
- •1.1.1. Геология ғылымының дамуының қысқаша тарихы
- •1.2. Жердің пайда болуы, құрылысы мен құрамы.
- •1.2.1. Әлемдік кеңістікте Жердің және Күн жүйесінің орны.
- •1.2. 2. Космогендік гипотезалар
- •1.2.3. Жердің пішіні, физикалық қасиеттері және химиялық құрамы
- •Магнитті еңкейю магнитті стрелканың көкжиекке еңкею бұрышы. Картада бірдей септелулерді жалғастыратын сызықтарды изогон дейді, бірдей еңкеюлерді жалғастыратын нүктелерді изоклин деп атайды
- •1.3 Жердің сыртқы және ішкі қабаттарының құрамы
- •1.3.1. Жердің сыртқы қабаттары
- •1.3.2. Жердің ішкі қабаттары
- •1.4 Минералдар туралы ілім
- •1.4.1. Минералдар және олардың топырақ түзілуіндегі маңызы
- •Туынды (экзогенді) минералдар - жер бетінде, атмосферамен, биосферамен және гидросферамен әрекеттесіп, көбінесе бастапқы минералдардың бұзылуынан пайда болады.
- •1.4.2.Заттардың кристаллдық және аморфты құрылымы
- •1.4.3. Минералдардың физикалық қасиеттері
- •1.4.5. Минералдардың негізгі класстарын сипаттау
- •1.5. Тау жыныстары.
- •1.5.1. Магмалық тау жыныстары
- •1.5. 2. Шөгінді тау жыныстары
- •1.5.3. Метаморфты тау жыныстары.
- •1.6. Геологиялық құбылыстар
- •1.6.1 Жер қабығының негізгі геологиялық құрылымы мен оның ерекшелігі
- •1.6.2. Геотектоникалық гипотезалар
- •1.6. 3. Эндогенді және экзогенді үрдістер
- •1.6.4. Эндогенді үрдістер
- •1.6.5. Экзогенді үрдістер
- •1.7. Жер шарының геологиялық тарихы
- •1.7.1. Тау жыныстарының абсолютты жасы
- •1.7.2. Тау жыныстарының салыстырмалы жасы
- •1.7.3. Геохронологиялық шкала
- •1.7.4. Төрттік кезеңдегі жер қабығының даму ерекшеліктері
- •1.7.5. Геоморфология туралы негізгі мәліметтер
- •1.7. 6. Геологиялық карта.
- •3.15. Топырақтарды агроөндісітік топтарға бөлу және бонитировкалау
- •3.15.1.Топырақтарды агроөндiрiстiк топтарға бөлу
- •3.15.2. Топырақ бонитировкасы
- •2.1.Топырақтану пәні жєне оныњ міндеттері
- •2.1.1.Топырақ ерекше табиғи дене
- •2.1.2. Топырақтың табиғаттағы орны мен маңызы
- •2.1.3.Топырақтың адам өміріндегі алатын орны
- •2.1.4. Топырақтың экологиялық қызметі
- •2.1.5. Топырақтанудың басқа ғылымдармен байланысы, оның басты ғылыми салалары, зерттеу әдістемелері
- •2.1.6. Топырақтану ғылымының даму тарихы
- •Қазақстан топырақтарын зерттеу тарихына қысқаша шолу
- •2.2.1. Топырақ құралу үрдістері
- •2.2.2. Топырақтың морфологиялық белгілері
- •2. 3. Топырақтың минералды бөлігі
- •2. 3.1. Топырақтың қ±рамды бµліктері
- •2.3.2. Минералдық бөліктің құрамы
- •2. 3. 3. Гранулометриялық ќ±рамы
- •Ќарай жіктеу
- •Бақылау сұрақтары
- •2.4. Топырақтың органикалыќ бµлігі
- •2.4.1. Қарашіріндініњ т‰зілуі
- •2.4.2. Қарашіріндініњ мµлшері
- •2.4.3. Топыраќтыњ органикалыќ бµлігініњ маңызы
- •Бақылау сұрақтары
- •2.5. Топырақтың химиялыќ ќ±рамы
- •2.5.2. Топырақтағы химиялық қосылыстар
- •Бақылау сұрақтары
- •2.6 Топыраќтыњ сіњіру қабілеті
- •2.6.1. Топыраќ коллоидтары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.7. Топырақтың түйіртпектілігі
- •2.7.1. Топыраќтыњ түйіртпектілігі жєне оныњ агрономиялық мањызы
