
- •1.1.1. Геология ғылымының дамуының қысқаша тарихы
- •1.2. Жердің пайда болуы, құрылысы мен құрамы.
- •1.2.1. Әлемдік кеңістікте Жердің және Күн жүйесінің орны.
- •1.2. 2. Космогендік гипотезалар
- •1.2.3. Жердің пішіні, физикалық қасиеттері және химиялық құрамы
- •Магнитті еңкейю магнитті стрелканың көкжиекке еңкею бұрышы. Картада бірдей септелулерді жалғастыратын сызықтарды изогон дейді, бірдей еңкеюлерді жалғастыратын нүктелерді изоклин деп атайды
- •1.3 Жердің сыртқы және ішкі қабаттарының құрамы
- •1.3.1. Жердің сыртқы қабаттары
- •1.3.2. Жердің ішкі қабаттары
- •1.4 Минералдар туралы ілім
- •1.4.1. Минералдар және олардың топырақ түзілуіндегі маңызы
- •Туынды (экзогенді) минералдар - жер бетінде, атмосферамен, биосферамен және гидросферамен әрекеттесіп, көбінесе бастапқы минералдардың бұзылуынан пайда болады.
- •1.4.2.Заттардың кристаллдық және аморфты құрылымы
- •1.4.3. Минералдардың физикалық қасиеттері
- •1.4.5. Минералдардың негізгі класстарын сипаттау
- •1.5. Тау жыныстары.
- •1.5.1. Магмалық тау жыныстары
- •1.5. 2. Шөгінді тау жыныстары
- •1.5.3. Метаморфты тау жыныстары.
- •1.6. Геологиялық құбылыстар
- •1.6.1 Жер қабығының негізгі геологиялық құрылымы мен оның ерекшелігі
- •1.6.2. Геотектоникалық гипотезалар
- •1.6. 3. Эндогенді және экзогенді үрдістер
- •1.6.4. Эндогенді үрдістер
- •1.6.5. Экзогенді үрдістер
- •1.7. Жер шарының геологиялық тарихы
- •1.7.1. Тау жыныстарының абсолютты жасы
- •1.7.2. Тау жыныстарының салыстырмалы жасы
- •1.7.3. Геохронологиялық шкала
- •1.7.4. Төрттік кезеңдегі жер қабығының даму ерекшеліктері
- •1.7.5. Геоморфология туралы негізгі мәліметтер
- •1.7. 6. Геологиялық карта.
- •3.15. Топырақтарды агроөндісітік топтарға бөлу және бонитировкалау
- •3.15.1.Топырақтарды агроөндiрiстiк топтарға бөлу
- •3.15.2. Топырақ бонитировкасы
- •2.1.Топырақтану пәні жєне оныњ міндеттері
- •2.1.1.Топырақ ерекше табиғи дене
- •2.1.2. Топырақтың табиғаттағы орны мен маңызы
- •2.1.3.Топырақтың адам өміріндегі алатын орны
- •2.1.4. Топырақтың экологиялық қызметі
- •2.1.5. Топырақтанудың басқа ғылымдармен байланысы, оның басты ғылыми салалары, зерттеу әдістемелері
- •2.1.6. Топырақтану ғылымының даму тарихы
- •Қазақстан топырақтарын зерттеу тарихына қысқаша шолу
- •2.2.1. Топырақ құралу үрдістері
- •2.2.2. Топырақтың морфологиялық белгілері
- •2. 3. Топырақтың минералды бөлігі
- •2. 3.1. Топырақтың қ±рамды бµліктері
- •2.3.2. Минералдық бөліктің құрамы
- •2. 3. 3. Гранулометриялық ќ±рамы
- •Ќарай жіктеу
- •Бақылау сұрақтары
- •2.4. Топырақтың органикалыќ бµлігі
- •2.4.1. Қарашіріндініњ т‰зілуі
- •2.4.2. Қарашіріндініњ мµлшері
- •2.4.3. Топыраќтыњ органикалыќ бµлігініњ маңызы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.5. Топырақтың химиялыќ ќ±рамы
- •2.5.2. Топырақтағы химиялық қосылыстар
- •Бақылау сұрақтары
- •2.6 Топыраќтыњ сіњіру қабілеті
- •2.6.1. Топыраќ коллоидтары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.7. Топырақтың түйіртпектілігі
- •2.7.1. Топыраќтыњ түйіртпектілігі жєне оныњ агрономиялық мањызы
- •2.7.2. Түйіртпектің пайда болуы және оны жақсарту жолдары
- •2.8.2. Топыраќтыњ жалпы физикалыќ жєне физикалыќ – механикалыќ ќасиеттері
- •2. 8.1. Жалпы физикалық қасиеттері
- •2.8.2. Физикалық- механикалық қасиеттері
- •Топтарѓа жіктеу (5)
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топыраќтаѓы ылѓал
- •2.9.1. Топырақтағы ылғалдың категориялары, түрлері
- •2.9.2.Топыраќтыњ ылѓалдылыќ ќасиеттері
