
- •1.1.1. Геология ғылымының дамуының қысқаша тарихы
- •1.2. Жердің пайда болуы, құрылысы мен құрамы.
- •1.2.1. Әлемдік кеңістікте Жердің және Күн жүйесінің орны.
- •1.2. 2. Космогендік гипотезалар
- •1.2.3. Жердің пішіні, физикалық қасиеттері және химиялық құрамы
- •Магнитті еңкейю магнитті стрелканың көкжиекке еңкею бұрышы. Картада бірдей септелулерді жалғастыратын сызықтарды изогон дейді, бірдей еңкеюлерді жалғастыратын нүктелерді изоклин деп атайды
- •1.3 Жердің сыртқы және ішкі қабаттарының құрамы
- •1.3.1. Жердің сыртқы қабаттары
- •1.3.2. Жердің ішкі қабаттары
- •1.4 Минералдар туралы ілім
- •1.4.1. Минералдар және олардың топырақ түзілуіндегі маңызы
- •Туынды (экзогенді) минералдар - жер бетінде, атмосферамен, биосферамен және гидросферамен әрекеттесіп, көбінесе бастапқы минералдардың бұзылуынан пайда болады.
- •1.4.2.Заттардың кристаллдық және аморфты құрылымы
- •1.4.3. Минералдардың физикалық қасиеттері
- •1.4.5. Минералдардың негізгі класстарын сипаттау
- •1.5. Тау жыныстары.
- •1.5.1. Магмалық тау жыныстары
- •1.5. 2. Шөгінді тау жыныстары
- •1.5.3. Метаморфты тау жыныстары.
- •1.6. Геологиялық құбылыстар
- •1.6.1 Жер қабығының негізгі геологиялық құрылымы мен оның ерекшелігі
- •1.6.2. Геотектоникалық гипотезалар
- •1.6. 3. Эндогенді және экзогенді үрдістер
- •1.6.4. Эндогенді үрдістер
- •1.6.5. Экзогенді үрдістер
- •1.7. Жер шарының геологиялық тарихы
- •1.7.1. Тау жыныстарының абсолютты жасы
- •1.7.2. Тау жыныстарының салыстырмалы жасы
- •1.7.3. Геохронологиялық шкала
- •1.7.4. Төрттік кезеңдегі жер қабығының даму ерекшеліктері
- •1.7.5. Геоморфология туралы негізгі мәліметтер
- •1.7. 6. Геологиялық карта.
- •3.15. Топырақтарды агроөндісітік топтарға бөлу және бонитировкалау
- •3.15.1.Топырақтарды агроөндiрiстiк топтарға бөлу
- •3.15.2. Топырақ бонитировкасы
- •2.1.Топырақтану пәні жєне оныњ міндеттері
- •2.1.1.Топырақ ерекше табиғи дене
- •2.1.2. Топырақтың табиғаттағы орны мен маңызы
- •2.1.3.Топырақтың адам өміріндегі алатын орны
- •2.1.4. Топырақтың экологиялық қызметі
- •2.1.5. Топырақтанудың басқа ғылымдармен байланысы, оның басты ғылыми салалары, зерттеу әдістемелері
- •2.1.6. Топырақтану ғылымының даму тарихы
- •Қазақстан топырақтарын зерттеу тарихына қысқаша шолу
- •2.2.1. Топырақ құралу үрдістері
- •2.2.2. Топырақтың морфологиялық белгілері
- •2. 3. Топырақтың минералды бөлігі
- •2. 3.1. Топырақтың қ±рамды бµліктері
- •2.3.2. Минералдық бөліктің құрамы
- •2. 3. 3. Гранулометриялық ќ±рамы
- •Ќарай жіктеу
- •Бақылау сұрақтары
- •2.4. Топырақтың органикалыќ бµлігі
- •2.4.1. Қарашіріндініњ т‰зілуі
- •2.4.2. Қарашіріндініњ мµлшері
- •2.4.3. Топыраќтыњ органикалыќ бµлігініњ маңызы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.5. Топырақтың химиялыќ ќ±рамы
- •2.5.2. Топырақтағы химиялық қосылыстар
- •Бақылау сұрақтары
- •2.6 Топыраќтыњ сіњіру қабілеті
- •2.6.1. Топыраќ коллоидтары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.7. Топырақтың түйіртпектілігі
- •2.7.1. Топыраќтыњ түйіртпектілігі жєне оныњ агрономиялық мањызы
- •2.7.2. Түйіртпектің пайда болуы және оны жақсарту жолдары
- •2.8.2. Топыраќтыњ жалпы физикалыќ жєне физикалыќ – механикалыќ ќасиеттері
- •2. 8.1. Жалпы физикалық қасиеттері
- •2.8.2. Физикалық- механикалық қасиеттері
- •Топтарѓа жіктеу (5)
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топыраќтаѓы ылѓал
- •2.9.1. Топырақтағы ылғалдың категориялары, түрлері
- •2.9.2.Топыраќтыњ ылѓалдылыќ ќасиеттері
- •2.9.3. Топыраќтаѓы ылѓалдыњ µсімдіктерге тиімділігі жєне т±раќты ылѓалдыќ кµрсеткіштері