- •2.7.2. Түйіртпектің пайда болуы және оны жақсарту жолдары
- •2.8.2. Топыраќтыњ жалпы физикалыќ жєне физикалыќ – механикалыќ ќасиеттері
- •2. 8.1. Жалпы физикалық қасиеттері
- •2.8.2. Физикалық- механикалық қасиеттері
- •Топтарѓа жіктеу (5)
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топыраќтаѓы ылѓал
- •2.9.1. Топырақтағы ылғалдың категориялары, түрлері
- •2.9.2.Топыраќтыњ ылѓалдылыќ ќасиеттері
- •2.9.3. Топыраќтаѓы ылѓалдыњ µсімдіктерге тиімділігі жєне т±раќты ылѓалдыќ кµрсеткіштері
- •2.9.4. Топыраќтыњ су режимі жєне оны реттеу жолдары
- •Бақылау сұрақтары
- •2.9. Топырақтың ауасы және жылу режимі
- •2.9.1. Топырақтың ауасының маңызы, құрамы, құбылымы
- •2.9.2.Топырақтың жылу режимі
- •Бақылау сұрақтары
- •2.10. Топырақ ерітіндісі және тотығу-тотықсыздану үрдістері
- •2.10.1. Топырақ ерітіндісінің құрамы, қасиеттері
- •2.10.2. Тотығу- тотықсыздану үрдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •2.11. Топырақ құнарлылығы
- •2.11.2. Топырақ құнарлылығының түрлері
- •2.11.2 Топырақ құнарлылығын өндіру
- •2.11.3. Құнарлылықтың өзгеруі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.1.Топырақ жаратылысының факторлары
- •3.1.1. Аналық тау жыныстары
- •3.1.2. Климат
- •3.1.3. Биологиялық фактор
- •3.1.4. Жер бедері. Аймақтыњ геологиялық жасы
- •3.1.5. Адамзат қоғамының әсері
- •3.2. Топырақтардың жіктелуі, географиялық таралу заңдылықтары
- •3.2.1. Топырақтарды жіктеудің принциптері, таксономиялық бірліктер
- •3.2.2. Қазақстан топырақтарын жіктеу жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •3.2.2. Топырақтардың таралу заңдылықтары
- •3.2.3. Топырақ жамылғысы құрылымы
- •3.2.4. Қазақстанның топырақ-географиялық аймақтары
- •3.3. Тайгалы-орман аймағының топырақтары
- •3.3.1. Топырақ құралу жағдайлары
- •3.3.3. Шымды топырақтар
- •3.3.4. Шымды –күлгін топырақтар
- •3.4. Батпақты топырақтар
- •3.5. Жалпақ жапырақты ормандардың қоңыр топырағы
- •3.6. Орманды - дала және дала аймақтары топырақтары
- •3.6.1. Орманды-дала аймағының сұр ормандық топырағы
- •3.6.2. Орманды- дала және дала аймақтарының қара топырақтары
- •3.6.4. Қара топырақтың типшелері
- •3.8. Қуаң дала және шөл дала аймағының қара қоңыр топырақтары
- •3.7.1. Қара-қоңыр топырақтың морфологиялық белгілері және генезисі
- •3.7.2. Қара-қоңыр топырақтың классификациясы
- •3.8. Тұзданған топырақтар
- •3.8.1. Сор топырақтар
- •3.8.1. Кебір топырақтар
- •3.8.3. Шақат топырақтар
- •Бақылау сұрақтары
- •3.9. Шөл аймағының топырақтары
- •3.9.1. Қоңыр топырақтың жаратылуы және морфологиялық белгілері, қасиеттері
- •3.9.2. Тақырлар мен тақыртәріздес топырақтар
- •3.9.3. Шөл аймағы топырақтары жамылғысы құрылымы және оларды пайдалану ерекшеліктері
- •3.10. Тау етегінің шөлді –дала аймағының топырақтары
- •3.11. Ылғалды субтропика аймағының топырақтары
- •3.12. Өзен жайылмасы топырақтары
- •3.13. Таулы өлке топырақтары
- •3.13.1. Қазақстандағы Тянь-Шань және Алтай таулары топырақтары
- •13.3.2. Кавказ таулары топырақтары