- •2.9.3. Топыраќтаѓы ылѓалдыњ µсімдіктерге тиімділігі жєне т±раќты ылѓалдыќ кµрсеткіштері
- •2.9.4. Топыраќтыњ су режимі жєне оны реттеу жолдары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топырақтың ауасы және жылу режимі
- •2.9.1. Топырақтың ауасының маңызы, құрамы, құбылымы
- •2.9.2.Топырақтың жылу режимі
- •Бақылау сұрақтары
- •2.10. Топырақ ерітіндісі және тотығу-тотықсыздану үрдістері
- •2.10.1. Топырақ ерітіндісінің құрамы, қасиеттері
- •2.10.2. Тотығу- тотықсыздану үрдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •2.11. Топырақ құнарлылығы
- •2.11.2. Топырақ құнарлылығының түрлері
- •2.11.2 Топырақ құнарлылығын өндіру
- •2.11.3. Құнарлылықтың өзгеруі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1.Топырақ жаратылысының факторлары
- •3.1.1. Аналық тау жыныстары
- •3.1.2. Климат
- •3.1.3. Биологиялық фактор
- •3.1.4. Жер бедері. Аймақтыњ геологиялық жасы
- •3.1.5. Адамзат қоғамының әсері
- •3.2. Топырақтардың жіктелуі, географиялық таралу заңдылықтары
- •3.2.1. Топырақтарды жіктеудің принциптері, таксономиялық бірліктер
- •3.2.2. Қазақстан топырақтарын жіктеу жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.2.2. Топырақтардың таралу заңдылықтары
- •3.2.3. Топырақ жамылғысы құрылымы
- •3.2.4. Қазақстанның топырақ-географиялық аймақтары
- •3.3. Тайгалы-орман аймағының топырақтары
- •3.3.1. Топырақ құралу жағдайлары
- •3.3.3. Шымды топырақтар
- •3.3.4. Шымды –күлгін топырақтар
- •3.4. Батпақты топырақтар
- •3.5. Жалпақ жапырақты ормандардың қоңыр топырағы
- •3.6. Орманды - дала және дала аймақтары топырақтары
- •3.6.1. Орманды-дала аймағының сұр ормандық топырағы
- •3.6.2. Орманды- дала және дала аймақтарының қара топырақтары
- •3.6.4. Қара топырақтың типшелері
- •3.8. Қуаң дала және шөл дала аймағының қара қоңыр топырақтары
- •3.7.1. Қара-қоңыр топырақтың морфологиялық белгілері және генезисі
- •3.7.2. Қара-қоңыр топырақтың классификациясы
- •3.8. Тұзданған топырақтар
- •3.8.1. Сор топырақтар
- •3.8.1. Кебір топырақтар
- •3.8.3. Шақат топырақтар
- •Бақылау сұрақтары
- •3.9. Шөл аймағының топырақтары
- •3.9.1. Қоңыр топырақтың жаратылуы және морфологиялық белгілері, қасиеттері
- •3.9.2. Тақырлар мен тақыртәріздес топырақтар
- •3.9.3. Шөл аймағы топырақтары жамылғысы құрылымы және оларды пайдалану ерекшеліктері
- •3.10. Тау етегінің шөлді –дала аймағының топырақтары
- •3.11. Ылғалды субтропика аймағының топырақтары
- •3.12. Өзен жайылмасы топырақтары
- •3.13. Таулы өлке топырақтары
- •3.13.1. Қазақстандағы Тянь-Шань және Алтай таулары топырақтары
- •13.3.2. Кавказ таулары топырақтары
- •3.13.3. Қырым және Карпат таулары топырақтары
- •3.14. Топырақ эрозиясы және олармен күресу жолдары
- •3.14.1. Қазақстанның жер қоры және оның экологиялық мәселелері
- •3.14.2. Топырақ эрозиясының түрлері және олардың зияны
- •3.14.3. Топырақтың жел және су эрозиясына шалдығу
- •3.14.4. Топырақты қорғау
- •3.14.5. Топырақ рекультивациясы
- •Бақылау сұрақтары
- •3.16. Дүние жүзі жер қоры және топырақтарының қысқаша сипаттамасы
- •3.16.1. Тропикалық белдеудің топырақ жамылғысы
- •3.16.2.Тропикалық ксерофиттті –орман және саванна аймақтары
- •3.16.3. Субтропика белдеуінің топырақтары
- •3.16.4. Суббореалды белдеудің топырақтары
- •3.16.5. Бореалдық белдеудің топырақтары
- •3.16.6. Полярлық белдеуінің топырақтары
- •Е) гумин және фульвоқышқылдар бірдей мөлшерде
2.11.2. Топырақ құнарлылығының түрлері
Топырақтың құнарлылығының түрлері болып оның табиғи, жасанды және тиімді құнарлылығы саналады.