- •2.9.4. Топыраќтыњ су режимі жєне оны реттеу жолдары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топырақтың ауасы және жылу режимі
- •2.9.1. Топырақтың ауасының маңызы, құрамы, құбылымы
- •2.9.2.Топырақтың жылу режимі
- •Бақылау сұрақтары
- •2.10. Топырақ ерітіндісі және тотығу-тотықсыздану үрдістері
- •2.10.1. Топырақ ерітіндісінің құрамы, қасиеттері
- •2.10.2. Тотығу- тотықсыздану үрдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •2.11. Топырақ құнарлылығы
- •2.11.2. Топырақ құнарлылығының түрлері
- •2.11.2 Топырақ құнарлылығын өндіру
- •2.11.3. Құнарлылықтың өзгеруі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1.Топырақ жаратылысының факторлары
- •3.1.1. Аналық тау жыныстары
- •3.1.2. Климат
- •3.1.3. Биологиялық фактор
- •3.1.4. Жер бедері. Аймақтыњ геологиялық жасы
- •3.1.5. Адамзат қоғамының әсері
- •3.2. Топырақтардың жіктелуі, географиялық таралу заңдылықтары
- •3.2.1. Топырақтарды жіктеудің принциптері, таксономиялық бірліктер
- •3.2.2. Қазақстан топырақтарын жіктеу жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.2.2. Топырақтардың таралу заңдылықтары
- •3.2.3. Топырақ жамылғысы құрылымы
- •3.2.4. Қазақстанның топырақ-географиялық аймақтары
- •3.3. Тайгалы-орман аймағының топырақтары
- •3.3.1. Топырақ құралу жағдайлары
- •3.3.3. Шымды топырақтар
- •3.3.4. Шымды –күлгін топырақтар
- •3.4. Батпақты топырақтар
- •3.5. Жалпақ жапырақты ормандардың қоңыр топырағы
- •3.6. Орманды - дала және дала аймақтары топырақтары
- •3.6.1. Орманды-дала аймағының сұр ормандық топырағы
- •3.6.2. Орманды- дала және дала аймақтарының қара топырақтары
- •3.6.4. Қара топырақтың типшелері
- •3.8. Қуаң дала және шөл дала аймағының қара қоңыр топырақтары
- •3.7.1. Қара-қоңыр топырақтың морфологиялық белгілері және генезисі
- •3.7.2. Қара-қоңыр топырақтың классификациясы
- •3.8. Тұзданған топырақтар
- •3.8.1. Сор топырақтар
- •3.8.1. Кебір топырақтар
- •3.8.3. Шақат топырақтар
- •Бақылау сұрақтары
- •3.9. Шөл аймағының топырақтары
- •3.9.1. Қоңыр топырақтың жаратылуы және морфологиялық белгілері, қасиеттері
- •3.9.2. Тақырлар мен тақыртәріздес топырақтар
- •3.9.3. Шөл аймағы топырақтары жамылғысы құрылымы және оларды пайдалану ерекшеліктері
- •3.10. Тау етегінің шөлді –дала аймағының топырақтары
- •3.11. Ылғалды субтропика аймағының топырақтары
- •3.12. Өзен жайылмасы топырақтары
- •3.13. Таулы өлке топырақтары
- •3.13.1. Қазақстандағы Тянь-Шань және Алтай таулары топырақтары
- •13.3.2. Кавказ таулары топырақтары
- •3.13.3. Қырым және Карпат таулары топырақтары
- •3.14. Топырақ эрозиясы және олармен күресу жолдары
- •3.14.1. Қазақстанның жер қоры және оның экологиялық мәселелері
- •3.14.2. Топырақ эрозиясының түрлері және олардың зияны
- •3.14.3. Топырақтың жел және су эрозиясына шалдығу
- •3.14.4. Топырақты қорғау
- •3.14.5. Топырақ рекультивациясы
- •Бақылау сұрақтары
- •3.16. Дүние жүзі жер қоры және топырақтарының қысқаша сипаттамасы
- •3.16.1. Тропикалық белдеудің топырақ жамылғысы
- •3.16.2.Тропикалық ксерофиттті –орман және саванна аймақтары
- •3.16.3. Субтропика белдеуінің топырақтары
- •3.16.4. Суббореалды белдеудің топырақтары
- •3.16.5. Бореалдық белдеудің топырақтары
- •3.16.6. Полярлық белдеуінің топырақтары
- •Е) гумин және фульвоқышқылдар бірдей мөлшерде
3.2.4. Қазақстанның топырақ-географиялық аймақтары
Қазақстан жер ауданы жағынан әлемдегі ірі мемлекеттер қатарына жатады. Ол осы көрсеткіші бойынша ТМД елдері ішінде екінші, ал бүкіл әлем мемлекеттері ішінде тоғызыншы орында.
