Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Стратегия_В типографию.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
1.1 Mб
Скачать

С қосымшасы Құндылық инновациясының нарықтық динамикасы

Құндылық инновациясының нарықтық динамикасы дәстүрлі технологиялық инновация тәжірибесіне диаметр бойынша қарсы орналасқан. Соңғысы, әдетте, жоғары бағаларға әкеледі, қолжетімділікті шектейді және инновация үшін сыйақы алу мақсатында бастапқыдан ең таңдаулысын алуға бағытталады және кейінірек, нарықтағы үлесін ұстап тұру және өзіне еліктеушілерге қарсы тұру үшін ғана бағалар мен шығындарды төмендетуге мүмкіндік береді.

Әйтсе де, масштабы жағынан үнемдеу, оқыту және табыстардың өсімі потенциалы бар, білімдер мен идеялар секілді бәсекеге түспейтін, бірақ қажетті тауарлардың әлемінде көлемнің, бағаның және құнның маңыздылығы өлшеусіз мөлшерге дейін өседі. Мұндай жағдайда компанияға бастапқыдан-ақ көптеген мақсатты сатып алушыларды тарту және олар үшін қолжетімді бағамен радикалды үлкен құндылық ұсыну арқылы нарық мөлшерін ұлғайту тиімді.

С-1 суретінде көрсетілгендей, құндылық инновациясы сұраныс қисығын D1 көрсеткішінен D2 көрсеткішіне ауыстырып, тауардың тартымдылығын радикалды жоғарылатады. Бағасы стратегияға қарай тағайындалады, және, Swatch мысалындағыдай, кеңейтілген нарыққа көптеген сатып алушыларды тарту үшін Р1 көрсеткішінен Р2 көрсеткішіне ауысады. Бұл сатуларды Q1 көрсеткішінен Q2 көрсеткішіне ұлғайтып, теңдесі жоқ құндылығының арқасында брендтің танымал болуын қамтамасыз етеді.

С-1 СУРЕТІ

Құндылық инновациясының нарықтық динамикасы

Спрос – Сұраныс

Цена – Баға

Количество – Саны

Долгосрочная кривая средней себестоимости – Орташа өзіндік құнның ұзақ мерзімді қисығы

Бұл ретте компания орташа өзіндік құнның ұзақмерзімді қисығын LRAC1 көрсеткішінен LRAC2 көрсеткішіне дейін төмендету үшін және осылайша өзінің пайда алу мүмкіндігін кеңейту үшін, сонымен қатар шығындар мен еліктеушілерге кедергі болу үшін таргет-костинг жүргізеді. Сөйтіп, сатып алушылар құндылықтың күрт өсуіне қол жеткізеді, ал тұтынушы үшін қосымша пайда axb көрсеткішінен eyf көрсеткішіне ауытқиды. Ал компания пайда аймағын abсd көрсеткішінен efgh көрсеткішіне ауыстырып, пайда мен өсімнің күрт өсуіне қол жеткізеді. Компанияның нарыққа теңдессіз құндылықты ұсынуы арқылы жасалған брендінің танымалдығы сол уақыттағы шығындарды төмендету тенденциясымен үйлесімде бәсекелестікті жоққа шығарады деуге болады. Енді оған біреудің жетуі екіталай, себебі мұнда масштабтан үнемдеу, оқыту және табыстардың өсімі факторлары іске қосылған. Артынан компаниялар басым жайғасымдарға жетіп, сатып алушылар да мол ұтысқа кенелгенде, өзара тиімді нарықтық динамика пайда болады.

Дәстүрлі түрде монополист-компаниялар қоғамдық игілікке зиян әкелетін екі қызмет түрімен байланыстырылатын. Біріншіден, компаниялар пайдаларын неғұрлым көбейту үшін бағаларды өсіріп жіберетін. Осыған байланысты өнімді сатып алуға қалауы бар болса да, мүмкіндігі жоқ тұтынушылар нарықтан кететін. Екіншіден, еркін бәсекелестіктің болмауы жағдайында монополист-компаниялар өнімділік пен шығындарды төмендетуді ойлаған жоқ, сол себепті тапшы ресурстарды тұтынды. С2 суретінде көрсетілгендей, дәстүрлі монополистік тәжірибеге сәйкес, еркін бәсекелестік жағдайында баға деңгейі Р1 көрсеткішінен монополия жағдайында Р2 көрсеткішіне дейін көтерілген. Тиісінше, сұраныс Q1 көрсеткішінен Q2 көрсеткішіне дейін құлаған. Сұраныстың осы деңгейінде монополист өзінің пайдасын көбейтіп, оларға К телімін қосады, бұл еркін бәсекелестік жағдайында мүмкін емес. Клиенттерге бағасы жасанды түрде көтерілген өнімді сатып алу ұсынылғандықтан, тұтынушылар үшін қосымша пайда С+R+D аумағынан С аумағына дейін төмендейді. Осы уақытта қоғам ресурстарының одан да көп мөлшерін тұтына отырып, оны да D аумағында шамадан тыс шығындарға баруға мәжбүрлейді. Осылайша монополист өз пайдасын тұтынушылар және жалпы қоғам есебінен алады.

С2 СУРЕТ

Қатаң бәсекелестіктен монополияға

Спрос - Сұраныс

Баға: Р1 көрсеткішінен Р2 көрсеткішіне дейін көтеріледі

Сұраныс: Q1 көрсеткішінен Q2 көрсеткішіне төмендейді

Тұтынушылардың пайдасы: C+R+D көрсеткішінен C көрсеткішіне дейін төмендейді

Пайда: монополистер үшін R дейін өседі

Монополистердің әрекеттерінен қоғамның шамадан тыс шығындары: D

Ал көгілдір мұхит стратегиясы монополистер үшін әдеттегі жағдай болып табылатын мұндай - таңдаулысын алу әдісіне қарсы әрекет етеді. Көгілдір мұхит стратегиясы өнімді жоғары бағамен өндіруді шектеуге емес, керісінше, сатып алушылар үшін қолжетімді бағамен құндылықтың күрт өсуін жүзеге асыру арқылы жаңа сұраныс жасауға бағытталған. Бұл шығындарды бастапқыдан мүмкіндігінше ықшамдалған деңгейге дейін қысқартуға, сондай-ақ, әлеуетті еліктеушілерге кедергі болу үшін бұл көрсеткішті ұдайы сол деңгейде ұстап тұруға мықты ынталандыру құралы болып табылады. Бұл жағдайда сатып алушылар ұтыста болады, ал қоғам жоғары өнімділіктің артықшылықтарын пайдаланады. Осылайша өзара тиімді сценарий пайда болады. Құндылықтың күрт өсуі сатып алушыларға да, компанияларға да, сондай-ақ, жалпы қоғамға да пайдалы.

Ескертпелер

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]