Табиғи құнарлылық тың жер топырағына тән және ол адам әсері тимеген, табиғи жағдайда қалыптасып дамиды. Оның мәнін жабайы өсімдіктердің өнімділігі сипаттайды.
Топырақтың жасанды құнарлылығы адамдардың өндірістік әсері тиген, өңделіп, бапталған, тыңайтылған топырақтарға тән. Жасанды құнарлылық дәрежесі ғылым мен техниканың дамуының деңгейіне, топырақтың табиғи құнарлылығын толық пайдалану мүмкіндігін адамдардың қолдана алуына байланысты.
Тиімді құнарлылық-топырақты ауыл шаруашылығында қолданғанда оның табиғи және жасанды құнарлылығының бірлесе әсер етуі нәтижесінде ауа райы мен агротехникалық жағдайға байланысты өсімдіктердің өнімділігінің белгілі бір дәрежесін қалыптастыруымен сипатталады.
Жоғарыда көрсетілген құнарлылық түрлерімен қатар топырақтың потенциалды құнарлылығы деп аталатын ұғым бар. Ол топырақтың табиғи және жасанды құнарлылығын сипаттайтын қоректік заттардың жалпы мөлшері мол болуымен және оның басқа қасиеттерінің қолайлы жағдайда көптеген жылдар бойы өсімдіктерді қажетті түрде қоректік заттармен қамтамасыз ете алуымен, тиімді құнарлылықты жоғары дәрежеде қалыптастыруымен сипатталады. Мысалы, Солтүстік Қазақстанда таралған кәдімгі қара топырақ жоғары потенциалды құнарлылығымен ерекшеленеді, ал шөл аймағында кездесетін сұр-құба топырақтың потенциалды құнарлылығы нашар болып келеді.
2.11.2 Топырақ құнарлылығын өндіру
Топырақтың құнарлылығы, топырақ түзілу үрдісі сияқты, заттардың өзгерістерге ұшырауымен, жиналуымен және олардың шығындалуымен тығыз байланысты. Сондықтан топырақ құнарлылығының факторлары мен жағдайлары мәндік жағынан да, сапалық жағынан да өзгерістерге ұшырайды. Егер осы өзгерістер құнарлылықтың дамуына қолайлы оң бағытта болса, онда топырақтың құнарлылығы артады (қоректік заттар мөлшері молаяды, құрылымы жақсарады және т.б.), ал өзгерістер қолайсыз, теріс бағытталған болса, онда топырақтың құнарлылығы төмендейді (қоректік заттар мөлшері кемиді, құрылымы бұзылады және т.б.). Сондықтан осы өзгерістер белгілі бір мерзім ішінде топырақ құнарлылығының салыстырмалы көрсеткішін қалыптастыруы мүмкін. Сөйтіп топырақ құнарлылығының өндірісінің белгілі бір түрі қалыптасады. Олар-топырақ құнарлылығының кеміген, қарапайым және ұдайы, (молайтылған) өндірісі.
Егер топырақ құнарлылығы бастапқы дәрежесінен төмен дәрежеде қалыптасқан болса, онда топырақ құнарлылығының кеміген өндірісі байқалған болып есептеледі. Осы жағдайда топырақтың құнарсыздануы байқалып, өсімдіктердің өнімділігі кемиді.
Топырақ құнарлылығын бастапқы дәрежесіне жеткізіп қалыптастыру топырақ құнарлылығының қарапайым өндірісі болып саналады. Сондықтан осы өндіріс қалыптасқан топырақтың құнарлылығы кемімейді де, молаймайды да, яғни бірқалыпта болады.
Топырақ құнарлылығын бастапқы дәрежесінен асыра қалыптастыру топырақ құнарлылығының ұдайы, молайтылған өндірісі болып есептелінеді. Осы өндіріс қалыптасқан топырақтың құнарлылығы біртіндеп жоғарылап отырады. Жылдан жылға осы жерден алынатын өнім мөлшері молая түседі.
