Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Стратегия_В типографию.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
1.1 Mб
Скачать

Compaq дк-серверлері

ДК-ні сатып алып, өзіне орнататын америкалық корпорациялар саны көбейген сайын қарапайым, бірақ маңызды тапсырмаларды орындау үшін, мысалы, файлдарды жіберу немесе принтерлерді ортақтасып пайдалану үшін ДК-ні бір желіге біріктіру қажеттілігі арта түсті. IBM-нің бизнеске арналған компьютерлерді шығаратын саласы - HP, DEC пен Sequent және басқа да компаниялар қосылған сала – аса маңызды корпоративтік міндеттерді орындауға мүмкіндік беретін жоғары санатты жүйелерді және толып жатқан операциялық жүйелер мен бағдарламалық қосымшаларды ұсынды. Алайда бұл машиналарды файлдармен алмасу және принтерді бірлесіп пайдалану сияқты қарапайым, бірақ қажетті істермен жүктеу олар үшін тым қымбат тұратын және тым күрделі болатын. Бұл, әсіресе, қызметкерлеріне осы мүмкіндікпен қамтамасыз етуге қажет болған, сөйте тұра мини-компьютерлердің күрделі архитектурасына көп ақша жұмсауды мүлде керек етпейтін шағын және орташа компаниялар үшін айқын еді.

1992 жылы Compaq ProSignis-ті, бір-бірімен файлдармен алмасу және принтерді бірлесе пайдалану сияқты кең тараған тапсырмаларды орындау мақсатында оңтайландырылған, анағұрлым қарапайым серверді шығару арқылы жағдайды өзгертіп, ДК-серверлерінің көгілдір мұхитын сәтті жасады. Осы сервердің арқасында хосты негізгі қызметтер жатсынатын SCO UNIX пен OS/2-ден бастап DOS-ке дейінгі көптеген операциялық жүйелермен жедел біріктіру қажеттілігі жоққа шығарылды. Жаңа ДК сатып алушыларға файлдармен алмасу және принтерді бірлесе пайдалануға қатысты мүмкіншіліктерін екі есеге арттырды және мини-компьютерге қарағанда екі есе жоғары жылдамдық берді, сөйте тұра үш есе арзан тұрды. Compaq-қа келетін болсақ, машиналардың едәуір қарапайымдылығы өндірістік шығынның айтарлықтай төмендеуіне әкелді. ProSignis-тің және оның артынан пайда болған ДК-серверлерінің үш үлгісінің жасалуы ДК саудасына жаңа қарқын беріп қана қойған жоқ, төрт жылдан аз уақыт ішінде серверлердің өндірісін 3,8 миллард долларлық айналымы бар салаға айналдырды21.

Dell компьютері

1990 жылдардың орта шенінде Dell корпорациясы (Dell Computer Corporation) компьютерлік өнеркәсіпте жаңа көгілдір мұхит жасады. Әдеттегідей, компьютер өндірушілер сипаттамалары мен бағдарламалық қосымшаларының саны көп, мейлінше жылдам жұмыс істейтін компьютерлер ұсынуға тырысып, өзара бәсекелестікте болды. Бірақ Dell бұл логикаға қарамастан, сатып алушылардың компьютерді сатып алу және оны жеткізу үдерісін өзгертті. Компьютерлерді тікелей тұтынушыларға сата отырып, Dell бұл үдерісті IBM дилерлеріне қарағанда 40 пайызға арзанырақ істей алды және пайдасын алып отырды.

Тікелей сатулардың клиенттерге ұнауының тағы бір себебі: Dell компаниясының өте қысқа мерзімде жеткізуді ұсынуында болатын. Мәселен, Dell компаниясында компьютерге тапсырыс беріп, оны жеткізгенге дейін төрт күн қажет болды, ал бәсекелестер бұл іске орташа есеппен он аптадай уақыт жұмсайтын болды. Оның үстіне, тапсырысты онлайн және телефон жүйесімен беру арқылы клиенттер компьютерді өз қалауларына қарай таңдау мүмкіндігіне ие болды. Және де компьютерлерді тапсырыс бойынша жинақтау Dell компаниясына қоймалық шығындарды қысқартуға мүмкіндік берді.

Бүгінгі күні Dell ПК сату мөлшері бойынша нарықтағы сөзсіз көшбасшы болып табылады, компанияның пайдасы 1995 жылдағы 5,3 миллиард доллардан 2003 жылы 35,5 миллиард долларға дейін өсті. Америкалық нарықтағы тиесілі үлесі сол мерзім ішінде 2 пайыздан 30-дан астам пайызға жетті.

Автомобиль құрылысындағыдай компьютерлік өнеркәсіптегі көгілдір мұхиттар инновациялық технологиялардың көмегімен емес, сатып алушылар үшін айрықша құнды болып табылатын технологиялардың бірігуі есебінен ашылды. IBM 650 және Compaq ПК-серверіне қатысты жағдайда құндылық инновациясына технологияны оңайлату арқылы қол жеткізілді. Оның үстіне, біз саланың көне көздері - CTR, IBM, Compaq көгілдір мұхиттарды жаңадан келген Apple және Dell секілді жиі ашып отырғандарын көрдік. Әрбір көгілдір мұхит оны ашқан фирманың сауда белгісінің атауын нығайтты және оның ғана емес, жалпы компьютерлік саланың пайдалы өсіміне ықпал етті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]