Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Стратегия_В типографию.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
1.1 Mб
Скачать

«Жою-азайту-арттыру-жасау» торы

Көгілдір мұхит жасау үшін түйінді болып табылатын үшінші құрал да бар, ол - «жою-азайту-арттыру-жасау» торы (2-4 суретін қараңыз). Ол компанияларды барлық төрт сұрақты қоюға ғана емес, құндылықтың жаңа қисығын жасау мақсатында барлық төрт бағыт бойынша белгілі бір нақты қадамдар жасауға итермелей отырып, төрт әрекет үлгісінің ары қарай дамуы үшін қызмет етеді. Торды факторларды жою мен азайтуға және арттыру мен жасауға қатысты әрекеттермен толтыруға компанияға түрткі бола отырып, жүйе компанияға бірден төрт артықшылық береді:

  • «Құндылық-шығын» ымырасын бұзып, бір мезетте саралауға да, төмен шығынға да қол жеткізуге итермелейді.

  • Өсірумен және жасаумен ғана айналысатын компанияларды лезде анықтайды. Мұндай, шығынды арттырып, өнімдері мен көрсететін қызметтерін асыра күрделендіру – көптеген ұйымда кездеседі.

  • Кез келген деңгейдегі менеджерлер бұл жүйені тез түсінеді және оны жүзеге асыру үдерісіне белсенді түрде кіріседі.

2-4 СУРЕТ

[yellow tail] «жою-азайту-арттыру-жасау» торы

Жою

Арттыру

Этнологиялық терминологияны және ерекшеліктерді

Арзан шараптарға қарағанда бағасын

Сақтау сапасын

Бөлшек сауда дүкендерінің қатысуын

Жанама маркетингті

Азайту

Жасау

Дәмінің байлығын

Пайдалану оңайлығын

Шарап атауларын таңдауды

Таңдау жеңілдігін

Шарап жасаушының беделін

Көңілділікті және шытырман оқиғаға тәнті рухты

  • Компания үшін торды толтыру бәсеке күресі барысында аңдаусыз кеткен қателіктерді анықтай отырып, осы салада бәсекені туғызып тұрған әрбір факторды өте мұқият зерттеуді білдіреді.

2-5 суретінде Cirgue du Soleil-ге арналған «жою-азайту-арттыру-жасау» торы бейнеленген. Біз құралды әрекет үстінде тағы бір рет байқап, оның көмегімен нені анықтауға болатынын көрсете аламыз. Бұл жерде еске салатынымыз – ұзақ уақыт бойы күреске себеп болған көптеген бәсекелесу факторлары еш қиындықсыз жойылуы немесе азайтылуы мүмкін еді. Cirgue du Soleil жағдайында дәстүрлі цирктерге тән бірнеше фактор жойылды, мысалы, хайуандар қатыстырылатын нөмірлер, цирк жұлдыздарын шақыру және бір уақытта бірнеше аренада шоу көрсету. Цирк индустриясында бұл факторлар ұзақ уақыт бойы өзінен-өзі болуы тиіс нәрсе ретінде қарастырылып келді, және ешкім олардың өзектілігіне күмән келтіруге тырысқан жоқ. Алайда, хайуандар қатыстырылған қойылымдар көпшіліктің наразылығын күшейте берді. Оған қоса, хайуандар қатыстырылған нөмірлер ең қымбат нөмірлерге жатады, өйткені хайуанды сатып алып қана қоймай, оны үйретуге, медициналық қызметіне, ұстауына, сақтандырылуына және тасымалдауына қаражат жұмсау керек болды.

2-5 СУРЕТІ

«Жою-азайту-арттыру-жасау» торы: Cirgue du Soleil

Жою

«Жұлдыздарды» шақыруды

Хайуандар қатыстырылатын нөмірлерді

Бөлшек саудаға арнап жалға орындар беруді

Бір мезгілде бірнеше аренада өнер көрсетуді

өнер кө шоукөрсетуді

Азайту

Шаттық пен әзілді

Қызыну мен қауіпті

Арттыру

Қойылымды көрсету орнының бірегейлігін

Жасау

Тақырыпты

Сәнді жабдықты Қойылымдардың түрлілігін

Басқа тұрпаттағы әуен мен билерді

Дәл осылай, цирк индустриясы жұлдыздарды шақыруды мақсат еткенімен, көрермен пікірінше цирк жұлдыздары - қатардағы құбылыс болып саналды және оларды кино жұлдыздарымен салыстыруға еш келмейтін. Оған қоса, бұл факторға көп қаражат жұмсау керек болды, соған қарамастан жұлдыздар көрерменге тым аз әсер етті. Бір уақытта үш аренада қойылым көрсету де өткеннің еншісінде қалды. Онда көрермендер өз назарын бір аренадан екінші аренаға көшірумен болып жайсыз күй кешетін, сонымен қатар, мұндай қойылымдарда өнер көрсететіндердің саны да көбірек болуы керек еді. Бұл да шығынға тікелей ықпалын тигізді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]