Табиғи топырақ түзілу кезінде құнарлылықтың кеміген, қарапайым немесе ұдайы, молайтылған өндірісінің қалыптасуы осы жердегі топырақ түзілу үрдісінің даму ерекшелігіне байланысты болып келеді. Топырақты егістік жер ретінде қолданғанда құнарлылықтың өндірілуі табиғи факторларға және адамзаттың топыраққа әр түрлі әсер етуі арқылы қалыптасады. Бұл топырақ түзілу үрдісінің ерекшелігі-оның адамзаттың бағытталған әсері арқылы қалыптасуы. Осы жағдайда жабайы өсімдіктер мәдени өсімдіктерге алмастырылады, топырақ түзілуіне жаңа факторлар (жерді өңдеу, тыңайтқыш қолдану, топырақты суару не құрғату және т.б.) әсер етеді. Топырақтағы биологиялық зат айналымының сипаты, мөлшері, белсенділігі және жалпы зат алмасу мен энергия алмасуы өзгереді. Мәдени өсімдіктер өнімімен бірге топырақтан қоректік элементтердің біршама бөлігі орылып алынып, шығын болады.
Егер адамзат әрекеті білімге, ғылымға үйлестіріліп бағытталған болса, онда мәдени топырақ түзілу үрдісі оның құнарлылығының арта түсуіне ықпалын тигізеді. Ал осындай бағыт қалыптаспаса, онда топырақ құнарлылығы кемиді. Топырақтың желмен ұшуы (дефляция), сумен бұзылып, шайылуы (эрозия), қарашірінді мөлшерінің азаюы, құрылымының нашарлауы, ащылануы байқалады.
Қазіргі заманда қарқынды егіншілік жүйесінде топырақты тиімді қолданудың басты мақсаты–топырақ құнарлылығының ұдайы, молайтылған өндірісін қалыптастыру болып табылады.
Топырақ құнарлылығын өндіру екі жолмен жүргізілуі мүмкін. Біріншісі–заттарды топыраққа енгізу, ал екіншісі–топырақты технологиялық әдістермен жақсарту. Бірінші жолға жататын әрекеттер: топыраққа тыңайтқыштар, мелиоранттар қолдану, қолайлы ауыспалы егістік жүйесін пайдалану және т.б. Ал екінші жолға жататын әрекеттер: топырақты механикалық тәсілдермен өңдеу (жырту, қопсыту, тырмалау), артық ылғалдан құрғату және т.б.
Топырақ құнарлылығын арттыру шараларының көптеген әдістері мен тәсілдері зерттеліп, іс жүзінде қолданылып келеді. Олар: тиімді мөлшерде органикалық және минералды тыңайтқыштарды қолдану, қышқыл топырақтарға әк, кебірлерге гипс шашу, соқамен немесе жазықтілгіш құралдармен топырақты өңдеу жүйесі, топырақты суару немесе құрғату, көпжылдық шөп егу, ауыспалы егіс жүйесін қолдану, өнімділігі жоғары сорттар мен гибридтерді өсіру т.б. (11- сурет).
Дұрыс бағытталған мәдени топырақ түзелу үрдісі топырақ құнарлылығының болжамдалған межесін (моделін) қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Топырақ құнарлылығының моделі дегеніміз-өсімдік өнімділігінің белгілі мөлшерін қалыптастыра алатын құнарлылықты анықтайтын топырақтың басты қасиеттері мен режимдерінің мәні. Егер топырақтың қасиеттері мен режимдерінің сандық мәні өсімдіктердің өсіп-өну факторларына оң әсерін тигізіп, өсімдіктің барлық мүмкіншілігі қуатталып, ол өте жоғары және сапалы өнім қалыптастыра алса, онда осы топырақтың қасиеттерінің (режимінің) оңтайлы (оптимальді) көрсеткіштері қалыптасқан болып саналады.
Топырақ құнарлылығының оңтайлы көрсеткіштері және оны қалыптастырып, іс жүзіне асыру тәсілдерін қолдану топырақ құнарлылығын арттыру жолындағы маңызды мәселелерді шешуде үлкен қызмет атқарады.
Топырақтың келесідей қасиеттері мен режимдерінің оңтайлы мәні оның құнарлылығының моделін анықтауға қажет:
- қарашірінді сипаттамасы (қарашірінді мөлшері, оның жалпы қоры, құрамы, қабатының қалыңдығы);
- топырақтағы жылжымалы (тиімді) қоректік заттар мөлшері;
- физикалық қасиеттері (тығыздылығы, құрылымы, ылғал сіңіргіштігі т.б.);
- физикалық-химиялық қасиеттері (реакциясы, сіңіру қабілеті, алмаспалы сіңген катиондар құрамы т.б.).