Еліміз терістігінен оңтүстігіне дейін 1600, ал батысынан шығысына дейін 3000 км-ге созылған кеңістікті алып жатыр. Осындай ұлан байтақ аумақта орналасқандықтан елімізде кең алқапты жазықтық жерлер және сонымен бірге биіктігі әр түрлі болып келетін таулы өлкелер де кездеседі.
Қазақстанның жазықтық жерінде топырақтардың таралуы көлденен аймақтық топырақ таралу заңдылығына сәйкес, ал таулы өлкелерде топырақтардың тік биіктік белдеу болып таралу заңдылығына сәйкес қалыптасқан. Республикамыздың жазықтық жері аумағында солтүстіктен оңтүстікке дейін ендік бағытта төрт табиғи аймақтар кезектесіп орналасқан. Олар келесідей: орманның сұр топырағы бар, сілтісізденген қара топырақпен шалғынды қара топырақты жеткілікті ылғалданған орманды дала; қара топырақты дала; қара қоңыр топырақты құрғақ дала және шөл дала (шөлейт); қоңыр және сұр-қоңыр топырақты шөл аймақтары (33-сурет).
Сұр ормандық топырақ, сілтісізденген қара топырақ және шалғынды қара топырақ жамылғысы бар жеткілікті ылғалданған орманды дала аймағы. Ауданы 0,4 млн. га. Солтүстік Қазақстан облысының қиыр терістігінде, солтүстік ендіктің 550-нен жоғары орналасқан кішкене аумақты алып жатыр. Бұл Батыс Сібір жазықтығының оңтүстік бөлігіне орналасқан Қазақстанның жазықтық жерінің ең салқын және ылғалды аймағы. Жер бедері ойпатты жазықтық болып келеді.Топырақ түзуші тау жыныстарының басым бөлігі төрттік дәуірдің аллювиалді-көл саздақтары.
Жер бетінің ойпатты келіп, әлсіз құрғатылуы себебінен топырақтың ылғалдылығы артып, шалшықтар мен батпақтардың пайда болып шалғында қара топырақтардың түзілуі осы аймақта жиі кездеседі.
Қара топырақты дала аймағы. Ауданы 25,4 млн. га. Биоклиматтық көрсеткіштеріне, негізгі және қосалқы топырақ түзілу процестері сипатына байланысты аймақ екі аймақшаға бөлінеді. Олар-кәдімгі қара топырақты ылғалдылығы жеткілікті дала және оңтүстік қара топырақты ылғалдылығы жеткіліксіз дала.
Кәдімгі қара топырақты ылғалдылығы жеткілікті дала аймақшасы 53-550 солтүстік ендіктер аралығында орналасқан. Ауданы 12,0 млн.га. Бұл аймақша Солтүстік Қазақстан облысының түгелдей дерлік жер ауданын, Қостанай және Ақмола облыстарының терістігіндегі аудандарды алып жатыр.
Осы аймақшада еліміздің құнарлы, егіншілікке жарамды топырақтары орналасқан. Олар түгелдей жыртылып игерілген. Астық шаруашылығы өндірісінің негізгі көлемі осы аймақшада дамыған.
Оңтүстік
қара топырақты ылғалдылығы жеткіліксіз
дала аймақшасы солтүстік
ендіктің 52030/-53030/бойында
орналасқан. Аймақшаның ауданы 13,4 млн.га.
Ол Қостанай, Ақмола облыстарының орталық
және солтүстік бөліктерін, Павлодар,
Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының
қиыр солтүстігінде таралған.
Осы аймақшада егіншілік шаруашылығымен қатар ет-сүт өндіретін мал шаруашылығы жақсы дамыған.
