Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Стратегия_В типографию.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
1.1 Mб
Скачать

Көгілдір мұхит стратегиясының пайда үлгісі

Стратегиялық баға

Мақсатты пайда

Мақсатты өзіндік құн

Оңтайландыру және Серіктестік

шығын инновациясы

Баға инновациясы

Пайдалылықтан, бағадан және шығыннан - енгізуге

Көгілдір мұхит идеясының коммерциялық табысқа жетуіне кепілдікке, жеңілісті білмейтін бизнес-үлгі де аздық етуі мүмкін. Ол өзінің анықтамасы бойынша қалыптасқан жағдайға қауіп төндіреді, сол себептен компанияның қызметіне мүдделі тұлғалардың негізгі үш тобы - қызметкерлер, бизнес бойынша серіктестер және қалың ел - арасында қорқыныш пен қарсылық туғызуы ықтимал. Іске кіріспес бұрын және жаңа идеяға инвестиция жасамас бұрын, компания осындай қорқыныштарды жеңуі тиіс, ол үшін қорқынышқа шалдыққандарды зерттеуі тиіс.

Қызметкерлер

Қызметкерлердің жаңа бизнес-идеяның өздеріне жасалатын ықпалына қатысты қорқыныштарын дұрыс жолмен сейілте алмау қымбатқа түсуі мүмкін. Солай, Merrill Lynch фирмасының басшылығы онлайндық брокерлік қызмет жасау жоспарлары туралы хабарлаған кезде, оның акцияларының бағасы 14 пайызға төмендеп кетті, өйткені компанияның үлкен брокерлік бөлімшесінің ішінде осы идеядан туындаған наразылықтар мен ішкі алауыздық туралы хабарлар пайда болды.

Көпшілікті бір идеямен таныстыру үшін, компания келісілген әрекеттер жасауы тиіс және идеяның жүзеге асырылуынан туындайтын әлеуетті қиындықтар туралы басшылықтың хабардар екенін қызметкерлерге хабарлаған жөн. Компания пайда болған қауіптерді жоюдың әдістерін іздей отырып, рөлдердің, міндеттердің және сыйлықтардың өзгерулеріне қарамастан, ешкім де ұтылып қалмас үшін, өз қызметкерлерімен жұмыс жүргізуі қажет. Merrill Lynch-ке қарағанда, Morgan Stanley Dean Witter & Co. фирмасы барлық қызметкерлерін компанияның стратегиясын ішінара ашық талқылауға тартты, ондағы мақсаты Ғаламтор пайда болған жағдайда жаңа бағыт ашу еді. Фирманың талпыныстары бекерге кеткен жоқ. Нарық компания қызметкерлерінің Ғаламтормен байланысты бастама жасау қажеттілігін мойындағанын түсінгендіктен, жаңа жоба туралы хабар тарасымен-ақ, компания акцияларының бағасы 13 пайызға артты.

Бизнес-серіктестер

Қызметкерлердің наразылығынан да күрделі әлеуеттік қауіпті жаңа бизнес-идея өз кірістеріне немесе нарықтағы жайғасымына зиянын тигізеді деп қауіптенетін серіктестердің қарсылығын тудырады. Осындай қиындыққа SAP Accelerated SAP (ASAP) деген атауы бар өнімді, енгізу мерзімінің қысқалығымен және төмен шығынмен ерекшеленген кәсіпорынды басқару жүйесін дайындай бастағанда тап болды. ASAP-тың арқасында бағдарламалық бизнес-қосымшалар алғаш рет орта және ұсақ компаниялар үшін қол жетімді болды. Мәселе ASAP-қа арналған ең жақсы практикалардың үлгілерін дайындау SAP-тың басқа өнімдерін ұзақ уақыт бойына енгізуден айтарлықтай пайда жасап жүрген ірі консалтингтік фирмалардың қатысуын қажет етуінен туды. Нәтижесінде бұл фирмалардың компанияның бағдарламалық жасақтамасын тез арада енгізу жолдарын іздеуге ешқандай ынталылық болған жоқ.

Барлық мәселелерді өз серіктестерімен ашық талқылау арқылы SAP бұл мәселені шешті. SAP басшылығы консалтингтік фирмаларды бірлескен жұмыстың - олардың қызмет өрісін кеңейтетінін айтып иландырды. Шағын және орташа компаниялар үшін ASAP-ты енгізу мерзімі біршама қысқа болғанымен, кеңесшілер жаңа клиенттік базаға қол жеткізеді, бұл аз пайданың орнын артығымен жабады. Оған қоса, жаңа жүйе клиенттер тарапынан бағдарламалық бизнес-қосымшалардың енізілуі тым көп уақыт алатыны туралы жиілеп келе жатқан өкпе-наздарына лайықты жауап қатуға мүмкіндік береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]