Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Стратегия_В типографию.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
1.1 Mб
Скачать

Суық нүктелердегі ресурстарды босатып алыңыз

Ресурстарды босатып алу үшін жетекші суық нүктелерді іздейді. Тағы да, метромен байланысты оқиғада Брэттон ең суық нүктелердің бірі - қылмыскерлерді сотқа жеткізіп салу болып табылатынын анықтады. Ұсақ тәртіп бұзушылықпен байланысты болса да, полицейдің адамды қала орталығына жеткізіп тастауы үшін орташа есеппен он алты сағаты кететін. Ол кезде полицей метроны күзетіп, құндылықты арттырушы еді.

Брэттон бүкіл жүйені өзгертті. Қылмыскерлерді сотқа жеткізудің орнына ол, керісінше, ұсақ қылмыстық айыптауларды сотқа дейін рәсімдеу орталығын ұтқыр полицей учаскелері – осы қажеттіліктерге сай жабдықталған және метро станцияларының маңында тұратын ескі автобустар - көмегімен жеткізетін болды. Енді, қылмыскерді бүкіл қаланы басып өтіп сотқа жеткізгенше, полицей оны көшеге шығарып, автобусқа дейін ғана жеткізіп салатын болды. Бұл - айыптарды рәсімдеу уақытын он алты сағаттан бір сағатқа дейін қысқартты да, метроны күзетіп қылмыскерлерді ұстайтын полицейлердің санын арттырды.

Пайдалы айырбаспен айналысыңыз

Бөлімше ішіндегі бұрыннан бар ресурстарды қайта үлестіру ісіне қосымша, мақсатты жетекшілер өздеріне керек емес ресурстарды өздеріне қажеттілеріне сәтті айырбастайды. Тағы да Брэттонды еске алайық. Қоғамдық сектор ұйымын басқарған адам оның бюджетінің көлемі мен қызметкерлерінің саны туралы үнемі қызу пікірталастар жүріп отыратынын жақсы біледі, себебі қоғамдық сектор ресурстарының тапшылығы, өкінішке орай, барлығына аян. Сол себепті осы сектордағы ұйымдардың жетекшілері өздеріндегі артық ресурстар жайлы сөз қозғағанды ұнатпайды, ал оларды ұйымның басқа бөлімдеріне пайдалануға рұқсат беруді одан бетер жек көреді, өйткені бұл осы ресурстарды бақылау мүмкіндігінен айрылу қаупін туғызады. Нәтижесінде, кейбір ұйымдардың өздеріне керек емес ресурстары аузы-мұрнынан шығып жатады да, қажет еткен ресурстары жетпей қалады.

Брэттон 1999 жылы Нью-Йорктің көлік полициясының бастығы болып тағайындалған соң, оның бас ақылшысы әрі стратегиялық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Дин Эссерман (қазіргі кезде Род-Айлендтегі Провиденс қаласының полиция бастығы) айырбасты ұйымдастыруда басты рөл атқарды. Эссерман кеңселік орны тапшы болған көлік полициясының бөлімшенің қажеттілігінен артылатын маркировкасы жоқ машиналары көп екенін анықтады. Ал Нью-Йорктегі шартты түрде босатылғандардың бақылау бөлімшесінде көлік аз болатын, есесіне кеңсе кеңістігі артылып жатқан еді. Эссерман мен Брэттон екі жаққа да әбден пайдалы айырбас жасауды ұсынды, бұл идея шартты түрде босатылғандарды бақылау бөлімшесінің қызметкерлері тарапынан ризашылықпен қабылданды. Ал көлік полициясының жұмыскерлері қала орталығында тамаша ғимараттың бірінші қабатын иелікке алғанына өте қуанышты болды. Бұл ымыра Брэттонның ұйымдағы беделін нығайтып, оған болашақта орын алатын әлдеқайда күрделі өзгерістерді енгізу үдерісін жеңілдетті. Әрі, саяси ықпалы бар бастықтар Брэттон бойынан мәселелерді шеше білу қабілетін аңғарып қалды.

