадан түсетін ылғалмен келуі;
минералданған (тұзы бар) ыза сулардың жер бетіне жақын
орналасып физикалық немесе өсімдіктер арқылы булануы;
құрамында көп күлі және Na,Cl,S элементтері бар өсімдіктер ықпалы;
қайта сортаңдану процесі (суландыру тәсілдерін дұрыс қолданбағанда адам әрекетінен жүретін құбылыс).
Жер бетіне тұздардың түсуі көп мөлшерде байқалады, бірақта сортаң топырақтардың алып жатқан жер ауданы онша көп емес. Өйткені, пайда болған тұздардың топырақта жиналуына жағдайлар әрқашанда бола бермейді.
Топырақтарда тұздардың жиналуы атмосферадан түсетін ылғалдың және оның булану мөлшеріне байланысты. Егер булану мөлшері түсетін ылғал мөлшерінен артық болса ғана топырақта тұздар жиналады. Ал керісінше болған жағдайда топырақта шайылмалы ылғал режимі қалыптасып тұздар жиналмай, астыңғы терең қабаттарына өтіп кетеді. Әсіресе тұздар топырақта шөл, шөлейт аймақтарда мол жиналады.
Тұздардың жиналуына жер бедері де әсер етеді. Ойпат жерлерде сумен шайылған тұздар жиналады, ал дөң, көтеріңкі жер бедері бар алқаптар сумен шайылып тұздан тазарады.
Құрамында тұздары мол ыза су буланғанда топырақ кескінінде әр гектарға 500т тұз жиналуы, ал сортаңда өсетін өсімдіктер ыдырағанда әр гектарға 0,5т тұз түсуі мүмкін
39-сурет. Шақат (1), кебір (2), және сортаң (3) топырақтар
Сор топырақтың айрықша морфологиялық белгілері келесідей:
топырақтың тік кескінінің өн бойында жеңіл еритін тұздар жиынтығының белгілері болады, соның әсерінен топырақ қабаттарының түсі ақшылт тартады;
генетикалық қабаттарға әлсіз жіктеледі;
тұз қышқылы ерітіндісінен топырақ үстінгі бетінен бастап қайнайды;
топырақ үстінде 0,5-1 см тұз қабыршақ болуы мүмкін.
Кейде тұздар топырақтың үстінгі бетіне жиналып қар сияқты ағарып жатады.
Сор топырақтың өсімдік жамылғысы кедей болады. Онда тұзға төзімді галофит өсімдіктер (кермек, қара жусан, ши) өсіп, оның бетін 20-40%-ға дейін жабады. Кейде олардың үстінде тұзға төзімді астық тұқымдас шөптер өседі, ал өте тұзы көп сор топырақта өсімдік жамылғысы болмайды.
Сор топырақтың А қабаты жұқа болады. Одан кейін жеңіл еритін тұздар жиналған В қабаты орналасады. Осы қабат біртіндеп аналық тау жынысы қабатына ауысады (39-сурет). Құрылысы: А-В-С.
Бұл топырақта қарашірінді мөлшері аз болады, үстіңгі қабатта оның мөлшері 0,5-1,5%, ал астынғы қабаттарда оның мөлшері күрт төмендейді. Азот және басқа қоректік элементтермен аз қамтамасыз етілген. Топырақ ортасының реакциясы сілтілі, алмаспалы сіңген катиондар көлемі 100г топырақта 10-20 м-экв., олардың құрамында Na, Mg иондары басым.
Бейтарап тұздармен сортаңданған топырақтардың физикалық ылғалдылық қасиеттері жаман емес, өйткені, бейтарап тұздар топырақта коагуляция процесінің жүріп, жақсы микроқұрылым пайда болуына ықпалын тигізіп, топырақтың кеуектілігін және су өткізгіштігін жақсартады. Ал сілтілі тұздармен сортаңдаған топырақтардың қасиеттері өте қолайсыз болады. Сілтілі топырақ реакциясы коллоидтарды бұзып, топырақтың құрылымсыз болуына әсерін тигізеді. Құрғак кезде бұл өте тығыздалған кесектерге жарылады, ал ылғалданғанда топырақ беті езіліп кетеді.
Сортаң топырақтар автоморфты және гидроморфты типтерге бөлінеді. Автоморфты сортаң топырақ екі типшеге бөлінеді. Олар: нағыз және тақырланған сортаң. Гидроморфты сортаңдар келесі типшелерге бөлінеді:
- нағыз сортаң
шалғындық сортаң
батпақты сортаң
сор топырақ
жанартаулы- батпақты сортаң
төмпешікті сортаң
Сортаң топырақтар тектерге тұздардың құрамына және тұздардың пайда болу жағдайына байланысты жіктеледі.
Сортаңдар түрлерге, тік кескінінде тұздардың жиналу сипатына байланысты 2-түрге бөлінеді:
үстінен сортаңданған (тұздар 0-30 см үстіңгі қабатта жиналған);
терең сортаңданған (тұздар оның тік кесінінде үстінен бастап терең астынға қабаттарына дейін жиналған (40- сурет).
Сонымен бірге үстінгі қабатының морфологиялық белгілеріне байланысты сортаңдар келесі түрлерге бөлінеді:
қабыршақты (NaCl тұзы әсерінен қабыршақ пайда болады);
үлпілдеген (Na2SO4 тұзы әсерінен үлпілдек кристалдар пайда болған);
ылғалданған (CaCl2 және MgCl2 ылғал жұтқыш тұздары болып, әрқашан ылғалды болады);
қара сортаң (Na2CO3- тұзы әсерінен қарашірінді еріп топырақтың тік кескіні қараға боялған).
Сортаң топырақты жақсартуға өте көп қаражат керек. Сондықтан оларды қазіргі уақытта Қазақстанда жақсартып игермейді. Кейбір аудандарда оның үстінде біршама өсімдік жамылғысы болса-мал жайылымы ретінде пайдаланады.
40-сурет. Үстінен сорланған (А) және терең сорланған (Б) сортаң топырақтардың тұз жиналу кескінінің сипаты (23)