Қара-қоңыр топырақты қуаң дала және шөл дала (шөлейт) аймағы еліміздің жалпы жер ауданының 38,6% алады. Ауданы 90,4 млн.га. Ол 48 және 520 солтүстік ендіктер аралығында орналасқан. Бұл аймақ Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарының көп жерін, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының бірталай жерін алып жатыр.
Топырақ түзуші экологиялық факторлардың кейбір өзгешеліктерінің болуына байланысты аймақ үш аймақшаға бөлінеді.
Олар: күңгірт қара- қоңыр топырақты құрғақтау дала; нағыз қара қоңыр топырақты құрғақ дала; ашық қара-қоңыр топырақты шөл дала (шөлейт).
Күңгірт қара-қоңыр топырақты қуаң дала аймақша аймақтың солтүстік бөлігінде орналасқан. Ауданы 27,7 млн.га.
Топырақ жамылғысының негізін күңгірт қара-қоңыр топырақ құрайды. Ол аймақша ауданының 50%-дан артық жерінде кездеседі. Сонымен бірге сортаңданған, кебірленген топырақтар да жиі тараған. Олар топырақ жамылғысы құрылымының 40% қамтиды. Аймақшада астық және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру дамыған.
Аймақшаның негізгі топырағы нағыз қара-қоңыр топырақ. Ол аймақша ауданының 50% алып жатыр. Сонымен бірге нағыз қара-қоңыр топырақтың кебірлермен жиынтығыда мол тараған. Олар топырақ жамылғысының 40% құрайды. Ойпатты және тұзданған аналық тау жыныстары бар жерлерде шалғынды нағыз қара-қоңыр топырақтар, кебірлер мен сор топырақтар кездеседі.
Аймақшада мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысу мүмкіндігі бар.
Ашық қара-қоңыр топырақты шөл дала аймақшасы 47030/-50030/ солтүстік ендіктер аралығында орналасқан. Ауданы 38,4 млн га. Батысында Каспий маңы ойпатының солтүстігінен басталып шығысында Алтай және Тарбағатай таулары бөктерлеріне дейін созылып жатыр. Аймақшада қуаншылық жағдай аса дамығандықтан дәнді-дақылдар өнімділігі өте төмен. Сондықтан бұл аймақшада мал шаруашылығын дамыту басты бағыт болуы тиіс.
Қоңыр топырақты шөл аймағы солтүстік жарты шардың 410-480 (кей ауданда 490) ендіктері аралығында орналасқан. Ол батыстан шығысқа дейін 2800 км-ге, ал солтүстіктен оңтүстікке қарай 850 км-ге созылған кең өңірді алып жатыр. Ауданы 119,4 млн.га, немесе Республика жер ауданының 43,8% құрайды.
Бұл аймақ Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының түгел жерін, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс-Қазақстан облыстарының біраз жерін, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының басым көпшілік жерлерін алып жатыр. Аймақ қоңыр топырақты солтүстік шөл және сұр-қоңыр топырақты орталық шөл аймақшаларына бөлінеді.
Қоңыр топырақты солтүстік шөл аймақшасы 57,4 млн.га жерге орналасқан. Ол Каспий маңы ойпатының және Орал үстіртінің оңтүстік бөлігін, Маңғыстаудың біраз бөлігін, Сарыарқаның оңтүстік беткейін алып жатыр.
Топырақ жамылғысы құрылымның 53% құба топырақтар, 15%-кебірлер, 14,9% құмдар, 8% сор және 5% гидроморфты топырақтар құрайды.
Сұр-қоңыр топырақты орталық шөл аймақшасы батысында Каспий теңізі жағалауынан (Маңғыстау үстіртінен) басталып шығысында Балқаш–Алакөл ойпатына дейін созылған кең алқапты алады. Оның ауданы 61,8млн. га. Аймақшаның басым бөлігі аллювиальді-жазықтықтарда, біраз бөлігі Маңғыстау, Үстірт, Бетпақдала көтеріңкі жазықтықтарында (үстірттерде) орналасқан.
Топырақ жамылғысы құрылымында сұр-құба топырақ 44,6%, құм және құмды шөл топырағы-30,2, тақырлар мен тақырлау топырақтар-11,0 кебірлер мен сорлар-8 және гидроморфты топырақтар 6% үлес алады.