- •3.13.3. Қырым және Карпат таулары топырақтары
- •3.14. Топырақ эрозиясы және олармен күресу жолдары
- •3.14.1. Қазақстанның жер қоры және оның экологиялық мәселелері
- •3.14.2. Топырақ эрозиясының түрлері және олардың зияны
- •3.14.3. Топырақтың жел және су эрозиясына шалдығу
- •3.14.4. Топырақты қорғау
- •3.14.5. Топырақ рекультивациясы
- •Бақылау сұрақтары
- •3.16. Дүние жүзі жер қоры және топырақтарының қысқаша сипаттамасы
- •3.16.1. Тропикалық белдеудің топырақ жамылғысы
- •3.16.2.Тропикалық ксерофиттті –орман және саванна аймақтары
- •3.16.3. Субтропика белдеуінің топырақтары
- •3.16.4. Суббореалды белдеудің топырақтары
- •3.16.5. Бореалдық белдеудің топырақтары
- •3.16.6. Полярлық белдеуінің топырақтары
- •Е) гумин және фульвоқышқылдар бірдей мөлшерде
1.3 Жердің сыртқы және ішкі қабаттарының құрамы
1.3.1. Жердің сыртқы қабаттары
Атмосфера – Жердің газды сферасы. Жердің сыртқы қабаттарына атмосфера, гидросфера, биосфера жатады. Құрамында 78,08% азот; 20,95%; оттегі, 0,9% аргон, 0,03% көмір қышқыл газы бар, ал қалған 0,04% неон, гелий, су буы, шаң және басқа заттардан құралған. Атмосфераның жоғарғы шекарасы әлі анықталмаған.
Атмосфера бірнеше қабатшаларға бөлінеді: тропосфера – 8-15 км биіктікке дейін, стратосфера – 8-15 ден 100 км-ге дейін және одан әрі ионосфера.
Атмосфералық агенттер – күн сәулесі, атмосфералық электр заряды, жылулық ауытқуы, жел, атмосферадағы су буы - үлкен геологиялық жұмыс атқарады. Тау жыныстарының мүжілуі, мүжілген заттардың тасымалдануы және олардың шөгуі осы атмосфера агенттері ықпалымен жүреді
Гидросфера - Жердің үзілмелі су қабығы. Құрамына мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер және мұз жамылғылары жатады.
Гидросфераның негізгі бөлігін мұхиттар мен теңіздердің тұзды сулары құрайды; континенттегі тұщы сулардың көлемі барлық гидросфераның 0,3% ғана алады. Құрлықтағы барлық сулардың тұщы сулары тек 3% құрайды және оның 2/3 мұз күйінде болады. Сондықтан адамзат пайдаланатын тұщы су мөлшері тапшы болып есептеледі.
Гидросфераның жоғарғы шекарасы анық белгіленген, ол мұхит пен теңіздердің беті. Төменгі шегі күрделі, жобалап айтқанда мұхиттардың астымен сәйкестенеді. Гидросферада тұздар мөлшері 5х1016 т. Әлемдік мұхиттың орташа тұздылығы 3% болады.
Теңіз жер өмірінде өте маңызды агенттердің бірі. Теңіз ортасы үлкен биохимиялық фактор, үлкен тұз кені. Теңізде көптеген шөгінді тау жыныстары пайда болған: әк, бор, мұнай, фосфорит, глауконит, калий тұздары. Теңіз суы көптеген тау жыныстарын ерітетін орын және денудация факторы.
Биосфера - Жердің тірі организмдер қоныстанған қабаты. Академик Вернадский В.И. биосфераны өмір аймағы деп атаған. Әр деңгейде ол атмосферада, гидросферада және жер қыртысында орналасады.
Тірі организмдердің таралған төменгі шегі қысыммен және температурамен анықталады. Құрғақ жерде тірі организмдер 3-4км тереңдікке дейін байқалды. Ал мұхитта әр түрлі фауна 11000км тереңдікте де табылған. Атмосфераның 8-10км биіктігінде де организмдер кездеседі.
