- •Обложка
- •Орыс тілді басылымға алғысөз
- •Авторлар алғысын білдіреді
- •Стратегиясы
- •1 Тарау Көгілдір мұхиттардың жасалуы
- •2 Тарау Аналитикалық құралдар мен үлгілер
- •Стратегиялық арқау
- •Төрт әрекет үлгісі
- •«Жою-азайту-арттыру-жасау» торы
- •Жақсы стратегияның үш сипаты
- •Дивергенция
- •Тартымды ұран
- •Құндылық қисығының түсініктемесі
- •Көгілдір мұхит стратегиясы
- •Алқызыл мұхитта батып қалған компания
- •Қайтарымы жоқ, шамадан тыс ұсыным
- •Когерентті емес стратегия
- •Стратегиялық қайшылықтар
- •Ішкі күштер көмегімен қозғалатын компания
- •Көгілдір мұхит стратегиясын жасау
- •3 Тарау
- •Нарық шекарасын қайта құру
- •Бірінші жол: Балама салаларды қарастыру
- •Екінші жол: Саланың стратегиялық топтарын қарастыру
- •Үшінші жол: Сатып алушылардың тізбегіне қараңыз
- •Төртінші жол: Қосымша өнімдер мен қызметтерді қарастыру
- •Бесінші жол: Тауардың сатып алушылар алдындағы атқарымдық және эмоционалдық тартымдылығына талдау жасау
- •Алтыншы жол: Ертеңгі күнге көз тігу
- •Жаңа нарықтық кеңістікті ашу
- •4 Тарау Сандарға емес, жалпы көрініске назар аудару
- •Жалпы көрініске шоғырлану
- •Өзіңіздің жеке стратегиялық арқауыңызды жасау
- •Бірінші қадам: Визуалды ояныс
- •Екінші қадам: Визуалды зерттеу
- •Үшінші қадам: Визуалды стратегиялар жәрмеңкесі
- •Төртінші қадам: Визуалды коммуникация
- •Корпоративтік деңгейдегі стратегияны визуалдау
- •Стратегиялық арқауды қолдану
- •Ізашар-қоныс аударушы-колонистің (іқк) картасын қолдану
- •Стратегиялық жоспарлаудың шектеулерінен өту
- •5 Тарау Қалыпты сұраныстың шеңберінен шығу
- •Клиент еместердің үшінші қабаты
- •Бірінші қабаттың клиент еместері
- •Екінші қабаттың клиент еместері
- •Үшінші қабаттың клиент еместері
- •Қамту аймағын кеңейтіңіз
- •6 Тарау Дұрыс стратегиялық реттілікті сақтау
- •Дұрыс стратегиялық реттілік
- •Айрықша пайдалылықты тексеру
- •Сатып алушы циклінің алты кезеңі
- •Пайдалылықтың алты тетігі
- •Айрықша пайдалылықтан - стратегиялық баға белгіленіміне
- •Бірінші қадам: Көпшілік үшін баға дәлізін белгілеу
- •Екінші қадам: Баға дәлізі шеңберіндегі деңгейді анықтау
- •Стратегиялық баға белгіленімінен таргет-костингке
- •Көгілдір мұхит стратегиясының пайда үлгісі
- •Пайдалылықтан, бағадан және шығыннан - енгізуге
- •Қызметкерлер
- •Бизнес-серіктестер
- •Кең аудитория
- •Көгілдір мұхит идеяларының индексі
- •Көгілдір мұхит стратегиясын жүзеге асыру
- •7 Тарау
- •Ұйымдастырудың басты бөгеттерінен өту
- •Әрекеттегі мақсатты көшбасшылық
- •Басты тетік: сәйкес емес әсер ету факторлары
- •Түсінбеушілік бөгетін жара өтеміз
- •«Электрлі кәріз жүйесімен» жүріп өтіңіз
- •Наразы клиенттеріңізбен сөйлесіп көріңіз
- •Ресурстардың жетіспеушілігін жеңеміз
- •Ресурстарды қызу нүктелерге аударыңыз
- •Суық нүктелердегі ресурстарды босатып алыңыз
- •Пайдалы айырбаспен айналысыңыз
- •Уәждеме тосқауылынан өтеміз
- •«Басты кеглилерге» көз тігіңіз
- •«Басты кеглилерді» аквариумға орналастырыңыз!
- •Ұйым өзін өзгерте алуы үшін, мақсатты бөлшектеп алыңыз
- •Саяси қастықты жоямыз
- •Періштелерді көмекке шақырып, жындарды тыйыңыз
- •Дәстүрлі көзқарасқа қарсы шығамыз
- •8 Тарау Жүзеге асыру үдерісін стратегияға кіріктіру
- •Нашар үдеріс стратегияның жүзеге асуын болдырмауы мүмкін
- •Әділ үдерістің үш «е» қағидасы
- •Екі зауыт туралы әңгіме
- •Әділ үдерістің маңыздылығы неде?