Қоңыр және сұр-қоңыр топырақты шөл аймағында мал шаруашылығын дамытуға жағдай бар. Егін шаруашылығы өзен аңғарларында суармалы егістік ретінде шамалы дамыған
Таулы алқаптар топырақтары Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығысында 40-500 солтүстік ендіктер аралығында 2500км-ге созылып орналасқан. Аумағы 37 млн.га немесе республика жер аумағының 13,6% (К.Ш.Фаизов ж.б.,2001). Шығыс Қазақстанда Алтай таулары, Алматы облысында Жоңғар және Іле Алатаулары, Жамбыл облысында Қырғыз Алатауы, Оңтүстік Қазақстан облысында Қазығұрт пен Қаратау таулары орналасқан.
Таулы аймақтың ерекшелігі-топырақтардың тік (биіктік) аймақтық таралуы заңдылығына сәйкес тау беткейлерінде белдеулене орналасуы болып табылады. Тау етегінен беткеймен жоғары көтерілген сайын, климаты мен өсімдік жамылғысы өзгеруіне байланысты топырақ жамылғысыда өзгеріп отырады. Таулы алқаптар топырақтарына қысқаша сипаттама беру үшін белдеулік аймақтар түгел кездесетін Іле Алатауын мысалға алып қарастыру ыңғайлы (Бигалиев А., ж.т.б.,1995).
Таулы алқаптардың етегінде ені әр жерде әр түрлі болып келетін тау етегіндегі шөлді дала аймағы орналасады. Жазықтағы шөлді дала аймақшасына қарағанда тау етектерінде жатқандықтан бұл аймақта ылғал мөлшері молырақ болады. Жылдық ылғалдың түсуі 250-360 мм-ге жетеді. Ылғал көбінесе жылдың көктемгі және қысқы айларында түседі. Бұл аймақтың топырағы негізінен боз топырақтар. Таудан алыс жерлерде ашық түсті боз топырақтар, одан кейін тауға жақындау нағыз боз топырақтар, ал тауға ең жақын күңгірт түсті боз топырақтар және ашық қара қоңыр топырақтар орналасады. Тау етегі шөлді дала аймағынан биігірек алқапта аласа таулы дала аймағы басталады. Жыл ішінде түсетін ылғал мөлшері біршама жақсарып 460-780 мм-ге жетеді. Ауа температурасының белсенді жылу қосындысы 2500-31000 болады. Жердің биіктігі өсуіне байланысты ылғал мөлшерінің артуы және ауа температурасының жеткілікті болуы әсерінен шөптесін өсімдіктердің өніп-өсуі жақсарады. Сондықтан бұл аймақта қара-қоңыр және қара топырақ дамып, таралған.
Аласа таулы дала аймағынан биігірек орташа-таулы орманды-дала және орманды белдеу орналасқан. Бұл аймақта жылдық жауын-шашын мөлшері тағыда ұлғайып 840-880мм-ге дейін өседі, бірақ ауа температурасының салқындауы байқалады. Ауаның белсенді температурасыныың мөлшері 860-8800-қа дейін төмендейді. Бұл белдеуде қара топырақ және күңгірт қара-сұр орманның топырағы қалыптасқан. Биік таулы-шалғынды және шалғынды дала белдеуі Іле Алатауында (Солтүстік Тянь-Шань жотасы) 2800-3800м биіктікте орналасқан. Бұл белдеуде альпілік және субальпілік шалғынды өсімдік жамылғысы дамыған. Осы шалғындар астында таудың шалғынды және таудың шалғынды-далалық топырақтары қалыптасады. Бұлар таулы өлкенің, жазықтық жерде кездеспейтін, ерекше топырағы. Бұл белдеудің климаты салқын. Ауаның жылдық орташа температурасы 0,8-1,00С, жыл ішінде ауаның 100-тан жоғары температурасы бар күндер саны 57-60. Бір жылда түсетін ылғал мөлшері 730-750 мм.
Бақылау сұрақтары
1. Топырақтардың табиғатта таралуының жалпы заңдылықтарын атап, сипаттама беріңіз.
2. Топырақ жамылғысы құрылымы деген ұғымды қалай түсінесіз? Анықтама беріп көріңіз.
3. Жеке топырақ алабы (ЖТА) дегеніміз не?
4. Топырақ кешендері, топырақ үйлесушіліктері деген ұғымдарға сипаттама беріңіз.
5.Топырақ жамылғысы құрылымының микро, мезо және макрокомбинациялары туралы түсініктеме беріңіз.
6.Қазақстанның жазықтық жерінде қандай топырақ-географиялық аймақтар бар? Олардың алып жатқан ауданын атаңыз.
7.Таулы өлке топырақтары Қазақстанның қандай өңірлерінде мол тараған? Олардың алып жатқан жер ауданы қанша?