Организмдердің құрамына 60-тан аса элементтер кіреді. Олар көбінесе О, Н, С, Са, Мд, К т.б. элементтер мен заттардан құралған. Олардың кейбір химиялық элементтердің жиынтығы ретінде маңызы бар, мысалы: шымтезек, көмір құрамында көміртек көп, әкте, борда – кальций мен көміртек көп, ал фосфоритте – фосфор мол. Топырақтың, тау жыныстарының, қазба байлықтардың түзілуіне жануарлар мен өсімдіктердің тигізген әсері өте зор.
1.3.2. Жердің ішкі қабаттары
Жер қыртысы деген Жердің сыртқы қатты қабаты. Басқа қабаттармен салыстырғанда ол ең біртексіз қабат. Үстінен астына қарай ол үш қабатқа бөлінген: шөгінді, гранитті және базальтті (2 – сурет.).
Шөгінді қабат көбінесе салыстырмалы жұмсақ, кейде борпылдақ жыныстардан құралады, олар су және ауа әсерінен Жер бетінде шөгілу нәтижесінен пайда болған. Көбінесе шөгінді тау жыныстар қабатты қатпарлы болады. Олар салыстырмалы жұқа қабаттардан құрылады. Олардың тығыздығы 1-ден 2,65 г/см3 аралығында ауытқиды. Шөгінді қабаттың қалыңдығы біркелкі емес: ол бірнеше метрден 10-15 км-ге дейін ауытқиды. Жер бетінде шөгінді қабаты жоқ жерлер де бар.
.
2 – сурет. Жердің және жер қабығының құрылысы
А – жер қабығы; В және С – жоғарғы мантия: Д – төменгі мантия: Е – ядроның сыртқы бөлігі: F – ішкі және сыртқы ядро арасындағы өтпелі аймақ: G – ішкі ядро: d – тығыздық: р – қысым. Сандармен км-мен шекара тереңдіктері көрсетілген.
Гранитті қабат көбінесе магмалық және метаморфты жыныстардан құралады, олардың құрамында көбінесе алюминий мен кремний кездеседі. Осы жыныстардың ішінде кремнеземнің орташа мөлшері 60% құрайды, сондықтан оларды қышқыл жыныстар дейді. Бұл жыныстардың тығыздығы 2,65-ден 2,8 г/см3-ге дейін ауытқиды. Гранитті қабаттың қалыңдығы тұрақты емес. Қазіргі тау жоталарының астында (Памир; Альпы) олар ең қуатты қалыңдықта болады (50-60км). Тынық, Атлантика және Үнді мұхиттары ойпаттарының астында бұл қабат жоқ, немесе өте жұқа болады. Сейсмикалық толқындар осы қабатты 6 км/с жылдамдылықпен өтеді.
Базальт қабаты гранит қабатының астында орналасады Қалыңдығы 5 км-ден 30 км-ге дейін ауытқиды. Бұл қабат физикалық қасиеттері және химиялық құрамы бойынша базальттарға жақын. Жыныстардың тығыздығы 3,32 г/см3 болады.
Жер қабығы кейбір мұхиттардың астында жұқа шөгінді қабаттардан құралады және оның астында бірден 5-15 км қалыңдықты базальт қабаты жатады.
Жер мантиясы және жер өзегі. Құрлықтардың астында 50-70км тереңділікте жоғарғы мантия орналасады, жобалап айтқанда олар дунит пен перидотиттен құрылады деп жорамалдайды. Жер қойнауында тұтас балқынды қабат жоқ. Әр түрлі қабаттарда максималды температурасы бар аймақтар бар олар шала балқыған. Оны астеносфера деп айтады. Ядроның химиялық құрамы әлі белгісіз. Біреулері ядроның сыртқы қабатының химиялық құрамы силикаттарға жақын, ал ішкі қабаттары темірден құралады дейді. Кейбіреулерінің айтуы бойынша ядроның химялық құрамы мантияның құрамына жақын, ол металданған күйде болады дейді. Өте жоғары тығыздық әсерінен (303 • 106кПа) ядрода ауыр металлдар қасиеті пайда болады. Сыртқы жер өзегі сілкініске сезімділігіне байланысты сұйықтардың қасиеттері бар, бірақ қаттылығы құрыштан да жоғары және көптеген механикалық қасиеттері бойынша материяның кристаллдық күйіне сай болады.
Бақылау сұрақтары
Жердің сыртқы сфераларына не жатады?
Атмосфераның құрылымын сипаттаңыз.
Жердің ішкі сфераларының аталуы қандай?
Жер қабатының құрылымы қандай?