Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Стратегия_В типографию.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
1.1 Mб
Скачать

Әділ үдерістің маңыздылығы неде?

Әділ үдеріс адамдардың қарым-қатынастары мен мінез-құлықтары қалыптасуында қандай рөл атқарады? Неліктен стратегияны жасау барысында әділ үдерісті қамтамасыз ету оның сәтті болуына немесе құлдырауына әкелуі мүмкін? Осы сұрақтардың барлығы түбінде қызметкерлердің интеллектуалдық және эмоционалдық мойындауларына келіп тіреледі.

Әрбір жұмыскер эмоционалдық тұрғыдан өзінің құндылығын «жұмыс күші», «персонал» немесе «адам ресурстары» ретінде емес, құрметпен және абыроймен қарайтын, қызметтік иерархиядағы жағдайына қарамастан жеке қасиеттеріне қарай бағаланатын адам ретінде мойындауды қалайды. Интеллектуалдық жазықтықта әрбір индивидум өзінің идеяларының мойындалуын іздейді, оған біреулердің оның ойларына көңіл бөлуі, оларды зейін қойып тыңдауы, және қоршаған адамдардың оның интеллектін жоғары бағалап, өз ойларын сонымен талқылағаны қажет. Біздің сауалдарымызға жауап ретінде жиі кездесетін «бұл мен білетіндердің барлығына тән» немесе «мұндайды әркім сезінгісі келеді» фразалары, сонымен қатар «адамдарға» немесе «адамға» жасалатын сілтемелер менеджердің әділ үдеріс қалыптастыру үшін қызмет ететін интеллектуалдық және эмоционалдық мойындаудың әмбебап құндылығын түсінуі қажеттілігін тағы да растайды.

Интеллектуалдық және эмоционалдық мойындау теориясы

Стратегияны түзу кезінде әділ үдерісті пайдалану интеллектуалдық және эмоционалдық мойындаумен тығыз байланысты. Әділ үдеріс жағдайында менеджмент нақты әрекеттерімен өзінің адамдарға сенуге және оларды қамқорлығына алуға құштарлығын, әрбір қызметкердің біліміне, дарынына және тәжірибесіне сенетінін дәлелдейді.

Адамдар олардың интеллектуалдық потенциалын мойындағанды сезінген уақытта олар білімдерімен бөлісе бастайды; олар әсер қалдырғылары келеді және өздерінің интеллектуалдық қабілеттері туралы жоғары бағалауды іс жүзінде дәлелдеп, идеяларын және білім алмасуды белсенді ұсынуды қалайды. Дәл осылай қызметкерлер эмоционалдық мойындауды сезінгенде, олар стратегияны жасауға және жүзеге асыруға өздерінің қатыстылықтарын эмоционалдық деңгейде сезініп, осы жолда бар күштерін салуға дайын болады. Фредерик Херцбергтің (Frederick Herzberg) уәждемеге арналған классикалық зерттеуінде мойындау қуатты ішкі уәждемені оятатыны, оның әсер етуімен адам өзінің міндетті болу себебінен жасауы тиіс әрекеттердің шегінен шығып, ерікті ынтымақтастыққа кіретіні айтылған4. Сол себепті әділ үдеріс интеллектуалдық және эмоционалдық мойындауды қамтамасыз етуге бағытталғандықтан, осындай жағдайларда қызметкерлер өздерінің білімдері мен тәжірибелерін тиімдірек пайдаланады, сонымен қатар компанияның стратегиясын сәтті жүзеге асыру үшін ерікті ынтымақтастық құруға тырысады.

Дегенмен, бұл құбылыстың тең немесе одан да көп назар аударуды қажет ететін теріс жағы да бар: әділ үдерісті бұзу және соның нәтижесінде адамның интеллектуалдық және эмоционалдық құндылықтарын мойындамау. Мұндай ойлау және мінез-құлық түрін былайша сипаттауға болады. Адамдардың білімдері бағаланбағанда, бұл «интеллектуалдық наразылық» тудырады, бұл адамдардың өз тәжірибелерімен және идеяларымен бөліскілері келмейтіндіктерінен көрінеді; олар өзінің ниеттері мен шығармашылық идеяларын жария еткеннен гөрі жасыруды жөн көруі әбден мүмкін. Оған қоса, олар басқа адамдардың да интеллектуалдық құндылықтарын жоққа шығара бастайды.

Олар былай дегенмен тең болады: «Сіздер біздің идеяларымызды бағаламайсыздар – біз де сіздердің идеяларыңызды бағаламаймыз, сіздердің стратегиялық шешімдеріңізге сенбейміз және олар бізді қызықтырмайды!».

Дәл осылай қызметкерлердің эмоционалдық құндылықтары мойындалмаса, бұл ызалануға, өз әрекеттеріне қуат беруді қаламауларына әкеледі; олар жұмысты тежеп, түрлі кедергілер, оның ішінде Elco компаниясының Честердегі зауыты секілді саботаж жасауы да әбден мүмкін. Эмоционалдық мойындаудың жеткіліксіздігі көбіне адамдарды әділетсіз жолмен енгізілген стратегиялардан бас тартуды талап етуге итермелеуі мүмкін, тіпті, оларға бұл стратегиялар –компанияға табысы, қызметкерлерге, менеджментке пайда әкеліп отырса да бәрібір. Егер адамдар стратегияны жасау үдерісіне сенбейтін болса, олар оның нәтижелілігіне де сенбейді. Бұл - әділ үдерістің эмоционалдық күші. 8-2 суретте осы себеп-салдарлы ағындардың көрнекті бейнесі берілген.

8-2 СУРЕТ

Стратегияны жүзеге асыру барысында әділ үдерістің болу немесе болмауының салдары

Әділ үдеріс

Интеллектуалдық және эмоционалдық мойындау

Сенім және

адалдық

Стратегияны жүзеге асыру кезіндегі ерікті ынтымақтастық

Әділ үдерісті

бұзу

Интеллектуалдық және эмоционалдық

наразылық

Сенімсіздік

және реніш

Стратегияны жүзеге асырудан бас тарту

воплощать

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]