Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Стратегия_В типографию.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
1.1 Mб
Скачать

Ұйым өзін өзгерте алуы үшін, мақсатты бөлшектеп алыңыз

Стратегиялық мақсатты құрамдас бөліктерге бөлу сәйкес емес әсердің соңғы факторы болып саналады. Негізінде, «бөлу» дегеніміз - мақсатты жетекшіден лайықты дағдыларға ие болуды талап ететін стратегиялық мақсатты рәсімдеу. Егер адамдар стратегиялық мақсаттың орындалатынына сенбесе, қажетті өзгерістер өткізілмеген күйінде қалады. Сырт көзге Брэттонның Нью-Йоркке қатысты стратегиялық мақсаты орындалмайтын болып көрінгені сонша, оған сенудің өзі қиын болды. Шынында да, бір адамның орасан зор қаланы АҚШ-тағы ең қауіпті жерден ең қауіпсіз жерге айналдыратынына кім сенер еді? Сол себепті мүмкін емес нәрсеге кім өз уақыты мен күшін жұмсағысы келсін?

Мақсатты орындалатындай ету үшін Брэттон оны барлық деңгейдегі полицейдің шамасы келетіндей шағын құрамдас бөліктерге бөлді. Оның өзі айтқандай, NYPD-дің алдында тұрған мақсат - «кварталдан кварталға, ауданнан ауданға, аймақтан аймаққа» ауысып отырып, Нью-Йорк көшелерін қауіпсіз қылу болды. Осылайша рәсімделген мақсат әрі жалпылама, әрі орындалатын болып көрінді. Көшедегі полицейлер үшін ол - өз маршрутындағы немесе өз кварталындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету дегенді білдірді. Полиция бөлімшелерінің бастықтары үшін - өз аймағында қауіпсіздік орнату болды, одан артық ештеңе емес. Нью-Йорктің полиция аймақтарының басшылары да өз мүмкіндіктерінің шеңберінде нақты тапсырма алды: аймақта қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сонымен болды. Ешкім де одан асыра талап етіп жатыр деп немесе мақсаттың орындалуы орындаушыға байланысты болған жоқ деп: «Бұл менің мүмкіншілігімнен артық» деп айта алмады. Сөйтіп, Брэттон ұсынған көгілдір мұхит стратегиясын жүзеге асыруға байланысты жауапкершілік Брэттонның өзінен NYPD-дің отыз алты мың полицейінің әрқайсысына ауысты.

Қызметкерлеріңіздің бірін де қалдырмай уәждендіруге тырысасыз ба? Әлде назарыңызды ықпал етушілерге, «басты кеглилерге» ғана тігесіз бе? Жұмыстың қалай орындалып жатқанын жария қылып отырасыз ба, «басты кеглилерге» әділ үдеріс қағидасымен жұмыс істейтін аквариум жағдайын жасайсыз ба? Немесе жоғары көрсеткіштерді талап етіп, кейін, келесі тоқсанның нәтижелерін күткенде, «ағашты қағасыз ба»? Өз қызметкерлеріңіз үшін орасан зор стратегиялық қөзқарас қалыптастырасыз ба? Әлде мақсатты барлық деңгейде орындалатындай етіп, бөліктерге жіктейсіз бе?

Саяси қастықты жоямыз

Жастық пен дарын қашанда кәрілік пен арамзалықты жеңеді. Дұрыс па, жоқ па? Дұрыс емес. Тіпті ең жақсылар мен ең ақылдылар да саяси айла мен жымысқы ниеттің нәтижесінде жолдың жиегіне жиірек шығып қалады. Саясат - корпоративтік және қоғамдық өмірдің ажырамас бөлігі. Ұйым кері оралмайтын өзгерістер нүктесіне жеткен болса да, өзгерістердің жолын кесетін қуаты мол қалыптасып қалған мүдделер бәрібір тіршілік жасай береді. (6 тараудан жаңа стратегиялық идеяны қабылдаумен байланысты қиындықтардың талқылануын қараңыз.) Өзгерістер неғұрлым айқын көрінген сайын, кері ықпал көздері – ішкі де, сыртқы да - өз жайғасымдарын қорғау үшін, соғұрлым құлшына әрі ашықтан-ашық күресе береді және олардың қарсыласуы стратегияны жүзеге асыру үдерісіне айтарлықтай нұқсан келтіруі, кейде тіпті оны қиратуы да әбден ықтимал.

Осындай саяси күштерді жеңу үшін, мақсатты жетекшілер лайықсыз әсер ету факторларын назарына алады: періштелердің көмегіне жүгініп, жындарды тыяды және жоғары деңгейдегі басшылар арасынан «консильере» (consigliere - ақылшы) іздейді. Періштелерге стратегияның алмасуынан ұтатындар жатады. Жындар деп осыдан ең көп жоғалтатындарды атайды. Ал консильере дегеніміз – құрылған тұзақтар туралы алдын-ала хабардар болып отыратын және кімнің сізге қарсы шығатынын, ал кімнің қолдайтынын білетін, компанияда құрметке ие және ықпалы бар саяси ойындардың майталман инсайдері.

Топ-менеджерлер командасынан өзіңізге консильере сайлап алыңыз

Жетекшілердің көбі жоғарғы басшылар командасы құрылған кезде, оның мүшелері, мысалы, маркетингте, операцияларда, қаржы саласында айтарлықтай атқарымдық дағдыларға ие болғанын қалайды, бұл маңызды да. Дегенмен, мақсатты жетекші тізімге өзге басшылар әдетте ұмытып кететін тағы бір «лауазымды» - консильерені енгізеді. Осылай, Брэттон топ-менеджерлер командасында жаңа полициялық стратегияны жүзеге асыру барысында кездесіп қалуы ықтимал барлық кедергілерді білетін, құрметке ие адамның болуын үнемі қамтамасыз ететін. NYPD-де Брэттон өзінің орынбасары ретінде Джон Тимониді (қазіргі кезде Майамидегі полиция комиссары) тағайындады. Тимони полицейлердің ішіндегі полицейі еді, оны NYPD-ге адалдығы мен марапатты алпыстан астам орден, медаль және крестері үшін құрметтейтін және қорқатын. Жиырма жылдық қызмет оны басты ойыншыларды тануға ғана емес, олардың өз саяси ойындарын қалай жүргізетінін жақсы біліп алуға үйретті. Тимониге тапсырылған алғашқы міндеттің бірі - топ-менеджменттің NYPD-дің жаңа полициялық стратегиясына – кімнің жаңа өзгерістермен күреске шығатынын немесе астыртын қасақылық жасайтынын нақты атап отыратын болжалды баяндама жасау болды. Бұл - күрделі өзгерістерге түрткі болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]