- •Обложка
- •Орыс тілді басылымға алғысөз
- •Авторлар алғысын білдіреді
- •Стратегиясы
- •1 Тарау Көгілдір мұхиттардың жасалуы
- •2 Тарау Аналитикалық құралдар мен үлгілер
- •Стратегиялық арқау
- •Төрт әрекет үлгісі
- •«Жою-азайту-арттыру-жасау» торы
- •Жақсы стратегияның үш сипаты
- •Дивергенция
- •Тартымды ұран
- •Құндылық қисығының түсініктемесі
- •Көгілдір мұхит стратегиясы
- •Алқызыл мұхитта батып қалған компания
- •Қайтарымы жоқ, шамадан тыс ұсыным
- •Когерентті емес стратегия
- •Стратегиялық қайшылықтар
- •Ішкі күштер көмегімен қозғалатын компания
- •Көгілдір мұхит стратегиясын жасау
- •3 Тарау
- •Нарық шекарасын қайта құру
- •Бірінші жол: Балама салаларды қарастыру
- •Екінші жол: Саланың стратегиялық топтарын қарастыру
- •Үшінші жол: Сатып алушылардың тізбегіне қараңыз
- •Төртінші жол: Қосымша өнімдер мен қызметтерді қарастыру
- •Бесінші жол: Тауардың сатып алушылар алдындағы атқарымдық және эмоционалдық тартымдылығына талдау жасау
- •Алтыншы жол: Ертеңгі күнге көз тігу
- •Жаңа нарықтық кеңістікті ашу
- •4 Тарау Сандарға емес, жалпы көрініске назар аудару
- •Жалпы көрініске шоғырлану
- •Өзіңіздің жеке стратегиялық арқауыңызды жасау
- •Бірінші қадам: Визуалды ояныс
- •Екінші қадам: Визуалды зерттеу
- •Үшінші қадам: Визуалды стратегиялар жәрмеңкесі
- •Төртінші қадам: Визуалды коммуникация
- •Корпоративтік деңгейдегі стратегияны визуалдау
- •Стратегиялық арқауды қолдану
- •Ізашар-қоныс аударушы-колонистің (іқк) картасын қолдану
- •Стратегиялық жоспарлаудың шектеулерінен өту
- •5 Тарау Қалыпты сұраныстың шеңберінен шығу
- •Клиент еместердің үшінші қабаты
- •Бірінші қабаттың клиент еместері
- •Екінші қабаттың клиент еместері
- •Үшінші қабаттың клиент еместері
- •Қамту аймағын кеңейтіңіз
- •6 Тарау Дұрыс стратегиялық реттілікті сақтау
- •Дұрыс стратегиялық реттілік
- •Айрықша пайдалылықты тексеру
- •Сатып алушы циклінің алты кезеңі
- •Пайдалылықтың алты тетігі
- •Айрықша пайдалылықтан - стратегиялық баға белгіленіміне
- •Бірінші қадам: Көпшілік үшін баға дәлізін белгілеу
- •Екінші қадам: Баға дәлізі шеңберіндегі деңгейді анықтау
- •Стратегиялық баға белгіленімінен таргет-костингке
- •Көгілдір мұхит стратегиясының пайда үлгісі
- •Пайдалылықтан, бағадан және шығыннан - енгізуге
- •Қызметкерлер
- •Бизнес-серіктестер
- •Кең аудитория
- •Көгілдір мұхит идеяларының индексі
- •Көгілдір мұхит стратегиясын жүзеге асыру
- •7 Тарау
- •Ұйымдастырудың басты бөгеттерінен өту
- •Әрекеттегі мақсатты көшбасшылық
- •Басты тетік: сәйкес емес әсер ету факторлары
- •Түсінбеушілік бөгетін жара өтеміз
- •«Электрлі кәріз жүйесімен» жүріп өтіңіз
- •Наразы клиенттеріңізбен сөйлесіп көріңіз
- •Ресурстардың жетіспеушілігін жеңеміз
- •Ресурстарды қызу нүктелерге аударыңыз
- •Суық нүктелердегі ресурстарды босатып алыңыз
- •Пайдалы айырбаспен айналысыңыз
- •Уәждеме тосқауылынан өтеміз
- •«Басты кеглилерге» көз тігіңіз
- •«Басты кеглилерді» аквариумға орналастырыңыз!
- •Ұйым өзін өзгерте алуы үшін, мақсатты бөлшектеп алыңыз
- •Саяси қастықты жоямыз
- •Періштелерді көмекке шақырып, жындарды тыйыңыз
- •Дәстүрлі көзқарасқа қарсы шығамыз
- •8 Тарау Жүзеге асыру үдерісін стратегияға кіріктіру
- •Нашар үдеріс стратегияның жүзеге асуын болдырмауы мүмкін
- •Әділ үдерістің үш «е» қағидасы
- •Екі зауыт туралы әңгіме
- •Әділ үдерістің маңыздылығы неде?
