Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Стратегия_В типографию.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
1.1 Mб
Скачать

Қамту аймағын кеңейтіңіз

Қай қабаттың клиенттеріне және қашан көңіл бөлу керектігін тез әрі анық білуге арналған ереже жоқ. Көгілдір мұхиттың қандай да бір клиент еместердің тарапынан ашылуы мүмкін мүмкіндіктерінің спектрі уақыт пен салаға байланысты өзгеріп отыратындықтан, неғұрлым кең аймақты қамтуды қамтамасыз ететін клиент еместердің қабатына көбірек көңіл бөлген жөн. Және, клиент еместердің барлық үш қабатына ортақ нәрсені анықтау керек. Осындай жағдайда сіз «іске қосамын» деп жоспарлап отырған жасырын сұраныстың көлемін ұлғайта аласыз. Сол нұсқаны тапсаңыз, нақты бір қабатпен шектелмей, барлық қабаттарды бір уақытта қарастырған жөн. Бұл жерде ереже біреу ғана – неғұрлым кең қамтуға тырысу.

Көптеген компаниялардың табиғи стратегиялық бағдарлануы бұрыннан бар клиенттерді ұстап қалу және дараланудың арғы мүмкіндіктерін іздеуге негізделеді. Сіз бәсекенің қысымын сезіп тұрған кезде, бұл бірден-бір дұрыс шешім. Мүмкін, мақсатты бәсекелес басымдыққа қол жеткізу үшін және бұрыннан бар нарықтың үлесін арттыру үшін бұл әдіс қолайлы шығар, алайда нарықты кеңейтетін және жаңа сұранысты қалыптастыратын көгілдір мұхитты жасауға келе қоймас. Мәселенің мәні оның дұрыс-бұрыстығы немесе назарды тұрақты клиенттердің немесе сегментацияның қайсысына бөлу керек деп айтысуда емес, бұрыннан бар және үйреншікті стратегиялық бағдарға қарсы шығуда. Біздің ұсынарымыз – сіздің болашақ стратегияларыңызды тұжырымдағанда, көгілдір мұхитыңыздың көлемін ұлғайту мақсатында ең алдымен бұрыннан бар сұраныстың шеңберінен шығу және клиент еместер мен біріктіру мүмкіндіктеріне назар аудару.

Егер осыған ұқсас мүмкіндіктерді табу қолдан келмесе, бұрыннан бар клиенттердің арасындағы айырмашылықтарды ары қарай пайдалану ісіне қайта оралуға болады. Десе де, осындай стратегиялық қадам жасаған кезде, нәтижесінде сіз қазіргіден де тар кеңістікте қалуыңыз ықтимал екенін ұмытпаған жақсы. Оған қоса, сіздің бәсекелестеріңіз құндылық инновациясының жолымен клиент еместердің денін өзіне тартатынын, сіздің қазіргі клиенттеріңіздің көбі ұсынылған құндылықтың күрт өсуінен түсетін пайдаға қол жеткізу үшін өздерінің айырмашылықтарын ұмытуға тырысып, солардың соңынан ереміз деп шешетінін естен шығармаңыз.

Сіздің жасап жатқан көгілдір мұхитыңыздың көлемін ұлғайтып қана қою аздық етеді. Сіз оны екі тарапқа да тұрақты ұтымды нәтиже алу үшін пайдалануыңыз қажет. Келесі тарауда көгілдір мұхит жасауға қатысты ұсыныстарыңыздың негізінде пайда өсімін туғызатын және қолдайтын, өмірге бейімді бизнес-үлгінің құрылуы көрсетіледі.

6 Тарау Дұрыс стратегиялық реттілікті сақтау

Сіз ықтимал көгілдір мұхиттарды ашудың жолдарын қарастырдыңыз. Сіз өзіңіздің болашақ көгілдір мұхитыңыздың стратегиясын анық тұжырымдайтын стратегиялық арқауды дайындадыңыз. Және сіз сатып алушылардың неғұрлым көп санын қалай тартуға болатынын анықтадыңыз. Келесі мақсат – көгілдір мұхит идеясын жүзеге асырудан жақсы пайда алуға жету мақсатында тұрақты бизнес-үлгі жасау. Бұл бізді көгілдір мұхит стратегиясының төртінші қағидасына: дұрыс стратегиялық реттілікті сақтауға әкеледі.

Осы тарауда біз көгілдір мұхит идеяларының коммерциялық тұрғыдан өмірге бейімділігіне көз жеткізу үшін олардың дұрыстығын нақтылау және негіздеудің стратегиялық реттілігін талқылаймыз. Айтылғандарға дұрыс стратегиялық реттілікті түсіну мен осы реттіліктегі басты өлшемдердің көмегімен көгілдір мұхит идеяларын бағалау әдістерін білуді қосса, сіз өзіңіздің бизнес-үлгіңізбен байланысты тәуекелді айтарлықтай қысқартасыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]