Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Стратегия_В типографию.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
1.1 Mб
Скачать

А қосымшасы Көгілдір мұхит жасау паттерні туралы тарихи очерк

Мәселеге тым жеңіл қарауға қауіптеніп, біз үш америкалық сала – автокөлік өнеркәсібі, компьютерлік индустрия және кинотеатр тарихы туралы қысқаша очерк келтіріп отырып, олардың жаңа нарықтық кеңістік ашқан және айтарлықтай жаңа сұраныс тудырған негізгі өнімі мен қызметтерінің ұсынымына ерекше назар аударамыз. Шолуымыз қамту жағынан жан-жақты немесе мазмұны жағынан толық болуды көздемейді. Оның мақсаты көгілдір мұхиттың негізгі ұсынымдарында бар, жалпы стратегиялық элементтерді айқындаумен шектеледі. Америкалық салалардың таңдалған себебі, зерттеу кезеңінде олар аса ірі және ең аз реттелген еркін нарықтар болды.

Шолу көгілдір мұхиттар жасаудың тарихи паттернінің қысқаша нобайы болып табылғанымен, барлық осы үш репрезентативті салада өздеріне тән бірнеше заңдылық ерекше көзге түседі.

  • Мінсіз сала болмайды. Зерттеулер жүргізген мерзім ішінде барлық саланың тартымдылығы біресе жоғарылады, біресе төмендеді.

  • Мінсіз компаниялар болмайды. Компаниялар салалар сияқты самғап көтеріліп, құлайды. Осы алғашқы екі қорытынды үнемі табысты компаниялар мен салалардың болмайтынын растап, тағы бір рет дәлелдеді.

Көгілдір мұхит жасауға бағытталған стратегиялық қадам саланың немесе компанияның қуатты пайда өсіміне апаратын жолға түскенін анықтайтын өзекті фактор болып саналады. Көгілдір мұхитты жасау – саланы өсу мен пайданы ұлғайту жолына шығаратын басты катализатор. Оған қоса, бұл - басқа компания біріншілікті іліп әкетіп, жаңа көгілдір мұхит жасаған кезде, компанияның пайда түсіру жағынан өсуге немесе құлдырауға жеткізетін басты детерминанта болып табылады.

  • Көгілдір мұхиттарды саладағы көне көздер де, жаңадан келгендер де жасай береді, бұл жаңадан келгендердің жаңа нарықтық кеңістік жасауда байырғы тұрғындардың алдында артықшылықтары бар деген ережеге күмәнмен қарауға итермелейді. Сонымен қатар, байырғы тұрғындардың жасаған көгілдір мұхиттары олардың негізгі бизнесінің шеңберінде қалады. Тәжірибеде көгілдір мұхиттардың көпшілігі алқызыл мұхиттардың шеңберінен тыс жерде емес, ішінде жасалады. Саналы мейірімсіздік немесе құрылған компаниялардың шығармашылық тұрғыдан күйреуіне қатысты қауіптер әсірелеу болып шықты1. Көгілдір мұхиттар жаңа пайда туғызып, мейлі ол жаңадан келген болсын, мейлі байырғы компания болсын, оларды ашқан кез келген компанияның дамуына септігін тигізіп отырды.

Көгілдір мұхиттарды жасау тек технологиялық инновацияға сайымайды. Кей кезде алдыңғы қатарлы технология пайдаланылғанымен, көбінесе ол көгілдір мұхитты белгілейтін сипат болып табылған жоқ. Бұл, тіпті зерттеушілердің көзіне алдыңғы қатарлы технологиялармен жұмыс істейтін салалар, мысалы, компьютерлік сала түскенде де дұрыс еді. Көгілдір мұхиттардың негізгі анықтаушы ерекшелігі болып құндылық инновациясы – сатып алушылар бағалайтын нәрсемен байланысты инновация саналады десек дұрысырақ болар.

Көгілдір мұхиттарды жасау қуатты даму мен пайданың көбеюіне мүмкіндік беріп қана қоймай, бұл стратегиялық қадам сатып алушылар санасында компанияның бұрыннан бар брендін бекітуге айтарлықтай оң әсер етеді.

Көгілдір мұхит жасау тарихын ақтау үшін, үш репрезентативті саланы қарастырайық. Біз әлемнің дамыған елдерінің негізгі көлігін өндіретін - автокөлік өнеркәсібінен бастаймыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]