- •Интеллектуалдық және эмоционалдық мойындау теориясы
- •Әділ үдеріс және көгілдір мұхит стратегиясы
- •9 Тарау Қорытынды: Көгілдір мұхит стратегиясының тұрақтылығы мен жаңартылуы
- •Еліктеушілер жолындағы кедергілер
- •Көгілдір мұхит стратегиясы: еліктеуге қойылған тосқауылдар
- •Құндылық инновациясы тағы қашан қажет болады
- •А қосымшасы Көгілдір мұхит жасау паттерні туралы тарихи очерк
- •Автокөлік өнеркәсібі
- •Дженерал Моторс
- •Шағын да үнемді жапон автомобильдері
- •Chrysler минивэні
- •Компьютерлік индустрия
- •Табулятор
- •Электронды компьютер
- •Дербестендірілген компьютер
- •Compaq дк-серверлері
- •Dell компьютері
- •Кинотеатрлар
- •Никельодеон
- •Палас-Театр
- •Мультиплекс
- •Мегаплекс
- •В қосымшасы Құндылық инновациясы Стратегияға реконструкционистік көзқарас
- •С қосымшасы Құндылық инновациясының нарықтық динамикасы
- •1 Тарау
- •2 Тарау
- •3 Тарау
- •4 Тарау
- •5 Тарау
- •6 Тарау
- •7 Тарау
- •8 Тарау
- •Библиография
Авторлар алғысын білдіреді
Осы кітапты жазуға көп адамның септігі тиді. INSEAD зерттеулерімізді жасауға ерекше жағдай жасады. INSEAD-қа тән теория мен тәжірибенің қиылысуы, профессураның, студенттердің және сол жерде жоғары менеджментті оқып жатқандардың шын мәніндегі интернационалдық ұжымы бізге айтарлықтай пайдасын тигізді. Антонио Борджес, Гэбриэл Хава-вини және Лудо Ван дер Хейден есімді декандар бастап бізге моральдық және тәжірибешілік тұрғыдан қолдау көрсетіп, зерттеулер мен оқытушылық қызметті тығыз байланыста жүргізуге мүмкіндік берді. Pricewaterhouse Coopers (PwC) пен Boston Consulting Group (BCG) біздің зерттеулерімізге қаржылай демеу көрсетті; PwC-тен Фрэнк Браун мен Ричард Бэрд, және BCG-тан Рене Абат, Джон Кларксон, Джордж Сток пен Оливер Тарди біз үшін аса құнды серіктестерге айналды.
Көп жылдар бойы бізге бір топ дарынды зерттеушілер көмегін көрсетті, олардың ішінен соңғы бірнеше жыл бойы бізбен үзеңгілес жүріп еңбек еткен Джейсон Хантер мен Джи Ми сияқты адал әріптестерімізді ерекше атап кету керек. Олардың өз ісіне деген адалдығы, зерттеулер кезіндегі тұрақты қолдауы және кемелге жетуге деген ұмтылыстары осы кітапты жазған кезде баға жетпес құндылық болды. Тағдыр біздің басымызды қосқаны үшін бақыттымыз.
Біздің INSEAD бойынша әріптестеріміз де осы кітапта баяндалған идеяларға өз үлестерін қосты. Мектеп оқытушылары, әсіресе Субрама-пиан Рангаи және Лудо Вам дер Хейден, идеяларымыз жөніндегі толғануларымызға ой қосты, құнды сын-пікірлер айтты және демеу көрсетті. INSEAD оқытушыларының көпшілігі осы еңбекте баяндалған идеялар мен құралдарды өз студенттеріне – болашақ басшылар мен бизнес магистрлеріне – талқылауға ұсынды, сөйтіп ойымыздың нақтырақ болуына көмектесетін тізбекті кері байланыс беріп отырды. Басқаларының көбі бізге интеллектуалдық қолдау жасап, тілектестігінің қуатын сыйлады. Өзгелердің ішінде мына адамдарға алғысымызды білдіргіміз келеді: Рон Аднерге, Жан-Луи Барсуға, Вен Бенсауға, Анри-Клод де Костиньиге, Майк Бриммге, Лоуренс Капронға, Марко Чекаиьоллиге, Карел Кулға, Арподе Мейеге, Ингмар Дирикске, Рарет Диасқа, Джордж Ипеиге, Нол Эвансқа. Чарли Галуннчке, Аннабель Гауэрға, ХавьсХимепоға, Доминик Эоға, Нил Джонсқа. Филипп Лассеррге, Жан-Франсуа Мапзониге, Пенс Мейерге, Клод Мишоға, Диган Морриске, Кай Нгуен-Хайға, Субраманиа на Ранганға, Джонатан Сториге, Хайнц Танханзерге, Лудо Баи дер Хей-денге, Дэвид Ямкқа, Питер Земскиге және Мин Зенге.