- •Интеллектуалдық және эмоционалдық мойындау теориясы
- •Әділ үдеріс және көгілдір мұхит стратегиясы
- •9 Тарау Қорытынды: Көгілдір мұхит стратегиясының тұрақтылығы мен жаңартылуы
- •Еліктеушілер жолындағы кедергілер
- •Көгілдір мұхит стратегиясы: еліктеуге қойылған тосқауылдар
- •Құндылық инновациясы тағы қашан қажет болады
- •А қосымшасы Көгілдір мұхит жасау паттерні туралы тарихи очерк
- •Автокөлік өнеркәсібі
- •Дженерал Моторс
- •Шағын да үнемді жапон автомобильдері
- •Chrysler минивэні
- •Компьютерлік индустрия
- •Табулятор
- •Электронды компьютер
- •Дербестендірілген компьютер
- •Compaq дк-серверлері
- •Dell компьютері
- •Кинотеатрлар
- •Никельодеон
- •Палас-Театр
- •Мультиплекс
- •Мегаплекс
- •В қосымшасы Құндылық инновациясы Стратегияға реконструкционистік көзқарас
- •С қосымшасы Құндылық инновациясының нарықтық динамикасы
- •1 Тарау
- •2 Тарау
- •3 Тарау
- •4 Тарау
- •5 Тарау
- •6 Тарау
- •7 Тарау
- •8 Тарау
- •Библиография
Кинотеатрлар
Енді көпшілігімізге жұмыстан кейін және демалыс күндері көңіл көтеруге мүмкіндік беретін кинотеатрлар туралы сөйлесіп көрелік. Бұл сала АҚШ-та 1893 жылы пайда болды деп айтуға болады, осы жылы Томас Эдисон жалпының алдына «кинетоскопты» - ішінде жарық сәулесі кинотаспа арқылы өтетін ағаш жәшікті алып шықты. Көрермендер окулярға бір-бірден ғана қарай алатын болды, ал бұл сауық түріне «пип-шоу» атауы берілді.
Екі жылдан кейін Эдисонның қызметкерлері қозғалатын бейнелерді экранда көрсететін проекциялағыш кинетоскоп жасап шығарды. Бірақ бұл аппаратты ешкім маңызды түрде пайдаланған жоқ. Ұзақтығы бірнеше минуттық қысқа фильмдер көріністер арасында және театрларда көрсетіліп отырды. Бұл жеке көңіл көтеру шараларын жасау үшін емес, театрлардың әдетте айналысатын ісі - актерлардың қатысуымен болатын көріністердің құндылығын жоғарылату үшін жасалды. Технология кинотеатрлар саласын жасауға мүмкіндік беретін болды, бірақ көгілдір мұхит жасау идеясы ол кезде ешкімнің ойына келген жоқ.
Никельодеон
Істің жайын Гарри Дэвис өзгертті. Ол 1905 жылы Питтсбург қаласында (Пенсильвания штаты) бірінші арзан кинотеатр, яғни «Никельодеон» ашты. «Никельодеонның» АҚШ-та кинотеатрлар саласын ашудағы рөлі аса зор және үлкен көгілдір мұхит соның арқасында жасалды деп саналады. Кинотеатрлардың ерекшеліктері неде болғанына назар аударыңыз. Жиырмасыншы ғасырдың басында американдықтардың басым көпшілігі жұмысшылар класына жатқанымен, пьеса, опера және сықақ көріністері секілді сауықтарды ұсынатын театрлар әлеуметтік элитаға арналған болатын.
Тұрмысы орташа отбасы аптасына 12 доллар ғана алатын болғандықтан, театрлық сауықтар адамдар үшін қолжеткісіз болды. Операға билеттің орташа құны 2 долларды құрады, ал сықақ көрінісіне – 50 центті. Театрлардың көпшілігі аса қатаң болды. Олар жұмыс класының аса терең білімдері жоқ өкілдеріне тартымсыз болды. Оның үстіне олардың театрға баруы ыңғайсыздықтар туындатты. Көріністер аптасына бірнеше рет қана көрсетілетін, театрлардың көпшілігі қаланың әл-ауқатты жағында орналасқандықтан, жұмыскерлердің онда жетуі қиындықтар туғызды. Америкалықтардың басым көпшілігі үшін сауықтар қолжеткісіз болды.
Ал Дэвистің «Никельодеонына» билет небары 5 цент тұрды (бес центтік тиын «никель» деп аталады, кинотеатрдың да атауы осыдан пайда болған). Дэвиске осы бес центтің өзі жеткілікті болды, себебі ол барлық театрлық алаңдарды қарапайымдап, ең негізгісін – орындықтар мен экранды ғана қалдырды – және кинематографтарды арзан жұмыс аудандарында орналастырды. Оның үстіне, ол сеанстардың уақыты ыңғайлы және саны жеткілікті болуын қамтамасыз етті – оның кинотеатрлары таңғы сағат сегізден ашылып, түн жарымға дейін сеанстардың бірінен кейін бірін көрсетуді жалғастырды. «Никельодеондарда» адамның біліміне, тіліне немесе жасына қарамастан түсінікті, көңілді комедиялар көрсетілді.
Жұмыскерлер «Никельодеонға» топ-тобымен ағылды, күн сайын мұнда жеті жүзге жуық адам келіп отырды. 1907 жылы Saturday Evening Post кинематографтарға барушы адамдардың саны күніне 2 миллионнан асқанын хабарлады.23 Көп ұзамай, «Никельодеондар» бүкіл елге тарады. 1914 жылға қарай АҚШ-та күніне жеті миллион адамға қызмет көрсететін он сегіз мың «Никельодеон» болды.24 Көгілдір мұхит жарты миллиардтық индустрияға дейін өсті.