7-2 суретінде Брэттонның алқызыл мұхиттан құтылып шығып, өзінің көгілдір мұхит стратегиясын жүзеге асыру үшін көлік полициясы бөлімшесінің ресурстарын қалай түбегейлі түрде қайта үлестіргені көрсетілген. Тік білік (вертикалды ось) ресурстарды үлестірудің салыстырмалы деңгейін көрсетеді, ал көлденең білікте (горизонталды ось) инвестициялар құйылған стратегияның түрлі элементтері санамалап көрсетілген.

7-2 СУРЕТІ

Өзгерістердің стратегиялық арқауы: Брэттонның ресурстарды қалай қайта жіктегені

Жоғары

Брэттонды тағайындағаннан кейін

Брэттонды тағайындағанға дейін

Төмен

Қамау-лар

Шақыру қағазымен сотқа келмегендерді күндіз қамауға алу

Шақыру қағазымен сотқа келмегендерді түнде қамауға алу

Метроны жаппай күзету

Офицерлердің қамауға алуды рәсімдеуге

қатысуы

Сотқа (заң бұзушылар назар аудармаған) шақыру қағаздарын рәсімдеу

Тіршілік деңгейіне ықпал ететін қылмыстарға көңіл бөлу

Топпен қамауға алу

Қамауға алуды рәсімдеуге Ұтқыр полицей бөлімшелерін (автобустарды) пайдалану

Қауіпсіздік мақсатында метроның поездарын тексеру

Көлік полициясының кейбір жұмыс бағыттарының маңызын азайтып, тіпті олардан мүлде бас тартып, сөйте тұра басқалардың маңызын ұлғайтып немесе жаңасын жасау арқылы Брэттон ресурстарды үлестіру ісінде күрделі өзгерістерге қол жеткізді.

Қысқарту-азайтуға қатысты жүзеге асырылып жатқан қадамдар ұйымның шығынын қысқартуға әкелсе, белгілі бір элементтердің ұлғаюы немесе жаңаларының жасалуы, керісінше, қосымша инвестицияларды талап етеді. Сонда да, стратегиялық арқаудан байқауға болатындай, ресурстарды инвестициялаудың жалпы деңгейі өзгеріссіз қалды. Сонымен қатар қала тұрғындарына ұсынылатын құндылық арта бастады. Метроны жаппай қамту тәжірибесінен бас тарту және оны қызу нүктелерге шоғырландырудың мақсатты стратегиясымен алмастыру көлік полициясына жер асты көлігі жүйесіндегі қылмыспен әлдеқайда тиімді әрі нәтижелі күресуге мүмкіндік берді. Қамауға алу шараларына қатысуының олардың полицейлердің суық нүктелерде болуын қысқарту және ұтқыр полицей бөлімшелерін ашу есебінен полиция күштерінің құндылығы едәуір артты, өйткені офицерлер өз уақыты мен зейінін метроны күзету жұмысына мейлінше жинақтауға мүмкіндік алды. Ірі қылмыстармен күреске емес, тіршілік деңгейіне ықпал ететін заң бұзушылықтармен күреске жұмсалатын инвестициялар көлемін арттыру қала тұрғындарының күнделікті өміріне үнемі қауіп төндіретін қылмыстарға ерекше көңіл бөлу арқылы, полицейлік ресурстарды қайта үлестіруге жағдай жасады.

Осы амалдардың көмегімен Нью-Йорктің көлік полициясы іш пыстыратын әкімшілік қызметтен босаған және қандай қылмыстармен қалай күресу керектігіне қатысты нақты нұсқаулар алған өз қызметкерлерінің жұмыс тиімділігін айтарлықтай жоғарылатты.

Сіз ресурстарыңызды ескірген ойларыңызға сәйкес үлестіресіз бе, әлде қызу нүктелерді тауып, ресурстарды дәл сол жерлерге шоғырландыруға тырысасыз ба? Сіздің қызу нүктелеріңіз қайда орналасқан? Қай қызмет жұмыс тиімділігіне ең көп ықпал ете отырып, сонымен қатар ресурстардың жетіспеушілігін сезінеді? Суық нүктелеріңіз қай жерде орналасқан? Қай қызметтің артық ресурстары бар бола тұра, жұмыс тиімділігіне аз әсер етеді? Айырбасты ұйымдастыра алатын адамыңыз бар ма, және өзіңізде айырбасқа ұсынатын не бар?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]