Жұмыс барысында әлемнің түкпір-түкпіріндегі талай талдаушылармен және практиктермен істес болу бақытына ие болдық. Олар осы кітапта баяндалған идеялардың өмірде қалай жұмыс істейтіндігін көрсетіп беруге және зерттеулерімізге қажет нақты оқиғалардың сипаттамаларын дайындауға жәрдемдесті. Бұл адамдардың ішінде ісіміздің әуел басынан бізбен қызметтес болған Марк Бовуа-Коладон айрықша атап өтуге лайықты. Біздің идеяларымызды түрлі компанияларда жүзеге асыру жағынан көп тәжірибесі бар ол төртінші тарауды жазуға елеулі үлес қосты. Өзгелермен қатар біз Френсис Гуийярға және оның әріптестеріне; Гэвин Фрейзерге және оның әріптестеріне; Уэйн Мортсисенге; Брайан Маркске; Кеннет Лоға; Ясуши Шнинға; Джонатан Ляндриге және оның әріптестеріне; Джупан Джиаигке; Ральф Тромбетке және оның әріптестеріне, Габор Нартқа және оның әріптестеріне; Шангарам Венкатешке; Мики Кавав және оның әріптестеріне: Атул Синхқа және оның әріптестеріне; Арнольд Ицхакқа және оның әріптестеріне; Волькер Вестерманнға және оның әріптестеріне; Мэтти Вильямсонға; және де Каролина Эдварде мен оның әріптестеріне алғысымызды білдіргіміз келеді. Одан басқа, біз Марк Спелменмен бірлесіп жұмыс жасаудан басталған Ассеnture фирмасымен, Омар Аббошпен, Джим Сэйлеспен және оның командасымен қызметтестігімізді жоғары бағалаймыз. Және Lucent Technologies-ке бізді қолдағаны үшін рахметімізді айтамыз.
Зерттеулер барысында БІЗ дүние жүзіндегі корпоративтік қызметкерлермен және үкімет шенеуніктерімен кездестік, бұл адамдар осы кітаптағы идеяларды тұжырымдауға жәрдемдесу үшін, бізге өз уақыттарын сыйлап, білімдерімен аянбай бөлісті. Біз олардың барлығына дән ризамыз. Біздің идеяларымызды тәжірибеде жүзеге асыруға қатысты көптеген жеке және көпшілік бастамалардың ішінде шабыт пен білімнің аса ірі көздері болған Samsung Electronics-тегі Vаlue Innovation Рrogram (VIР) Center мен Сингапурдағы Vаlue Innovation Асtion Таnк (VIАТ). Samsung Electronics-тегі Джош-Иоиг Юнды және Сингапур үкіметінің тұрақты хатшыларын тамаша серіктестер ретінде ерекше атап өткіміз келеді. Ыстық ықылас пен алғысымызды біз Vаlue Innovation Network (VIN), Құндылық Инновациялары (Vаlue Innovation) тұжырымдамасын тәжірибеде ілгері бастыратын ғалами қоғамдастықтың мүшелеріне - әсіресе осы жерде атап өте алмағандарға да білдіреміз.
Және, соңында, біз Мелинда Мериноға, біздің баспагерімізге, парасатты түсініктемелері мен редакторлық баға бергені үшін, Harvard Business School Publiching баспасының барлық қызметкерлеріне - іске адалдығы мен бізге демеу берген шынайы ынтасы үшін алғысымызды білдіреміз. Harvard Business Review-дегі біздің қазіргі және бұрынғы редакторларымызға, әсіресе Дэвид Чемпионға, Том Стюартқа, Нэп Стоун мен Джоан Магреттаға рахметімізді айтамыз. Бизнес магистрлері мен докторларға және INSEAD-та оқыған басшыларға шын жүректен ризашылық білдіреміз. Осы кітапта жазылған идеяларды іс жүзінде сынаған Strategy Innovation Study Group пен Vаlue Innovation Study Group (VISG) топтарының қатысушылары ерекше төзімділік танытты. Олардың күрделі сауалдары мен мазмұнды кері байланысы идеяларымызды нақтылауға және жетілдіруге көмектесті.
БІРІНШІ БӨЛІМ
Көгілдір мұхит